Ескерту. Күші жойылды - Оңтүстік Қазақстан облысы Созақ аудандық мәслихатының 24.12.2014 № 232 шешімімен.
«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» (Салық кодексі) 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің 387 бабының 1-тармағына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6 бабы 1-тармағының 15) тармақшасына сәйкес, Созақ аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Созақ аудандық мәслихатының 2011 жылғы 21 қазандағы № 289 «Жер салығының базалық ставкаларын түзету туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 14-12-129 тіркелген, 2011 жылғы 22 қарашадағы «Молшылық» газетінде жарияланған) шешіміне мынадай өзгерістер енгізілсін:
шешімнің 1-тармағы жаңа редакцияда мазмұндалсын:
«1. «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» (Салық кодексі) Кодексінің 378, 379, 381, 383-баптарында белгіленген, автотұраққа (паркингке), автомобильге май құю станцияларына бөлінген (бөліп шығарылған) жерлерді қоспағанда, жер салығының базалық ставкаларын 50 процентке жоғарылатылсын».
2. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Созақ аудандық мәслихатының
ХVІІ сессиясының төрағасы І.Омар
Созақ аудандық мәслихатының хатшысы М.Исаев