Созақ аудандық мәслихатының 2011 жылғы 21 қазандағы № 289 "Жер салығының базалық ставкаларын түзету туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Оңтүстік Қазақстан облысы Созақ аудандық мәслихатының 2013 жылғы 25 маусымдағы № 110 шешімі. Оңтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2013 жылғы 19 шілдеде № 2328 болып тіркелді. Күші жойылды - Оңтүстік Қазақстан облысы Созақ аудандық мәслихатының 2014 жылғы 24 желтоқсандағы № 232 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Оңтүстік Қазақстан облысы Созақ  аудандық мәслихатының 24.12.2014 № 232 шешімімен.

      «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» (Салық кодексі) 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің 387 бабының 1-тармағына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6 бабы 1-тармағының 15) тармақшасына сәйкес, Созақ аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Созақ аудандық мәслихатының 2011 жылғы 21 қазандағы № 289 «Жер салығының базалық ставкаларын түзету туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 14-12-129 тіркелген, 2011 жылғы 22 қарашадағы «Молшылық» газетінде жарияланған) шешіміне мынадай өзгерістер енгізілсін:
      шешімнің 1-тармағы жаңа редакцияда мазмұндалсын:
      «1. «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» (Салық кодексі) Кодексінің 378379381383-баптарында белгіленген, автотұраққа (паркингке), автомобильге май құю станцияларына бөлінген (бөліп шығарылған) жерлерді қоспағанда, жер салығының базалық ставкаларын 50 процентке жоғарылатылсын».
      2. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Созақ аудандық мәслихатының
      ХVІІ сессиясының төрағасы                  І.Омар

      Созақ аудандық мәслихатының хатшысы        М.Исаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады