Ескерту. Қолданылу мерзімінің аяқталуына байланысты күші жойылды - (Оңтүстік Қазақстан облысы Шардара ауданы әкімі аппаратының 21.01.2014 № 03-136 хатымен).
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңының 31 бабының 2 тармағына, «Халықты жұмыспен қамту туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңының 5, 7 баптарына сәйкес, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. 2013 жылға нысаналы топтарға жататын адамдардың қосымша тізбесі белгіленсін.
2. Нысаналы топтарға жататын адамдардың қосымша тізбесіне Шардара ауданының аумағында тұратын келесі тұлғалар кіреді:
1) ұзақ (он екі айдан аса) жұмыс істемеген адамдар;
2) елу жастан асқан тұлғалар;
3) алған мамандығы бойынша еңбек өтілі мен тәжірибесі жоқ, 21 жастан 29 жас аралығындағы жұмыс істемейтін жастар;
4) уәкілетті органның жолдамасы бойынша кәсіби оқуды аяқтаған тұлғалар;
5) жұмыссыз әйелдер.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Т.Байтұрғановқа жүктелсін.
4. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күннен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
Аудан әкімі Қ.Айтөреев