2013 жылға халықтың нысаналы топтарын анықтау туралы

Күшін жойған

Оңтүстік Қазақстан облысы Шардара ауданы әкімдігінің 2013 жылғы 4 ақпандағы № 39 қаулысы. Оңтүстік Қазақстан облысының әділет департаментімен 2013 жылғы 26 ақпанда № 2242 болып тіркелді. Қолданылу мерзімінің аяқталуына байланысты күші жойылды - (Оңтүстік Қазақстан облысы Шардара ауданы әкімі аппаратының 2014 жылғы 21 қаңтардағы № 03-136 хатымен)

      Ескерту. Қолданылу мерзімінің аяқталуына байланысты күші жойылды - (Оңтүстік Қазақстан облысы Шардара ауданы әкімі аппаратының 21.01.2014 № 03-136 хатымен).

      «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңының 31 бабының 2 тармағына, «Халықты жұмыспен қамту туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңының 57 баптарына сәйкес, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. 2013 жылға нысаналы топтарға жататын адамдардың қосымша тізбесі белгіленсін.
      2. Нысаналы топтарға жататын адамдардың қосымша тізбесіне Шардара ауданының аумағында тұратын келесі тұлғалар кіреді:
      1) ұзақ (он екі айдан аса) жұмыс істемеген адамдар;
      2) елу жастан асқан тұлғалар;
      3) алған мамандығы бойынша еңбек өтілі мен тәжірибесі жоқ, 21 жастан 29 жас аралығындағы жұмыс істемейтін жастар;
      4) уәкілетті органның жолдамасы бойынша кәсіби оқуды аяқтаған тұлғалар;
      5) жұмыссыз әйелдер.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Т.Байтұрғановқа жүктелсін.
      4. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күннен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

      Аудан әкімі                                Қ.Айтөреев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады