РҚАО ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабы 1-тармағының 4) тармақшасына, 27-бабының 2-тармағына, «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 3, 8 және 11-баптарына сәйкес, «Жарма ауданының әкімшілік-аумақтық құрылысына өзгертулер енгізу туралы» Жарма аудандық мәслихатының 2010 жылғы 19 қаңтардағы № 18/3-ІV шешімі мен Жарма ауданы әкімдігінің 2010 жылғы 19 қаңтардағы № 67 қаулысы, «№ 18-ші айрық» елді мекенін есепке алу және тіркеу туралы» Жарма аудандық мәслихатының 2012 жылғы 10 сәуірдегі № 2/18-V шешімі мен Жарма ауданы әкімдігінің 2012 жылғы 10 сәуірдегі № 80 қаулысы, «Шығыс Қазақстан облысы Жарма ауданының «18-ші жол айырығы» елді мекенін (Еңірекей ауылы) Аягөз ауданының әкімшілік бағыныстылығына алуға келісім беру туралы» Аягөз аудандық мәслихатының 2012 жылғы 11 сәуірдегі № 3/21-V шешімі мен Аягөз ауданы әкімдігінің 2012 жылғы 09 сәуірдегі № 179 қаулысы, «Жарма ауданының әкімшілік-аумақтық құрылымына өзгертулер енгізу туралы» Жарма аудандық мәслихатының 2012 жылғы 21 қарашадағы № 6/65-V шешімі мен Жарма ауданы әкімдігінің 2012 жылғы 20 қарашадағы № 256 қаулысы, «Аягөз ауданының әкімшілік-аумағын өзгерту жөнінде ұсыныс енгізу туралы» Аягөз аудандық мәслихатының 2013 жылғы 5 сәуірдегі № 13/90-V шешімі мен Аягөз ауданы әкімдігінің 2013 жылғы 5 сәуірдегі № 168 қаулысы, «Шығыс Қазақстан облысы Аягөз ауданы Малкелді ауылдық округінің әкімшілік-аумақтық құрылысына өзгеріс енгізу туралы» Аягөз аудандық мәслихатының 2012 жылғы 13 шілдедегі № 5/36-V шешімі мен Аягөз ауданы әкімдігінің 2012 жылғы 9 шілдедегі № 396 қаулысы негізінде Шығыс Қазақстан облыстық мәслихаты ШЕШТІ және Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Шығыс Қазақстан облысы Жарма және Аягөз аудандарының әкімшілік-аумақтық құрылысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
1) Жарма ауданының мынадай елдi мекендері есептi деректерден шығарылумен таратылсын:
Бірлікшіл ауылдық округінің Қазаншұңқыр және Қойтас ауылдары;
Жарма кенттік округінің «15 айрық» қонысы;
Шар қаласының Еспе ауылы мен «6 айрық» қонысы;
Делбегетей ауылдық округінің Суықбұлақ ауылы;
Қалбатау ауылдық округінің Бүрліағаш және Жіңішке ауылдары;
Бірлік ауылдық округінің Амангелді және Қарақожа ауылдары;
Жарық ауылдық округінің Қызылқайын ауылы;
Қызылағаш ауылдық округінің Қаратоған ауылы;
2) Аягөз ауданының мынадай елдi мекендері және әкімшілік-аумақтық бірлігі есептi деректерден шығарылып, таратылсын:
Мәдениет ауылдық округінің Көктал қонысы;
Айғыз ауылдық округінің Борлы қонысы;
Қосағаш ауылдық округінің Қарабұлақ және Егіндібұлақ қоныстары;
Майлин ауылдық округінің Топар және Қарабұлақ қоныстары;
Тарбағатай ауылдық округінің Абдан қонысы;
Жорға ауылдық округі;
3) осы мәслихат шешімінің және әкімдік қаулысының 1 тармағының 1) тармақшасында аталған таратылған мынадай елді мекендердің аумағы шекаралары өзгертіліп:
Қазаншұңқыр және Қойтас елді мекендерінің аумағы Бірлікшіл ауылдық округінің Сұлусары ауылының құрамына;
«15 айрық» елді мекенінің аумағы Жарма кентінің құрамына;
Еспе және «6 айрық» елді мекендерінің аумағы Шар қаласының құрамына;
Суықбұлақ елді мекенінің аумағы Делбегетей ауылдық округінің Қоңырбиік ауылының құрамына;
Бүрліағаш елді мекенінің аумағы Қалбатау ауылдық округінің Қалбатау ауылының құрамына;
Жіңішке елді мекенінің аумағы Қалбатау ауылдық округінің Жаңаөзен ауылының құрамына;
Амангелді және Қарақожа елді мекендерінің аумағы Бірлік ауылдық округінің Бірлік ауылының құрамына;
Қызылқайын елді мекенінің аумағы Жарық ауылдық округінің Жарық ауылының құрамына;
Қаратоған елді мекенінің аумағы Қызылағаш ауылдық округінің Қызылағаш ауылының құрамына енгізілсін;
4) осы мәслихат шешімінің және әкімдік қаулысының 1 тармағының 2) тармақшасында аталған таратылған мынадай елді мекендердің және әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағы өзгертіліп:
Көктал елді мекенінің аумағы Мәдениет ауылдық округі Мәдениет ауылының құрамына;
Борлы елді мекенінің аумағы Айғыз ауылдық округі Айғыз ауылының құрамына;
Қарабұлақ және Егіндібұлақ елді мекендерінің аумағы Қосағаш ауылдық округі Қосағаш ауылының құрамына;
Топар және Қарабұлақ елді мекендерінің аумағы Майлин ауылдық округі Майлин ауылының құрамына;
Абдан елді мекенінің аумағы Тарбағатай ауылдық округі Тарбағатай ауылының құрамына;
Жорға ауылдық округінің аумағы Малкелді ауылдық округінің құрамына енгізілсін;
5) Жарма ауданының «№ 18-ші айрық» қонысы шекаралары өзгертілуінсіз Аягөз ауданының қарамағына берілсін.
2. Осы шешім мен қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы |
Н. Сыдықов |
Облыс әкімі |
Б. Сапарбаев |
|||
Облыстық мәслихат |
||||||
хатшысы |
Г. Пинчук |