Шығыс Қазақстан облысы Жарма және Аягөз аудандарының әкімшілік-аумақтық құрылысына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2013 жылғы 29 мамырдағы № 131 қаулысы, Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2013 жылғы 03 шілдедегі № 12/138-V шешімі. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2013 жылғы 16 шілдеде № 2991 болып тіркелді

      РҚАО ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабы 1-тармағының 4) тармақшасына, 27-бабының 2-тармағына, «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 38 және 11-баптарына сәйкес, «Жарма ауданының әкімшілік-аумақтық құрылысына өзгертулер енгізу туралы» Жарма аудандық мәслихатының 2010 жылғы 19 қаңтардағы № 18/3-ІV шешімі мен Жарма ауданы әкімдігінің 2010 жылғы 19 қаңтардағы № 67 қаулысы, «№ 18-ші айрық» елді мекенін есепке алу және тіркеу туралы» Жарма аудандық мәслихатының 2012 жылғы 10 сәуірдегі № 2/18-V шешімі мен Жарма ауданы әкімдігінің 2012 жылғы 10 сәуірдегі № 80 қаулысы, «Шығыс Қазақстан облысы Жарма ауданының «18-ші жол айырығы» елді мекенін (Еңірекей ауылы) Аягөз ауданының әкімшілік бағыныстылығына алуға келісім беру туралы» Аягөз аудандық мәслихатының 2012 жылғы 11 сәуірдегі № 3/21-V шешімі мен Аягөз ауданы әкімдігінің 2012 жылғы 09 сәуірдегі № 179 қаулысы, «Жарма ауданының әкімшілік-аумақтық құрылымына өзгертулер енгізу туралы» Жарма аудандық мәслихатының 2012 жылғы 21 қарашадағы № 6/65-V шешімі мен Жарма ауданы әкімдігінің 2012 жылғы 20 қарашадағы № 256 қаулысы, «Аягөз ауданының әкімшілік-аумағын өзгерту жөнінде ұсыныс енгізу туралы» Аягөз аудандық мәслихатының 2013 жылғы 5 сәуірдегі № 13/90-V шешімі мен Аягөз ауданы әкімдігінің 2013 жылғы 5 сәуірдегі № 168 қаулысы, «Шығыс Қазақстан облысы Аягөз ауданы Малкелді ауылдық округінің әкімшілік-аумақтық құрылысына өзгеріс енгізу туралы» Аягөз аудандық мәслихатының 2012 жылғы 13 шілдедегі № 5/36-V шешімі мен Аягөз ауданы әкімдігінің 2012 жылғы 9 шілдедегі № 396 қаулысы негізінде Шығыс Қазақстан облыстық мәслихаты ШЕШТІ және Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Шығыс Қазақстан облысы Жарма және Аягөз аудандарының әкімшілік-аумақтық құрылысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
      1) Жарма ауданының мынадай елдi мекендері есептi деректерден шығарылумен таратылсын:
      Бірлікшіл ауылдық округінің Қазаншұңқыр және Қойтас ауылдары;
      Жарма кенттік округінің «15 айрық» қонысы;
      Шар қаласының Еспе ауылы мен «6 айрық» қонысы;
      Делбегетей ауылдық округінің Суықбұлақ ауылы;
      Қалбатау ауылдық округінің Бүрліағаш және Жіңішке ауылдары;
      Бірлік ауылдық округінің Амангелді және Қарақожа ауылдары;
      Жарық ауылдық округінің Қызылқайын ауылы;
      Қызылағаш ауылдық округінің Қаратоған ауылы;
      2) Аягөз ауданының мынадай елдi мекендері және әкімшілік-аумақтық бірлігі есептi деректерден шығарылып, таратылсын:
      Мәдениет ауылдық округінің Көктал қонысы;
      Айғыз ауылдық округінің Борлы қонысы;
      Қосағаш ауылдық округінің Қарабұлақ және Егіндібұлақ қоныстары;
      Майлин ауылдық округінің Топар және Қарабұлақ қоныстары;
      Тарбағатай ауылдық округінің Абдан қонысы;
      Жорға ауылдық округі;
      3) осы мәслихат шешімінің және әкімдік қаулысының 1 тармағының 1) тармақшасында аталған таратылған мынадай елді мекендердің аумағы шекаралары өзгертіліп:
      Қазаншұңқыр және Қойтас елді мекендерінің аумағы Бірлікшіл ауылдық округінің Сұлусары ауылының құрамына;
      «15 айрық» елді мекенінің аумағы Жарма кентінің құрамына;
      Еспе және «6 айрық» елді мекендерінің аумағы Шар қаласының құрамына;
      Суықбұлақ елді мекенінің аумағы Делбегетей ауылдық округінің Қоңырбиік ауылының құрамына;
      Бүрліағаш елді мекенінің аумағы Қалбатау ауылдық округінің Қалбатау ауылының құрамына;
      Жіңішке елді мекенінің аумағы Қалбатау ауылдық округінің Жаңаөзен ауылының құрамына;
      Амангелді және Қарақожа елді мекендерінің аумағы Бірлік ауылдық округінің Бірлік ауылының құрамына;
      Қызылқайын елді мекенінің аумағы Жарық ауылдық округінің Жарық ауылының құрамына;
      Қаратоған елді мекенінің аумағы Қызылағаш ауылдық округінің Қызылағаш ауылының құрамына енгізілсін;
      4) осы мәслихат шешімінің және әкімдік қаулысының 1 тармағының 2) тармақшасында аталған таратылған мынадай елді мекендердің және әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағы өзгертіліп:
      Көктал елді мекенінің аумағы Мәдениет ауылдық округі Мәдениет ауылының құрамына;
      Борлы елді мекенінің аумағы Айғыз ауылдық округі Айғыз ауылының құрамына;
      Қарабұлақ және Егіндібұлақ елді мекендерінің аумағы Қосағаш ауылдық округі Қосағаш ауылының құрамына;
      Топар және Қарабұлақ елді мекендерінің аумағы Майлин ауылдық округі Майлин ауылының құрамына;
      Абдан елді мекенінің аумағы Тарбағатай ауылдық округі Тарбағатай ауылының құрамына;
      Жорға ауылдық округінің аумағы Малкелді ауылдық округінің құрамына енгізілсін;
      5) Жарма ауданының «№ 18-ші айрық» қонысы шекаралары өзгертілуінсіз Аягөз ауданының қарамағына берілсін.
      2. Осы шешім мен қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.


Сессия төрағасы


Н. Сыдықов


Облыс әкімі


Б. Сапарбаев








Облыстық мәслихат






хатшысы


Г. Пинчук





Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады