Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 27-бабының 2-тармағына, "Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі Заңының 10-бабы 1-тармағының 17-3) тармақшасына сәйкес Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес профилактикасы мен диагностикасы бюджет қаражаты есебiнен жүзеге асырылатын жануарлардың энзоотиялық ауруларының тізбесі бекітілсін.
2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Облыс әкімі | Б. Сапарбаев |
Шығыс Қазакстан облысы әкімдігінің 2013 жылғы 2 қазандағы № 265 қаулысымен бекітілді |
Профилактикасы мен диагностикасы бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылатын жануарлардың энзоотиялық ауруларының тізбесі
Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда - Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 19.01.2016 № 9 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).Жылқы аурулары: сақау, сальмонеллез.
Ірі қара мал аурулары: гиподерматоз, сальмонеллез.
Қой мен ешкі аурулары: псороптоз.
Шошқа аурулары: сальмонеллез.
Марал аурулары: диктиокаулез, нематодироз, стронгилоидоз, трихоцефаллез.