Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 27-бабының 2-тармағына, "Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі Заңының 10-бабы 1-тармағының 17-3) тармақшасына сәйкес Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Профилактикасы мен диагностикасы бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылатын жануарлардың энзоотиялық ауруларының тізбесін бекіту туралы" Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2013 жылғы 2 қазандағы № 265 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелген нөмірі 3070, 2013 жылғы 24 қазандағы № 127 (16908) "Дидар", 2013 жылғы 25 қазандағы № 126 (19419) "Рудный Алтай" газеттерінде жарияланған) қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін:
аталған қаулының қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Шығыс Қазақстан облысының әкімі | Д. Ахметов |
Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2016 жылғы "19" қаңтардағы № 9 қаулысына қосымша |
|
Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2013 жылғы 2 қазандағы № 265 қаулысымен бекітілген |
Профилактикасы мен диагностикасы бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылатын жануарлардың энзоотиялық ауруларының тізбесі
Жылқы аурулары: сақау, сальмонеллез.Ірі қара мал аурулары: гиподерматоз, сальмонеллез.
Қой мен ешкі аурулары: псороптоз.
Шошқа аурулары: сальмонеллез.
Марал аурулары: диктиокаулез, нематодироз, стронгилоидоз, трихоцефаллез.