РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 15 мамырдағы Еңбек Кодексінің 18 бабы 7) тармақшасына, "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 7 бабы 5-2), 5-5) тармақшаларына, "Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы" Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі Заңының 31 бабы 1) тармақшасына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31 бабы 1 тармағының 14) тармақшасына сәйкес, жұмыс іздеуде қиыншылық көріп жүрген мүгедектерді, қылмыстық-атқару инспекциясының пробация қызметі есебінде тұрған, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босап шыққан тұлғаларды әлеуметтік қорғау және жұмыспен қамту мақсатында Курчатов қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Белгіленсін:
1) Ұйымдарда жалпы жұмыс орындарының санынан үш пайыз мөлшерінде мүгедектер үшін жұмыс орындарының квотасы;
2) Қылмыстық-атқару инспекциясының пробация қызметі есебінде тұрған, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босап шыққан тұлғаларға жалпы жұмыс орындарының санынан бір пайыз мөлшерінде жұмыс орындарының квотасы.
2. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау әкім орынбасары С. Ш. Әзімхановқа жүктелсін.
3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Курчатов қаласының әкімі | Д. ГАРИКОВ |