Курчатов қалалық мәслихатының 2010 жылғы 22 шілдедегі № 27/212-IV "Тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін белгілеу ережесін бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Шығыс Қазақстан облысы Курчатов қалалық мәслихатының 2013 жылғы 27 желтоқсандағы № 20/136-V шешімі. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 23 қаңтарда № 3180 болып тіркелді. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Курчатов қалалық мәслихатының 2018 жылғы 14 қыркүйектегі № 24/191-VI шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Курчатов қалалық мәслихатының 14.09.2018 № 24/191-VI шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      "Тұрғын үй қатынастары туралы" 1997 жылғы 16 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 97-бабы 2-тармағына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 1-тармағы 15) тармақшасына, "Тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы" 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2314 Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысына сәйкес Курчатов қалалық мәслихаты ШЕШТІ:

      1. Курчатов қалалық мәслихатының 2010 жылғы 22 шілдедегі № 27/212 IV "Тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін белгілеу ережесін бекіту туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізіліміне 5-3-94 нөмірімен тіркелген, 2010 жылғы 19 тамызда "7 дней" газетінде жарияланған) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:

      шешімнің тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын:

      "Тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін белгілеу Қағидасын бекіту туралы";

      шешімнің және қосымшалардың мемлекеттік тілдегі бүкіл мәтіні бойынша "ереже", "ережесі", "ережелер", "ережелермен" сөздері тиісінше "қағида", "қағидасы", "қағидалар", "қағидалармен" деген сөздермен ауыстырылсын;

      шешімнің кіріспесі келесі редакцияда жазылсын:

      "Тұрғын үй қатынастары туралы" 1997 жылғы 16 сәуiрдегi Қазақстан Республикасы Заңының 97-бабына, "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабына, "Әлеуметтiк тұрғыдан қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерiн көрсеткенi үшiн абоненттiк төлемақы тарифiнiң көтерiлуiне өтемақы төлеудiң кейбiр мәселелерi туралы" 2009 жылғы 14 сәуiрдегi № 512 Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулысына, "Тұрғын үй көмегiн беру Ережесiн бекiту туралы" 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2314 Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулысына сәйкес Курчатов қалалық мәслихаты ШЕШТI:";

      осы шешіммен бекітілген, тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін белгілеу Қағидасында:

      1-бөлімнің 2-тармағы келесі редакцияда жазылсын:

      "2. Тұрғын үй көмегі жергілікті бюджет қаражаты есебінен осы елді мекенде тұрақты тұратын аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға):

      жекешелендірілген тұрғын үй-жайларда (пәтерлерде) тұратын немесе мемлекеттік тұрғын үй қорындағы тұрғын үй-жайларды (пәтерлерді) жалдаушылар (қосымша жалдаушылар) болып табылатын отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға жұмсалатын шығыстарға:

      тұрғын үйдің меншік иелері немесе жалдаушылары (қосымша жалдаушылар) болып табылатын отбасыларға (азаматтарға) коммуналдық қызметтерді тұтынуға;

      байланыс саласында заңнамада белгіленген тәртіппен тұрғын үйдің меншік иелері немесе жалдаушылар (қосымша жалдаушылар) болып табылатын отбасыларға (азаматтарға) телекоммуникация желісіне қосылған телефонға абоненттік төлемақының өсуі бөлігінде байланыс қызметтеріне;

      жергілікті атқарушы орган жеке тұрғын үй қорынан жалға алған тұрғын үй-жайды пайдаланғаны үшін жалға алу төлемақысына ақы төлеуге.

      Аз қамтылған отбасылардың (азаматтардың) тұрғын үй көмегін есептеуге қабылданатын шығыстары жоғарыда көрсетілген бағыттардың әрқайсысы бойынша шығыстардың сомасы ретінде айқындалады";

      2-бөлімдегі 4-тармақтың 10-азат жолы алынып тасталсын;

      2-бөлімдегі 11-тармақ келесі редакцияда жазылсын:

      "11. Электрмен қамту, тұрғын үйді ұстау бойынша шығындар, өткен тоқсандағы айналымның орташа тоқсандық шот-түбіртектері бойынша есептеледі. Жылумен қамту, сумен қамту, канализация, қоқыс шығару, байланыс қызметтерінің шығындары қызмет көрсететіндер тарифінен алынады";

      3-бөлімнің 17-тармағы келесі редакцияда жазылсын:

      "17. Тұрғын үй көмегі тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға, коммуналдық қызметтер мен телекоммуникация желісіне қосылған телефонға абоненттік төлемақының өсуі бөлігінде байланыс қызметтеріне, жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйді пайдаланғаны үшін жалға алу ақысына арналған шығындардың сомма аралық айырмасы ретінде анықталады".

      2. 2014 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін бірінші тармақтың сегізінші, он бесінші, он алтыншы, он сегізінші азат жолдарды қоспағанда, осы шешім алғаш ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Сессия төрағасы

Е. Иманмәдиев





Курчатов қалалық


мәслихатының хатшысы

Г. Қарымбаева


О внесении изменений в решение Курчатовского городского маслихата от 22 июля 2010 года № 27/212-IV "Об утверждении Правил определения размера и порядка оказания жилищной помощи"

Решение Курчатовского городского маслихата Восточно-Казахстанской области от 27 декабря 2013 года № 20/136-V. Зарегистрировано Департаментом юстиции Восточно-Казахстанской области 23 января 2014 года № 3180. Утратило силу - решением Курчатовского городского маслихата Восточно-Казахстанской области от 14 сентября 2018 года № 24/191-VI

      Сноска. Утратило силу - решением Курчатовского городского маслихата Восточно-Казахстанской области от 14.09.2018 № 24/191-VI (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).
      Примечание РЦПИ.
      В тексте документа сохранена пунктуация и орфография оригинала.

      В соответствии с пунктом 2 статьи 97 Закона Республики Казахстан от 16 апреля 1997 года "О жилищных отношениях", подпунктом 15) пункта 1 статьи 6 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан" постановлением Правительства Республики Казахстан от 30 декабря 2009 года № 2314 "Об утверждении Правил предоставления жилищной помощи" Курчатовский городской маслихат РЕШИЛ:

      1. Внести в решение Курчатовского городского маслихата от 22 июля 2010 года № 27/212-IV "Об утверждении Правил определения размера и порядка оказания жилищной помощи", (зарегистрировано в реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за номером 5-3-94, опубликовано 19 августа 2010 года в газете "7 дней") следующие изменения:

      заголовок решения на государственном языке изложить в новой редакции, заголовок на русском языке остается без изменений;

      внести изменения по всему тексту решения и приложений на государственном языке, текст на русском языке остается без изменений;

      преамбулу решения изложить в следующей редакции:

      "В соответствии со статьей 97 Закона Республики Казхстан от 16 апреля 1997 года "О жилищных отношениях", статьей 6 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", постановлением Правительства Республики Казахстан от 14 апреля 2009 года № 512 " О некоторых вопросах компенсации повышения тарифов абонентской платы за оказание услуг телекоммуникаций социально защищаемым гражданам", постановлением Правительства Республики Казахстан от 30 декабря 2009 года № 2314 "Об утверждении Правил предоставления жилищной помощи" Курчатовский городской маслихат РЕШИЛ:";

      в Правилах определения размера и порядка оказания жилищной помощи утвержденных указанным решением:

      в разделе 1 пункт 2 изложить в следующей редакции:

      "2. Жилищная помощь предоставляется за счет средств местного бюджета малообеспеченным семьям (гражданам), постоянно проживающим в данной местности на оплату:

      расходов на содержание жилого дома (жилого здания) семьям (гражданам), проживающим в приватизированных жилых помещениях (квартирах) или являющимися нанимателями (поднанимателями) жилых помещений (квартир) в государственном жилищном фонде;

      потребления коммунальных услуг семьями (гражданами), являющимися собственниками или нанимателями (поднанимателями) жилища;

      услуг связи в части увеличения абонентской платы за телефон, подключенный к сети телекоммуникаций семьям (гражданам), являющимися собственниками или нанимателями (поднанимателями) жилища в порядке, установленном законодательством в области связи;

      арендной платы за пользование жилищем, арендованным местным исполнительным органом в частном жилищном фонде.

      Расходы малообеспеченных семей (граждан), принимаемые к исчислению жилищной помощи, определяются как сумма расходов по каждому из вышеуказанных направлений.";

      абзац 10 пункта 4 в разделе 2 исключить;

      пункт 11 раздела 2 изложить в следующей редакции:

      "11. Расходы по электроснабжению, содержанию жилья берутся в расчет по квитанциям – счетам, средние за квартал, предшествующие кварталу обращения. Расходы по теплоснабжению, водоснабжению, канализации, мусороудалению, услугам связи берутся по тарифам услугодателей.";

      в разделе 3 пункт 17 изложить в следующей редакции:

      "17. Жилищная помощь определяется как разница между суммой оплаты расходов на содержание жилого дома (жилого здания), потребление коммунальных услуг и услуг связи в части увеличения абонентской платы за телефон, подключенный к сети телекоммуникаций, арендной платы за пользование жилищем, арендованным местным исполнительным органом в частном жилищном фонде".

      2. Настоящее решение вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования, за исключением абзацев семь, четырнадцать, пятнадцать, семнадцать, пункта первого настоящего решения, которые вводятся в действие с 1 января 2014 года.

Председатель сессии

Е. Иманмадиев





Секретарь Курчатовского


городского маслихата

Г. Карымбаева