Курчатов қаласында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы Курчатов қалалық мәслихатының 2018 жылғы 14 қыркүйектегі № 24/191-VI шешімі. Шығыс Қазақстан облысы Әділет департаментінің Курчатов қалалық Әділет басқармасында 2018 жылғы 12 қазанда № 5-3-130 болып тіркелді. Күші жойылды - Абай облысы Курчатов қалалық мәслихатының 2023 жылғы 30 қарашадағы № 12/72-VIII шешімі

      Ескерту. Күші жойылды - Абай облысы Курчатов қалалық мәслихатының 30.11.2023 № 12/72-VIII шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      Ескерту. Шешімнің тақырыбы жаңа редакцияда – Абай облысы Курчатов қалалық мәслихатының 13.10.2022 № 22/147-VII шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңының 97-бабының 4, 5 - тармақтарына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабы 1- тармағы 15) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2314 "Тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы" қаулысына сәйкес Курчатов қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - Шығыс Қазақстан облысы Курчатов қалалық мәслихатының 31.03.2020 № 38/297-VI шешімімен (алғаш ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      1. Осы шешімнің 1-қосымшасына сәйкес Курчатов қаласында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібі айқындалсын.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - Абай облысы Курчатов қалалық мәслихатының 13.10.2022 № 22/147-VII шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      2. Осы шешімнің 2-қосымшасына сәйкес Курчатов қалалық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.

      Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда - Абай облысы Курчатов қалалық мәслихатының 13.10.2022 № 22/147-VII шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы М. Қайрат
      Курчатов қалалық мәслихатының атшысы Г. Қарымбаева

  Курчатов
қалалық мәслихатының
2018 жылғы 14 қыркүйектегі
№ 24/191-VI шешіміне
1-қосымша

      Ескерту. Жоғарғы оң жақ бұрышындағы мәтіні жаңа редакцияда - Абай облысы Курчатов қалалық мәслихатының 13.10.2022 № 22/147-VII шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

Курчатов қалалық тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібі

      Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда - Абай облысы Курчатов қалалық мәслихатының 13.10.2022 № 22/147-VII шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      1. Тұрғын үй көмегі жергілікті бюджет қаражаты есебінен Курчатов қаласында тұратын, Қазақстан Республикасының аумағындағы жалғыз тұрғынжайы ретінде меншік құқығында тұрған тұрғынжайда тұрақты тіркелген және тұратын аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға), сондай-ақ мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілген тұрғынжайды және жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалға алған тұрғынжайды жалдаушыларға (қосымша жалдаушыларға):

      кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға, оның ішінде кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге жұмсалатын шығыстарға;

      коммуналдық қызметтерді және телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының өсуі бөлігінде көрсетілетін байланыс қызметтерін тұтынуға;

      мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілген тұрғынжайды және жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалға алған тұрғынжайды пайдаланғаны үшін шығыстарды төлеуге беріледі.

      Аз қамтылған отбасының (азаматтың) жиынтық табысына шекті жол берілетін шығыстар үлесі 7 (жеті) пайыз мөлшерінде.

      Аз қамтылған отбасының (азаматтардың) тұрғын үй көмегін есептеуге қабылданатын шығыстары жоғарыда көрсетілген бағыттардың әрқайсысы бойынша шығыстардың сомасы ретінде айқындалады.

      2. Тұрғын үй көмегін тағайындау "Абай облысы Курчатов қаласының жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі" мемлекеттік мекемесімен (бұдан әрі – уәкілетті орган) жүзеге асырылады.

      3. Аз қамтылған отбасының (азаматтың) жиынтық табысын уәкілетті орган тұрғын үй көмегін тағайындауға өтініш білдірген тоқсанның алдындағы тоқсанға "Тұрғын үй көмегін алуға үміткер отбасының (Қазақстан Республикасы азаматының) жиынтық табысын есептеу тәртібін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2020 жылғы 24 сәуірдегі № 226 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20498 болып тіркелген) айқындалған тәртіппен есептейді.

      4. Тұрғын үй көмегі кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға, оның ішінде кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге жұмсалатын шығыстарды, коммуналдық қызметтерді және телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының өсуі бөлігінде байланыс қызметтерін тұтынуға, мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілген тұрғынжайды және жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғынжайды пайдаланғаны үшін шығыстарды төлеу сомасы мен аз қамтылған отбасылардың (азаматтардың) осы мақсаттарға жұмсайтын шығыстарының жергілікті өкілді органдар 10 пайыздан асырмай белгілеген шекті жол берілетін деңгейінің арасындағы айырма ретінде айқындалады.

      Тұрғын үй көмегін тағайындау кезінде пайдалы алаңы бір адамға 15 (он бес) шаршы метрден кем емес және 18 (он сегіз) шаршы метрден артық емес мөлшерде, бірақ бір бөлмелі пәтерден немесе жатақханадағы бөлмеден кем емес аудан нормасы қабылданады.

      Ескерту. 4-тармаққа өзгерістер енгізілді - Абай облысы Курчатов қалалық мәслихатының 23.05.2023 № 4/32-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      5. Әлеуметтік тұрғыдан қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерін көрсеткені үшін абоненттік төлемақы тарифінің көтерілуіне өтемақы төлеу "Әлеуметтік тұрғыдан қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерін көрсеткені үшін абоненттік төлемақы тарифінің көтерілуіне өтемақы төлеудің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 14 сәуірдегі № 512 қаулысына сәйкес жүзеге асырылады.

      6. Аз қамтылған отбасы (азамат) (не нотариат куәландырған сенімхат бойынша оның өкілі) тұрғын үй көмегін тағайындау үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2314 қаулысымен бекітілген Тұрғын үй көмегін көрсету ережесіне сәйкес "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамына және/немесе "электрондық үкімет" веб-порталына (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) жүгінеді.

      Құжаттарды қарау және тұрғын үй көмегін көрсету туралы шешім қабылдау немесе көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап беру мерзімі Мемлекеттік корпорациядан немесе "электрондық үкіметтің" веб-порталынан құжаттардың толық топтамасын қабылдаған күннен бастап сегіз жұмыс күнін құрайды.

      7. Тұрғын үй көмегі аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға, оның ішінде шығыстар сметасына сәйкес кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге және коммуналдық қызметтерге ақы төлеу шоттары бойынша жеткізушілер ұсынған ай сайынғы жарналар туралы шоттарға бюджет қаражаты есебінен көрсетіледі.

      8. Тұрғын үй көмегін тағайындау аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) тиісті қаржы жылына арналған қала бюджетінде көзделген қаражат шегінде жүзеге асырылады.

      9. Аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін төлеуді уәкілетті орган есептелген сомаларды тұрғын үй көмегін алушылардың жеке шоттарына екінші деңгейдегі банктер арқылы аудару жолымен жүзеге асырады.

  Курчатов
қалалық мәслихатының
2018 жылғы 14 қыркүйектегі
№ 24/191-VI шешіміне
2-қосымша

      Ескерту. Жоғарғы оң жақ бұрышындағы мәтіні жаңа редакцияда - Абай облысы Курчатов қалалық мәслихатының 13.10.2022 № 22/147-VII шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

Курчатов қалалық мәслихатының күшін жойған кейбір шешімдерінің тізбесі

      1. Тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін белгілеу Қағидасын бекіту туралы" Курчатов қалалық мәслихатының 2010 жылғы 22 шілдедегі № 27/212-IV (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 5-3-94 нөмірімен тіркелген, 2010 жылғы 19 тамыздағы "7 дней" газетінде жарияланған) шешімі.

      2. "Тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін белгілеу Қағидасын бекіту туралы" Курчатов қалалық мәслихатының 2010 жылғы 22 шілдедегі № 27/212-IV шешіміне өзгерістер енгізу туралы" Курчатов қалалық мәслихатының 2011 жылғы 18 наурыздағы № 32/258-IV (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 5-3-103 нөмірімен тіркелген, 2011 жылғы 31 наурыздағы "7 дней" газетінде жарияланған) шешімі.

      3. "Тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін белгілеу Қағидасын бекіту туралы" Курчатов қалалық мәслихатының 2010 жылғы 22 шілдедегі № 27/212-IV шешіміне өзгерістер енгізу туралы" Курчатов қалалық мәслихатының 2012 жылғы 26 маусымдағы № 5/38-V (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2608 нөмірімен тіркелген, 2012 жылғы 2 тамыздағы "7 дней" газетінде жарияланған) шешімі.

      4. "Тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін белгілеу Қағидасын бекіту туралы" Курчатов қалалық мәслихатының 2010 жылғы 22 шілдедегі № 27/212-IV шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Курчатов қалалық мәслихатының 2013 жылғы 25 ақпандағы № 11/78-V (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2917 нөмірімен тіркелген, 2013 жылғы 11 сәуірдегі "7 дней" газетінде жарияланған) шешімі.

      5. "Тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін белгілеу Қағидасын бекіту туралы" Курчатов қалалық мәслихатының 2010 жылғы 22 шілдедегі № 27/212-IV шешіміне өзгерістер енгізу туралы" Курчатов қалалық мәслихатының 2013 жылғы 27 желтоқсандағы № 20/136-V (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 3180 нөмірімен тіркелген, 2014 жылғы 6 ақпандағы "7 дней" газетінде, 2014 жылғы 14 ақпанда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) шешімі.

      6. "Тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін белгілеу Қағидасын бекіту туралы" Курчатов қалалық мәслихатының 2010 жылғы 22 шілдедегі № 27/212-IV шешіміне өзгеріс енгізу туралы" Курчатов қалалық мәслихатының 2014 жылғы 20 наурыздағы № 21/151-V (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 3231 нөмірімен тіркелген, 2014 жылғы 1 мамырдағы "7 дней" газетінде, 2014 жылғы 12 мамырда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) шешімі.

      7. "Тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін белгілеу Қағидасын бекіту туралы" Курчатов қалалық мәслихатының 2010 жылғы 22 шілдедегі № 27/212-IV шешіміне өзгерістер енгізу туралы" Курчатов қалалық мәслихатының 2014 жылғы 23 желтоқсандағы № 30/212-V (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 3627 нөмірімен тіркелген, 2015 жылғы 15 қаңтардағы "7 дней" газетінде, 2015 жылғы 16 ақпандағы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) шешімі.

      8. "Тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін белгілеу Қағидасын бекіту туралы" Курчатов қалалық мәслихатының 2010 жылғы 22 шілдедегі № 27/212-IV шешіміне өзгеріс енгізу туралы" Курчатов қалалық мәслихатының 2015 жылғы 27 қаңтардағы № 32/224-V (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 3671 нөмірімен тіркелген, 2015 жылғы 12 ақпандағы "7 дней" газетінде, 2015 жылғы 3 наурыздағы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) шешімі.

      9. "Тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін белгілеу Қағидасын бекіту туралы" Курчатов қалалық мәслихатының 2010 жылғы 22 шілдедегі № 27/212-IV шешіміне өзгерістер енгізу туралы" Курчатов қалалық мәслихатының 2016 жылғы 16 маусымдағы № 5/30-VІ (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 4597 нөмірімен тіркелген, 2016 жылғы 21 шілдеде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі Эталондық бақылау банкінде, 2016 жылғы 28 шілдедегі "Мой край" газетінде жарияланған) шешімі.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады