Мүгедектер және бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған тұлғалар үшiн жұмыс орындарына квота белгiлеу туралы

Шығыс Қазақстан облысы Абай ауданының әкімдігінің 2013 жылғы 28 маусымдағы № 451 қаулысы. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2013 жылғы 17 шілдеде № 2996 болып тіркелді. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Абай ауданының әкімдігінің 2016 жылғы 12 ақпандағы № 23 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Абай ауданы әкімдігінің 12.02.2016 № 23 қаулысымен.
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31 бабы 1 тармағының 13), 14), 14-1), 14-3) тармақшаларына, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуiрдегi "Қазақстан Республикасында мүгедектердi әлеуметтiк қорғау туралы" Заңының 31 бабының 1) тармақшаларына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 7-бабының 5-2), 5-5) тармақшаларына сәйкес Абай ауданының әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      1. Мүгедектер үшiн жұмыс орынының жалпы санының үш пайызы мөлшерiнде, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған тұлғаларға және қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметiнiң есебiнде тұрған адамдар үшiн бір пайызы мөлшерінде жұмыс орындарының квотасы белгіленсін.
      2. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау аудан әкiмiнiң орынбасары Е. Лдибаевқа жүктелсiн.
      3. Қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
      Аудан әкiмi Т. Мүсәпірбеков

      

Об установлении квоты рабочих мест для инвалидов и лиц, освобожденных из мест лишения свободы

Постановление акимата Абайского района Восточно-Казахстанской области от 28 июня 2013 года № 451. Зарегистрировано Департаментом юстиции Восточно-Казахстанской области 17 июля 2013 года № 2996. Утратило силу - постановлением акимата Абайского района Восточно-Казахстанской области от 12 февраля 2016 года № 23

      Сноска. Утратило силу - постановлением акимата Абайского района Восточно-Казахстанской области от 12.02.2016 № 23.
      Примечание РЦПИ.
      В тексте документа сохранена пунктуация и орфография оригинала.
      В соответствии с подпунктами 13), 14), 14-1), 14-3) пункта 1 статьи 31 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", подпунктом 1) статьи 31 Закона Республики Казахстан от 13 апреля 2005 года "О социальной защите инвалидов в Республике Казахстан", подпунктами 5-2), 5-5) статьи 7 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О занятости населения" акимат Абайского района ПОСТАНОВЛЯЕТ:
      1. Установить квоту рабочих мест для инвалидов в размере трех процентов, для лиц, освобожденных из мест лишения свободы и состоящих на учете службы пробации уголовно-исполнительной инспекции в размере одного процента от общей численности рабочих мест.
      2. Контроль за исполнением настоящего постановления возложить на заместителя акима района Е. Лдибаева.
      3. Постановление вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.
      Аким района Т. Мусапирбеков