Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
1998 жылғы 24 наурыздағы "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 40-бабының 2 тармағының 4) тармақшасына сәйкес, Абай ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
"Мүгедектер және бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған тұлғалар үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы" Шығыс Қазақстан облысы Абай ауданы әкімдігінің 2013 жылғы 28 маусымдағы № 451 қаулысы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2013 жылғы 17 шілдеде 2996 нөмірімен тіркелген, "Абай елі" газетінде № 26 (242) 17 - 24 шілде 2013 жылғы нөмірінде жарияланған күші жойылды деп танылсын.
Аудан әкімі | Т. Мүсәпірбеков |