РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31 бабы 1 тармағының 13), 14), 14-1), 14-3) тармақшаларына, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуiрдегi "Қазақстан Республикасында мүгедектердi әлеуметтiк қорғау туралы" Заңының 31 бабының 1) тармақшаларына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 7-бабының 5-2), 5-5) тармақшаларына сәйкес Абай ауданының әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Мүгедектер үшiн жұмыс орынының жалпы санының үш пайызы мөлшерiнде, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған тұлғаларға және қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметiнiң есебiнде тұрған адамдар үшiн бір пайызы мөлшерінде жұмыс орындарының квотасы белгіленсін.
2. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау аудан әкiмiнiң орынбасары Е. Лдибаевқа жүктелсiн.
3. Қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
Аудан әкiмi | Т. Мүсәпірбеков |