Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Абай аудандық мәслихатының 22.07.2014 № 22/5-V шешімімен (алғаш ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
Қазақстан Республикасының «Сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімдері туралы» 2007 жылғы 12 қаңтардағы Заңының 13 бабының 3 тармағына, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6 бабы 1 тармағының 15) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Жергілікті атқарушы органдар көрсететін әлеуметтік қорғау саласындағы мемлекеттік қызметтердің стандарттарын бекіту туралы» 2011 жылғы 7 сәуірдегі № 394 қаулысының 1 тармағының 14) тармақшасына сәйкес Абай аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Абай аудандық мәслихатының «Мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету туралы» 2012 жылғы 21 тамыздағы № 6-2 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 2645 тіркелген, «Абай елі» газетінде 2012 жылғы 15-22 қыркүйекте № 35 санында жарияланды) шешіміне келесі өзгеріс енгізілсін:
2 тармақтың 4) тармақшасы алынып тасталсын.
2. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы А. Нұралы
Абай аудандық
мәслихатының хатшысы Т. Аманғазы