Мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы Абай аудандық мәслихатының 2012 жылғы 21 тамыздағы N 6-2 шешімі. Шығыс Қазақстан облысы Әділет департаментінде 2012 жылғы 12 қыркүйекте N 2645 тіркелді. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Абай аудандық мәслихатының 2014 жылғы 22 шілдедегі № 22/5-V шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Абай аудандық мәслихатының 22.07.2014 № 22/5-V шешімімен (алғаш ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      
      
      РҚАО ескертпесі.
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.
      
      
      «Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және соларға теңестірілген адамдарға берілетін жеңілдіктер мен оларды әлеуметтік қорғау туралы» 1995 жылғы 28 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңының 56789-баптарына, «Тұрғын үй қатынастары туралы» 1997 жылғы 16 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңының 2 бабына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңының 6 бабы 1 тармағының 15) тармақшасына, «Жергілікті атқарушы органдар көрсететін әлеуметтік қорғау саласындағы мемлекеттік қызметтердің стандарттарын бекіту туралы» 2011 жылғы 7 сәуірдегі № 394 Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысының 1 тармағының 14) тармақшасына сәйкес Абай аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
      1. Әлеуметтік көмек көрсетуге құқығы бар жеке тұлғалардың мынадай санаттары айқындалсын:
      1) Ұлы Отан соғысына қатысушылар;
      2) жеңілдіктер мен кепілдіктер жағынан Ұлы Отан соғысына қатысушыларға теңестірілген адамдар;
      3) Ұлы Отан соғысының мүгедектері;
      4) жеңілдіктер мен кепілдіктер жағынан Ұлы Отан соғысының мүгедектеріне теңестірілген адамдар;
      5) жеңілдіктер мен кепілдіктер жөнінен соғысқа қатысушыларға теңестірілген адамдардың басқа да санаттары;
      6) жасына байланысты зейнетақы алатындар, ең төменгі зейнетақы мөлшерін алатын зейнеткерлер, жалғыз басты зейнеткерлер;
      7) мүгедектер, соның ішінде 18 жасқа дейінгі мүгедек бала тәрбиелеп отырғандар;
      8) саясы қуғын-сүргін құрбандары;
      9) «Алтын алқа», «Күміс алқа» алқаларымен, I, II дәрежелі «Ана Даңқы» орденімен марапатталған немесе бұрын «Батыр Ана» атағын алған көп балалы аналар;
      10) бірге тұратын төрт және одан көп кәмелетке толмаған балалары бар, оның ішінде орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беретін ұйымдарда, жоғары оқу орындарында күндізгі оқу нысанында оқитын балалары бар көп балалы отбасылар, балалары кәмелеттік жасқа толғаннан кейін олар оқу орнын бітіретін уақытқа дейін (бірақ әрі дегенде жиырма үш жасқа толғанға дейін);
      11) балалар, оның ішінде жетім балалар, ата-аналардың қарауынсыз қалған балалар, балалар үйінің түлектері, сондай-ақ аз қамтылған отбасынан шыққан студенттер;
      12) жан басына шаққанда табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен отбасылар (азаматтар);
      13) онкологиялық аурулар және туберкулездің әртүрлі түрлерімен ауыратын азамттар;
      14) өмірдің қиын жағдайына (өрт, дүлей апат) ұшыраған азаматтар.
      2. Әлеуметтік көмек алу үшін қажетті құжаттар тізбесі айқындалсын:
      1) әлеуметтік көмек көрсетуге өтініш;
      2) жеке басын куәландыратын құжат;
      3) тұрғылықты жерін райстайтын құжат;
      4) алынып тасталды - Шығыс Қазақстан облысы Абай аудандық мәслихатының 15.07.2013 № 14/5-V шешімімен (жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);
      5) отбасының табысы туралы мәліметтер;
      6) өмірде қиын (төтенше) жағдай болған кезді растайтын тиісті уәкілетті орган берген акт.
      7) оқуға нақты қаржылық шығындарды растайтын құзырлы органдар берген құжаттар.
      Құжаттардың түпнұсқалары мен көшірмелері ұсынылады, салыстырғаннан кейін құжаттардың түпнұсқалары өтініш иесіне қайтарылады.
      3. Абай аудандық мәслихатының 2012 жылғы 10 шілдедегі № 5-9 “Мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына қосымша әлеуметтік көмек көрсету туралы” шешімінің күші жойылсын.
      4. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      
      
      Сессия төрағасы                                    Б. Кәрібаев
      
      Абай аудандық
      мәслихатының хатшысы                               Т. Аманғазы

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады