Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Бесқарағай ауданының әкімдігінің 2013.04.03 N 153 қаулысымен.
РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 Заңының 31-бабы 1-тармағының 13), 14) тармақшаларына, «Жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 149 Заңының 7-бабы 5-5), 5-6) тармақшаларына сәйкес, жұмыс іздеуде қиындықтары бар қылмыстық атқару инспекциясының пробациялық қызметі есебінде тұрған тұлғаларды, сонымен қатар бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған тұлғаларды және интернат ұйымдарының кәмелеттік жасқа толмаған түлектерін әлеуметтік қорғау және оларды жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету мақсатында Бесқарағай аудандық әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қылмыстық атқару инспекциясының пробациялық қызметі есебінде тұрған тұлғалар, сонымен қатар бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған тұлғалар және интернат ұйымдарының кәмелеттік жасқа толмаған түлектері үшін жұмыс орындарының жалпы санынан бip пайыз мөлшерiнде квота белгіленсін.
2. Осы қаулының жүзеге асырылуына бақылау жасау Бесқарағай ауданы әкімінің орынбасары Е. Рахметуллинге жүктелсін.
3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күнінен кейін он күнтiзбелiк күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкiмi К. Байгонусов