Қылмыстық-атқару инспекциясының пробациялық қызметі есебінде тұрған тұлғалар, сонымен қатар бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған тұлғалар және интернат ұйымдарының кәмелеттік жасқа толмаған түлектері үшін жұмыс орындарының квотасын белгілеу туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы Бесқарағай ауданының әкімдігінің 2013 жылғы 22 қаңтардағы N 22 қаулысы. Шығыс Қазақстан облысы Әділет департаментінде 2013 жылдың 12 ақпанында N 2877 болып тіркелді. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Бесқарағай ауданының әкімдігінің 2013 жылғы 03 сәуірдегі N 153 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Бесқарағай ауданының әкімдігінің 2013.04.03 N 153 қаулысымен.
      
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
      
      «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 Заңының 31-бабы 1-тармағының 13)14) тармақшаларына, «Жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 149 Заңының 7-бабы 5-5)5-6) тармақшаларына сәйкес, жұмыс іздеуде қиындықтары бар қылмыстық атқару инспекциясының пробациялық қызметі есебінде тұрған тұлғаларды, сонымен қатар бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған тұлғаларды және интернат ұйымдарының кәмелеттік жасқа толмаған түлектерін әлеуметтік қорғау және оларды жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету мақсатында Бесқарағай аудандық әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қылмыстық атқару инспекциясының пробациялық қызметі есебінде тұрған тұлғалар, сонымен қатар бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған тұлғалар және интернат ұйымдарының кәмелеттік жасқа толмаған түлектері үшін жұмыс орындарының жалпы санынан бip пайыз мөлшерiнде квота белгіленсін.
      2. Осы қаулының жүзеге асырылуына бақылау жасау Бесқарағай ауданы әкімінің орынбасары Е. Рахметуллинге жүктелсін.
      3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күнінен кейін он күнтiзбелiк күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      
      
      Аудан әкiмi                                    К. Байгонусов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады