Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Жарма ауданы әкімдігінің 21.11.2014 N 309 қаулысымен.
РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31 бабының 1 тармағының 14) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Заңының 21 бабына сәйкес, Жарма ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Жарма ауданының әкімдігінің "Қосымша әлеуметтік көмек көрсету туралы" 2012 жылғы 29 маусымдағы № 153 қаулысына келесідей өзгеріс енгізілсін:
3 тармақтың 1) тармақшасы келесі редакцияда мазмұндалсын:
"1) мүгедек балаларға әлеуметтік көмек (толықтай мемлекет қамтамасыз ететін мүгедек балалар) ата-анасының біреуіне және мүгедек баланың заңды өкілдеріне отбасы кірісіне тәуелсіз беріледі;".
Осы қаулының орындалуын бақылау Жарма ауданының әкімінің орынбасары С.М. Брынзовқа жүктелсін.
Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі |
Т.Ж. Қасымжанов |