Қосымша әлеуметтік көмек көрсету туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы Жарма ауданы әкімдігінің 2012 жылғы 29 маусымдағы N 153 қаулысы. Шығыс Қазақстан облысы Әділет департаментінде 2012 жылғы 20 шілдеде N 2601 тіркелді. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Жарма ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 21 қарашадағы N 309 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Жарма ауданы әкімдігінің 21.11.2014 N 309 қаулысымен.
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.
      Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі "Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы" Заңының 11 бабының 2 тармағының 3) тармақшасына, 15, 16 баптарына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 11 шілдедегі "Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы" Заңына және Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31 бабының 1 тармағының 14) тармақшасына сәйкес Жарма аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Үйде оқитын және тәрбиеленетін мүгедек балаларға материалдық қамтамасыз ету құқығы бар тұлғаларға қосымша әлеуметтік көмек көрсетілсін (бұдан әрі - әлеуметтік көмек).
      2. Әлеуметтік көмек (бұдан әрі - әлеуметтік көмек) әр мүгедек балаға ай сайын сегіз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде берілсін.
      3. Келесі жағдайлар белгіленсін:
      1) мүгедек балаларға әлеуметтік көмек (толықтай мемлекет қамтамасыз ететін мүгедек балалар) ата-анасының біреуіне және мүгедек баланың заңды өкілдеріне отбасы кірісіне тәуелсіз беріледі;
      2) әлеуметтік көмек өтініш білдірген айдан бастап, "Шығыс Қазақстан облысының білім басқармасы" мемлекеттік мекемесінің жанындағы, ведомствоаралық психологиялық–медициналық–педагогикалық кеңестің қорытындысында белгіленген мерзім аяқталғанға дейін беріледі;
      3) әлеуметтік көмекті төлеу қаржыландырудың түсуiне байланысты өткен айға жүргізіледі. Әлеуметтік көмек төлеуді тоқтатуға әкеп соққан жағдайлар бар болғанда (мүгедек баланың 18 жасқа толуы, мүгедек баланың қайтыс болуы, мүгедектікті алып тастау), төлемдер сәйкес жағдайлар туындағаннан кейінгі айдан бастап тоқтатылады.
      Ескерту. 3 тармаққа өзгеріс енгізілді – Жарма ауданы әкімдігінің 19.02.2013 № 42 (жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      4. "Жарма ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі (К.С. Баубекова) әлеуметтік көмекті тағайындауды және төленуді қамтамасыз етсін.
      5. "Жарма ауданының қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесі (Г.С. Серікболова), жергілікті бюджетте қарастырылған қаражаты шегінде міндеттемелер мен төлемдер бойынша қаржыландыру жоспарына сәйкес әлеуметтік көмекті қаржыландыру бойынша мәселені шешсін.
      6. Осы қаулының орындалуын бақылау Жарма ауданының әкімінің орынбасары С.М. Брынзовқа жүктелсін.
      7. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Жарма ауданының әкімі Т. Қасымжанов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады