"Қосымша әлеуметтік көмек көрсету туралы" 2012 жылғы 29 маусымдағы № 153 әкімдігінің қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы Жарма ауданы әкімдігінің 2013 жылғы 19 ақпандағы N 42 қаулысы. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2013 жылғы 05 наурызда N 2894 болып тіркелді. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Жарма ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 21 қарашадағы N 309 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Жарма ауданы әкімдігінің 21.11.2014 N 309 қаулысымен.
 
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31 бабының 1 тармағының 14) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Заңының 21 бабына сәйкес, Жарма ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      Жарма ауданының әкімдігінің "Қосымша әлеуметтік көмек көрсету туралы" 2012 жылғы 29 маусымдағы № 153 қаулысына келесідей өзгеріс енгізілсін:
      3 тармақтың 1) тармақшасы келесі редакцияда мазмұндалсын:
      "1) мүгедек балаларға әлеуметтік көмек (толықтай мемлекет қамтамасыз ететін мүгедек балалар) ата-анасының біреуіне және мүгедек баланың заңды өкілдеріне отбасы кірісіне тәуелсіз беріледі;".
      Осы қаулының орындалуын бақылау Жарма ауданының әкімінің орынбасары С.М. Брынзовқа жүктелсін.
      Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
 
 

      Аудан әкімі

Т.Ж. Қасымжанов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады