Ескерту. Күші жойылды - Жарма аудандық мәслихатының 18.07.2014 N 21/185-V шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
РҚАО ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңының 6 бабына, Қазақстан Республикасының «Сәйкестендiру нөмiрлерiнiң ұлттық тiзiлiмдерi туралы» 2007 жылғы 12 қаңтардағы Заңының 13-бабының 3 тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Жергілікті атқарушы органдар көрсететін әлеуметтік қорғау саласындағы мемлекеттік қызметтердің стандарттарын бекіту туралы» 2011 жылғы 7 сәуірдегі № 394 қаулысының 1 тармағының 14) тармақшасына сәйкес Жарма аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Жарма аудандық мәслихатының «Әлеуметтік көмек көрсету үшін азаматтардың жекелеген санаттарын және қажетті құжаттар тізбесін айқындау туралы» 2012 жылғы 12 шілдедегі № 4/47-V (Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде № 2598 тiркелген, 2012 жылғы 25 шілдедегі № 59 «Қалба тынысы» газеттерiнде жарияланған) шешiмiне мынадай өзгеріс енгізілсін:
2 тармақтың 3) тармақшасы алынып тасталсын.
2. Осы шешiм алғаш ресми жарияланған күннен кейiн он күнтiзбелiк күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
Сессия төрағасы А. Өзбеханов
Мәслихат хатшысы Н. Есполов