"Әлеуметтік көмек көрсету үшін азаматтардың жекелеген санаттарын және қажетті құжаттар тізбесін айқындау туралы" Жарма аудандық мәслихатының 2012 жылғы 12 шілдедегі № 4/47-V шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы Жарма аудандық мәслихатының 2013 жылғы 16 қазандағы № 15/132-V шешімі. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2013 жылғы 06 қарашада № 3080 болып тіркелді. Күші жойылды - Жарма аудандық мәслихатының 2014 жылғы 18 шілдедегі N 21/185-V шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Жарма аудандық мәслихатының 18.07.2014 N 21/185-V шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      РҚАО ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңының 6 бабына, Қазақстан Республикасының «Сәйкестендiру нөмiрлерiнiң ұлттық тiзiлiмдерi туралы» 2007 жылғы 12 қаңтардағы Заңының 13-бабының 3 тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Жергілікті атқарушы органдар көрсететін әлеуметтік қорғау саласындағы мемлекеттік қызметтердің стандарттарын бекіту туралы» 2011 жылғы 7 сәуірдегі № 394 қаулысының 1 тармағының 14) тармақшасына сәйкес Жарма аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
      1. Жарма аудандық мәслихатының «Әлеуметтік көмек көрсету үшін азаматтардың жекелеген санаттарын және қажетті құжаттар тізбесін айқындау туралы» 2012 жылғы 12 шілдедегі № 4/47-V (Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде № 2598 тiркелген, 2012 жылғы 25 шілдедегі № 59 «Қалба тынысы» газеттерiнде жарияланған) шешiмiне мынадай өзгеріс енгізілсін:
      2 тармақтың 3) тармақшасы алынып тасталсын.
      2. Осы шешiм алғаш ресми жарияланған күннен кейiн он күнтiзбелiк күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.


      Сессия төрағасы                            А. Өзбеханов

      Мәслихат хатшысы                           Н. Есполов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады