Ескерту. Күші жойылды - Зырян ауданы әкімдігінің 26.09.2013 N 2078 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
РҚАО ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
Аудандық аумақтық сайлау комиссиясымен ұсынылған Зырян ауданы бойынша үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар тізімін қарастырып, «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңының 28-бабының 6-тармағына сәйкес, барлық кандидаттар үшін бірдей құқықтарын қамтамасыз ету мақсатында, әкімдік ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қосымшаға сәйкес Зырян ауданының Зырян, Серебрянск қалаларының, ауылдық округтер мен кенттердің әкімдеріне кандидаттарға үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар белгіленсін.
2. Зырян ауданының Зырян, Серебрянск қалалары, кенттер және ауылдық округтері әкімдері үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындарды жабдықтармен қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Зырян ауданының әкімі Е. Сәлімов
«Келісілді»
Зырян аудандық аумақтық
комиссия төрағасы А. Жүнісов
11 шілде 2013 жыл
Зырян ауданы әкімдігінің
2013 жылғы 11 шілдедегі № 1931
қаулысына қосымша
«Зырян ауданының Зырян, Серебрянск қалаларының, ауылдық
округтер мен кенттердің әкімдеріне кандидаттарға үгіттік баспа
материалдарын орналастыру үшін орындар тізімі
Рет № |
Елді мекен, ауылдық округ атауы |
Үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар |
1 |
Зырян қаласы |
Қаланың Оңтүстік (Рабочий, Рудный көшелері), Солтүстік (Абай, Лермонтов, Геологический көшелері), Орталық (Совет көшесі) бөлігіндегі автобус аялдамаларында; № 96 дүкен (Солнечный көшесі); автобекетте (Горький көшесі) ауданындағы ақпараттық стендтер; Совет көшесі бойындағы екі хабарландыру тумбасында |
2 |
Серебрянск қаласы |
Ленин көшесі (16, 17-үйлер); Некрасов көшесі (4–үй) және Ленин көшесінің қиылысы ауданындағы ақпараттық стендтер |
3 |
Соловьево ауылдық округі Соловьево ауылы |
Копылов көшесі бойындағы (11-үй) «Қазпошта» акционерлік қоғамының пошта бөлімшесі ауданындағы ақпараттық стендтер |
4 |
Октябрьск кенті |
(Киров көшесі мен Совхозный көшесінің бұрышындағы) «Қазпошта» акционерлік қоғамының пошта бөлімшесі; (Школьный көшесі) «Каскад» дүкені аудандағы ақпараттық стендтер |
5 |
Северный ауылдық округі Феклистовка ауылы |
«Достық» дүкені ауданындағы ақпараттық стенд (Гагарин көшесі, 8-үй). |
6 |
Тұрғысын ауылдық округі Тұрғысын ауылы |
«Тұрғысын жалпы білім беретін орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі (Коммунаров көшесі, 25-үй); «Бірлік» дүкені ауданындағы ақпараттық стендтер |
7 |
Чапаево ауылдық округі Чапаево ауылы |
Зырян ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің «Бос уақыт» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының Чапаево ауылының Мәдениет үйі ауданындағы ақпараттық стенд (Победа көшесі, 5-үй) |
8 |
Парыгино ауылдық округі Парыгино ауылы |
Мәдениет үйі; «Парыгино орта мектебі» мемлекеттік мекемесі ауданындағы ақпараттық стендтер |
9 |
Прибрежный кенті |
«Волна» дүкені ауданындағы ақпараттық стендтер |
10 |
Первороссийск ауылдық округі Первороссийск ауылы |
«Первороссийск орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі (Фрунзе көшесі, 6-үй) ауданындағы ақпараттық стендтер |
11 |
Малеевка ауылдық округі село Малеевск |
«Айя» дүкені ауданындағы ақпараттық стендтер |
12 |
Жаңа Бұқтырма кенті |
Зырян ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі «Бос уақыт» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының Жаңа Бұқтырма кентінің мәдениет үйі ауданындағы ақпараттық стендтер, Коммунистический көшесінің 1 үйі |
13 |
Средигорное ауылдық округі Средигорное ауылы |
«Средигорненский» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі, мәдениет үйі ауданындағы ақпараттық стендтер |
14 |
Зубовка кенті |
«Қазпошта» акционерлік қоғамының пошта бөлімшесі ауданындағы ақпараттық стенд (Привокзальный көшесі) |
15 |
Никольск ауылдық округі Никольск ауылы |
Клуб ауданындағы ақпараттық стендтер |