Үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар белгілеу туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы Зырян ауданы әкімдігінің 2013 жылғы 26 қыркүйектегі N 2078 қаулысы. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2013 жылғы 01 қазанда N 3064 болып тіркелді. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Зырян ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 27 ақпандағы N 72 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Зырян ауданы әкімдігінің 27.02.2015 N 72 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
      Зырян аудандық аумақтық сайлау комиссиясымен ұсынылған Зырян ауданы бойынша үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар тізбесін қарастырып, "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 28-бабының 6-тармағына сәйкес, барлық кандидаттар үшін бірдей құқықтарды қамтамасыз ету мақсатында, Зырян ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттарын сайлау бойынша саяси партиялар үшін, Шығыс Қазақстан облыстық мәслихаты мен Зырян ауданының мәслихатының депутаттығына кандидаттарды, Зырян ауданының Зырян, Серебрянск қалалары, ауылдық округтер мен кенттер әкімдеріне кандидаттарды сайлау бойынша үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар белгіленсін.
      2. Зырян ауданының Зырян, Серебрянск қалалары, ауылдық округтер мен кенттер әкімдері үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындардың жабдығын қамтамасыз етсін.
      3. "Зырян ауданының Зырян, Серебрянск қалаларының, ауылдық округтер мен кенттердің әкімдеріне кандидаттарға үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар белгілеу туралы" Зырян ауданы әкімдігінің 2013 жылғы 11 шілдедегі № 1931 қаулысы (№ 3011 нормативтік құқықтық актілерді Мемлекеттік тіркеу Тізілімінде тіркелген, 2013 жылы 01 тамызда "Пульс! Зыряновска" және "Көктас таңы" газетінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
 
 

      Зырян ауданының әкімі

Е. Сәлімов

      "КЕЛІСІЛДІ"


      Зырян аудандық аумақтық
      комиссиясының төрағасы

А. Жүнісов

       26 қыркүйек 2013 жыл
 


Зырян ауданы әкімдігінің
2013 жылғы 26 қыркүйектегі
№ 2078 қаулысына қосымша

Үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар тізімі
 

Рет

 

Елді мекеннің, ауылдық округтің атауы
 

Үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар
 

1.
 

Зырян қаласы
 

Қаланың Оңтүстік (Рабочий көшесі, Рудный көшесі), Солтүстік (Абай көшесі, Лермонтов көшесі, Геологический көшесі), Орталық (Совет көшесі) бөлігіндегі автобус аялдамалары; № 45 дүкені, (Бочарников көшесі); Орталық базар (Совет көшесі); қаланың Батыс бөлігіндегі "Қалалық аурухана", "Шаңғы базасы", (Панфилов көшесі) автобус аялдамалары; № 96 дүкені (Солнечный көшесі); автобекет (Горький көшесі) ауданындағы ақпараттық стендтер. Хабарландыруға арналған екі тумбада (Совет көшесі), жеке кәсіпкер В.В. Шеинаның дүкенінде (Королев көшесі, 28-үй)
 

2.
 

Березовское ауылы
 

"Агро-Алтай" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі (Совет көшесі, 1-үй) ауданындағы ақпараттық стенд
 

3.
 

Серебрянск қаласы
 

Ленин көшесіндегі 16, 17-үйлер; Некрасов көшесіндегі 4-үй ауданындағы ақпараттық стендтер
 

4.
 

Соловьево ауылдық округінің Соловьево ауылы
 

"Қазпошта" акционерлік қоғамының пошта бөлімшесі (Копылов көшесі, 11-үй) ауданындағы ақпараттық стенд
 

5.
 

Соловьево ауылдық округінің Маяк ауылы
 

Клуб; "Маяк орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ауданындағы ақпараттық стендтер
 

6.
 

Соловьево ауылдық округінің Подорленок ауылы
 

"Подорловска негізгі мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ауданындағы ақпараттық стенд
 

7.
 

Соловьево ауылдық округінің Ново-Крестьянка ауылы
 

Дүкен (Киров көшесі, 28-үй); "Ново-Крестьянка орталау мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі; "Ақжол" дүкені (Центральный көшесі) ауданындағы ақпараттық стендтер
 

8.
 

Соловьево ауылдық округінің Ленинск ауылы
 

Дүкен (Совет көшесі, 15-үй) ауданындағы ақпараттық стенд
 

9.
 

Октябрьск кенті
 

"Қазпошта" акционерлік қоғамының пошта бөлімшесі (Киров көшесі мен Совхозный көшесінің бұрышы); "Каскад" дүкені (Школьный көшесі) ауданындағы ақпараттық стендтер
 

10.
 

Бұқтырма станциясы
 

"Алма" дүкені; Бұқтырма станциясының шағын базары ауданындағы ақпараттық стендтер
 

11.
 

Сажаевка ауылы
 

Автобус аялдамасы ауданындағы ақпараттық стендтер
 

12.
 

Селезневка станциясы
 

Су іркуіш ұңғысы; "Қош келдіңіз" кафесі ауданындағы ақпараттық стендтер
 

13.
 

Северный ауылдық округінің Феклистовка ауылы
 

"Достық" дүкені (Гагарин көшесі, 8-үй) ауданындағы ақпараттық стенд
 

14.
 

Северный ауылдық округінің Северное ауылы
 

"Радуга" дүкені ауданындағы ақпараттық стенд (Центральный көшесі, 8-үй)
 

15.
 

Северный ауылдық округінің Ермаковка ауылы
 

"Дидар" шаруа қожалығы ауданындағы ақпараттық стенд
 

16.
 

Тұрғысын ауылдық округінің Тұрғысын ауылы
 

"Тұрғысын жалпы білім беру орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі (Коммунаров көшесі, 25-үй); "Бірлік" дүкені ауданындағы ақпараттық стендтер
 

17.
 

Чапаево ауылдық округінің Чапаево ауылы
 

Зырян ауданы мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің "Бос уақыт" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының Чапаево ауылының Мәдениет үйі (Победа көшесі, 5-үй) ауданындағы ақпараттық стенд
 

18.
 

Чапаево ауылдық округінің Восточное ауылы
 

Шығыс Қазақстан облыстық әкімдіктің денсаулық сақтау басқармасы "Зырян ауданының орталық аудандық ауруханасы" шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны Чапаево ауылының дәрігерлік мекемесінің Восточное медициналық пункті ауданындағы ақпараттық стенд
 

19.
 

Чапаево ауылдық округінің Крестовка ауылы
 

"Крестовка шағын комплектілі бастауыш мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі; Шығыс Қазақстан облыстық әкімдіктің денсаулық сақтау басқармасы "Зырян ауданының орталық аудандық ауруханасы" шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны Чапаево ауылының дәрігерлік мекемесінің Крестовка медициналық пункті ауданындағы ақпараттық стендтер
 

20.
 

Чапаево ауылдық округінің Снегирево ауылы
 

"Родник" дүкені; "Сказка" дүкені ауданындағы ақпараттық стендтер
 

21.
 

Чапаево ауылдық округінің Орловка ауылы
 

Дүкен (Центральный көшесі) ауданындағы ақпараттық стенд
 

22.
 

Чапаево ауылдық округінің Пролетарка ауылы
 

"Пролетарское" шаруа қожалығы; "Саид" дүкені ауданындағы ақпараттық стендтер
 

23.
 

Парыгино ауылдық округінің Парыгино ауылы
 

Зырян ауданы мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің "Бос уақыт" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының Парыгино ауылының Мәдениет үйі; "Парыгино орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ауданындағы ақпараттық стендтер
 

24.
 

Парыгино ауылдық округінің Бояновск ауылы
 

Шығыс Қазақстан облыстық әкімдіктің денсаулық сақтау басқармасы "Зырян ауданының орталық аудандық ауруханасы" шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны Парыгино ауылының дәрігерлік мекемесінің Бояновск медициналық пункті (Центральный көшесі) ауданындағы ақпараттық стендтер
 

25.
 

Парыгино ауылдық округінің Кутиха ауылы
 

Шығыс Қазақстан облыстық әкімдіктің денсаулық сақтау басқармасы "Зырян ауданының орталық аудандық ауруханасы" шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны Парыгино ауылының дәрігерлік мекемесінің Кутиха медициналық пункті (Школьный көшесі) ауданындағы ақпараттық стенд
 

26.
 

Прибрежный кенті
 

"Волна" дүкені (№ 2 квартал, 5-үй); "Шығыс Қазақстан кеме жасайтын, кеме жөндейтін зауыты" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі ауданындағы ақпараттық стендтер
 

27.
 

Заводинка ауылы
 

"Фортуна" дүкені ауданындағы ақпараттық стенд
 

28.
 

Первороссийск ауылдық округінің Первороссийск ауылы
 

"Первороссийск орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі (Фрунзе көшесі, 6-үй) ауданындағы ақпараттық стендтер
 

29.
 

Первороссийск ауылдық округінің Дородница ауылы
 

"Дородница орталау мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі (Школьный көшесі); автобус аялдамасы ауданындағы ақпараттық стендтер
 

30.
 

Первороссийск ауылдық округінің Васильевка ауылы
 

"Васильевка орталау мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі (Верхний көшесі); автобус аялдамасы ауданындағы ақпараттық стендтер
 

31.
 

Малеевка ауылдық округінің Малеевка ауылы
 

"Айя" дүкені (Малеевская көшесі); "Леснопристань орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі (Бұқтырма көшесі) ауданындағы ақпараттық стендтер
 

32.
 

Малеевка ауылдық округінің Путинцево ауылы
 

"Жарас" дүкені (Центральный көшесі); "Путинцево орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі (Матросов көшесі) ауданындағы ақпараттық стендтер
 

33.
 

Малеевка ауылдық округінің Быково ауылы
 

Жеке кәсіпкер Н.К. Маркинаның киоскісі; Шығыс Қазақстан облыстық әкімдіктің денсаулық сақтау басқармасы "Зырян ауданының орталық аудандық ауруханасы" шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны Малеевка ауылының дәрігерлік мекемесінің Быково медициналық пункті ауданындағы ақпараттық стендтер
 

34.
 

Малеевка ауылдық округінің Богатырево ауылы
 

Шығыс Қазақстан облыстық әкімдіктің денсаулық сақтау басқармасы "Зырян ауданының орталық аудандық ауруханасы" шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны Малеевка ауылының дәрігерлік мекемесінің Богатырево медициналық пункті ауданындағы ақпараттық стенд
 

35.
 

Жаңа Бұқтырма кенті
 

Зырян ауданы мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің "Бос уақыт" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының Жаңа Бұқтырма кентінің Мәдениет үйі (Коммунистический көшесі, 1-үй) ауданындағы ақпараттық стенд
 

36.
 

Березовка ауылы
 

Дүкен (Центральный көшесі); Шығыс Қазақстан облыстық әкімдіктің денсаулық сақтау басқармасы "Зырян ауданының Серебрянск қаласының қалалық ауруханасы" шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны Березовка ауылының медициналық пункті ауданындағы ақпараттық стендтер
 

37.
 

"Көгілдір бұғаз" демалыс үйі
 

"Көгілдір бұғаз" демалыс үйінің судан құтқару бекеті; аялдамалар ауданындағы ақпараттық стендтер
 

38.
 

Александровка ауылы
 

Шығыс Қазақстан облыстық әкімдіктің денсаулық сақтау басқармасы "Зырян ауданының Серебрянск қаласының қалалық ауруханасы" шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны Александровка ауылының медициналық пункті; "Шайхана" кафесі ауданындағы ақпараттық стендтер
 

39.
 

Средигорное ауылдық округінің Средигорное ауылы
 

"Средигорненский" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі; Зырян ауданы мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің "Бос уақыт" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының Средигорное ауылының Мәдениет үйі ауданындағы ақпараттық стендтер
 

40.
 

Средигорное ауылдық округінің Чиркаин ауылы
 

Клуб ауданындағы ақпараттық стенд
 

41.
 

Средигорное ауылдық округінің Андреевка ауылы
 

"Андреевка шағын комплектілі орталау мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ауданындағы ақпараттық стенд
 

42.
 

Средигорное ауылдық округінің Александровка ауылы
 

"Средигорненский" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі ауданындағы ақпараттық стенд
 

43.
 

Зубовка кенті
 

"Қазпошта" акционерлік қоғамының пошта бөлімшесі (Привокзальный көшесі) ауданындағы ақпараттық стенд
 

44.
 

Никольск ауылдық округінің Никольск ауылы
 

Клуб ауданындағы ақпараттық стенд
 

45.
 

Никольск ауылдық округінің Бородино ауылы
 

"Бородино" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі (Серебряков көшесі, 11-үй); клуб ауданындағы ақпараттық стендтер
 

46.
 

Никольск ауылдық округінің Кремнюха ауылы
 

"Кремнюха орталау мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі (Горный көшесі); "Олжас" дүкені (Совет көшесі) ауданындағы ақпараттық стендтер
 

47.
 

Никольск ауылдық округінің Алтайка ауылы
 

Алтайка ауылындағы дүкен ауданындағы ақпараттық стенд
 

   
 

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады