Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Зырян ауданы Средигорное селолық округі әкімінің 11.12.2013 N 2 шешімімен.
РҚАО ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі «Ветеринария туралы» Заңының 10-1 бабы 7) тармақшасына сәйкес, Зырян ауданының мемлекеттік бас ветеринарлық-санитарлық инспекторының 2013 жылғы 18 қыркүйектегі № 598 ұсынысының негізінде Средигорное ауылдық округінің әкімі ШЕШТІ:
1.
Ірі қара мал арасында пастереллез шығуына орай Зырян ауданы Средигорное ауылдық округінің Шірікқайың ауылында шектеу іс-шараларын енгізе отырып карантин аймағының ветеринарлық режимін белгіленсін.
2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы Министрлігінің ветеринарлық бақылау және қадағалау комитетінің Зырян аудандық аймақтық инспекциясының мемлекеттік ветеринарлық-санитарлық инспекторы С. Кумпеисов аталған шектеу іс-шараларының талаптарының орындалуына бақылауды қамтамасыз ету ұсынылсын.
3. Средигорное ауылдық округінің ветеринария мәселелері жөніндегі бас маманы Д. Нурканов сауықтыру іс-шараларын ұйымдастырсын.
4. Осы шешімнің орындалуына бақылау жасауды өзіме қалдырамын.
5.
Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Средигорное селолық округі |
Н. Куковская |
« 01 » қазан 2013 жыл
«Қазақстан Республикасы денсаулық |
С. Сахитов |
« 01 » қазан 2013 жыл