Зырян ауданы Средигорное ауылдық округі Шірікқайың ауылында шектеу іс-шараларын енгізе отырып карантин аймағының ветеринарлық режимін белгілеу туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы Зырян ауданы Средигорное селолық округі әкімінің 2013 жылғы 30 қыркүйектегі N 1 шешімі. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2013 жылғы 17 қазанда N 3068 болып тіркелді

      Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Зырян ауданы Средигорное селолық округі әкімінің 11.12.2013 N 2 шешімімен.
      РҚАО ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
      Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі «Ветеринария туралы» Заңының 10-1 бабы 7) тармақшасына сәйкес, Зырян ауданының мемлекеттік бас ветеринарлық-санитарлық инспекторының 2013 жылғы 18 қыркүйектегі № 598 ұсынысының негізінде Средигорное ауылдық округінің әкімі ШЕШТІ:
      1. Ірі қара мал арасында пастереллез шығуына орай Зырян ауданы Средигорное ауылдық округінің Шірікқайың ауылында шектеу іс-шараларын енгізе отырып карантин аймағының ветеринарлық режимін белгіленсін.
      2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы Министрлігінің ветеринарлық бақылау және қадағалау комитетінің Зырян аудандық аймақтық инспекциясының мемлекеттік ветеринарлық-санитарлық инспекторы С. Кумпеисов аталған шектеу іс-шараларының талаптарының орындалуына бақылауды қамтамасыз ету ұсынылсын.
      3. Средигорное ауылдық округінің ветеринария мәселелері жөніндегі бас маманы Д. Нурканов сауықтыру іс-шараларын ұйымдастырсын.
      4. Осы шешімнің орындалуына бақылау жасауды өзіме қалдырамын.
      5. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
 
 

      Средигорное селолық округі
      әкімінің міндетін атқарушы
      «КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы Ауыл
шаруашылығы Министрлігінің
ветеринарлық бақылау және қадағалау
комитетінің Зырян аудандық
аймақтық инспекциясының мемлекеттік
ветеринарлық-санитарлық инспекторы

Н. Куковская
 
 
 
 
 
 
С. Кумпеисов

      « 01 » қазан 2013 жыл
 
 

      «Қазақстан Республикасы денсаулық
сақтау министрлігінің мемлекеттік
санитарлық-эпидемиологиялық
бақылау комитеті Шығыс Қазақстан облысы
бойынша Департаментінің Зырян ауданы
бойынша мемлекеттік санитарлық-
эпидемиологиялық бақылау басқармасы»
мемлекеттік мекемесінің басшысы

С. Сахитов

      « 01 » қазан 2013 жыл
 

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады