Ескерту. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Теректі аудандық мәслихатының 22.06.2016 № 5-3 шешімімен (қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді).
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы", 1997 жылғы 16 сәуірдегі "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңдарына және "Тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2314 қаулысына сәйкес Теректі аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Теректі аудандық мәслихатының 2013 жылғы № 10-3 "Теректі ауданында аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсету Қағидасын бекіту туралы" (нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3281 тіркелген, 2013 жылғы 17 мамырдағы "Теректі жаңалығы - Теректинская новь" газетінде № 20 жарияланған) шешіміне мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешіммен бекітілген, Теректі ауданында аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсету Қағидасында:
3 тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"3. Тұрғын үй көмегi телекоммуникация желiсiне қосылған телефон үшiн абоненттiк төлемақының, жеке тұрғын үй қорынан жергiлiктi атқарушы орган жалдаған тұрғын үй-жайды пайдаланғаны үшiн жалға алу ақысының ұлғаюы бөлiгiнде тұрғын үйдi (тұрғын ғимаратты) күтiп–ұстауға арналған шығыстарға, жекешелендiрiлген үй-жайларда (пәтерлерде), жеке тұрғын үйде тұрып жатқандарға тәулiк уақыты бойынша электр энергиясының шығынын саралап есепке алатын және бақылайтын, дәлдiк сыныбы 1-ден төмен емес электр энергиясын бiр фазалық есептеуiштiң құнын төлеуге тұрғын үй көмегiн көрсету жөнiндегi шаралар қолданылатын, коммуналдық қызметтер мен байланыс қызметтерiн тұтынуға нормалар шегiнде ақы төлеу сомасы мен отбасының (азаматтардың) осы мақсаттарға жұмсаған шығыстарының шектi жол берiлетiн деңгейiнiң арасындағы айырма ретiнде айқындалады.
Тұрғын үй көмегін алуға үміткер отбасының (азаматтың) жиынтық табысы Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7412 болып тіркелген Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігі Төрағасының 2011 жылғы 5 желтоқсандағы № 471 "Тұрғын үй көмегін алуға, сондай-ақ мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйді немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйді алуға үміткер отбасының (азаматтың) жиынтық табысын есептеу қағидасын бекіту туралы" бұйрығына сәйкес белгіленеді.
Тұрғын үйдi күтiп ұстау және коммуналдық қызметтi пайдалану үшін шекті жол берілетін шығыстар үлесі отбасының жиынтық табысынан 5% мөлшерінде белгіленеді.";
6 тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"6. Тұрғын үй көмегі барлық жарты жылдық бойына алты ай мерзімге, жарты жылдық алдындағы соңғы тоқсандағы кірістер бойынша тағайындалады, жарты жылдық алдындағы шығыстар өткен тоқсанға немесе қызметтер толық көлемде көрсетілген соңғы тоқсанға ескеріледі. Тұрғын үй көмегін есептеу жартыжылдық сайын тоқсандарға бөле отырып тағайындалады. Тұрғын үй көмегін тағайындауға арналған құжаттары тіркелген арыздарды қабылдау жартыжылдықтың соңғы айының 10 күніне дейін жүргізіледі. Жаңа мерзiмге құжаттарды ресімдеу ресімдеудің алғашқы процедурасына ұқсас.".
2. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрайымы |
Ғ. Ж. Ғаббасова |
Аудандық мәслихат хатшысы |
Ә. Ж. Нұрғалиев |