Зейнетақы аннуитеті шарты бойынша зейнетақы жинақтарын сақтандыру ұйымына ауыстыру қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2014 жылғы 26 ақпандағы № 32 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2014 жылы 12 сәуірде № 9325 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2022 жылғы 20 қазандағы № 73 қаулысымен.

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 20.10.2022 № 73 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      РҚО-ның ескертпесі!
      Осы бұйрықтың қолданылу тәртібін 2-тармақтан қараңыз.

      "Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне әлеуметтiк қамсыздандыру мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" 2014 жылғы 10 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған Зейнетақы аннуитеті шарты бойынша зейнетақы жинақтарын сақтандыру ұйымына ауыстыру қағидалары бекітілсін.

      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2014 жылғы 1 қаңтардан бастап туындаған құқықтық қатынастарға қолданылады.

      Ұлттық Банк
Төрағасы
Қ. Келімбетов

  Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкі Басқармасының
2014 жылғы 26 ақпандағы
№ 32 қаулысымен
бекітілді

Зейнетақы аннуитеті шарты бойынша зейнетақы жинақтарын сақтандыру ұйымына ауыстыру қағидалары

      Зейнетақы аннуитеті шарты бойынша зейнетақы жинақтарын сақтандыру ұйымына ауыстыру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" 2013 жылғы 21 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – Заң) сәйкес әзірленді және зейнетақы жинақтарын зейнетақы аннуитеті шарты бойынша сақтандыру ұйымына ауыстыру тәртібін айқындайды.

1-тарау. Жалпы ережелер

      Ескерту. 1-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 22.12.2017 № 248 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      1. Осы Қағидаларда Заңда көзделген ұғымдар, сондай-ақ мынадай ұғымдар пайдаланылады:

      1) Жөнелтуші қор:

      сақтандыру ұйымымен зейнетақы аннуитеті шартының жасалуына байланысты салымшының (алушының) міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен зейнетақы жинақтары сақтандыру ұйымына ауыстырылатын бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры;

      сақтандыру ұйымымен зейнетақы аннуитеті шартының жасалуына байланысты салымшының (алушының) ерікті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақы жинақтары ауыстырылатын бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры не ерікті жинақтаушы зейнетақы қоры;

      2) зейнетақы жинақтарын ауыстыру – Жөнелтуші қордың, Жөнелтуші қордың кастодиан-банкінің сақтандыру ұйымына міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары және (немесе) ерікті зейнетақы жарналары есебінен қалыптастырылған зейнетақы жинақтарының ауыстырылатын сомасын аудару үшін қажетті жүйелі іс-қимылдары;

      3) зейнетақы жинақтарын ауыстыру туралы өтініш – сақтандыру ұйымымен зейнетақы аннуитеті шартының жасалуына байланысты міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен қалыптастырылған зейнетақы жарналарын, бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан ерікті зейнетақы жарналарын немесе ерікті жинақтаушы зейнетақы қорынан ерікті зейнетақы жарналарын сақтандыру ұйымына ауыстыру туралы жазбаша өтініш.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 28.10.2016 № 258 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      1-1. Осы Қағидалардың мақсаттары үшін сақтандыру ұйымы Республикасының резидент-сақтандыру ұйымы не Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру ұйымының филиалы деп түсініледі.

      Ескерту. 1-тарау 1-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 17.02.2021 № 33 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

2-тарау. Зейнетақы аннуитеті шарты бойынша зейнетақы жинақтарын сақтандыру ұйымына ауыстыру тәртібі

      Ескерту. 2-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 22.12.2017 № 248 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      2. Салымшы (алушы) зейнетақы жинақтарын сақтандыру ұйымына ауыстыру мақсатында Жөнелтуші қорға мынадай құжаттарды ұсынады:

      1) Жөнелтуші қордың ішкі құжатымен бекітілген нысан бойынша зейнетақы жинақтарын ауыстыру туралы өтініш;

      2) сәйкестендіру үшін салымшының (алушының) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі және оның түпнұсқасы не цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат;

      3) салымшы (алушы) сақтандыру ұйымымен жасаған зейнетақы аннуитеті шартының түпнұсқасы.

      Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 13.12.2021 № 104 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      3. Салымшының (алушының) зейнетақы жинақтарын ауыстыру туралы өтінішпен жеке жүгінуге мүмкіндігі болмаған жағдайда салымшы (алушы) жеке немесе заңды тұлғаға (бұдан әрі - сенім білдірілген тұлға) сенімхатта сақтандыру ұйымының атауын көрсете отырып зейнетақы жинақтарын ауыстыру туралы өтінішпен жүгінуге арналған, нотариат куәландырған сенімхат береді.

      4. Сенім білдірілген тұлға Қағидалардың 2-тармағының 1) және 3) тармақшаларында көрсетілген құжаттардан басқа, сақтандыру ұйымына зейнетақы жинақтарын ауыстыру мақсатында Жөнелтуші қорға қосымша мыналарды ұсынады:

      1) егер сенімхатта сенім білдіруші тұлғаның бір мезгілде бірнеше ұйымда мүддесін білдіру бойынша өкілеттіктер болған жағдайда, нотариат куәландырған сенімхаттың түпнұсқасы немесе оның нотариат куәландырған көшірмесі;

      2) салымшының (алушының) жеке басын куәландыратын құжаттың нотариат куәландырған көшірмесі;

      3) сенім білдірілген тұлғаның көруге арналған жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі және оның түпнұсқасы не цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат.

      Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 13.12.2021 № 104 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      5. Жөнелтуші қор зейнетақы жинақтарын ауыстыру туралы өтініште толтырылуға тиіс мәліметтердің дұрыс көрсетілуін тексереді және салымшыға (алушыға) немесе сенім білдірушіге ұсынылған құжаттардың толық тізбесін және оларды қабылдау күнін көрсете отырып, Жөнелтуші қордың iшкi құжатымен бекітілген нысан бойынша құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат береді.

      Егер салымшы (алушы) Заңның 31-бабы 1-тармағының 3) тармақшасында, 32-бабының 1-тармағының 3) тармақшасында көрсетілген адам болса, Жөнелтуші қор "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы мен Жөнелтуші қордың арасында жасалған шарт шеңберінде өтініш берген салымшының (алушының) белгіленген мерзімсіз бірінші немесе екінші топтағы мүгедектігінің болуы туралы мәліметтерді сұратады.

      Егер бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры Жөнелтуші қор болса, онда жоғарыда көрсетілген мәліметтер орталықтандырылған мүгедектер дерекқорынан сұратылады.

      Егер салымшы (алушы) Заңның 32-бабы 1-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген адам болса, Жөнелтуші қор автоматтандырылған ақпараттық жүйеде жиынтығында кемінде күнтізбелік 60 (алпыс) ай міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының төлену фактісін тексереді.

      Ескерту. 5-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 22.12.2017 № 254 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      6. Жөнелтуші қор құжаттарды қабылдау кезінде:

      1) Қағидалардың 2 немесе 4-тармақтарында көзделген құжаттардың толық емес топтамасын ұсынған;

      2) салымшының (алушының) жеке зейнетақы шотында зейнетақы жинақтары болмаған не салымшының (алушының) атына ашылған жеке зейнетақы шоты болмаған;

      3) зейнетақы жинақтарын ауыстыру туралы өтініш берген күні салымшының (алушының) немесе сенім білдірілген адамның жеке басын куәландыратын құжаттың қолданылу мерзімі аяқталған;

      4) зейнетақы жинақтарын ауыстыру туралы өтінішті беру күні сенімхаттың қолданылу мерзімі аяқталған не сенімхаттың Қазақстан Республикасы азаматтық заңнамасының оны ресімдеуге қойылатын талаптарына сәйкес болмаған;

      5) салымшының (алушының) жеке зейнетақы шоттарындағы міндетті зейнетақы жарналары және (немесе) міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары және (немесе) ерікті зейнетақы жарналары (болған кезде) бойынша зейнетақы жинақтарының сомасы зейнетақы жинақтарын ауыстыру туралы өтініш берілген күні зейнетақы аннуитеті шартында көрсетілген зейнетақы жинақтары сомасынан аз болған;

      6) салымшының (алушының) мерзімсіз бірінші немесе екінші топтағы мүгедектігінің белгіленуі туралы мәліметтері болмаған;

      7) зейнетақы жинақтарын ауыстыру туралы өтініш берілген күні міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының төленуі жиынтығында күнтізбелік 60 (алпыс) айдан кем болған жағдайларда зейнетақы жинақтарын ауыстыру туралы өтінішті қабылдаудың және орындаудың мүмкін болмау себептерін көрсете отырып, салымшыға (алушыға) немесе сенім білдірілген адамға дәлелді жазбаша жауап ұсынады.

      Ескерту. 6-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 22.12.2017 № 254 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      7. Жөнелтуші қор салымшының (алушының) немесе сенім білдірілген адамның зейнетақы жинақтарын ауыстыру туралы өтінішін алған күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде зейнетақы жинақтарын ауыстыру туралы өтінішті орындаудың мүмкін еместігі себептерін көрсете отырып мынадай:

      1) салымшының (алушының) жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілген аты-жөні, әкесінің аты (бар болса), туған күні, жеке сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі – ЖСН), Жөнелтуші қордың дерекқорында көрсетілген аты-жөні, әкесінің аты (бар болса), туған күні, ЖСН сәйкес келмеген;

      2) зейнетақы жинақтарын ауыстыру туралы өтініште көрсетілген мәліметтердің Қағидалардың 2 немесе 4-тармақтарына сәйкес ұсынылған құжаттарда көрсетілген мәліметтерге сәйкес келмеген;

      3) салымшының (алушының) Заңның 11-бабының 1-тармағында, 31-бабының 1-тармағы 2) және 3) тармақшаларында және 32-бабының 1-тармағы 4) және 3) тармақшаларында көрсетілген адамдардың санатына сәйкес келмеген;

      4) егер салымшының (алушының) жеке зейнетақы шоттарындағы міндетті зейнетақы жарналары және (немесе) міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары және (немесе) ерікті зейнетақы жарналары (болған кезде) бойынша зейнетақы жинақтарының сомасы зейнетақы жинақтарын ауыстыру туралы өтініш берілген күні зейнетақы аннуитеті шартында көрсетілген зейнетақы жинақтары сомасынан аз болған;

      5) Қағидалардың 2 немесе 4-тармақтарына сәйкес ұсынылған құжаттардың Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңнамасының талаптарына сәйкес келмеген жағдайларда оған дәлелденген жауапты жазбаша нысанда жібереді.

      Ескерту. 7-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 22.12.2017 № 254 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      8. Жөнелтуші қор Қағидалардың 2 немесе 4-тармақтарының талаптарына сәйкес келетін құжаттарды алған күннен бастап 10 (он) жұмыс күнінен аспайтын мерзімде:

      1) зейнетақы жинақтары сақтандыру қорларына ауыстырылатын жеке тұлғалардың тізімін қоса бере отырып МТ 102 форматындағы электрондық төлем хабарламасын қалыптастырады. Жеке тұлғалардың тізімінде салымшының (алушының) тегі, аты, бар болса әкесінің аты, туылған күні, ЖСН, сондай-ақ ауыстыру сомасы туралы мәліметтер бар;

      2) МТ 102 форматындағы төлем хабарламасын зейнетақы жинақтарын ауыстыру үшін өзінің кастодиан банкіне береді.

      Ескерту. 8-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Ұлттық банкі басқармасының 28.11.2015 № 209 (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      9. Ауыстыру күні міндетті зейнетақы жарналары және (немесе) міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен қалыптастырылған зейнетақы жинақтары сомасы жеткіліксіз болған кезде, Жөнелтуші қор Қағидалардың 2 немесе 4-тармақтарында көзделген салымшының (алушының) немесе алушының зейнетақы жинақтарын ауыстыру туралы өтінішінде көрсетілген ерікті зейнетақы жарналары есебінен қалыптастырылған зейнетақы жинақтарын пайдалануға салымшының (алушының) келісімі болған жағдайда міндетті зейнетақы жарналары және (немесе) міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен қалыптастырылған зейнетақы жинақтарына қосымша ерікті зейнетақы жарналары есебінен қалыптастырылған зейнетақы жинақтарын ауыстырады.

      Егер Заңның 11-бабының 1-тармағында және 31-бабының 1-тармағының 2) және 3) тармақшаларында, 32-бабының 1-тармағының 2) және 3) тармақшаларында көрсетілген адамдардың зейнетақы аннуитеті шарты жасалғаннан кейін жеке зейнетақы шотындағы зейнетақы жинақтарының қалдығы республикалық бюджет туралы заңмен тиісті қаржы жылына белгіленген ең төменгі зейнетақы мөлшерінен кем соманы құрайтын болса, зейнетақы аннуитеті шартына қалдықтың көрсетілген сомасын есепке ала отырып сақтандыру сыйлықақы мөлшерінің және сақтандыру төлемінің ұлғаюы бөлігінде өзгерістер енгізіледі.

      Ескерту. 9-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық банкі басқармасының 28.11.2015 № 209 (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 22.12.2017 № 254 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен.

      10. Сақтандыру ұйымы жазбаша немесе зейнетақы аннуитеті шарты тараптарының келісімінде айқындалған өзге тәсілмен салымшыны (алушыны) сақтандыру ұйымының шотына зейнетақы жинақтарының келіп түскені туралы оларды аударған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде хабардар етеді.

      Сақтандыру ұйымының хабарламасында келіп түскен зейнетақы жинақтарының сомасы көрсетіледі.

3-тарау. Кастодиан банктің МТ 102 форматындағы төлем хабарламасын алғаннан кейінгі және Жөнелтуші қордың зейнетақы жинақтарын қайтарған кездегі іс-қимылдары

      Ескерту. 3-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 22.12.2017 № 248 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      11. Жөнелтуші қордың кастодиан банкі салымшының (алушының) зейнетақы жинақтарын сақтандыру ұйымына ауыстыруға Жөнелтуші қордың МТ 102 форматындағы төлем хабарламасын алған кезде Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14365 болып тіркелген Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 31 тамыздағы № 203 қаулысымен бекітілген Экономика секторларының және төлемдер белгілеу кодтарын қолдану қағидаларына (бұдан әрі – № 203 қағидалар) сәйкес айқындалған төлемдер белгілеу кодтарын көрсете отырып, міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары, ерікті зейнетақы жарналары есебінен қалыптастырылған салымшының (алушының) зейнетақы жинақтарын оған Жөнелтуші қор бастама жасаған күні сақтандыру ұйымына ауыстырады.

      Ескерту. 11-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 22.12.2017 № 248 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      12. Ауыстыру Қағидалардың 2-тарауында көзделген тәртіппен жүзеге асырылған, міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен зейнетақы жинақтары қайтарылған жағдайда, бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен зейнетақы жинақтары қайтарылған күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде салымшыға (алушыға) немесе сенім білдірілген өкіліне салымшының (алушының) міндетті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шартының немесе бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорымен қосылу туралы шарттың қолданысы тоқтатылмағаны және зейнетақы жинақтарының қайтарылуына байланысты оған жеке зейнетақы шотының ашылуы туралы жазбаша немесе өзге тәсілмен хабарлайды.

      Ауыстыру Қағидалардың 2-тарауында көзделген тәртіппен жүзеге асырылған ерікті зейнетақы жаралары есебінен зейнетақы жинақтары қайтарылған жағдайда, Жөнелтуші қор ерікті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақы жинақтары қайтарылған күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде салымшыға немесе сенім білдірілген өкіліне салымшының (алушының) Жөнелтуші қормен жасалған ерікті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шартының қолданысы тоқтатылмағаны және зейнетақы жинақтарының қайтарылуына байланысты оған жеке зейнетақы шотының ашылуы туралы жазбаша немесе өзге де тәсілмен хабарлайды.

      13. Сақтандыру ұйымынан зейнетақы жинақтары қайтарылған жағдайда, Жөнелтуші қор сақтандыру сыйлықақысын қабылдайды.

      Сақтандыру ұйымының зейнетақы жинақтарын қайтаруына төлем тапсырмасын қалыптастыруы Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14419 болып тіркелген Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 31 тамыздағы № 208 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының аумағында қолма-қол ақшасыз төлемдерді және (немесе) ақша аударымдарын жүзеге асыру қағидаларының, № 203 қағидалардың талаптарына сәйкес жүзеге асырылады.

      Сақтандыру ұйымының зейнетақы жинақтарын қайтаруына төлем тапсырмасын қалыптастырған кезде, сақтандыру ұйымы зейнетақы жинақтары Жөнелтуші қорға қайтарылатын салымшының (тегін, атын, әкесінің атын (бар болса), туған күнін, ЖСН қоса алғанда) деректемелері,н зейнетақы жарналарын Жөнелтуші қорға қайтару жүзеге асырылатын төлем тапсырмасының нөмірін және күнін көрсетеді.

      Ескерту. 13-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 28.10.2016 № 258 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 22.12.2017 № 248 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен.

4-тарау. Қорытынды ережелер

      Ескерту. 4-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 22.12.2017 № 248 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      14. Жөнелтуші қор зейнетақы жинақтарын сақтандыру ұйымына ауыстырғанын растау үшін салымшыға (алушыға) сұрау салуы негізінде мыналарды:

      1) үзінді көшірмені беру күнін және ауыстырылған зейнетақы жинақтарының түрін;

      2) зейнетақы жинақтарының және есептелген инвестициялық кірістің сомасын көрсете отырып, ағымдағы күнтізбелік жылдың басындағы зейнетақы жинақтары сомасының қалдықтарын;

      3) ағымдағы күнтізбелік жылдағы зейнетақы жинақтарының нақты түсу күнін көрсете отырып, келіп түскен сомасын;

      4) әр айда нақты есептелгенді көрсете отырып, әр ағымдағы күнтізбелік жылдағы инвестициялық кірістің сомасын;

      5) бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан немесе ерікті жинақтаушы зейнетақы қорынан нақты түскен күнін көрсете отырып, ағымдағы жылғы салымшының (алушының) жеке зейнетақы шотына келіп түскен зейнетақы жинақтары аударымдарының сомасын;

      6) нақты төлемдердің күнін және ұсталған табыс салығын көрсете отырып, ағымдағы жылғы жүзеге асырылған зейнетақы төлемдерінің сомасын;

      7) ауыстырылған зейнетақы жинақтарының нақты сомасын;

      8) салымшы (алушы) өтініш берген күні келіп түскен зейнетақы жинақтарының және инвестициялық кірістің сомасын көрсете отырып, жеке зейнетақы шотындағы зейнетақы жинақтары сомасының қалдықтарын көрсетіп, зейнетақы жинақтарының ауыстырылған сомасы туралы үзінді көшірмені береді.

      15. Салымшының (алушының) зейнетақы жинақтарын Жөнелтуші қордан сақтандыру ұйымына ауыстырумен байланысты шығыстар Жөнелтуші қордың меншікті қаражаты есебінен жүзеге асырылады.

  Зейнетақы аннуитеті шарты
бойынша зейнетақы жинақтарын
сақтандыру ұйымына ауыстыру
қағидаларына 1-қосымша

Сенім білдірілген тұлғаның салымшының (алушының) зейнетақы жинақтарын зейнетақы аннуитеті шарты бойынша сақтандыру ұйымына ауыстыру туралы өтініші

      Ескерту. 1-қосымша алып тасталды – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 22.12.2017 № 254 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

  Зейнетақы аннуитеті шарты
бойынша зейнетақы жинақтарын
сақтандыру ұйымына ауыстыру
қағидаларына 2-қосымша

Сенім білдірілген тұлғаның салымшының (алушының) зейнетақы жинақтарын зейнетақы аннуитеті шарты бойынша сақтандыру ұйымына ауыстыру туралы өтініші

      Ескерту. 2-қосымша алып тасталды – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 22.12.2017 № 254 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

Об утверждении Правил перевода пенсионных накоплений в страховую организацию по договору пенсионного аннуитета

Постановление Правления Национального Банка Республики Казахстан от 26 февраля 2014 года № 32. Зарегистрировано в Министерстве юстиции Республики Казахстан 12 апреля 2014 года № 9325. Утратило силу постановлением Правления Агентства Республики Казахстан по регулированию и развитию финансового рынка от 20 октября 2022 года № 73.

      Сноска. Утратило силу постановлением Правления Агентства РК по регулированию и развитию финансового рынка от 20.10.2022 № 73 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).
      Примечание РЦПИ!
      Порядок введения в действие приказа см. п.2

      В соответствии с Законом Республики Казахстан от 10 января 2014 года "О внесении изменений и дополнений в некоторые законодательные акты Республики Казахстан по вопросам социального обеспечения" Правление Национального Банка Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Утвердить прилагаемые Правила перевода пенсионных накоплений в страховую организацию по договору пенсионного аннуитета.

      2. Настоящее постановление вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования и распространяется на правоотношения, возникшие с 1 января 2014 года.

Председатель


Национального Банка

К. Келимбетов


  Утверждены
постановлением Правления
Национального Банка
Республики Казахстан
от 26 февраля 2014 года № 32

Правила
перевода пенсионных накоплений в страховую
организацию по договору пенсионного аннуитета

      Правила перевода пенсионных накоплений в страховую организацию по договору пенсионного аннуитета (далее - Правила) разработаны в соответствии с Законом Республики Казахстан от 21 июня 2013 года "О пенсионном обеспечении в Республике Казахстан" (далее - Закон) и определяют порядок перевода пенсионных накоплений в страховую организацию по договору пенсионного аннуитета.

Глава 1. Общие положения

      Сноска. Заголовок главы 1 в редакции постановления Правления Национального Банка РК от 22.12.2017 № 248 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      1. В настоящих Правилах используются понятия, предусмотренные в Законе, а также следующие понятия:

      1) Фонд-отправитель:

      единый накопительный пенсионный фонд, из которого переводятся пенсионные накопления вкладчика (получателя) за счет обязательных пенсионных взносов, обязательных профессиональных пенсионных взносов в страховую организацию в связи с заключением со страховой организацией договора пенсионного аннуитета;

      единый накопительный пенсионный фонд либо добровольный накопительный пенсионный фонд, из которого переводятся пенсионные накопления вкладчика (получателя) за счет добровольных пенсионных взносов в связи с заключением со страховой организацией договора пенсионного аннуитета;

      2) перевод пенсионных накоплений - последовательные действия Фонда-отправителя, банка-кастодиана Фонда-отправителя, необходимые для зачисления переводимой суммы пенсионных накоплений, сформированных за счет обязательных пенсионных взносов, обязательных профессиональных пенсионных взносов и (или) добровольных пенсионных взносов в страховую организацию;

      3) заявление о переводе пенсионных накоплений - письменное обращение о переводе пенсионных накоплений, сформированных за счет обязательных пенсионных взносов, обязательных профессиональных пенсионных взносов, добровольных пенсионных взносов из единого накопительного пенсионного фонда или добровольных пенсионных взносов из добровольного накопительного пенсионного фонда в страховую организацию в связи с заключением со страховой организацией договора пенсионного аннуитета.

      Сноска. Пункт 1 в редакции постановления Правления Национального Банка РК от 28.10.2016 № 258 (вводится в действие по истечении двадцати одного календарного дня после дня его первого официального опубликования).

      1-1. Для целей настоящих Правил под страховой организацией понимается страховая организация-резидент Республики Казахстан либо филиал страховой организации-нерезидента Республики Казахстан.

      Сноска. Правила дополнены пунктом 1-1 в соответствии с постановлением Правления Агентства РК по регулированию и развитию финансового рынка от 17.02.2021 № 33 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

Глава 2. Порядок перевода пенсионных накоплений в страховую организацию по договору пенсионного аннуитета

      Сноска. Заголовок главы 2 в редакции постановления Правления Национального Банка РК от 22.12.2017 № 248 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      2. Вкладчик (получатель) в целях перевода пенсионных накоплений в страховую организацию представляет в Фонд-отправитель следующие документы:

      1) заявление о переводе пенсионных накоплений по форме, утвержденной внутренним документом Фонда-отправителя;

      2) копию документа, удостоверяющего личность вкладчика (получателя), и его оригинал либо электронный документ из сервиса цифровых документов для обозрения;

      3) оригинал договора пенсионного аннуитета, заключенного вкладчиком (получателем) со страховой организацией.

      Сноска. Пункт 2 - в редакции постановления Правления Агентства РК по регулированию и развитию финансового рынка от 13.12.2021 № 104 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      3. В случае невозможности личного обращения вкладчика (получателя) с заявлением о переводе пенсионных накоплений вкладчик (получатель) выдает физическому или юридическому лицу (далее - поверенный) нотариально удостоверенную доверенность на обращение с заявлением о переводе пенсионных накоплений с указанием в доверенности наименования страховой организации.

      4. Поверенный в целях перевода пенсионных накоплений в страховую организацию помимо документов, указанных в подпунктах 1) и 3) пункта 2 Правил, дополнительно предоставляет в Фонд-отправитель:

      1) оригинал нотариально удостоверенной доверенности или ее нотариально засвидетельствованную копию в случае, если доверенность содержит полномочия по представлению интересов доверителя одновременно в нескольких организациях;

      2) нотариально засвидетельствованную копию документа, удостоверяющего личность вкладчика (получателя);

      3) копию документа, удостоверяющего личность поверенного и его оригинал либо электронный документ из сервиса цифровых документов для обозрения.

      Сноска. Пункт 4 - в редакции постановления Правления Агентства РК по регулированию и развитию финансового рынка от 13.12.2021 № 104 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      5. Фонд-отправитель проверяет правильность указания сведений, подлежащих заполнению в заявлении о переводе пенсионных накоплений, и выдает вкладчику (получателю) или поверенному расписку о приеме документов по форме, утвержденной внутренним документом Фонда-отправителя, с указанием в ней полного перечня представленных документов и даты их принятия.

      Если вкладчиком (получателем) является лицо, указанное в подпункте 3) пункта 1 статьи 31, подпункте 3) пункта 1 статьи 32 Закона, Фонд-отправитель в рамках договора, заключенного между Государственной корпорацией "Правительство для граждан" и Фондом-отправителем, запрашивает сведения о наличии у обратившегося вкладчика (получателя) установленной инвалидности первой или второй группы бессрочно.

      Если Фондом-отправителем является единый накопительный пенсионный фонд, то вышеуказанные сведения запрашиваются из централизованной базы данных инвалидов.

      Если вкладчиком (получателем) является лицо, указанное в подпункте 1) пункта 1 статьи 32 Закона, Фонд-отправитель проверяет в автоматизированной информационной системе факт уплаты обязательных профессиональных пенсионных взносов в совокупности не менее 60 (шестидесяти) календарных месяцев.

      Сноска. Пункт 5 в редакции постановления Правления Национального Банка РК от 22.12.2017 № 254 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      6. Фонд-отправитель при приеме документов представляет вкладчику (получателю) или поверенному мотивированный письменный ответ с указанием причин невозможности приема и исполнения заявления о переводе пенсионных накоплений в следующих случаях:

      1) представление неполного пакета документов, предусмотренных пунктами 2 или 4 Правил;

      2) отсутствие пенсионных накоплений на индивидуальном пенсионном счете вкладчика (получателя) либо отсутствие индивидуального пенсионного счета, открытого на имя вкладчика (получателя);

      3) истечение срока действия документа, удостоверяющего личность вкладчика (получателя) или поверенного, на дату подачи заявления о переводе пенсионных накоплений;

      4) истечение срока действия доверенности на дату обращения с заявлением о переводе пенсионных накоплений либо несоответствие доверенности требованиям гражданского законодательства Республики Казахстан к ее оформлению;

      5) сумма пенсионных накоплений на индивидуальных пенсионных счетах вкладчика (получателя) по обязательным пенсионным взносам и (или) обязательным профессиональным пенсионным взносам и (или) добровольным пенсионным взносам (при наличии) на дату подачи заявления о переводе пенсионных накоплений меньше суммы пенсионных накоплений, указанной в договоре пенсионного аннуитета;

      6) отсутствие сведений об установлении у вкладчика (получателя) инвалидности первой или второй группы бессрочно;

      7) уплата обязательных профессиональных пенсионных взносов на дату подачи заявления о переводе пенсионных накоплений в совокупности менее 60 (шестидесяти) календарных месяцев.

      Сноска. Пункт 6 в редакции постановления Правления Национального Банка РК от 22.12.2017 № 254 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      7. Фонд-отправитель в письменной форме направляет вкладчику (получателю) или поверенному мотивированный ответ с указанием причин невозможности исполнения заявления о переводе пенсионных накоплений в течение 10 (десяти) рабочих дней со дня получения его заявления о переводе пенсионных накоплений в случаях:

      1) несоответствия фамилии, имени, отчества (при его наличии), даты рождения, индивидуального идентификационного номера (далее - ИИН), указанных в документе, удостоверяющем личность вкладчика (получателя), фамилии, имени, отчеству (при его наличии), дате рождения, ИИН, указанным в базе данных Фонда-отправителя;

      2) несоответствия сведений, указанных в заявлении о переводе пенсионных накоплений, сведениям, указанным в документах, представленных в соответствии с пунктами 2 или 4 Правил;

      3) несоответствия вкладчика (получателя) категориям лиц, указанных в пункта 1 статьи 11, подпунктах 2) и 3) пункта 1 статьи 31, подпунктах 2) и 3) пункта 1 статьи 32 Закона;

      4) если сумма пенсионных накоплений на индивидуальных пенсионных счетах вкладчика (получателя) по обязательным пенсионным взносам и (или) обязательным профессиональным пенсионным взносам и (или) добровольным пенсионным взносам (при наличии) на дату перевода пенсионных накоплений меньше суммы пенсионных накоплений, указанных в договоре пенсионного аннуитета;

      5) несоответствия представленных в соответствии с пунктом 2 или 4 Правил документов требованиям законодательства Республики Казахстан о пенсионном обеспечении.

      Сноска. Пункт 7 в редакции постановления Правления Национального Банка РК от 22.12.2017 № 254 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      8. Фонд-отправитель в сроки, не превышающие 10 (десяти) рабочих дней с даты получения документов, соответствующих требованиям пунктов 2 или 4 Правил:

      1) формирует электронное платежное сообщение в формате МТ 102 с приложением списка физических лиц, пенсионные накопления которых переводятся в страховую организацию. Список физических лиц содержит сведения о фамилии, имени, при наличии отчестве, дате рождения, ИИН вкладчика (получателя), а также о сумме перевода;

      2) передает платежное сообщение в формате МТ 102 своему банку-кастодиану для перевода пенсионных накоплений.

      Сноска. Пункт 8 с изменением, внесенным постановлением Правления Национального Банка РК от 28.11.2015 № 209 (вводится в действие с 01.01.2016).

      9. При недостаточности на дату перевода суммы пенсионных накоплений, сформированных за счет обязательных пенсионных взносов и (или) обязательных профессиональных пенсионных взносов, Фонд-отправитель при наличии согласия вкладчика (получателя) на использование пенсионных накоплений, сформированных за счет добровольных пенсионных взносов, указанного в заявлении о переводе пенсионных накоплений вкладчика (получателя) или получателя, предусмотренном пунктами 2 и 4 Правил, в дополнение к пенсионным накоплениям, сформированным за счет обязательных пенсионных взносов и (или) обязательных профессиональных пенсионных взносов переводит пенсионные накопления, сформированные за счет добровольных пенсионных взносов.

      В случае, если у лиц, указанных в пункте 1 статьи 11 и подпунктах 2) и 3) пункта 1 статьи 31, подпунктах 2) и 3) пункта 1 статьи 32 Закона, остаток пенсионных накоплений на индивидуальном пенсионном счете после заключения договора пенсионного аннуитета составляет сумму менее размера минимальной пенсии, установленного на соответствующий финансовый год законом о республиканском бюджете, в договор пенсионного аннуитета вносятся изменения в части увеличения размеров страховой премии и страховой выплаты с учетом указанной суммы остатка.

      Сноска. Пункт 9 с изменением, внесенным постановлением Правления Национального Банка РК от 22.12.2017 № 254 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      10. Страховая организация письменно или иным способом, определенным соглашением сторон договора пенсионного аннуитета, уведомляет вкладчика (получателя) о поступлении пенсионных накоплений в течение пяти рабочих дней со дня их зачисления на счет страховой организации.

      В уведомлении страховой организации указывается сумма поступивших пенсионных накоплений.

Глава 3. Действия банка-кастодиана после получения платежного сообщения в формате МТ 102 и Фонда-отправителя при возврате пенсионных накоплений

      Сноска. Заголовок главы 3 в редакции постановления Правления Национального Банка РК от 22.12.2017 № 248 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      11. Банк-кастодиан Фонда-отправителя при получении платежного сообщения в формате МТ 102 Фонда-отправителя на перевод пенсионных накоплений вкладчика (получателя) в страховую организацию в день его инициирования Фондом-отправителя переводит пенсионные накопления вкладчика (получателя), сформированные за счет обязательных пенсионных взносов, обязательных профессиональных пенсионных взносов, добровольных пенсионных взносов, с указанием кодов назначения платежей, определяемых в соответствии с Правилами применения кодов секторов экономики и назначения платежей, утвержденными постановлением Правления Национального Банка Республики Казахстан от 31 августа 2016 года № 203, зарегистрированным в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 14365 (далее – Правила № 203), в страховую организацию.

      Сноска. Пункт 11 в редакции постановления Правления Национального Банка РК от 22.12.2017 № 248 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      12. В случае возврата пенсионных накоплений за счет обязательных пенсионных взносов, обязательных профессиональных пенсионных взносов, в отношении которых был осуществлен перевод в порядке, предусмотренном главой 2 Правил, единый накопительный пенсионный фонд в течение пяти рабочих дней со дня возврата пенсионных накоплений за счет обязательных пенсионных взносов, обязательных профессиональных пенсионных взносов письменно или иным способом уведомляет вкладчика (получателя) или поверенного о том, что действие договора вкладчика (получателя) о пенсионном обеспечении за счет обязательных пенсионных взносов или договора присоединения с единым накопительным пенсионным фондом не прекращено, и индивидуальный пенсионный счет открыт в связи с возвратом его пенсионных накоплений.

      В случае возврата пенсионных накоплений за счет добровольных пенсионных взносов, в отношении которых был осуществлен перевод в порядке, предусмотренном главой 2 Правил, Фонд-отправитель в течение пяти рабочих дней со дня возврата пенсионных накоплений за счет добровольных пенсионных взносов письменно или иным способом уведомляет вкладчика (получателя) или поверенного о том, что действие договора вкладчика (получателя) о пенсионном обеспечении за счет добровольных пенсионных взносов с Фондом-отправителем не прекращено и индивидуальный пенсионный счет открыт в связи с возвратом его пенсионных накоплений.

      13. В случае возврата пенсионных накоплений из страховой организации Фонд-отправитель принимает страховую премию.

      Формирование платежного поручения на возврат пенсионных накоплений страховой организацией осуществляется в соответствии с требованиями Правил осуществления безналичных платежей и (или) переводов денег на территории Республики Казахстан, утвержденных постановлением Правления Национального Банка Республики Казахстан от 31 августа 2016 года № 208, зарегистрированным в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 14419, Правил № 203.

      При формировании платежного поручения на возврат пенсионных накоплений страховой организацией, страховая организация также указывает реквизиты вкладчика (включающие фамилию, имя, при наличии отчество, дату рождения, ИИН), пенсионные накопления которого возвращаются в Фонд-отправитель, номер и дату платежного поручения, по которому осуществляется возврат пенсионных накоплений в Фонд-отправитель.

      Сноска. Пункт 13 в редакции постановления Правления Национального Банка РК от 28.10.2016 № 258 (вводится в действие по истечении двадцати одного календарного дня после дня его первого официального опубликования); с изменением, внесенным постановлением Правления Национального Банка РК от 22.12.2017 № 248 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

Глава 4. Заключительные положения

      Сноска. Заголовок главы 4 в редакции постановления Правления Национального Банка РК от 22.12.2017 № 248 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      14. Фонд-отправитель в подтверждение перевода пенсионных накоплений в страховую организацию выдает вкладчику (получателю) на основании его запроса выписку о перечисленной сумме пенсионных накоплений с указанием:

      1) даты выдачи выписки и вида переведенных пенсионных накоплений;

      2) остатка суммы пенсионных накоплений на начало текущего календарного года с указанием суммы пенсионных взносов и начисленного инвестиционного дохода;

      3) поступившей суммы пенсионных взносов за текущий календарный год с указанием дат фактического поступления;

      4) суммы инвестиционного дохода за текущий календарный год с указанием фактического начисления за каждый месяц;

      5) суммы переводов пенсионных накоплений, поступивших из единого накопительного пенсионного фонда или добровольного накопительного пенсионного фонда на индивидуальный пенсионный счет вкладчика (получателя), за текущий год с указанием даты их фактического поступления;

      6) суммы пенсионных выплат, осуществленных в текущем году с указанием даты фактических выплат и суммы удержанного подоходного налога;

      7) фактической суммы переведенных пенсионных накоплений;

      8) остатка суммы пенсионных накоплений на индивидуальном пенсионном счете с указанием поступившей суммы пенсионных взносов и инвестиционного дохода на дату обращения вкладчика (получателя).

      15. Расходы, связанные с переводом пенсионных накоплений вкладчика (получателя) из Фонда-отправителя в страховую организацию, осуществляются за счет собственных средств Фонда-отправителя.

  Приложение 1
к Правилам перевода пенсионных
накоплений в страховую организацию
по договору пенсионного аннуитета

      Сноска. Приложение 1 исключено постановлением Правления Национального Банка РК от 22.12.2017 № 254 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).


  Приложение 2
к Правилам перевода пенсионных
накоплений в страховую организацию
по договору пенсионного аннуитета

      Сноска. Приложение 2 исключено постановлением Правления Национального Банка РК от 22.12.2017 № 254 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).