Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне бағалы қағаздар нарығын реттеу және зейнетақымен қамсыздандыру мәселелері бойынша өзгерістер енгізу туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2021 жылғы 13 желтоқсандағы № 104 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 22 желтоқсанда № 25889 болып тіркелді.

      "Бағалы қағаздар рыногы туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 11-бабының 9-тармағына, 22-1-бабының 4-тармағына, 24-бабының 8-тармағына, 28-бабының 2-тармағына, 30-бабының 3-тармағына, 34-бабының 1 және 2-тармақтарына, 36-бабының 1-тармағына, 45-бабының 4-тармағына, 62-бабының 1-тармағына, 63-бабының 1-тармағына, 69-бабының 1-тармағына, 76-бабының 2-тармағына, 80-бабының 5-тармағына, 86-бабының 6-тармағына, "Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 8-бабының 2) тармақшасына, 43-бабының 3-тармағына, 50-бабы 4-тармағының 3) тармақшасына, "Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу, бақылау және қадағалау туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 6-5-бабының 2) тармақшасына, 12-бабының 4) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Өзгерістер енгізілетін Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығын реттеу және зейнетақымен қамсыздандыру мәселелері бойынша нормативтік құқықтық актілерінің тізбесі бекітілсін.

      2. Бағалы қағаздар нарығы департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) Заң департаментімен бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды;

      3) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Заң департаментіне осы тармақтың 2) тармақшасында көзделген іс-шараның орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Төрағасының жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Қаржы нарығын реттеу және
дамыту Агенттігінің Төрағасы
М. Абылкасымова

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Стратегиялық жоспарлау

      және реформалар агенттігінің

      Ұлттық статистика бюросы

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Цифрлық даму, инновациялар және

      аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі

  Қазақстан Республикасының
Қаржы нарығын реттеу
және дамыту
Агенттігінің Басқармасының
2021 жылғы 13 желтоқсандағы
№ 104 Қаулысына
қосымша

Өзгерістер енгізілетін Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығын реттеу және зейнетақымен қамсыздандыру мәселелері бойынша нормативтік құқықтық актілерінің тізбесі

      1. Күші жойылды – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 23.11.2022 № 99 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      2. "Бағалы қағаздар нарығында трансфер-агенттік қызметті жүзеге асырудың қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылғы 21 қыркүйектегі № 298 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8051 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Бағалы қағаздар нарығында трансфер-агенттік қызметті жүзеге асырудың қағидаларында:

      5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "5. Шарт жасау кезінде клиент трансфер-агентке мынадай құжаттарды:

      1) бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушысы үшін:

      бағалы қағаздар нарығындағы мәмілелерді жасау барысында толтырылуы тиіс құжаттардың бланкілерін және оларды трансфер-агент клиенті – бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушысының қызметтерін пайдаланып жүрген немесе пайдаланғысы келетін тұлғалардың толтыруы жөніндегі нұсқаулықтарды (түсіндірмелерді, нұсқауларды);

      трансфер-агент клиенті – бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушысының қызметтерін пайдаланғысы келетін тұлғалармен шарт жасауға қажетті құжаттардың тізбесін бере отырып, осындай шартты жасау мақсаттары үшін қажетті құжаттардың бланкілерін;

      трансфер-агент клиенті – бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушысының атынан құжаттарға қол қою құқығы бар трансфер-агент клиенті – бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушысы өкілдерінің нотариат куәландырған қол қою үлгілері қамтылған құжатты;

      2) бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушысының клиенттері болып табылатын не трансфер-агенттің клиенті болып табылатын бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушысымен шарт жасау мақсаттары үшін трансфер-агенттің қызметтерін пайдаланғысы келетін жеке тұлғалар үшін – жеке куәлігінің көшірмесін не цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжатты (сәйкестендіру үшін);

      3) бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушысының клиенттері болып табылатын не трансфер-агенттің клиенті болып табылатын бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушысымен шарт жасау мақсаттары үшін трансфер-агенттің қызметтерін пайдаланғысы келетін заңды тұлғалар үшін:

      заңды тұлғаның атынан құжаттарға қол қою құқығы бар оның өкілдерінің нотариат куәландырған қол қою үлгілері қамтылған құжатты;

      "Бағалы қағаздар рыногы туралы" Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушысымен шарт жасауға қажетті құжаттарды (трансфер-агенттің клиенті болып табылатын бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушысымен шарт жасау мақсаттары үшін трансфер-агенттің қызметтерін пайдаланғысы келетін тұлғаларға арналған) ұсынады.".

      3. Күші жойылды – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 26.06.2023 № 57 (01.07.2023 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      4. "Бағалы қағаздар нарығында брокерлік және (немесе) дилерлік қызметті жүзеге асыру қағидаларын, брокердің және (немесе) дилердің банк операцияларын жүргізу тәртібін бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2014 жылғы 3 ақпандағы № 9 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9249 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Бағалы қағаздар нарығында брокерлік және (немесе) дилерлік қызметті жүзеге асыру қағидаларында, брокердің және (немесе) дилердің банк операцияларын жүргізу тәртібінде:

      26-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "26. Клиент брокерлік шарт жасау кезінде брокерге және (немесе) дилерге мынадай құжаттарды ұсынады:

      1) жеке тұлғалар үшін:

      жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі не цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат (сәйкестендіру үшін);

      2) Қазақстан Республикасының резидент заңды тұлғалары үшін:

      жарғының көшірмесі (бар болса);

      заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтаманың көшірмесі;

      қол қою (оның ішінде заңды тұлғаның клиенттік тапсырыстарға қол қою құқығы бар өкілдерінің) үлгілері бар, мына (мыналар) туралы мәліметтерді қамтитын нотариалды куәландырылған құжат:

      номиналды ұстаушының атауы;

      құжатқа қол қою құқығы берілетін номиналды ұстаушының клиенті - заңды тұлғаның атауы;

      номиналды ұстаушының клиенті өкілінің лауазымы, тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса), жеке басын куәландыратын құжаттың деректері;

      осы құжаттағы қол қою үлгілері номиналды ұстау жүйесінде ашылған клиенттің жеке шоты бойынша барлық операцияларды жүзеге асыру кезінде міндетті болып саналатынына нұсқау;

      3) Қазақстан Республикасының бейрезидент заңды тұлғалары үшін:

      жарғының көшірмесі (бар болса);

      бейрезидент мемлекетінің уәкілетті органы берген заңды тұлғаның мемлекеттік тіркелгенін растайтын құжаттың көшірмесі;

      қол қою (оның ішінде заңды тұлғаның клиенттік тапсырыстарға қол қою құқығы бар өкілдерінің) үлгілері бар құжат;

      брокерлік шарт жасайтын және өзге де іс-әрекеттерді жүзеге асыратын заңды тұлғаның өкіліне қатысты берілген заңды тұлғаның уәкілетті органының сенімхаты немесе шешімі;

      брокердің және (немесе) дилердің ішкі құжаттарында көзделген құжаттар;

      Брокер және (немесе) дилер клиентпен электрондық түрде брокерлік шарт жасау кезінде клиент осы тармақта көзделген құжаттардың электрондық көшірмелерін немесе жеке тұлғаның жеке басын куәландыратын құжаттың деректерін және оның жеке сәйкестендіру нөмірін ұсынады.";

      46-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "46. Ұйымдастырылған бағалы қағаздар нарығында да, сол сияқты ұйымдастырылмаған бағалы қағаздар нарығында да жүзеге асырылуы мүмкін мынадай:

      1) "Екінші деңгейдегі банктердің, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктері филиалдарының бағалы қағаздар нарығында брокерлік және (немесе) дилерлік қызметті жүзеге асыра алатын туынды бағалы қағаздардың және туынды қаржы құралдарының базалық активтерін сатып алу тізбесін және тәртібін, сондай-ақ қайталама нарықта мемлекеттік бағалы қағаздармен және мемлекеттік емес бағалы қағаздармен, ұйымдаспаған бағалы қағаздар нарығында туынды қаржы құралдарымен мәмілелер жасау жағдайларын белгілеу туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2007 жылғы 16 шілдедегі № 210 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4892 болып тіркелген) сәйкес мәмілелер жасау;

      2) Қазақстан Республикасының мемлекеттік бағалы қағаздарын бастапқы нарықта орналастыру кезінде олармен мәмілелер жасау;

      3) шет мемлекеттердің Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16149 болып тіркелген "Облигацияларын банктер және банк холдингтері меншікке сатып алатын халықаралық қаржы ұйымдарының тізбесін және банктер мен банк холдингтері меншікке сатып алатын облигацияларға қойылатын талаптарды белгілеу туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2017 жылғы 29 қарашадағы № 234 қаулысымен белгіленген рейтингі бар орталық үкіметтері шығарған, мемлекеттік бағалы қағаздар мәртебесі бар облигацияларды бастапқы нарықта орналастырған кезде олармен мәмілелер жасау;

      4) "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы" 1995 жылғы 31 тамыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес банктердің иемденуіне рұқсат етілген мемлекеттік емес бағалы қағаздарды бастапқы нарықта орналастырған кезде олармен мәмілелер жасау;

      5) басымдықпен сатып алу құқығын іске асыру жағдайларын қоспағанда, банк болып табылатын брокердің және (немесе) дилердің қаржы құралдарымен мәмілелері ұйымдастырылған бағалы қағаздар нарығында жасалады.";

      55-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "55. Брокердің және (немесе) дилердің немесе оның тапсырмасы бойынша мәміле жасасу жоспарланған клиентінің тиісті шотында бағалы қағаздардың қажетті саны немесе ақша болмаған кезде брокер және (немесе) дилер есеп айырысулары "төлемге қарсы жеткізу" қағидаты бойынша (мәміленің бір тарабының қаржы құралын немесе ақшаны жеткізу жөніндегі міндеттемелерді орындауы мәміленің басқа тарабының ақшаны немесе қаржы құралын жеткізу жөніндегі қарсы міндеттемелерді орындауымен мүмкін болатын) жүзеге асырылатын бағалы қағаздармен мәмілені жасамайды (мәміле жасасуға өтінім бермейді).

      Осы тармақтың бірінші бөлігі осы клиенттің тәуекелін сипаттайтын көрсеткіштің мәні Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8796 болып тіркелген "Бағалы қағаздар нарығында брокерлік және дилерлік қызметті, инвестициялық портфельді басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыратын ұйымдар үшін тәуекелдерді басқару мен ішкі бақылау жүйесін қалыптастыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2013 жылғы 27 тамыздағы № 214 қаулысында (бұдан әрі - № 214 қаулы) белгіленген талаптарға сәйкес болған кезде орталық контрагенттің қызметін пайдалана отырып жасалатын және (немесе) клиенттің тапсырмасы, оның есебінен және мүддесі бойынша жасалатын мәмілелерге, сондай-ақ екінші деңгейдегі банктердің, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктері филиалдарының бағалы қағаздармен жасаған мәмілелеріне қолданылмайды.

      Брокер және (немесе) дилер есеп айырысу мәміле жасалған күннен кейін жүзеге асырылатын бағалы қағаздармен мәмілелер жасайды, мәміле жасаған сәтте брокердің және (немесе) дилердің немесе клиенттің тапсырмасы бойынша мәміле жасау жоспарланған оның тиісті шотында бағалы қағаздардың немесе ақшаның қажеті саны болмаған кезде, егер бағалы қағаздар немесе ақша мәміле объектісі болып табылатын болса, есеп айырысулар жүргізілген кезге дейін бұрын жасалған мәміле негізінде брокердің және (немесе) дилердің немесе оның клиентінің шотына есептелетін болады.";

      63-11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "63-11. Бірінші санатты брокер және (немесе) дилер Қағидалардың 63-7-тармағының 1), 2), 3) және 4) тармақшаларында көзделген операцияларды жүзеге асырған кезде брокер және (немесе) дилер Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17005 болып тіркелген "Бағалы қағаздар нарығында брокерлік және (немесе) дилерлік қызметті жүзеге асыратын ұйымдар үшін пруденциялық нормативтердің, сондай-ақ олардың мәнінің сақталуын сипаттайтын көрсеткіштердің түрлерін белгілеу, Бағалы қағаздар нарығында брокерлік және (немесе) дилерлік қызметті жүзеге асыратын ұйымдар сақтауға тиісті пруденциялық нормативтердің мәндерін есеп айырысу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2018 жылғы 27 сәуірдегі № 80 қаулысында белгіленген жарғылық және меншікті капиталдың ең төменгі мөлшерін сақтайды.";

      75-1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "75-1. Егер Қазақстан Республикасы бейрезиденттерінің бағалы қағаздары маржалық мәміле жасау мәні болып табылатын болса, бұл бағалы қағаздар мынадай есептік көрсеткіштердің (индекстердің) біреуінің құрамына кіреді:

      AІX (Astana Іnternatіonal Exchange) (Астана Интернэшнл Эксчейндж);

      САС 40 (Compagnіe des Agents de Change 40 Іndex) (Компани дэ Эжон дэ Шанж 40 Индекс);

      DAX (Deutscher Aktіenіndex) (Дойтче Акциениндекс);

      DJІA (Dow Jones Іndustrіal Average) (Доу Джонс Индастриал Эвередж);

      EURO STOXX 50 (EURO STOXX 50 Prіce Іndex) (Юроп Эс Ти Оу Экс Экс 50 Прайс Индекс);

      FTSE 100 (Fіnancіal Tіmes Stock Exchange 100 Іndex) (Файнэншл Таймс Сток Эксчейндж 100 Индекс);

      HSІ (Hang Seng Іndex) (Ханг Сенг Индекс);

      KASE (Kazakhstan Stock Exchange Іndex) (Казакстан Сток Эксчейндж Индекс);

      MSCІ World Іndex (Morgan Stanley Capіtal Іnternatіonal World Іndex) (Морган Стэнли Кэпитал Интернешнл Ворлд Индекс);

      MOEX Russіa (Moscow Exchange Russіa Іndex) (Москоу Эксчейндж Раша Индекс);

      NІKKEІ 225 (Nіkkeі-225 Stock Average Іndex) (Никкэй-225 Сток Эвередж Индекс);

      RTSІ (Russіan Trade System Іndex) (Рашен Трейд Систем Индекс);

      S&P 500 (Standard and Poor's 500 Іndex) (Стандард энд Пурс 500 Индекс);

      TOPІX 100 (Tokyo Stock Prіce 100 Іndex) (Токио Сток Прайс 100 Индекс);

      NASDAQ-100 (Nasdaq-100 Іndex) (Насдак-100 Индекс).

      Брокер және (немесе) дилер Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20095 болып тіркелген, "Банктік және сақтандыру қызметінің, бағалы қағаздар рыногының кәсіби қатысушылары қызметінің және бағалы қағаздар рыногында лицензияланатын басқа да қызмет түрлерінің, акционерлік инвестициялық қорлар және микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымдар қызметінің мақсаттары үшін офшорлық аймақтардың тізбесін белгілеу туралы" Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2020 жылғы 24 ақпандағы № 8 қаулысында белгіленген оффшорлық аймақтардың тізбесінде көрсетілген мемлекеттердің заңнамасына сәйкес шығарылған бағалы қағаздармен маржиналдық мәміле жасау үшін клиентке ақша бермейді.".

      5. "Инвестициялық портфельді басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2014 жылғы 3 ақпандағы № 10 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9248 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Инвестициялық портфельді басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыру қағидаларында:

      11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "11. Шарт жасасқан кезде клиент инвестициялық портфельді басқарушыға мынадай құжаттарды ұсынады:

      1) клиент-жеке тұлғаның жеке куәлігінің көшірмесі не цифрлық құжаттар сервисінен (идентификаттау үшін) электрондық құжат;

      2) заңды тұлға - клиенттер (Қазақстан Республикасының резиденттері) үшін:

      жарғының (бар болса), заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтаманың көшірмелері;

      қол қою (оның ішінде заңды тұлғаның клиенттің атынан шартқа өзгерістер мен толықтыруларға, активтерді инвестициялық басқаруға қабылдау-өткізу актілеріне және клиент пен инвестициялық портфельді басқарушының өзара іс-әрекеті барысындағы құжаттарға қол қою құқығы бар өкілдерінің) үлгілері бар нотариат куәландырған құжат;

      3) заңды тұлға - клиенттер (Қазақстан Республикасының бейрезиденттері) үшін:

      жарғының көшірмесі (бар болса);

      Қазақстан Республикасының бейрезиденті мемлекетінің уәкілетті органы берген заңды тұлғаның мемлекеттік тіркелгенін растайтын құжаттың көшірмесі;

      қол қою (оның ішінде заңды тұлғаның шартқа өзгерістер мен толықтыруларға, активтерді инвестициялық басқаруға қабылдау-өткізу актілеріне және клиент пен инвестициялық портфельді басқарушының өзара іс-әрекеті барысындағы құжаттарға қол қою құқығы бар өкілдерінің) үлгілері бар құжат;

      заңды тұлғаның шарт жасасатын және (немесе) іс-әрекеттерді жүзеге асыратын өкіліне қатысты заңды тұлғаның уәкілетті органының сенімхаты немесе шешімі;

      инвестициялық портфельді басқарушының ішкі құжаттарында көзделген құжаттар.

      Клиент Қағидалардың осы тармағының 3) тармақшасында көрсетілген құжаттарды қазақ және (немесе) орыс тілдеріндегі нотариалды куәландырылған аудармасымен ұсынады.".

      6. Күші жойылды - ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 07.06.2023 № 51 (01.07.2023 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      7. Күші жойылды - ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 20.10.2022 № 73 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      8. "Эмиссиялық бағалы қағаздармен жасалған мәмілелерді, эмиссиялық бағалы қағаздар жөніндегі эмитенттердің міндеттемелері бойынша талап ету құқықтарын беруді орталық депозитарийдің есепке алу жүйесінде тіркеу, орталық депозитарийдің есепке алу жүйесінде және (немесе) номиналды ұстауды есепке алу жүйесінде тіркелген тұлғаның жеке шотынан үзінді көшірмені беру және номиналды ұстаушының номиналды ұстауындағы бағалы қағаздары бар клиенттер туралы ақпаратты орталық депозитарийдің және эмитенттің талап етуі бойынша табыс ету қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2014 жылғы 22 қазандағы № 210 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9876 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Эмиссиялық бағалы қағаздармен жасалған мәмілелерді, эмиссиялық бағалы қағаздар жөніндегі эмитенттердің міндеттемелері бойынша талап ету құқықтарын беруді орталық депозитарийдің есепке алу жүйесінде тіркеу, орталық депозитарийдің есепке алу жүйесінде және (немесе) номиналды ұстауды есепке алу жүйесінде тіркелген тұлғаның жеке шотынан үзінді көшірмені беру және номиналды ұстаушының номиналды ұстауындағы бағалы қағаздары бар клиенттер туралы ақпаратты орталық депозитарийдің және эмитенттің талап етуі бойынша табыс ету қағидаларында:

      8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "8. Номиналды ұстаушы жеке тұлғаға номиналды ұстауды есепке алу жүйесінде жеке шот ашуды жеке шотты ашуға арналған бұйрықтың, адамның жеке басын куәландыратын құжаттың не цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжаттың (сәйкестендіру үшін) және номиналды ұстау туралы шарттың негізінде жүзеге асырады.

      Ақпараттық жүйелерді пайдалана отырып, жеке тұлғаға электрондық құжат нысанында немесе клиентті серпінді және (немесе) биометриялық сәйкестендіру арқылы (номиналды ұстаушының клиенті электрондық қызмет алуға өтініш жасаған жағдайда) куәландырған өзге электрондық-цифрлық нысанда жеке шот ашуға бұйрық беру кезінде жеке тұлғаның электрондық бұйрығына осы жеке тұлғаның жеке басын куәландыратын құжаттың электрондық көшірмесі не цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжаттың (сәйкестендіру үшін) немесе жеке тұлғаның жеке басын куәландыратын құжаттың деректері және оның жеке сәйкестендіру нөмірі қоса беріледі.".

      9. "Эмитенттерге және олардың қор биржасында айналысқа жіберілетін (жіберілген) бағалы қағаздарына, сондай-ақ қор биржасы тізімінің жекелеген санаттарына қойылатын талаптарды бекіту және Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне бағалы қағаздар нарығын реттеу мәселелері бойынша өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2017 жылғы 27 наурыздағы № 54 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15175 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Эмитенттерге және олардың қор биржасында айналысқа жіберілетін (жіберілген) бағалы қағаздарына, сондай-ақ қор биржасы тізімінің жекелеген санаттарына қойылатын талаптарда:

      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "Талаптардың мақсаттары үшін мынадай ұғымдар пайдаланылады:

      1) алаң секторы – Талаптарға және (немесе) қор биржасының ішкі құжаттарына сәйкес келетін эмиссиялық бағалы қағаздар енгізілген (айналысқа жіберілген) қор биржасының ресми тізімі алаңының бөлігі;

      2) борыштық бағалы қағаз - иесінің эмитенттен негізгі борыш сомасын шығарылым талаптарымен белгіленген мөлшерде және мерзімде алуға құқығын растайтын бағалы қағаз;

      3) жергілікті атқарушы органдардың облигациялары - облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдары шығарған Қазақстан Республикасының мемлекеттік бағалы қағаздары;

      4) исламдық бағалы қағаздар – исламдық жалдау сертификаттары, исламдық қатысу сертификаттары және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес исламдық бағалы қағаздар деп танылған өзге бағалы қағаздар;

      5) қор биржасының ресми тізімі - енгізілуі және болуы үшін бағалы қағаздар мен бағалы қағаздар эмитенттері Талаптарға сәйкес келетін қор биржасы тізімінің бір бөлігі;

      6) қор биржасының тізімі - қор биржасының ішкі құжаттарына сәйкес жасалған, қор биржасының сауда жүйесінде айналысқа рұқсат етілген қаржы құралдарының тізімі;

      7) листингтік компания - бағалы қағаздары қор биржасының ресми тізіміне енгізілген (қор биржасының ресми тізімінде айналысқа жіберілген) заңды тұлға;

      8) ресми тізім алаңы – қор биржасының секторлардан тұратын ресми тізімінің бөлігі;

      9) рұқсат беру бастамашысы – бастамасымен бағалы қағаздары қор биржасының ресми тізіміне енгізілетін (жіберілетін) эмитент, қор биржасы не қор биржасының мүшесі;

      10) сауда алаңы — қор биржасының бағдарламалық-техникалық кешенінің бөлігі, ол арқылы ресми тізімге енгізілген (қор биржасында айналысқа жіберілген) қаржы құралдарының жекелеген түрлерімен мәмілелер жасалады;

      11) эмитенттің міндеттемелерін қайта құрылымдау – "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіппен бекітілген қайта құрылымдау жоспарының негізінде эмитент іске асыратын әкімшілік, заңдық, қаржылық, ұйымдастыру-техникалық және басқа да іс-шаралар мен рәсімдердің не "Оңалту және банкроттық туралы" Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіппен бекітілген сауықтыру жоспарының кешені.".

      10. "Бағалы қағаздарды ұстаушылардың тізілімдер жүйесін жүргізу жөніндегі қызметті жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2018 жылғы 29 қазандағы № 249 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17803 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Бағалы қағаздарды ұстаушылардың тізілімдер жүйесін жүргізу жөніндегі қызметті жүзеге асыру қағидаларында:

      6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "6. Тізілімдер жүйесін мынадай құжаттар құрайды:

      1) операцияларды жүргізу бұйрықтары;

      2) бұйрықтардың орындалуы туралы есептер (жүргізілген операциялар туралы хабарламалар);

      3) бұйрықтарды орындаудан бас тартулар;

      4) жеке тұлға болып табылатын тіркелген тұлғаның жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі не цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат (сәйкестендіру үшін) не осы Қағидалардың 13-тармағының 2) және 3) тармақшаларында белгіленген, заңды тұлға болып табылатын тіркелген тұлға ұсынған құжаттардың көшірмелері;

      5) мүлікті сенімгерлік басқару шарттарының көшірмелері оларға енгізілген барлық өзгерістерімен және толықтыруларымен бірге;

      6) тізілімдер жүйесінде операциялар жүргізілген Қағидалардың 10, 11, 12, 13, 14, 16, 40, 42, 43, 44, 45, 48, 49, 51, 52, 53, 54, 56, 59, 60, 61, 62, 63, 64, 65, 67, 68, 69, 70, 72, 73, 74, 75, 76, 77, 78, 79, 80, 81 және 82-тармақтарында көрсетілген құжаттар;

      7) эмитенттен (бұрын бағалы қағаздарды ұстаушылар тізілімдерінің жүйесін жүргізген ұйымнан) орталық депозитарий алған және орталық депозитарий (бұрын тізілімдер жүйесін жүргізген ұйым) шарттың қолданылу кезеңінде эмитентке жіберген құжаттар;

      8) уәкілетті органның акцияларды және исламдық бағалы қағаздарды орналастыру қорытындылары туралы (мемлекеттік емес облигацияларды, исламдық бағалы қағаздарды өтеу қорытындылары туралы) есептерді бекіту туралы хабарламаларының көшірмелері;

      9) операцияларды тіркеу журналы;

      10) кіріс құжаттарын тіркеу журналы;

      11) шығыс құжаттарын тіркеу журналы;

      12) мұрағатты жүргізу журналы;

      13) тізілімдер жүйесін құрайтын құжаттарды қабылдау-өткізу актілері.";

      12-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "12. Тізілімдер жүйесінде жеке тұлғаға жеке шот ашу мынадай құжаттар негізінде жүзеге асырылады:

      1) жеке шот ашу бұйрығы;

      2) жеке тұлғаның жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат (сәйкестендіру үшін) не жеке тұлғаның жеке басын куәландыратын құжаттың нотариалды куәландырылған көшірмесі (құжаттар пошта байланысымен немесе курьер арқылы ұсынылған жағдайда) не инвестициялық пай қорының пайларын иеленуге өтінімнің көшірмесі қоса беріле отырып жеке тұлғаның жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі (басқарушы компания пайларды иеленуге өтінім берген жеке тұлғаның атынан құжаттар берген жағдайда).

      "Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы" Қазақстан Республикасының заңына сәйкес ақпараттық жүйелерді пайдалана отырып жеке тұлғаға электрондық құжат нысанында жеке шот ашуға бұйрықты беру кезінде жеке тұлғаның электрондық бұйрығына осы жеке тұлғаның жеке басын куәландыратын құжаттың электрондық көшірмесі не цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат (сәйкестендіру үшін) қоса беріледі.";

      42 және 43-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "42. Қағидалардың 15-тармағына сәйкес ашылған жеке шоттар бойынша Қағидалардың 36-тармағының 2), 3), 5), 7) және 8) тармақшаларында көрсетілген операциялар (мұраға қалдырған немесе заңды тұлға таратылған кезде бағалы қағаздар бойынша меншік құқығы ауысқан жағдайда бағалы қағаздарды бір жеке шоттан басқа жеке шотқа аударуды, басқарушы компанияның инвестициялық пай қоры қызметін тоқтатқан кезде пайларды есептен шығаруын қоспағанда) жеке тұлға болып табылатын тіркелген тұлғаның жеке куәлігін не цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжатын (сәйкестендіру үшін) не, егер тіркелген тұлға заңды тұлға болып табылған жағдайда, Қағидалардың 13-тармағының 2) және 3) тармақшаларында белгіленген құжаттарды орталық депозитарийге бергенге дейін жүргізілмейді.

      43. Тіркелген тұлға орталық депозитарийге:

      1) жеке куәлігін не цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжатын (сәйкестендіру үшін) (жеке тұлға үшін);

      2) Қағидалардың 13-тармағының 2) және 3) тармақшаларында көрсетілген құжаттарды (заңды тұлға үшін) ұсынғанға дейін Қағидалардың 15-тармағының 1) тармақшасына сәйкес ашылған жеке шот бойынша тіркелген тұлғаның жеке шотына бағалы қағаздарды (эмитенттің эмиссиялық бағалы қағаздары жөніндегі міндеттемелері бойынша талап ету құқықтарын) есепке алу операцияларын қоспағанда, Қағидалардың 36-тармағының 2), 3), 5), 7) тармақшаларында көрсетілген операциялар жүргізілмейді.".

      11. "Ерекше реттеу режимі шеңберінде қызметті жүзеге асыру туралы шарт жасасу үшін құжаттарды іріктеу өлшемшарттарын және қарау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2019 жылғы 13 желтоқсандағы № 235 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19773 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Ерекше реттеу режиміне қатысу үшін іріктеудің мына өлшемшарттары бекітілсін:

      1) өтініш беруші Қазақстан Республикасының резидент-қаржы ұйымы және (немесе) кемінде 2 (екі) жыл қаржы саласындағы қызметті, қаржы ресурстарының шоғырлануымен және (немесе) көрсетілетін төлем қызметтерімен байланысты қызметті жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының өзге де резидент-заңды тұлғасы болып табылады;

      2) өтініш берушінің ерекше реттеу режимі шеңберінде қатысу үшін өтініш беру күніндегі міндеттемелері оның активтерінен аспайды;

      3) өтініш берушіде аяқталған 2 (екі) қаржы жылының нәтижелері бойынша зияндары жоқ;

      4) жеке тұлға-құрылтайшыда не өтініш беруші заңды тұлға-құрылтайшының атқарушы орғанының немесе басқару органының бірінші басшысында алынбаған немесе өтелмеген соттылығы жоқ және (немесе) оларға қатысты экономикалық қызмет саласында қылмыстық құқық бұзушылық үшін қылмыстық қудалау жүзеге асырылмаған;

      5) өтініш берушіде ерекше реттеу режимі шеңберінде қатысу үшін өтініш беру күні құзыреттері шегінде қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті орган және (немесе) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі қолданған қадағалап ден қоюдың қолданыстағы шаралары мен санкциялары жоқ;

      6) өтініш берушінің ерекше реттеу режимі шеңберінде жүзеге асыруға жоспарлап отырған қызметі төменде аталған талаптардың біреуіне немесе бірнешеуіне сәйкес келеді:

      қаржылық қызметтер нарығында бәсекелестікті арттыруға ықпал етеді;

      қаржы нарығын дамытуға ықпал етеді және тұтынушылардың мүдделеріне сәйкес келеді;

      географиялық және қаржылық қолжетімділікті арттыруға ықпал етеді;

      қаржы нарығында жаңа технологиялар мен инновацияларды енгізуді көздейді;

      қаржылық қызметтерді тұтынушылар мен қаржы нарығына қатысушылар үшін шығасылар мен тәуекелдерді төмендетуге бағытталған;

      7) өтініш беруші ерекше реттеу режиміне қатысу үшін ұсынған бизнес-жоспар ерекше реттеу режимінің мақсаттарына сәйкес келеді.

      Осы тармақтың 3) және 5) тармақшаларының талаптары өз қызметін бағалы қағаздар нарығында ерекше реттеу режимі шеңберінде жоспарлайтын өтініш берушіге қолданылмайды.".

      12. Күші жойылды - ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 23.08.2022 № 58 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      13. "Жарияланған акциялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу, акциялар шығарылымы проспектісіне өзгерістерді және (немесе) толықтыруларды тіркеу, акционерлік қоғамның акцияларын орналастыру қорытындылары туралы есепті, акционерлік қоғамның орналастырылған акцияларының бір түрін осы акционерлік қоғам акцияларының басқа түріне айырбастау туралы есепті бекіту, жарияланған акциялар шығарылымының күшін жою қағидаларын, Жарияланған акциялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу, акциялар шығарылымы проспектісіне өзгерістерді және (немесе) толықтыруларды тіркеу, акционерлік қоғамның акцияларын орналастыру қорытындылары туралы есепті, акционерлік қоғамның орналастырылған акцияларының бір түрін осы акционерлік қоғам акцияларының басқа түріне айырбастау туралы есепті бекіту үшін құжаттарға қойылатын алаптарды, Жарияланған акциялар шығарылымының күшін жоюға арналған құжаттардың тізбесін және оларға қойылатын талаптарды, Акциялар шығарылымының проспектісін, акциялар шығарылымының проспектісіне өзгерістерді және (немесе) толықтыруларды, акционерлік қоғамның акцияларын орналастыру қорытындылары туралы есепті, акционерлік қоғамның орналастырылған акцияларының бір түрін осы акционерлік қоғам акцияларының басқа түріне айырбастау туралы есепті жасау және ресімдеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2020 жылғы 30 наурыздағы № 42 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 140829 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      Көрсетілген қаулымен бекітілген Жарияланған акциялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу, акциялар шығарылымы проспектісіне өзгерістерді және (немесе) толықтыруларды тіркеу, акционерлік қоғамның акцияларын орналастыру қорытындылары туралы есепті, акционерлік қоғамның орналастырылған акцияларының бір түрін осы акционерлік қоғам акцияларының басқа түріне айырбастау туралы есепті бекіту, жарияланған акциялар шығарылымының күшін жою қағидаларындағы:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Осы Жарияланған акциялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу, акциялар шығарылымы проспектісіне өзгерістерді және (немесе) толықтыруларды тіркеу, акционерлік қоғамның акцияларын орналастыру қорытындылары туралы есепті, акционерлік қоғамның орналастырылған акцияларының бір түрін осы акционерлік қоғам акцияларының басқа түріне айырбастау туралы есепті бекіту, жарияланған акциялар шығарылымының күшін жою қағидалары (бұдан әрі − Қағидалар) Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексіне, "Акционерлік қоғамдар туралы" Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – Акционерлік қоғамдар туралы заң), "Бағалы қағаздар рыногы туралы" (бұдан әрі – Бағалы қағаздар рыногы туралы заң), "Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу, бақылау және қадағалау туралы", "Инвестициялық және венчурлік қорлар туралы" (бұдан әрі – Инвестициялық қорлар туралы заң) және "Мемлекеттік қызметтер туралы" (бұдан әрі – Мемлекеттік қызметтер туралы) заңдарға сәйкес жасалды.

      Қағидалар жарияланған акциялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу, акциялар шығарылымы проспектісіне өзгерістерді және (немесе) толықтыруларды тіркеу, акционерлік қоғамның акцияларын орналастыру қорытындылары туралы есепті, акционерлік қоғамның орналастырылған акцияларының бір түрін осы акционерлік қоғам акцияларының басқа түріне айырбастау туралы есепті бекіту, жарияланған акциялар шығарылымының күшін жою шарттары мен тәртібін айқындайды.";

      7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "7. Ұсынылған құжаттардың толық болу және (немесе) қолданылу мерзімі өтпеу фактісі анықталған кезде жауапты бөлімшенің қызметкері 12 (он екі) жұмыс күні ішінде құжаттардың Бағалы қағаздар рыногы туралы заңның талаптарына сәйкес келу тұрғысынан қарайды және мемлекеттік қызмет көрсетуге хаттың (куәліктің) не мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартудың жобасын дайындайды, уәкілетті органның уәкілетті адамына мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесіне қол қойдырады.

      Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер анықталған кезде уәкілетті орган қоғамға мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту жөніндегі алдын ала шешім туралы, сондай-ақ қоғамға алдын ала шешім бойынша ұстанымын білдіру мүмкіндігін беру үшін тыңдауды өткізу уақыты мен орны (тәсілі) туралы хабарлайды.

      Тыңдау туралы хабарлама мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі аяқталғанға дейін кемінде 3 (үш) жұмыс күні бұрын жіберіледі. Тыңдау хабарланған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірілмей жүргізіледі.

      Тыңдау нәтижелері бойынша уәкілетті орган хат (куәлік) не мемлекеттік қызмет көрсетуден дәлелді бас тарту береді.

      Жауапты бөлімшенің қызметкері мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесіне қол қойылғаннан кейін бір жұмыс күні ішінде оны уәкілетті органның уәкілетті адамының ЭЦҚ куәландырылған электрондық құжат нысанында қоғамның "жеке кабинетіне" жібереді.";

      19-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "19. Ұсынылған құжаттардың толық болу және (немесе) қолданылу мерзімі өтпеу фактісі анықталған кезде жауапты бөлімшенің қызметкері 5 (бес) жұмыс күні ішінде құжаттардың Бағалы қағаздар рыногы туралы заңның талаптарына сәйкес келу тұрғысынан қарайды және мемлекеттік қызмет көрсетуге хаттың (куәліктің) не мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартудың жобасын дайындайды, уәкілетті органның уәкілетті адамына мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесіне қол қойдырады.

      Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер анықталған кезде уәкілетті орган қоғамға мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту жөніндегі алдын ала шешім туралы, сондай-ақ қоғамға алдын ала шешім бойынша ұстанымын білдіру мүмкіндігін беру үшін тыңдауды өткізу уақыты мен орны (тәсілі) туралы хабарлайды.

      Тыңдау туралы хабарлама мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі аяқталғанға дейін кемінде 3 (үш) жұмыс күні бұрын жіберіледі. Тыңдау хабарланған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірілмей жүргізіледі.

      Тыңдау нәтижелері бойынша уәкілетті орган хат (куәлік) не мемлекеттік қызмет көрсетуден дәлелді бас тарту береді.

      Жауапты бөлімшенің қызметкері мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесіне қол қойылғаннан кейін бір жұмыс күні ішінде оны уәкілетті органның уәкілетті адамының ЭЦҚ куәландырылған электрондық құжат нысанында қоғамның "жеке кабинетіне" жібереді.";

      31-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "31. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша шағымды қарауды Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы Заңның 25-бабында көзделген ерекшеліктер ескеріле отырып, уәкілетті органның жоғары тұрған лауазымды адамы, мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган жүргізеді.

      Шағым шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған уәкілетті органға және (немесе) уәкілетті органның лауазымды адамына беріледі.

      Егер Бағалы қағаздар рыногы туралы заңда, Мемлекеттік қызмет туралы заңда өзгеше көзделмесе, сотқа жүгіну сотқа дейінгі тәртіппен шағым жасалғаннан кейін жүзеге асырылады.".

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады