Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне зейнетақымен қамсыздандыру және бағалы қағаздар нарығын реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 28 қазандағы № 258 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2017 жылғы 25 қаңтарда № 14727 болып тіркелді.

      РҚАО-ның ескертпесі!
Осы қаулының колданысқа енгізілу тәртібін 5-т. қараңыз

      Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Өзгерістер мен толықтыру енгізілетін Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру және бағалы қағаздар нарығын реттеу мәселелері бойынша нормативтік құқықтық актілерінің тізбесі (бұдан әрі – Тізбе) бекітілсін.

      2. Бағалы қағаздар нарығы департаменті (Хаджиева М.Ж.) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) Заң департаментімен (Сәрсенова Н.В.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы қаулыны "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына:

      Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тізіліміне, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізуге жіберуді;

      3) осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау және сыртқы коммуникациялар басқармасы (Терентьев А.Л.) осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспасөз басылымдарында ресми жариялауға жіберуді қамтамасыз етсін.

      4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары О.А. Смоляковқа жүктелсін.

      5. Осы қаулы, Тізбенің 7-тармағының 2017 жылғы 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізілетін он сегізінші, он тоғызыншы және жиырмасыншы абзацтарын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Ұлттық Банк
Төрағасы
Д. Ақышев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ақпарат және коммуникациялар

      министрі

      _______________ Д. Абаев

      2016 жылғы 25 қараша

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық экономика министрі

      ____________ Қ. Бишімбаев

      2016 жылғы 20 желтоқсан

  Қазақстан Республикасы
Ұлттық Банкі Басқармасының
2016 жылғы 28 қазандағы
№ 258 қаулысына
қосымша

Өзгерістер мен толықтыру енгізілетін Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру және бағалы қағаздар нарығын реттеу мәселелері бойынша нормативтік құқықтық актілерінің тізбесі

      1. Күші жойылды – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 23.11.2022 № 99 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      2. "Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығында кастодиандық қызметті жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2013 жылғы 26 шілдедегі № 184 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8692 тіркелген, 2013 жылғы 17 қазанда "Егемен Қазақстан" газетінде № 233 (28172) жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Бағалы қағаздар нарығында кастодиандық қызметті жүзеге асыру қағидаларында:

      50-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "50. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтерін нысаналы орналастыруға (пайдалануға) бақылау жасауды кастодиан:

      1) Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру туралы және бағалы қағаздар нарығы туралы заңнамасымен;

      2) бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының инвестициялық декларациясымен;

      3) зейнетақы активтерін сенімгерлік басқару туралы шартпен;

      4) уәкілетті орган қолданған, бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтеріне қатысты инвестициялық қызметін шектеуге бағытталған шектеулі ықпал ету шараларымен немесе санкциялармен белгіленген талаптарға кастодианның есепке алу жүйесінде ашылған шоттар бойынша операциялар жасауға ұсынылған құжаттардың және бұйрықтардың (тапсырмалардың) сәйкестігін тексеру жолымен және (немесе) бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтері қатысуымен жасалған мәмілелердің сәйкестігіне мониторинг жүргізу жолымен жүзеге асырады.".

      3. Күші жойылды – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 20.01.2021 № 2 (алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілсін) қаулысымен.
      4. Күші жойылды - ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 12.02.2021 № 27 (ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      5. Күші жойылды – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 30.03.2020 № 38 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      6. Күші жойылды – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 30.03.2020 № 39 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      7. Күші жойылды – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 30.03.2020 № 40 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      8. Күші жойылды - ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 20.10.2022 № 73 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      9. Күші жойылды - ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 26.05.2023 № 27 (01.07.2023 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

  Өзгерістер мен толықтыру енгізілетін
Қазақстан Республикасының зейнетақымен
қамсыздандыру және бағалы қағаздар
нарығын реттеу мәселелері бойынша
нормативтік құқықтық актілерінің
тізбесіне 1-қосымша

      Ескерту. 1-қосымшаның күші жойылды - ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 26.05.2023 № 27 (01.07.2023 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

  Өзгерістер мен толықтыру
енгізілетін Қазақстан
Республикасының зейнетақымен
қамсыздандыру және бағалы
қағаздар нарығын реттеу
мәселелері бойынша
нормативтік құқықтық
актілерінің тізбесіне 2-қосымша
  Қазақстан Республикасы
Ұлттық Банкі Басқармасының
2015 жылғы 17 шілдедегі
№ 137 қаулысына
2-қосымша

      Ескерту. 2-қосымшаның күші жойылды - ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 26.05.2023 № 27 (01.07.2023 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

  Өзгерістер мен толықтыру
енгізілетін Қазақстан
Республикасының зейнетақымен
қамсыздандыру және бағалы
қағаздар нарығын реттеу
мәселелері бойынша
нормативтік құқықтық
актілерінің тізбесіне 3-қосымша
  Қазақстан Республикасы
Ұлттық Банкі Басқармасының
2015 жылғы 17 шілдедегі
№ 137 қаулысына 3-қосымша

      Ескерту. 3-қосымшаның күші жойылды - ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 26.05.2023 № 27 (01.07.2023 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады