Ескерту. Бұйрықтың күші жойылды - ҚР Энергетика министрінің м.а. 09.12.2015 № 704 (2016 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 138-5-бабының 3-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған «Электр технологиясы» кәсіби стандарты бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің Электр энергетикасы және көмір өнеркәсібі департаменті (С.Қ. Есімханов) заңнамада белгіленген тәртіпте мыналарды:
1) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде осы бұйрықтың мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде бұқаралық ақпарат құралдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің интернет-ресурсында орналасуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Индустрия және жаңа технологиялар вице-министрі Б.М. Жақсалиевке жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің орынбасары –
Қазақстан Республикасы
Индустрия және жаңа технологиялар
министрі Ә. Исекешев
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Еңбек және халықты
әлеуметтік қорғау
министрі
____________ Т. Дүйсенова
2014 жылғы 31 наурыз
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің орынбасары
Қазақстан Республикасы Индустрия
және жаңа технологиялар министрінің
2014 жылғы 17 наурыздағы
№ 88 бұйрығымен
бекітілген
«Электр технологиясы» кәсіби стандарты 1. Жалпы ережелер
1. "Электр технологиясы " кәсіби стандарты (бұдан әрі - КС) кәсіби қызмет саласындағы қызметкерлердің еңбек мазмұнына, сапасына, жағдайына, біліктілігіне және құзыреттеріне қойылатын талаптарды айқындайды және:
1) еңбек нарығының қазіргі заман қажеттілігіне жауап беретін біліктілік талаптарын жаңартуға, кәсіби қызметтің мазмұнына бірыңғай талаптарды белгілеуге;
2) қызметкерлерді басқару саласында кең шеңбердегі міндеттерді шешуге;
3) білім беру стандарттарын, оқу жоспарларын, модульдік оқу бағдарламаларын әзірлеуге, сонымен қатар тиісті оқу-әдістемелік материалдарды әзірлеуге;
4) кәсіби даярлықтарын бағалауды жүргізуге және мамандардың біліктілік сәйкестігін растауға арналған.
2. КС негізгі пайдаланушылары:
1) білім беру ұйымдарының түлектері, қызметкерлер;
2) ұйымдардың басшылары мен қызметкерлері, ұйымдардың қызметкерлерді басқару бөлімшелерінің басшылары мен мамандары;
3) білім беру бағдарламаларын әзірлейтін мамандар;
4) кәсіби даярлықтарын бағалау және біліктілік сәйкестігін растау саласындағы мамандар.
3. КС негізінде қызметтің, лауазымның, біліктілікті арттырудың, қызметкерлерді аттестаттаудың, еңбекті ынталандыру жүйесінің және т.б. функционалдық модельдеріне қатысты ішкі, корпоративтік стандарттары әзірленеді.
4. Осы КС-да келесі терминдер мен анықтамалар қолданылады:
1) біліктілік – қызметкердің белгілі бір қызмет түрі шеңберінде еңбек міндеттерін сапалы орындауға дайын болу дәрежесі;
2) біліктілік деңгейі – орындалатын жұмыстардың күрделілігін, дербестігі мен жауапкершілігін сипаттайтын қызметкердің біліктілігіне (құзыреттеріне) қойылатын талаптар деңгейі;
3) еңбек мәні - белгілі бір еңбек құралдарының көмегімен өнім жасау мақсатында қызметкердің іс-қимылы бағытталатын зат;
4) еңбек құралдары – қызметкердің еңбек мәнін бастапқы күйден өнімге айналдыру үшін пайдаланатын құралдары;
5) еңбек қызметінің түрі – кәсіби қызмет саласының еңбек функцияларының тұтастай жиынтығынан және оларды орындауға қажетті құзыреттерден қалыптасқан құрамдас бөлігі;
6) еңбек функциясы – бизнес-үдеріс арқылы анықталатын және оларды еңбек қызметінің белгілі бір түрі шеңберінде орындау үшін қажетті құзыреттердің болуын көздейтін еңбек іс-қимылдарының біріктірілген және салыстырмалы түрде дербес жиынтығы;
7) кәсіби қызмет саласы – жалпы ықпалдасқан негізі (ұқсас және мақсаттылығы жақын объектілер, технологиялар, оның ішінде еңбек құралдары) бар және оларды орындау үшін ұқсас құзыреттер мен еңбек функцияларының жинағын көздейтін саланың еңбек қызметі түрлерінің жиынтығы;
8) КС – кәсіби қызметтің нақты саласындағы қызметкердің еңбек мазмұнына, сапасына, жағдайына және біліктілік деңгейіне, құзыреттеріне қойылатын талаптарды айқындайтын стандарт;
9) КС бірлігі – осы қызмет түрі үшін тұтас, аяқталған, салыстырмалы түрде дербес және маңызды болып табылатын нақты еңбек функциясының ашық сипаттамасынан тұратын КС құрылымдық элементі;
10) кәсіп – арнайы дайындықтың, жұмыс тәжірибесінің нәтижесінде пайда болған арнайы теориялық білім мен практикалық дағдылар кешенін білуді талап ететін еңбек қызметінің түрі;
11) құзырет – қызметкердің еңбек қызметінде білімін, білігі мен тәжірибесін қолдану қабілеті;
12) лауазым – жұмыс берушінің лауазымдық өкілеттіліктер мен лауазымдық міндеттер шеңбері жүктелген құрылымдық бірлігі;
13) міндет - нақты бір еңбек мәндері мен құралдарын пайдалана отырып, еңбек функциясын іске асырумен және нәтижеге қол жеткізумен байланысты іс-қимылдар жиынтығы;
14) сала - өнім шығаруда, өндіріс технологиясы, жұмыс істейтіндердің негізгі қорлары мен кәсіптік дағдыларында ортақ мақсаты бар кәсіпорындар мен ұйымдар жиынтығы;
15) салалық біліктілік шеңбері (бұдан әрі - СБШ) – салада танылатын біліктілік деңгейлерінің құрылымдалған сипаттамасы;
16) ұлттық біліктілік шеңбері (бұдан әрі - ҰБШ) – еңбек нарығында танылатын біліктілік деңгейлерінің құрылымдалған сипаттамасы;
17) функционалдық карта – еңбек қызметінің белгілі түрі қызметкерінің кәсіби қызметтің сол немесе өзге саласы шеңберінде орындайтын еңбек функциялары мен кәсіби міндеттерінің құрылымдалған сипаттамасы.
2. КС паспорты
5. Экономикалық қызметтің түрі: 35 Электрмен жабдықтау, газ, бу беру және ауа баптау.
6. Кәсіби қызмет саласы: электр технологиялары.
7. Кәсіби қызмет саласының негізгі мақсаты: электртехнологиялық қондырғылар мен жүйелердің үздіксіз жұмыс істеуін қамтамасыз ету.
8. Еңбек қызметінің түрлері, кәсіптер, біліктілік деңгейлері осы КС 1-қосымшасында көрсетілді.
3. Еңбек қызмет түрлерінің (кәсіп) карточкалары
1-параграф. Техник-технолог
9. СБШ бойынша біліктілік деңгейі: 4.
10. Мүмкін болатын лауазым атаулары:
техник;
технолог;
энергетик.
11. Орындалатын еңбек қызметінің жалпыланған сипаттамасы – электртехнологиялық қондырғылар мен жүйелер жұмысының нормативтік сипаттамаларын қамтамасыз ету.
12. Қолданыстағы нормативтік құжаттармен байланысы осы КС 2-қосымшасының 1-кестесінде көрсетілді.
13. Техник-технологтың еңбек жағдайына, біліміне және тәжірибесіне қойылатын талаптар осы КС 2-қосымшасының 2-кестесінде келтірілді.
14. Техник-технолог орындайтын еңбек функцияларын айқындайтын КС бірліктерінің тізбесі осы КС 2-қосымшасының 3-кестесінде көрсетілді.
15. Техник-технолог орындайтын КС бірліктерінің сипаттамасы осы КС 2-қосымшасының 4-кестесінде келтірілді.
16. Техник-технолог құзыреттеріне қойылатын талаптар осы КС 2-қосымшасының 5-кестесінде көрсетілді.
4. КС әзірлеушілері
17. Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі КС әзірлеушісі болып табылады.
18. Келісу парағы, КС сараптамасы мен тіркелуі осы КС 3-қосымшасында келтірілген.
«Электр технологиясы»
кәсіби стандартына
1 Қосымша
Еңбек қызметінің түрлері, кәсіптер, біліктілік деңгейлері
Р/н |
Қызмет түрінің атауы |
Еңбек нарығының үрдістерін ескерумен кәсіптің атауы |
01-2005 Қазақстан Республикасының мемлекеттік жіктеуішіне сәйкес кәсіп атауы |
Салалық біліктілік шеңбері біліктілік деңгейі |
1. |
Электрлік-техникалық қондырғылар мен жүйелер жұмысының нормативтік сипаттамаларын қамтамасыз ету |
Техник - технолог |
Техник - технолог |
4 |
«Электр технологиясы»
кәсіби стандартына
2 Қосымша
Техник - технолог
1 Кесте. Қолданыстағы нормативтік құжаттармен байланысы
Қазақстан Республикасы Кәсіптердің мемлекеттік жіктеуішіне (КМЖ) сәйкес коды |
|
Базалық топ |
3111 |
Жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы (БТБА) |
|
БТБА шығарылымы, бөлімі |
- |
БТБА бойынша кәсіп |
|
СБШ біліктілік деңгейі |
БТБА бойынша разрядтар |
Ұйым басшыларының, мамандарының және басқа қызметшілері лауазымдарының біліктілік анықтамалығы |
|
Салалық біліктілік шеңбері (СБШ) біліктілік деңгейі |
Санаттар |
техник-технолог |
|
4 |
- |
2-кесте. Техник-технологтың еңбек жағдайына, біліміне
және тәжірибесіне қойылатын талаптар
Кәсібі бойынша болуы мүмкін жұмыс орындары |
Жабдықталған және аттестатталған жұмыс орындары |
||
Зиянды және қауіпті еңбек жағдайы |
Зиянды заттар шекті ұйғарынды шоғырландыру (ШҰШ) арту мүмкіндігі, шуыл деңгейінің жоғары болуы |
||
Жұмысқа рұқсат берудің ерекше жағдайлары |
Қазақстан Республикасының Заңнамасына сәйкес |
||
СБШ біліктілік деңгейі |
Кәсіби білім алу мен оқыту деңгейі |
Талап етілетін жұмыс тәжірибесі |
|
4 |
Техникалық білім және практикалық жұмыс тәжірибесі |
1 жыл |
3-кесте. Техник-технолог орындайтын еңбек функцияларын айқындайтын
КС бірліктерінің тізбесі
Еңбек функциясының № |
Еңбек функциясының атауы (кәсіби стандарттың бірлігі) |
1 |
Электрлік-технологиялық қондырғылар мен жүйелердің жай-күйін зерттеу |
2 |
Электрлік-технологиялық қондырғылар мен жүйелердің үздіксіз жұмыс істеуін ұйымдастыру |
3 |
Электрлік-технологиялық қондырғылар мен жүйелердің жұмысына талдау жасау |
4-кесте. Техник-технолог орындайтын КС бірліктерінің сипаттамасы
Еңбек функциясы № |
Еңбек мәні |
Еңбек құралдары |
Міндеттер (еңбек іс-әрекеттері) |
1 |
Электрлік-технологиялық қондырғылар мен жүйелер |
Уәкілетті мемлекеттік органдар бекіткен нормативтік-құқықтық құжаттар, кестелер, ақаулық актілері |
1-1) Тексеру жүргізу, ақауларды, сыртқы зақымдануларды анықтау, технологиялық параметрлерге бақылауды жүзеге асыру |
Электрлік-технологиялық қондырғылар мен жүйелер |
Уәкілетті мемлекеттік органдар бекіткен нормативтік-құқықтық құжаттар, кестелер |
1-2) Электрлік-технологиялық қондырғылар мен жүйелерді жөндеу кестелерін әзірлеу, жөндеу көлемін, материалдар мен қосалқы бөлшектерді анықтау |
|
2 |
Электрлік-технологиялық қондырғылар мен жүйелер |
Уәкілетті мемлекеттік органдар бекіткен нормативтік-құқықтық құжаттар, режимдік карталар, нұсқаулықтар |
2-1) Режимдік карталарға, электрлік-технологиялық қондырғылар мен жүйелердің жұмысындағы жүктемелер кестесіне сәйкес параметрлерді реттеу, жөндеу |
3 |
Электрлік-технологиялық қондырғылар мен жүйелер |
Уәкілетті мемлекеттік органдар бекіткен нормативтік-құқықтық құжаттар, нұсқаулықтар |
3-1) Жүргізілген технологиялық параметрлерді реттеу және жөндеу бойынша есептілікті бекітілген нысандар мен көрсеткіштерге сәйкес дайындау |
5-кесте. СБШ 4-біліктілік деңгейіндегі техник-технолог
құзыреттеріне қойылатын талаптар
Міндет № |
Жеке және кәсіби құзыреттер |
Біліктері мен дағдылары |
Білімі |
1-1) |
Бағынышты қызметкерлердің міндеттерді өз еркімен белгілеуін, нормаларды ұйымдастыру және іске асыруды бақылауын, электрлік-технологиялық қондырғылар мен жүйелердің белгіленген жұмыс режимінен ауытқуларын анықтау үшін жауапкершілікті көздейтін, басшылық етумен нормаларды іске асыру бойынша орындаушылық-басқарушылық қызмет |
Электрлік-технологиялық қондырғылар мен жүйелердің іске жарамсыз түйіндерін, белгіленген жұмыс режимінен ауытқуларын анықтау |
Электрлік-технологиялық қондырғылар мен жүйелердің белгіленген нормативтік техникалық сипаттамалары |
1-2) |
Бағынышты қызметкерлердің міндеттерді өз еркімен белгілеуін, нормаларды ұйымдастыру және іске асыруды бақылауын, Электрлік-технологиялық қондырғылар мен жүйелерді жөндеу кестелерін әзірлеу, жөндеу көлемін, материалдар мен қосалқы бөлшектерді анықтау үшін жауапкершілікті көздейтін, басшылық етумен нормаларды іске асыру бойынша орындаушылық-басқарушылық қызмет |
Электрлік-технологиялық қондырғылар мен жүйелерді реттеу мен жөндеуді ұйымдастыру және жүргізу, материалдар мен қосалқы бөлшектерге қажеттілікті анықтау |
Электрлік-технологиялық қондырғылар мен жүйелерді реттеу мен жөндеуді жүргізу тәртібі, жөндеу көлемін, материалдарды және қосалқы бөлшектерді есептеу |
2-1) |
Бағынышты қызметкерлердің міндеттерді өз еркімен белгілеуін, нормаларды ұйымдастыру және іске асыруды бақылауын, режимдік карталарға, электрлік-технологиялық қондырғылар мен жүйелердің жұмысындағы жүктемелер кестесіне сәйкес параметрлерді реттеу, жөндеу үшін жауапкершілікті көздейтін, басшылық етумен нормаларды іске асыру бойынша орындаушылық-басқарушылық қызмет |
Режимдік карталарға, электрлік-технологиялық қондырғылар мен жүйелердің жұмысындағы жүктемелер кестесіне сәйкес параметрлерді реттеу мен жөндеуді жүргізу |
Электрлік-технологиялық қондырғылар мен жүйелердің жұмысындағы параматерлердің нормативтік көрсеткіштері |
3-1) |
Бағынышты қызметкерлердің міндеттерді өз еркімен белгілеуін, нормаларды ұйымдастыру және іске асыруды бақылауын, жүргізілген технологиялық параметрлерді реттеу және жөндеу бойынша есептілікті бекітілген нысандар мен көрсеткіштерге сәйкес дайындау үшін жауапкершілікті көздейтін, басшылық етумен нормаларды іске асыру бойынша орындаушылық-басқарушылық қызмет |
Жүргізілген технологиялық параметрлерді реттеу және жөндеу бойынша есептілікті бекітілген нысандар мен көрсеткіштерге сәйкес дайындау |
Құрылғыларды пайдалану мақсаты және электрлік-технологиялық қондырғылар мен жүйелердің жұмыс принципі. Электрлік-технологиялық қондырғылар мен жүйелердің технологиялық параметрлерін реттеу және жөндеу бойынша есептерді жасау қағидалары |
«Электр технологиясы»
кәсіби стандартына
3 Қосымша
Келісу парағы
Ұйымның атауы |
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі. |
Осы КС тіркелген ____________________________________ тіркелді.
Кәсіби стандарттар тізбесіне ____________ тіркеу нөмірімен енгізілді.
Хат (хаттама) № _______________________ Күні ________________________