"Нормативтік құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңының 21-1, 29-1-баптарына және 43-1-бабының 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Осы бұйрықтың қосымшасына сәйкес кейбір нормативтік құқықтық актілердің күші жойылды деп танылсын.
2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Заң қызметі департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың көшірмесін қол қойылған күнінен бастап бір апталық мерзімде Қазақстан Республикасының Әділет министрлігіне, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесіне және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкіне қосу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
2) Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің интернет-ресурсында бұйрықтардың күші жойылды деп тану туралы ақпаратты орналастыруды және нормативтік құқықтық актілер тізбесінен алып тастауды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
Министрдің |
|
міндетін атқарушы |
М. Мырзағалиев |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Денсаулық сақтау және
әлеуметтік даму министрі
___________ Т. Дүйсенова
2015 жылғы 18 желтоқсан
Қазақстан Республикасы |
Күші жойылған кейбір нормативтік құқықтық актілердің тізбесі
1) "Отынды дайындау, отынды беру" кәсіби стандартты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрінің м.а. 2013 жылғы 26 желтоқсандағы № 437 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9156 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2014 жылғы 15 мамырда жарияланған);
2) "Қазандық жабдықтарға техникалық қызмет көрсету және жөндеу" кәсіби стандартты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрінің м.а. 2013 жылғы 26 желтоқсандағы № 438 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9163 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2014 жылғы 15 мамырда жарияланған);
3) "Электр станциялардың электр жабдықтарына және таратушы құрылғыларына техникалық қызмет көрсету және жөндеу" кәсіби стандартты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрінің м.а. 2013 жылғы 26 желтоқсандағы № 439 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9158 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2014 жылғы 15 мамырда жарияланған);
4) "Электр станцияларды басқарудың бас қалқаны жабдықтарының жұмыстарына қызмет көрсету және бақылау" кәсіби стандартты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрінің м.а. 2013 жылғы 26 желтоқсандағы № 440 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9161 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2014 жылғы 15 мамырда жарияланған);
5) "Байланыстың кабельді және әуе желілеріне техникалық қызмет көрсету және жөндеу" кәсіби стандартты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрінің м.а. 2013 жылғы 26 желтоқсандағы № 442 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9159 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2014 жылғы 15 мамырда жарияланған);
6) "Турбиналық жабдықтарға техникалық қызмет көрсету және жөндеу" кәсіби стандартты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрінің м.а. 2013 жылғы 26 желтоқсандағы № 443 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9157 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2014 жылғы 15 мамырда жарияланған);
7) "Электр станцияларындағы су, отын және жағу материалдарының технологиясы" кәсіби стандартты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрінің 2014 жылғы 17 наурыздағы № 87 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9412 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2014 жылғы 30 шілдеде жарияланған);
8) "Электр технологиясы" кәсіби стандартты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрінің 2014 жылғы 17 наурыздағы № 88 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9413 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2014 жылғы 30 шілдеде жарияланған);
9) "Электр және электр механикалық жабдығы (түрлері бойынша)" кәсіби стандартты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрінің 2014 жылғы 17 наурыздағы № 89 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9414 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2014 жылғы 30 шілдеде жарияланған);
10) "Мұнай және газ саласының техникалық және кәсіптік білім мамандықтары бойынша кәсіптік стандарттарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Мұнай және газ министрінің 2014 жылғы 9 сәуірдегі № 70 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9584 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2014 жылғы 27 қазанда жарияланған);
11) "Мұнай тасымалдау мен су жіберуді жүзеге асыратын ұйымдарының басшылары, мамандары, қызметшілері мен өнеркәсіптік-өндірістік персоналы санының типтік нормативтерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Мұнай және газ министрінің 2014 жылғы 11 маусымдағы № 107 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9632 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2014 жылғы 25 тамызда жарияланған);
12) "Мұнай өндіру саласындағы ұйымдары басшыларының, мамандарының және басқа да қызметшілері лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 26 наурыздағы № 235 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11129 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 10 маусымда жарияланған).