Көтерме және бөлшек сауда саласындағы салалық біліктілік шеңберін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің 2014 жылғы 30 сәуірдегі № 120 бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2014 жылы 3 маусымда № 9480 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 8 маусымдағы № 423 бұйрығымен

      Ескерту. Бұйрықтың күші жойылды - ҚР Ұлттық экономика министрінің 08.06.2015 № 423 бұйрығымен.

      Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 15 мамырдағы Еңбек Кодексінің 138-4–бабының 3-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қоса беріліп отырған Көтерме және бөлшек сауда саласындағы салалық біліктілік шеңбері бекітілсін.
      2. Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің Сауда комитеті заңнамада белгіленген тәртіпте:
      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін және оның «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде және ресми бұқаралық ақпарат құралдарында жариялануын қамтамасыз етсін;
      2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің интернет-ресурсында жариялануын қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау вице-министрі Т.М. Жақсылықовқа жүктелсін.
      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Министр                                          Е. Досаев

Қазақстан Республикасы    
Экономика және бюджеттік жоспарлау
министрлігінің        
2014 жылғы 30 сәуірдегі   
№ 120 бұйрығымен        
бекітілді          

Көтерме және бөлшек сауда саласындағы
салалық біліктілік шеңбері

1. Жалпы ережелер

      1. Көтерме және бөлшек сауда саласындағы салалық біліктілік шеңбері (бұдан әрі - Салалық біліктілік шеңбері) – саланың еңбек нарығында танылатын біліктілік деңгейлерін құрылымдық жағынан сипаттау.
      2. Экономикалық қызмет түрінің негізгі мақсаты: нарықты талдау, тауарлар мен қызметтерді жылжыту және өткізу.
      3. Салалық біліктілік шеңбері біліктіліктердің салааралық салыстырмалылығын қамтамасыз ете отырып, салалық біліктілік шеңберін, кәсіби стандарттарды әзірлеу үшін бірыңғай шәкілді айқындайды және мамандар біліктілігінің сәйкестігін растау және оны беру жүйесі үшін негіз болып табылады.
      4. Салалық біліктілік шеңбері әртүрлі сауда саласын пайдаланушылар тобына (жұмыс берушілерге, білім беру органдарына, қызметкерлерге) арналған және:
      1) кәсіби және білім беру стандарттарын әзірлеу кезінде қызметкерлер мен білім беру ұйымдарын бітірушілердің біліктілігіне қойылатын талаптарды бірыңғай көзқараста сипаттауға;
      2) қызметкерлер мен кәсіби білім берудің барлық деңгейлеріндегі оқу бітірушілердің біліктілігін бағалау материалдары мен айқындау рәсімін әзірлеуге;
      3) нақты біліктілікті алуға, біліктілік деңгейін арттыруға, мансаптық өсуге әкелетін білім берудің әртүрлі траекториясын жоспарлауға мүмкіндік береді.
      5. Салалық біліктілік шеңбері Ұлттық біліктілік шеңберіне сәйкес келетін сегіз біліктілік деңгейінен тұрады.
      6. Салалық біліктілік шеңберінде нәтижелердің жиынтық сипаттамасы келтіріледі, нақтылау кәсіби стандарттарында жүзеге асырылады.
      7. Салалық біліктілік шеңберінде қолданылатын негізгі терминдер мен ұғымдар:
      1) білік – қызметті жүзеге асыру және міндеттерді шешу мақсатында білімді пайдалану және құзыреттілік таныту қабілеті (логикалық, интуитивтік, шығармашылық және практикалық ойлауды пайдалану);
      2) білім – оқу және жеке тәжірибесі арқылы ақпаратты меңгеру нәтижесі, оқу немесе жұмыс істеу саласына қатысты фактілер, қағидаттар, теория мен практика жиынтығы, бағалануға ұшырайтын біліктілік құрамдауышы;
      3) дағды – оқыту немесе белгілі бір зерттеулер, жұмыстар жүргізу арқылы дамитын қасиет және жұмыс орнында, сол сияқты күнделікті тіршілікте белгілі бір зияткерлік немесе дене іс-қимылдарын орындау қабілетін сипаттайды;
      4) қабілеттілік – қызметтің белгілі бір түрін табысты жүзеге асырудың объективті шарты болып табылатын тұлғаның жеке басының ерекшелігі;
      5) кәсіби стандарт – кәсіби қызметтің нақты саласында біліктілік деңгейіне және құзыреттілікке, еңбек мазмұнына, сапасына, жағдайларына қойылатын талаптарды айқындайтын стандарт;
      6) құзыреттілік – белгілі бір біліктілік деңгейіндегі кәсіби қызметтің міндеттерін орындауды қамтамасыз ететін қызмет субъектісінің сапасы;
      7) тәжірибе – саналы қызмет, белгілі бір уақыт аралығында меңгерілуі және тиімді пайдаланылуы мүмкін білім мен білік;
      8) ұлттық біліктілік шеңбері – еңбек нарығында танылатын біліктілік деңгейлерін құрылымдық сипаттама;
      8. Салалық біліктілік шеңбері саланың кәсіби қызметінің әрбір саласы үшін Ұлттық біліктілік шеңбері мен саланы дамыту стратегиясының негізінде жасалған.
      9. Саланың кәсіби қызметі саласына:
      сауда қызметі, саудадағы логистика, тауартану, материалдық техникалық жабдықтау және өткізу, сауда-делдалдық қызмет саласындағы процестерді ұйымдастыру, басқару және жобалау;
      көтерме сауда кәсіпорындары мен бөлшек сауда желісінің жағдайын талдау және оларды дамытуды жоспарлау;
      сауда кәсіпорындарын сауда-технологиялық (механикалық емес, салмақ өлшеу, тоңазыту және бақылау-кассалық) жабдықпен жарақтандыруды ұйымдастыру;
      дүкендерді және олардың сауда үй-жайларын технологиялық жоспарлау;
      сауда кәсіпорындарының жеткізушілермен және тұтынушылармен шаруашылық байланысын ұйымдастыру, тұтынушылардың белгілі бір нарық сегменттеріндегі талаптарын ескере отырып, сұранысты зерттеу және болжау;
      тауар қозғалысын басқару, оның есебін жүргізу және оңтайландыру, тауарлар шығындарын, материалдық және еңбек ресурстарының шығындарын азайту;
      тауарлар мен қызметтердің ассортиментін және сапасын басқару;
      сауда кәсіпорындарындағы тауар қорларын басқару: тауар қорларының нормативтерін әзірлеу, тауар қорларын бақылауды ұйымдастыру, оларды реттеу шаралары;
      саудадағы тауарларды қабылдауды, сауда залында тауарларды орналастыруды және қоюды ұйымдастыру, тауарларды сақтау процестерін реттеу, түгендеу жүргізу және шығындарды есептен шығару, тауарларды сатудың технологиялық операциялары;
      саудадағы жарнама қызметін ұйымдастыру, оның тиімділігін арттыру.
      10. Салалық біліктілік шеңбері осы Салалық біліктілік шеңберінің қосымшасына сәйкес құрылым бойынша ресімделген шеңберлік құрылым болып табылады.
      11. Салалық біліктілік шеңберінде біліктілік деңгейлерін әзірлеудің негізгі қағидаты біліктілік деңгейлерінің төменнен жоғарыға қарай дамуының үздіксіздігі мен сабақтастығы, оларды сипаттау ашықтығы болып табылады.
      12. Бiлiктiлiк белгiлi бiр бiлiм беру бағдарламасын және практикалық тәжiрибені игерудің нәтижесi болып табылады.
      13. Бiлiктiлiктi арттыру немесе оның бейiнiн өзгерту үшiн әрбiр деңгейде кадрлардың бiлiктiлiгiн арттыру және қайта даярлау жүйесiнiң қосымша бiлiм беру бағдарламалары бойынша тиiстi лицензиялары бар ұйымдарда оқыту қажет.
      14. Бiлiктiлiк деңгейi іс жүзінде жұмыс тәжiрибесiн меңгеруiне, өз бетiнше бiлiм алуына және оқуына қарай өсуi мүмкiн.
      Бiлiм беру мен оқытудың әртүрлi нысандарын есепке алу салалық бiлiктiлiк жүйесінің iшiнде жүргiзiлетiн болады.
      Жеке бiлiм беру траекториясын құру қызметкердiң білімі мен практикалық тәжiрибесiн, бiлiктiлiктi арттыру курстарын ескеру арқылы жүзеге асырылады, бұл барлық бiлiктiлiк деңгейлерi бойынша ілгері жылжуға мүмкiндiк бередi.

2. Салалық біліктілік шеңберінің паспорты

      1. Экономикалық қызмет саласы: көтерме және бөлшек сауда.
      2. Кәсіби қызмет саласы ҚР МЖ 03-2007: «46 – автомобильдер мен мотоциклдерді қоспағанда, көтерме сауда», «47 – автомобильдер мен мотоциклдер саудасынан басқа, бөлшек сауда».
      3. Еңбек қызметінің түрлері:
      тауарларға сұранысты және олардың нарықтық ұсынысын зерттеу, ұсыныс пен сұраныс арасындағы балансты қолдау;
      қажеттілікті және сұранысты бағалау;
      сауда ассортиментін қалыптастыру, халықтың тауарларға сұранысын қанағаттандыру;
      сауда орындарын безендіру, арнайы сауда жабдықтарын орнату;
      тауармен сауда технологиялық операцияларын жүзеге асыру: сақтау, өндірістік өңдеу (орау, қаптау); дүкен ішінде орнын ауыстыру, сауда залына орналастыру және қою, тауарларды сату, сауда технологиясын жетілдіру және сатып алушыларға қызмет көрсетуді жақсарту;
      белгіленген сақтандыру қоры бар қоймадағы өнімнің толық ассортиментіне мониторинг жүргізу;
      тауарларды жеткізу, сақтау және тиеу процестерін оңтайландыру бойынша жеткізушілермен және клиенттермен жұмыс.

Көтерме және бөлшек сауда саласындағы
салалық біліктілік шеңберіне   
қосымша               

Көтерме және бөлшек сауда саласындағы
салалық біліктілік шеңберінің құрамы

Ұлттық біліктілік шеңберінің деңгейлері

Салалық біліктілік шеңберінің деңгейлері

Кәсіби қызмет саласы: көтерме және бөлшек сауда

Қабілетіне қойылатын талаптар

Дағдысына және ептілікке қойылатын талаптар

Біліміне қойылатын талаптар

1

1

Дербестігі: міндеттерді орындау барысындағы дербестіктің өте төмен деңгейі жағдайында тікелей басшылық етумен жасалатын атқарушылық қызметтер.
Жауаптылығы: жұмыстардың қарапайым түрлерін орындау, өзінің қауіпсіздігі.
Күрделілігі: нұсқаулық бойынша жұмыс істеу

Бір үлгідегі жеңіл практикалық тапсырмаларды орындау, өзін-өзі бақылау және өзін-өзі басқару дағдыларын көрсету

Еңбек мәні, оны өзгерту процестері және тиісті орындаушылық әрекеттер топтамасы, қауіпсіздік техникасы бойынша нұсқаулықтар, еңбек қорғау талаптары туралы базалық білім

2

2

Дербестігі: дербестіктің белгілі дәрежесін болжамдайтын басшылық етумен жасалатын нормаларды іске асыру бойынша атқарушылық қызметтер
Жауаптылығы: тауарды саудаға дайындау, тауарларды сақтау шарттарын сақтау, жабдықтарға техникалық қызмет көрсету және жөндеу, оларды ауыстыру, өз қауіпсіздігі мен басқалардың қауіпсіздігін сақтау.
Күрделілігі: бір үлгідегі практикалық, нақты белгіленген стандартты міндеттерді шешу, нұсқаулық бойынша жұмыс істеу

Жұмыс тәсілін нұсқаулық негізінде таңдау және жеңіл практикалық тапсырмаларды орындау, қарапайым өндірістік жағдайлардағы әрекеттерді өздігінен бақылау және түзету дағдыларын көрсету. Қойылған міндеттерді орындау кезінде өз бетінше оқып-үйрену

Еңбек мәні, оны өзгерту процестері және тиісті орындаушылық әрекеттер топтамасы, қауіпсіздік техникасы бойынша нұсқаулықтар, еңбек қорғау талаптары туралы білім

3

3

Дербестігі: өз бетінше жоспарлауды көздейтін, басшылық етумен үлгілік жағдайларда іске асыру бойынша атқарушылық қызмет, қойылған міндеттерді орындау кезінде өз бетінше оқып-үйрену.
Жауаптылығы: буып-түю материалын алу және дайындау бойынша қойылған міндеттерді орындау, жабдықтың бар болуын және жарамдылығын тексеру, өз қауіпсіздігін және басқалардың қауіпсіздігін сақтау.
Күрделілігі: бір үлгідегі практикалық міндеттерді шешу, білім және практикалық тәжірибе негізінде белгілі әрекеттерді таңдай білу

Практикалық стандарттық тапсырмаларды орындау, өзін-өзі бағалау, өзін-өзі билеу және өзін-өзі ұйымдастыру дағдыларын көрсету. Қойылған еңбек нормасын, мәнін және құралдарын орындау тәсілдерін өз бетінше белгілеу

Ішкі сауда ережелері, сатылған тауарларға мемлекеттік және кәсіпорынның стандарттарын, кәсіпорындардың жұмыс ережелері, тұрғындардың тауарларды сатып алу психологиясы, ұсынылған өнім, іскерлік әдебі, еңбек қорғау талаптары туралы білім

4

4

Дербестігі: бағынышты қызметкерлердің міндеттерді өз еркімен белгілеуін, нормаларды ұйымдастыру және іске асыруды бақылауын көздейтін, басшылық етумен іске асыру бойынша атқарушылық-басқарушылық қызмет.
Жауаптылығы: қойылған міндеттерді шешу, тауарлардың сақталуы, сауда-технологиялық жабдықты дұрыс пайдалануды бақылау, өз қауіпсіздігін және басқалардың қауіпсіздігін сақтау. Тәлімгерлік.
Күрделілігі:. жұмыс жағдайын өз бетінше талдауды талап ететін әртүрлі үлгідегі практикалық міндеттерді шешу. Ағымдағы қорытынды бақылау, қызметті бағалау және түзету

Жұмыс жағдайын өз бетінше талдауды талап ететін әртүрлі практикалық шешімдерді шешу, бағыныштылардың міндеттерін белгілеу, қызметтерінің нәтижесін бағалау, білім және дағдылардың жетіспеуін анықтау, қызметкерлерді кәсіпқойлығын жоғарылатуға ынталандыру

Ішкі сауда ережелері, кәсіпорындардың жұмыс ережелері, сауда саласындағы нормативті-құқықтық актілер, кәсіби талаптарды шешу үшін қойылған амалдар, қағидаттар және тәсілдер, этика және қарым-қатынас психологиясы, мотивация және еңбекті ынталандыру тәсілдері, техникалық қауіпсіздік жөніндегі нұсқаулық еңбек қорғау талаптары, менеджмент туралы білім

5

5

Дербестігі: кәсіпорын қызметі стратегиясы шеңберіндегі басқарушылық қызмет.
Жауаптылығы: прогрессивті әдістерді енгізу бойынша жұмыстарды жүзеге асыру, үздіксіз жұмыс, баға саясатын әзірлеу, іске асырылатын тауарлардың сапасы мен қауіпсіздігі, жаңа технологиялар мен жабдықтарды әзірлеуге және бұрыннан барын жаңғыртуға қатысу, еңбекті бағалау және жетілдіру, өзінің оқуы және басқаларды оқыту, өз қауіпсіздігін және басқалардың қауіпсіздігін сақтау.
Күрделілігі: әр түрлі жұмыс жағдайында шешім табу тәсілдерін таңдап алу негізінде практикалық міндеттерді шешу

Жоспарлау дағдысын көрсету, жағдайды талдай алу, өзін-өзі тексере білу, шешім қабылдай білу және оларды іске асыруға жағдай жасау, басқарушылық және орындаушылық кәсіби жоғарылататын командалық жұмыста қызметтерді бақылау және түзету дағдыларын көрсету

Кәсіпорындардың жұмыс ережелері, сауда саласындағы құқықтық актілер, кәсіпқойлық жағдайларды жүйелік талдау және жобалау әдіснамасы, басқарушылық шешімдерді қабылдау тәсілдері, ұжым және ұжымдық құрылымның принциптерін білу, еңбек менеджменті, оны ұйымдастыру туралы білім

6

6

Дербестігі: жұмыстар жөнінде басқа учаскелермен келісім жасауды болжамдайтын, кәсіпорын қызметі стратегиясының шеңберіндегі басқарушылық қызмет.
Қызметкерлердің және аралас бөлімшелердің өзара іс-қимылын қамтамасыз ету. Бөлімшенің немесе ұйымның деңгейінде жұмыстардың орындалу нәтижесі бойынша жауаптылық.
Жауаптылығы: кәсіпорынның жұмысын ұйымдастыру және үйлестіру, тауарларды іске асырудың мерзімін бақылау, қажетті ассортименттің бар болуын бақылау, сату жоспарын орындауды бақылау, баға саясатын жүзеге асыруды бақылау, қызметкерлерді басқару, қабылдау және кәсіпқойлығын жоғарлату, кәсіби қызметтің дамуы мен нәтижесі.
Күрделілігі: шешім қабылдау тәсілдерін таңдау мен олардың әртүрлілігін көздейтін міндеттерді шешу жұмыстар мен процестерді әзірлеу, енгізу, бақылау, бағалау (процестерді басқару, шешімдерді талдау, әзірлеу)

Проблемаларды шешу және әлеуметтік пен кәсіби жағдайларда шешім қабылдау, өзін-өзі басқару білуді көрсету, байланысты ұйымдастыру және көзқарастарға келісім жасау, нәтижелерді ресімдеу және таныстыру, қазіргі заманғы бағдарламалық өнімдерді және техникалық құралдарды пайдалану дағдыларын көрсету

Әлеуметтік және кәсіптік күрделі жағдайларды бірлесіп талдау, жобалау және шешім қабылдау, байланысты ұйымдастыру және көзқарастарға келісім жасау, аналитикалық және жобалық құжаттамаларды ресімдеу және таныстыру туралы білім. Кәсіпорынды басқару құрылымы, кәсіпорын қызметкерлерінің құқықтары мен міндеттері және олардың жұмыс істеу режимі, экономиканың негіздері, еңбек менеджменті мен басқаруды ұйымдастыру туралы білім

7

7

Дербестігі: сала құрылымдарының жұмыс істеуі мен оларды дамыту стратегиясын жасауды, еңбек жағдайларын ұйымдастыруды болжамдайтын басқарушылық қызмет.
Жауаптылығы: стратегияны анықтау, ірі институционалдық құрылымдар мен олардың бөлімшелері деңгейінде шешім қабылдаумен процестерді және қызметті басқару (оның ішінде инновациялық), жылдық жоспарлау, коммерциялық келіссөздер жүргізу және ынтамақтастық, қойылған мақсаттарға сәйкес кәсіпорынның қажеттілігін айқындау, бөлімшелер қызметкерлерінің саны мен құзыреттерін талдау.
Күрделілігі: технологиялық процестерді талдау және оны жетілдіру бойынша шешімдерді талдау және әзірлеу, жаңа тәсілдер әзірлеу, әртүрлі әдістерді (сонымен бірге инновациялық) пайдалану

Мәселелерді алға қоя білу және шешу, өз әрекетін шынайы бағалай білу, инновациялы көзқарасты қолдана отырып, міндеттерді және мәселелерді жүйемен шешу тұжырым және қызмет ету стратегиясын құру тәсілдерін, дағдыларын көрсету

Қызмет ету және әрекеттесу тұжырымдары, стратегиясы, функционалдық үлгілерін құру әдіснамасы, жоғары даму деңгейіне қол жеткізетін мүмкіндікті қамтамасыз ететін ғылыми прогрессивтік тәсілдерді қолдана отырып, мәселелерді алға қоя білу және шешу тәсілдері туралы білімдері

8

8

Дербестігі: мемлекеттік ауқымдағы саланың ірі институционалдық құрылымдарының жұмыс істеуі және оларды дамыту стратегиясын құруды болжамдайтын басқарушылық қызмет.
Жауаптылығы: перспективалы жылдық жоспарлау бойынша шешім қабылдау, қызмет процестерін әзірлеу және оның нәтижелері, коммерциялық келіссөздер жүргізу, қойылған мақсаттарға сәйкес компанияның қажеттілігін айқындау.
Күрделілігі: күрделі, әлеуметтік, өндірістік және ғылыми процестерді дамытуға және тиімділігін арттыруға байланысты әдіснамалық, зерттеулік және жобалық сипаттағы проблемаларды шешу

Стратегиялық ойлай білу дағдысын, көшбасшылық дағдыларды, логикалық әдістерді, кәсіби қызметтер мен өзара қарым-қатынас үлгілерін құру және ойнату әдістерін қолдана отырып өзара тиімді шешім қабылдау дағдыларын көрсету

Қызметтер мен олардың өзара әрекеттестіктің кооперативтік жүйелерін құру, макроәлеуметтік және макроэкономикалық жүйелерді үлгілеу және басқару әдіснамасы туралы білімдер, кәсіпорынның бөлімшелерін басқару құрылымын валидациялау және верификациялау

Об утверждении Отраслевой рамки квалификаций в сфере оптовой и розничной торговли

Приказ Министра экономики и бюджетного планирования Республики Казахстан от 30 апреля 2014 года № 120. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 3 июня 2014 года № 9480. Утратил силу приказом Министра национальной экономики Республики Казахстан от 8 июня 2015 года № 423

      Сноска. Утратил силу приказом Министра национальной экономики РК от 08.06.2015 № 423.

      В соответствии с пунктом 3 статьи 138-4 Трудового кодекса Республики Казахстан от 15 мая 2007 года ПРИКАЗЫВАЮ:
      1. Утвердить прилагаемую Отраслевую рамку квалификаций в сфере оптовой и розничной торговли.
      2. Комитету торговли Министерства экономики и бюджетного планирования Республики Казахстан в установленном законодательством порядке:
      1) обеспечить государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан и его официальное опубликование в информационно-правовой системе «Әділет» и в официальных средствах массовой информации;
      2) обеспечить опубликование настоящего приказа на интернет-ресурсе Министерства экономики и бюджетного планирования Республики Казахстан.
      3. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на вице-министра экономики и бюджетного планирования Республики Казахстан Жаксылыкова Т.М.
      4. Настоящий приказ вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Министр                                    Е. Досаев

Утвержденa         
приказом Министра экономики и
бюджетного планирования 
Республики Казахстан   
от 30 апреля 2014 года № 120

Отраслевая рамка квалификаций
в сфере оптовой и розничной торговли

1. Общие положения

      1. Отраслевая рамка квалификаций в сфере оптовой и розничной торговли (далее – Отраслевая рамка квалификаций) – структурированное описание квалификационных уровней, признаваемых на рынке труда в отрасли.
      2. Основная цель вида экономической деятельности: анализ рынка, продвижение и сбыт товаров и услуг.
      3. Отраслевая рамка квалификаций определяет единую шкалу квалификационных уровней для разработки профессиональных стандартов, обеспечивая сопоставимость квалификаций, и является основой для системы подтверждения соответствия и присвоения квалификации специалистов.
      4. Отраслевая рамка квалификаций предназначена для различных групп пользователей (работодателей, органов образования, работников) отрасли торговли и позволяет:
      1) описывать с единых позиций требования к квалификации работников, выпускников организаций образования при разработке профессиональных стандартов и образовательных стандартов;
      2) разрабатывать оценочные материалы и процедуры определения квалификации работников и выпускников всех уровней профессионального образования;
      3) планировать различные траектории образования, ведущие к получению конкретного квалификационного уровня, карьерного роста.
      5. Отраслевая рамка квалификаций содержит восемь квалификационных уровней, которая соответствует Национальной рамке квалификаций.
      6. В Отраслевой рамке квалификаций приводится обобщенное описание результатов, детализация осуществляется в профессиональных стандартах.
      7. Основные термины и понятия, используемые в Отраслевой рамке квалификаций:
      1) умение – способности применять знания и проявить компетентность с целью осуществления деятельности и решения задач (применение логического, интуитивного, творческого и практического мышления);
      2) знание – результат усвоения информации посредством обучения и личного опыта, совокупность фактов, принципов, теории и практики, относящихся к сфере обучения или работы, компонент квалификации, подвергающийся оценке;
      3) навык – качество, развиваемое через обучение или проведение определенных исследований, работ и характеризует способность к выполнению определенных интеллектуальных или физических действий, как на рабочем месте, так и в обыденной жизни;
      4) способность - индивидуальная особенность личности, являющаяся субъективным условием успешного осуществления определенного рода деятельности;
      5) профессиональный стандарт – стандарт, определяющий в конкретной области профессиональной деятельности требования к уровню квалификации и компетентности, к содержанию, качеству и условиям труда;
      6) компетенция – качество субъекта деятельности, обеспечивающее выполнение задач профессиональной деятельности определенного квалификационного уровня;
      7) опыт – сознательная деятельность, знания и навыки, которые могут быть приобретены и эффективно использованы в течение определенного промежутка времени;
      8) национальная рамка квалификаций – структурированное описание квалификационных уровней, признаваемых на рынке труда.
      8. Отраслевая рамка квалификаций составлена на каждую область профессиональной деятельности отрасли на основании Национальной рамки классификаций и стратегии развития отрасли.
      9. К области профессиональной деятельности отрасли относятся:
      организация, управление и проектирование процессов в области торговой деятельности, логистики в торговле, товароведения, материально-технического снабжения и сбыта, торгово-посреднической деятельности;
      анализ состояния оптовых предприятий и розничной торговой сети и планирование их развития;
      организация оснащения предприятий торговли торгово-технологическим оборудованием (немеханическим, весоизмерительным, холодильным и контрольно-кассовым);
      технологическая планировка магазинов и их торговых помещений;
      организация хозяйственных связей торговых предприятий с поставщиками и потребителями товаров, изучение и прогнозирование спроса с учетом требований потребителей на определенных сегментах рынка;
      управление товародвижением, его учет и оптимизация, минимизация потерь товаров, затрат материальных и трудовых ресурсов;
      управление ассортиментом и качеством товаров и услуг;
      управление товарными запасами в торговых предприятиях: разработка нормативов товарных запасов, организация контроля за товарными запасами, меры их регулирования;
      организация приемки товаров в торговле, размещения и выкладки товаров в торговом зале, регулирование процессов хранения товаров, проведение инвентаризации и списание потерь, технологические операции продажи товаров;
      организация рекламной деятельности в торговле, повышение ее эффективности.
      10. Отраслевая рамка квалификаций представляет собой рамочную конструкцию, оформленную по структуре, согласно приложению к настоящей Отраслевой рамке квалификаций.
      11. Основным принципом разработки уровней квалификаций в Отраслевая рамке квалификаций является непрерывность и преемственность развития квалификационных уровней от низшего к высшему, прозрачность их описания.
      12. Уровень квалификации является результатом освоения определенной образовательной программы и практического опыта.
      13. Для повышения квалификации или изменения ее профиля на каждом уровне необходимо обучение по дополнительным образовательным программам системы повышения квалификации и переподготовки кадров в организациях, имеющие соответствующие лицензии.
      14. Уровень квалификации может нарастать по мере обретения практического опыта работы, самообразования и обучения.
      Учет различных форм образования и обучения будет происходить внутри отраслевой квалификационной системы.
      Построение индивидуальной образовательной траектории осуществляется посредством учета знаний и практического опыта работника, курсов повышения квалификации, которая даст возможность продвигаться как по вертикали, так и по горизонтали уровней квалификации.

2. Паспорт отраслевой рамки квалификаций

      1. Отрасль экономической деятельности: оптовая и розничная торговля.
      2. Область профессиональной деятельности ГК РК 03-2007: «46 Оптовая торговля, за исключением автомобилей и мотоциклов», «47 Розничная торговля, кроме торговли автомобилями и мотоциклами».
      3. Виды трудовой деятельности:
      изучение спроса на товары и их рыночного предложения, поддержание баланса между предложением и спросом;
      оценка потребностей и спроса;
      формирование торгового ассортимента, удовлетворение потребностей населения в товарах;
      оформление места продажи, установка специального торгового оборудования;
      осуществление торгово-технологических операций с товаром: хранение, производственная доработка (фасовка, упаковка); внутримагазинное перемещение, размещение и выкладка в торговом зале, продажа товаров, совершенствование технологии торговли и улучшение обслуживания покупателей;
      мониторинг полного ассортимента (запасов) продукции на складе с установленным страховым запасом;
      работа с поставщиками и клиентами по оптимизации процессов доставки, хранения и отгрузки товара.

Приложение           
к Отраслевой рамке       
квалификаций в сфере оптовой и
розничной торговли       

            Структура отраслевой рамки квалификаций
              в сфере оптовой и розничной торговли

Уровни Национальной рамки квалификаций

Уровни Отраслевой рамки квалификаций

Область профессиональной деятельности: оптовая и розничная торговля

Требования к способностям

Требования к умениям и навыкам

Требования к знаниям

1

1

Самостоятельность: исполнительские действия под непосредственным руководством, при очень низком уровне самостоятельности в ходе выполнения задач.
Ответственность: за выполнение простейших видов работ, за свою безопасность.
Сложность: работа по инструкции

Выполнение типовых несложных практических заданий, демонстрация навыков самонаблюдения и самодисциплины

Базовые знания о предмете труда, процессе его преобразования и цикле соответствующих исполнительских действий, инструкций по технике безопасности, требований охраны труда

2

2

Самостоятельность: исполнительская деятельность по реализации нормы под руководством, предполагающая определенную степень самостоятельности.
Ответственность: за подготовку товара к продажам, соблюдение условия хранения товаров, обеспечение технического обслуживания и ремонта оборудования, их замену, за свою безопасность и безопасность других.
Сложность: решение типовых практических, четко определенных стандартных задач, работа по инструкции

Умение выбрать способ работы на основании инструкций и выполнение несложных практических заданий, демонстрация навыков самоконтроля и самокоррекции действий в простых производственных ситуациях. Самообучение при выполнении поставленных задач

Базовые знания о предмете труда, средствах и способах достижения результата при выполнении простых типовых задач, инструкций по технике безопасности, требований охраны труда

3

3

Самостоятельность: исполнительская деятельность по выполнению самостоятельной работы в типовых условиях и под руководством, предусматривающая самостоятельное планирование, самообучение в процессе выполнения поставленных задач.
Ответственность: за выполнение поставленных задач по получению и подготовке упаковочного материала, проверку наличия и исправности оборудования, инвентаря, за свою безопасность и безопасность других.
Сложность: решение типовых практических задач, выбор способа действий из известных на основе знаний и практического опыта

Выполнение стандартных практических заданий, демонстрация навыков самооценки, самоопределения и самоорганизации. Самостоятельное определение способа выполнения поставленных задач

Знания правил внутренней торговли, государственных стандартов и стандартов организаций на продаваемые товары, правил работы предприятий, знания психологии осуществления покупки товаров населением, знание предлагаемой продукции; основы деловой этики, знание требований охраны труда

4

4

Самостоятельность: исполнительско-управленческая деятельность под руководством, предусматривающая самостоятельное определение задач, организацию и контроль реализации нормы подчиненными работниками.
Ответственность: за решение поставленных задач, за сохранность товаров, контроль правильности эксплуатации торгово-технологического оборудования, за свою безопасность и безопасность других. Наставничество.
Сложность: решение различных типовых практических задач, требующих самостоятельного анализа рабочей ситуации. Текущий и итоговый контроль, оценка и коррекция деятельности

Решение различных типов практических задач, требующих самостоятельного анализа рабочей ситуации, постановка задачи подчиненным, оценка результатов деятельности, определение знаний и навыков работников, мотивация по повышению профессионализма работников

Знания о правилах внутренней торговли, правилах работы предприятий, нормативно-правовых актах в области торговли, подходах, принципах и способах постановки и решения профессиональных задач, об этике и психологии отношений, рефлексии мышления и деятельности, способах мотивации и стимулирования труда, знание инструкций по технике безопасности, требований охраны труда, знание менеджмента

5

5

Самостоятельность: управленческая деятельность в рамках стратегии деятельности предприятия.
Ответственность: за осуществление работ по внедрению прогрессивных методов, за бесперебойную работу, разработку ценовой политики, за качество и безопасность реализуемых товаров, за участие в разработке новых и модернизации существующих технологий и оборудования, за оценку и совершенствование труда, собственное обучение и обучение других, за свою безопасность и безопасность других.
Сложность: решение практических задач на основе выбора способов решения в различных условиях рабочей ситуации

Демонстрация навыков планирования, анализа ситуаций, самоанализа, умения принимать решения и создавать условия для их реализации, контроля и коррекции деятельности в контексте командной работы, стремления к опережающему повышению управленческого и исполнительского профессионализма

Знания правил работы предприятий, нормативно-правовых актов в области торговли, подходов, методологии системного анализа и проектирования профессиональных ситуаций, способов принятия управленческих решений, знания принципов коллективо- и командообразования, организации труда и управления

6

6

Самостоятельность: управленческая деятельность в рамках стратегии деятельности предприятия, предполагающая согласование работ с другими участками. Обеспечение взаимодействия работников и смежных подразделений. Ответственность за результат выполнения работ на уровне подразделения или организации
Ответственность: за организацию и координацию работы предприятия, контроль сроков реализации товаров, контроль наличия необходимого ассортимента, контроль выполнения плана продаж, контроль осуществления ценовой политики, управление, набор и повышение профессионализма работников, развитие и результат профессиональной деятельности.
Сложность: решение задач, предполагающих выбор и многообразие способов решения, разработка, внедрение, контроль, оценка работы и процессов (анализ, выработка решений, управление процессами)

Решение проблем и принятие решений в социальных и профессиональных ситуациях, демонстрация культуры самоуправления, организации коммуникации и согласования точек зрения, оформления и презентации результатов, использования современных программных продуктов и технических средств

Знания методологии совместного анализа, проектирования и принятия решений в сложных социальных и профессиональных ситуациях, способов коммуникации и согласования точек зрения, оформления и презентации аналитической и проектной документации.

Знания структуры управления предприятием, прав и обязанностей работников предприятия, режима их работы, основ экономики, организации труда и управления

7

7

Самостоятельность: управленческая деятельность, предполагающая создание стратегии функционирования и развития структур отрасли, организацию условий труда.
Ответственность: за определение стратегии, управление процессами и деятельностью (в том числе инновационной) с принятием решения на уровне крупных институциональных структур и их подразделений, за годовое планирование, за проведение коммерческих переговоров и сотрудничество, определение потребностей предприятия в соответствии с поставленными целями, анализ численности и компетенций работников подразделений.
Сложность: анализ и выработка решений по усовершенствованию технологического процесса, разработка новых подходов, использование разнообразных методов (в том числе, инновационных)

Демонстрация навыков постановки и решения проблем, объективной оценки своих действий, системного решения задач и проблем с применением инновационных подходов, методов построения концепций и стратегий деятельности

Знания методологии построения концепций, стратегий, функциональных моделей деятельности и взаимодействия, способов постановки и системного решения задач и проблем с применением научных прогрессивных подходов, обеспечивающих возможность достижения высшей ступени развития

8

8

Самостоятельность: управленческая деятельность, предполагающая создание стратегии функционирования и развития крупных институциональных структур отрасли государственного масштаба.
Ответственность: за принятие решений по перспективному годовому планированию, разработку и результаты процессов деятельности, за проведение коммерческих переговоров; за определение потребностей компании в соответствии с поставленными целями.
Сложность: решение проблем методологического, исследовательского и проектного характера, связанных с развитием и повышением эффективности сложных социальных, производственных и научных процессов

Демонстрация стратегического мышления, навыков лидерства, навыков принятия взаимовыгодных решений с использованием логических методов, навыков построения и проигрывания моделей профессиональной деятельности и взаимодействия

Знания о построении кооперативных систем деятельности и их взаимодействия, знания методологии моделирования и управления макросоциальными и макроэкономическими системами, валидации и верификации структуры управления подразделениями предприятия