«Нормативтік құқықтық актілер туралы» 1998 жылғы 24 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 21-l-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес Біліктіліктің салалық шеңберін бекіту туралы кейбір бұйрықтардың күші жойылды деп танылсын.
2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Сауда қызметін реттеу департаменті осы бұйрықтың көшірмесін заңнамада белгіленген тәртіппен мерзімдік баспасөз басылымдарына ресми жариялануын және бес күнтізбелік күн ішінде Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне жолдануын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрі Е. Досаев
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
2015 жылғы 8 маусымдағы
№ 423 бұйрығына қосымша
Біліктіліктің салалық шеңберін бекіту туралы күші жойылған
кейбір бұйрықтардың тізбесі
1. «Статистика саласындағы біліктіліктердің салалық шеңберін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі төрағасының міндетін атқарушының 2013 жылғы 28 желтоқсандағы № 335 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9128 болып тіркелді. «Егемен Қазақстан» газетінде 2014 жылғы 22 қазанда № 206 (28429) жарияланды);
2. «Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласының салалық біліктілік шеңберін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрінің 2014 жылғы 14 қаңтардағы № 5/НҚ бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9187 болып тіркелді);
3. «Геодезия және картография, жерге орналастыру, кадастр салаларындағы салалық біліктілік шеңберін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрінің 2014 жылғы 13 ақпандағы № 34/НҚ бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9237 болып тіркелді, «Егемен Қазақстан» газетінде 2014 жылғы 23 шілдеде № 141 (28365) жарияланды};
4. «Көтерме және бөлшек сауда саласындағы салалық біліктілік шеңберін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің 2014 жылғы 30 сәуірдегі № 120 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9480 болып тіркелді, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2014 жылғы 27 маусымда жарияланған).