Шығарылған елі бойынша акциздер салуға жатқызылатын импортталатын тауарлардың қосымша тізбесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің 2014 жылғы 25 шілдедегі № 208 бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2014 жылы 1 тамызда № 9660 тіркелді

      «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» (Салық Кодексі) 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің 279-бабына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 19 мамырдағы № 507 қаулысымен бекітілген Шығарылған елі бойынша акциздер салуға жатқызылатын импортталатын тауарлардың қосымша тізбесін айқындау қағидаларының 10-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қоса беріліп отырған шығарылған елі бойынша акциздер салуға жатқызылатын импортталатын тауарлардың қосымша тізбесі бекітілсін.
      2. Сыртқы сауда қызметін дамыту департаменті (Ә.Н. Әлімбетова) заңнамада белгіленген тәртіппен:
      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
      2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуінен кейін күнтізбелік он күн ішінде бұқаралық ақпарат құралдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялануға жіберілуін;
      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау вице-министрі Т.М. Жақсылықовқа жүктелсін.
      4. Осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануы тиіс.

      Министр                                        Е. Досаев

Қазақстан Республикасы    
Экономика және бюджеттік жоспарлау
министрінің          
2014 жылғы 25 шілдеде     
№ 208 бұйрығымен        
бекітілген           

Шығарылған елі бойынша акциздер салуға жатқызылған
импортталатын тауарлардың қосымша тізбесі

Өзбекстан Республикасынан импортталатын тауарлар

р/с №

Сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасының коды

Тауардың атауы

1

2

3

1

8703 21 1099

Ұшқынмен тұтанатын және қайталап түсетін қозғалысты іштен жану қозғалтқышы бар, қозғалтқыш цилиндрлерінің жұмыс көлемі 1000 текше сантиметрден аспайтын көлік құралдары

2

8703 22 1099

Ұшқынмен тұтанатын және қайталап түсетін қозғалысты іштен жану қозғалтқышы бар, қозғалтқыш цилиндрлерінің жұмыс көлемі 1000 текше сантиметрден астам, бірақ 1500 текше сантиметрден аспайтын көлік құралдары

Об утверждении дополнительного перечня импортируемых товаров, подлежащих обложению акцизами по стране происхождения

Приказ Министра экономики и бюджетного планирования Республики Казахстан от 25 июля 2014 года № 208. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 1 августа 2014 года № 9660

      В соответствии со статьей 279 Кодекса Республики Казахстан от 10 декабря 2008 года «О налогах и других обязательных платежах в бюджет» (Налоговый кодекс) и пунктом 10 Правил определения дополнительного перечня импортируемых товаров, подлежащих обложению акцизами по стране происхождения, утвержденных постановлением Правительства Республики Казахстан от 19 мая 2014 года № 507, ПРИКАЗЫВАЮ.
      1. Утвердить прилагаемый дополнительный перечень импортируемых товаров, подлежащих обложению акцизами по стране происхождения.
      2. Департаменту развития внешнеторговой деятельности (Алимбетова А.Н.) в установленном законодательством порядке обеспечить:
      1) государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан;
      2) в течение десяти календарных дней после государственной регистрации настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан направление на официальное опубликование в официальных средствах массовой информации и информационно-правовой системе «Әділет»;
      3) размещение настоящего приказа на интернет-ресурсе Министерства экономики и бюджетного планирования республики Казахстан.
      3. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на вице-министра экономики и бюджетного планирования Республики Казахстан Жаксылыкова Т.М.
      4. Настоящий приказ вводится в действие со дня его государственной регистрации и подлежит официальному опубликованию.

      Министр                                     Е. Досаев

Утвержден         
приказом Министра экономики
и бюджетного планирования
Республики Казахстан 
от 25 июля 2014 года № 208

       Дополнительный перечень импортируемых товаров, подлежащих
          обложению акцизами по стране происхождения

Импортируемые товары из Республики Узбекистан

№ п/п

Код товарной
номенклатуры
внешнеэкономической
деятельности

Наименование товара

1

2

3

1

8703 21 1099

Транспортные средства с двигателем внутреннего сгорания с искровым зажиганием и с возвратно-поступательным движением, с рабочим объемом цилиндров двигателя не более 1000 кубических сантиметров

2

8703 22 1099

Транспортные средства с двигателем внутреннего сгорания с искровым зажиганием и с возвратно-поступательным движением, с рабочим объемом цилиндров двигателя более 1000 кубических сантиметров, но не более 1500 кубических сантиметров