Шығарылған елі бойынша акциздер салуға жатқызылатын импортталатын тауарлардың қосымша тізбесін айқындау қағидаларын бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 19 мамырдағы № 507 қаулысы.

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Үкіметінің 20.04.2018 № 207 (алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледі) қаулысымен

      2008 жылғы 10 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің 279-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

      1. Қоса беріліп отырған Шығарылған елі бойынша акциздер салуға жатқызылатын импортталатын тауарлардың қосымша тізбесін айқындау қағидалары бекітілсін.

      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледі.

Қазақстан Республикасының


Премьер-Министрi

К. Мәсімов


  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2014 жылғы 19 мамырдағы
№ 507 қаулысымен
бекітілген

Шығарылған елі бойынша акциздер салуға жатқызылатын
импортталатын тауарлардың қосымша тізбесін айқындау қағидалары
1. Жалпы ережелер

      1. Осы шығарылған елі бойынша акциздер салуға жатқызылатын импортталатын тауарлардың қосымша тізбесін айқындау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) 2008 жылғы 10 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің 279-бабына сәйкес әзірленді.

      2. Қағидалар шығарылған елі бойынша акциздер салуға жатқызылатын импортталатын тауарлардың қосымша тізбесін айқындау тәртібін белгілейді.

      3. Осы Қағидаларда қолданылатын терминдер мен анықтамалар:

      1) сауда қызметiн реттеу саласындағы уәкiлеттi орган (бұдан әрi – уәкiлеттi орган) – сауда қызметi саласында басшылықты және салааралық үйлестiрудi жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;

      2) импортталатын тауарлардың қосымша тізбесі (бұдан әрi – қосымша тізбе) – Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес акциз салуға жатқызылатын Қазақстан Республикасына импортталатын тауарлардың тізбесі;

      3) тауар – кез келген жылжымалы мүлік, оның ішінде Қазақстан Республикасының кедендік шекарасы арқылы өткізілетін (жолаушылар мен тауарлардың халықаралық тасымалы үшін қолданылатын көлік құралдарын қоспағанда) көлік құралдары;

      4) тауардың шығарылған елі – тауар толығымен өндірілген немесе жеткілікті түрде өңдеуге (қайта өңдеуге) ұшыраған ел.

      4. Шығарылған елі бойынша акциздер салуға жатқызылатын импортталатын тауарлардың қосымша тізбесін уәкілетті орган айқындайды.

2. Шығарылған елі бойынша акциздер салуға жатқызылатын
импортталатын тауарлардың қосымша тізбесін айқындау тәртібі

      5. Қазақстан Республикасының кеден органының сыртқы саудасының кедендік статистикасының деректері негізінде уәкiлеттi орган елдер бөлінісінде тауарлар импортының жай-күйі мен серпініне тоқсан сайын талдау жүргізеді, оның негізінде тауарлар импорты көлемінің ұлғаюы, сондай-ақ олардың өсу қарқыны анықталады.

      6. Талдау нәтижелерінің негізінде уәкiлеттi орган импортының үлесі осы тауардың үшінші елдерден Қазақстан Республикасына импортының жалпы көлемінен 30 пайыздан артық елдер бөлінісінде неғұрлым көп импортталатын тауарлар тізбесін жасайды.

      7. Уәкiлеттi орган қосымша тізбе қалыптастыру үшін неғұрлым көп импортталатын тауарлардың тізбесін Қазақстан Республикасының мүдделі мемлекеттік органдарымен келіседі.

      8. Уәкiлеттi орган Қазақстан Республикасының мүдделі мемлекеттік органдарымен келісудің қорытындылары бойынша импортталатын тауарлардың қосымша тізбесін қалыптастырады.

      9. Импортталатын тауарлардың қосымша тізбесін айқындау жөніндегі ұсынысты уәкiлеттi орган Қазақстан Республикасының сауда саясаты және халықаралық экономикалық ұйымдарға қатысу мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссиясының қарауына шығарады.

      10. Қазақстан Республикасының сауда саясаты және халықаралық экономикалық ұйымдарға қатысу мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссиясы шешімін ескере отырып, уәкiлеттi орган импортталатын тауарлардың қосымша тізбесін бекітеді.

      11. Қазақстан Республикасының кеден органының сыртқы саудасының кедендік статистикасының деректері негізінде уәкiлеттi орган тоқсан сайын елдер бөлінісінде қосымша тізбеде көрсетілген тауарлардың импорты бойынша мониторинг жүргізеді.

      12. Уәкiлеттi орган импортталатын тауарды қосымша тізбеге қосу немесе импортталатын тауарды қосымша тізбеден алып тастау жөніндегі ұсынысты осы Қағидалардың 59-тармақтарында белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының сауда саясаты және халықаралық экономикалық ұйымдарға қатысу мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссиясының қарауына шығарады.

      13. Қазақстан Республикасының сауда саясаты және халықаралық экономикалық ұйымдарға қатысу мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссиясының шешімін ескере отырып, уәкiлеттi орган импортталатын тауарды қосымша тізбеге қосады немесе импортталатын тауарды қосымша тізбеден алып тастайды.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады