Ескерту. Бұйрықтың күші жойылды - ҚР Мәдениет және спорт министрінің 31.05.2016 № 150 бұйрығымен.
«Нормативтік құқықтық актілер туралы» 1998 жылғы 24 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңының 29-бабы 1-тармағы 6) тармақшасына және Қазақстан Республикасының Үкіметінің 2014 жылғы 30 қыркүйектегі № 1003 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігі туралы ережесіне сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1.
Қоса беріліп отырған «Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитеті» мемлекеттік мекемесінің ережесі бекітілсін.
2.
Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1)
осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2)
осы бұйрықтың мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он күнтізбелік күн ішінде мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялануын;
3)
осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің интернет-ресурсында ресми жарияланғаннан кейін орналастыруды қамтамасыз етсін.
3.
«Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігінің Тіл комитеті мемлекеттік мекеменің Ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет министрінің міндетін атқарушының 2014 жылғы 19 мамырдағы № 41 бұйрығының (Нормативтік құқықтық кесімдерінің мемлекеттік тізілімінде № 9474 тіркелген, «Әділет» АҚЖ 2014 жылғы 29 мамырда ресми жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
4.
Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт вице-министрі М.А. Әзілхановқа жүктелсін.
5.
Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Министр А. Мұхамедиұлы
Қазақстан Республикасы
Мәдениет және спорт
министрлігінің
2014 жылғы 14 қазандағы
№ 36 бұйрығымен
бекітілген
«Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің
Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитеті» мемлекеттік
мекемесінің ережесі
1. Жалпы ережелер
1.
Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитеті (бұдан әрі - Комитет) өзіне жүктелген функцияларды іске асыратын Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің (бұдан әрі - Министрлік) ведомствосы болып табылады.
2.
Комитет өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына, Қазақстан Республикасының заңдарына, Президенттің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілеріне, ішкі нормативтік құжаттарға, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
3.
Комитет мемлекеттік мекеменің ұйымдастырушылық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, оқшауланған мүлкі, мемлекеттік тілде өз атауы жазылған мөрі мен мөртабандары, белгіленген үлгіде бланкілері, сондай-ақ заңдарға сәйкес қазынашылық органдарында есеп шоттары болады.
4.
Комитет азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
5.
Комитеттің, егер оған заңдарға сәйкес уәкілеттігі болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарабы болады.
6.
Комитет өз құзыретіндегі мәселелер бойынша заңдарда белгіленген тәртіппен Төрағаның немесе оның міндетін атқарушы тұлғаның бұйрықтарымен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
7.
Комитеттің құрылымы мен штат санын Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің келісімімен Министрліктің жауапты хатшысы бекітеді.
8.
Комитеттің заңды мекен-жайы: 010000, Астана қаласы, Есіл ауданы, Орынбор көшесі, 8-үй, «Министрліктер үйі» ғимараты, 15-кіреберіс.
9.
Комитеттің толық атауы: «Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитеті» мемлекеттік мекемесі.
10.
Осы Ереже Комитеттің құрылтай құжаты болып табылады.
11.
Комитеттің қызметін қаржыландыру республикалық бюджеттен жүзеге асырылады.
12.
Комитетке өзінің функциясы болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында кәсіпкерлік субъектілерімен шарттық қатынастарға түсуге жол берілмейді.
13.
Егер Комитетке Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерімен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқы берілсе, онда мұндай қызметтен түскен кірістер бюджетке жолданады.
2. Комитеттің негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері
14.
Міндеттері:
1)
тілдерді дамыту саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру және мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;
2)
Қазақстан Республикасындағы қоғамдық келісімді, ішкі саяси тұрақтылықты нығайту, мемлекеттік рәміздерді пайдалану саласындағы мемлекеттік органдардың қызметін үйлестіру;
3)
Комитетке жүктелген өзге де мiндеттер.
15. Функциялары:
1) тиісті салаларда нормативтік құқықтық актілерді, сондай-ақ келісімдерді, меморандумдарды және келісімшарттарды әзірлеу;
2) Қазақстан Республикасында мемлекеттiк тiлдi барынша дамытуды, оның халықаралық беделiн нығайтуды қамтамасыз ету;
3) Қазақстан Республикасының Үкіметі жанындағы мемлекеттік тіл саясатын одан әрі жетілдіру, республикалық терминологиялық және ономастикалық комиссиялардың қызметін қамтамасыз ету;
4) орталық және облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдарында Қазақстан Республикасының тіл туралы заңнамасының сақталуын бақылау;
5) Қазақстан Республикасының тiл туралы заңнамасында белгiленген талаптардың бұзылуын жою туралы ұсынымдар беру;
6) тиiстi органдарға Қазақстан Республикасының тiл туралы заңнамасының бұзылуына кiнәлi лауазымды адамдарға тәртiптiк жазалау шараларын қолдану туралы ұсыныстар енгiзу;
7) тілдерді дамыту саласындағы бірыңғай мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі қызметтің ақпараттық, әдістемелік қамтамасыз етілуін ұйымдастыру;
8) мемлекеттік және салалық (секторалдық) бағдарламаларды іске асыру жөніндегі қоғамдық ұйымдармен өзара іс-қимылдарды жүзеге асыру;
9) тілдерді дамыту, iшкi саяси тұрақтылықты, қоғамдық келiсiмдi нығайтуға бағытталған халықаралық, республикалық және өзге де iс-шаралар, акциялар мен конкурстар өткiзу;
10) мемлекеттiк органдардың мемлекеттiк әлеуметтiк тапсырысты қалыптастыру және iске асыру жөнiндегi қызметiн үйлестiрудi жүзеге асыру;
11) мемлекеттiк әлеуметтiк тапсырысты қалыптастыратын және iске асыратын мемлекеттiк органдарға ақпараттық, консультациялық, әдiстемелiк қолдау көрсету;
12) мемлекеттiк әлеуметтiк тапсырысты iске асыру мониторингiн жүзеге асыру;
13) Қазақстан Республикасының Үкiметiне мемлекеттiк әлеуметтiк тапсырысты iске асыру мониторингiнiң қорытындылары бойынша ақпарат беру;
14) Мемлекеттiк әлеуметтiк тапсырыстың өнiм берушiлер тiзiлiмiн жүргiзудi жүзеге асыру;
15) мемлекеттiк әлеуметтiк тапсырыс саласындағы электрондық ақпараттық ресурстарды құру және олардың жұмыс iстеуiн қамтамасыз ету, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жеке және заңды тұлғалардың оларға қол жеткiзуiн ұйымдастыру;
16) ұлттық стандарттарға сәйкес келмейтiн Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк Туын, Мемлекеттiк Елтаңбасын ауыстыру және жою қағидаларын әзiрлеу;
17) Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк Туын, Мемлекеттiк Елтаңбасын және олардың бейнелерiн, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк Әнұранының мәтiнiн орналастыру және пайдалану қағидаларын әзiрлеу;
18) ономастикалық комиссиясының жұмысын үйлестіру;
19) республикалық бюджеттік бағдарламаларды іске асыру;
20) мемлекеттік сатып алу саласындағы қызметті жүзеге асыру;
21) үкіметтік емес ұйымдармен өзара әрекет жасау;
22) Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Мемлекеттік рәміздер жөніндегі республикалық комиссияның жұмысын, Қазақстан Республикасының Үкіметі жанындағы Үкіметтік емес ұйымдармен өзара әрекет жөніндегі үйлестіру кеңесінің қызметтерін қамтамасыз ету;
23) Қазақстан халқы Ассамблеясында отырыс өткізуді ұйымдастыруға қатысу;
24) қоғамдық-саяси ахуал жөнінде жергілікті атқарушы органдармен өзара әрекет, ішкі саясат саласындағы негізгі бағыттар бойынша ақпараттық-талдау материалдарын дайындау;
25) Комитет құзыретiне жататын мәселелер бойынша түсiндiру жұмыстарын жүзеге асыруды қамтамасыз ету;
26) Комитет құзыретiне жататын мәселелер бойынша ақпараттық-насихаттау iс-шараларын жүзеге асыру;
27) Комитет құзыретіне жататын мәселелер бойынша стратегиялық және бағдарламалық құжаттарды әзірлеуге қатысу;
28) заңнамада белгіленген шарттарда және тәртіпте әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы хаттамаларды жасау;
29) «Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитетінің «Шайсұлтан Шаяхметов атындағы тiлдердi дамытудың республикалық үйлестiру-әдiстемелiк орталығы» республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорнына қатысты мемлекеттік басқарудың тиісті саласында (аясына) басшылықты жүзеге асырады;
30) Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Республикасының Президентi мен Үкiметiнiң актiлерiнде көзделген өзге де функцияларды жүзеге асыру.
Ескерту. 15-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Мәдениет және спорт министрінің 18.05.2015 № 185 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
16.
Құқықтары мен міндеттері:
1) өз құзыреті шегінде құқықтық актілерді қабылдау;
2) мемлекеттік органдардан, ұйымдардан, олардың лауазымды адамдарынан заңнамада белгіленген тәртіппен қажетті ақпаратты және материалды сұрату және алу;
3) Қазақстан Республикасының заңнамасын сақтау;
4) Комитеттің жанынан консультативтік-кеңесші органдарды құру;
5) Комитеттің құзыреті шегінде конкурстарды, фестивальдарды, конференцияларды, семинарлар және басқа іс-шараларды ұыймдастыру және өткізу;
6) тілдерді және қоғамдық-саяси жұмысты дамытуға еңбегін сіңірген тұлғаларды мемлекеттік наградаларға ұсынуға ұсыныс енгізу;
7)
Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында көзделген өзге де құқықтарды жүзеге асыру.
3. Комитеттің қызметін ұйымдастыру
17.
Комитетті Қазақстан Республикасының заңдарымен белгіленген тәртіпке сәйкес Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрі қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын Төраға басқарады.
18.
Комитет төрағасының Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес жауапты хатшы қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын үш орынбасары болады.
19.
Комитет төрағасы Комитетке басшылық етуді жүзеге асырады, Комитетке жүктелген міндеттердің орындалуы мен оның өз функцияларын жүзеге асыруы үшін дербес жауапты болады.
20. Комитет төрағасы:
1) өзінің орынбасарларының міндеттері мен өкілеттіліктерін анықтайды;
2) Комитеттің құрылымдық бөлімшелері ережесін бекітеді;
3) Комитеттің төраға орынбасарларынан басқа, Комитет қызметкерлерін қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
4) Комитеттің төраға орынбасарларынан басқа, Комитет қызметкерлерінің іссапар, еңбек демалысын беру, материалдық көмек көрсету, даярлау (қайта даярлау), біліктілігін арттыру, ынталандыру, үстемақылар төлеу және сыйақы беру, сондай-ақ тәртіптік жауапкершілігі мәселелерін шешеді;
5) Министрлікпен келісе отырып, заңнамада белгіленген тәртіппен ведомстволық бағыныстағы кәсіпорынның басшысын тағайындайды;
6) өз құзыреті шегінде бұйрықтарға қол қояды, Комитет, қызметкерлерінің орындауы міндетті нұсқаулар береді;
7) Комитеттің әкімшілік-ұйымдастыру, құқықтық, экономикалық және қаржылық қызметін қамтамасыз етуге жауапты құрылымдық бөлімшелерінің қызметтеріне жетекшілік етеді;
8) мемлекеттік органдарда және өзге де ұйымдарда тиісті заңнамаға сәйкес Комитет өкілі болады;
9) Комитетте сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекетке бағытталған шаралар қабылдайды және сыбайлас жемқорлыққа қарсы қабылданған шараларға дербес жауапты болады;
10) тілдерді дамыту мен қоғамдық-саяси жұмыстарға белсене қатысқан тұлғаларға құрмет грамоталарын және алғыс хаттарды беру жөніндегі мәселелерді шешеді;
11) өз құзыреті шеңберінде басқа да мәселелер бойынша шешім қабылдайды.
Ескерту. 20-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Мәдениет және спорт министрінің 18.05.2015 № 185 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
21.
Төраға жұмыста болмаған жағдайда Комитет қызметінің жалпы басшылығы мен Комитетке жүктелген міндеттерді орындауға және оның өз функцияларын іске асыруға дербес жауапкершілікте болу Төраға орынбасарларының біріне жүктеледі.
22.
Комитеттің консультациялық кеңесші орган болып табылатын алқасы болуы мүмкін. Алқаның сандық және жеке құрамын Төраға бекітеді.
23.
Комитет қызметін ұйымдастыру бойынша басқа да мәселелер Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілер, Министрлік және Комитеттің бұйрықтарымен реттеледі.
4. Комитеттің мүлкі
24.
Комитеттің жедел басқару құқығындағы оқшауланған мүлкі болады.
Комитет мүлкі оған мемлекет берген мүліктің есебінен қалыптасады, сондай-ақ құны Комитеттің теңгерімінде көрсетілетін өзге де мүліктерден тұрады.
25.
Комитетке бекітіліп берілген мүлік республикалық меншікке жатады.
26.
Комитеттің өзіне бекітілген мүлікті, Қазақстан Республикасы заңдарында өзгеше белгіленбесе, өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған басқа да жолмен билік етуіне жол берілмейді.
5. Комитетті қайта ұйымдастыру және тарату
27.
Комитетті қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес жүзеге асырылады.