"Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитеті" мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт Министрінің 2014 жылғы 14 қазандағы № 36 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2015 жылғы 18 мамырдағы № 185 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 23 маусымда № 11413 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2016 жылғы 31 мамырдағы № 150 бұйрығымен

      Ескерту. Бұйрықтың күші жойылды - ҚР Мәдениет және спорт министрінің 31.05.2016 № 150 бұйрығымен.

      «Нормативтік құқықтық актілер туралы» 1998 жылғы 24 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 29-бабы 1-тармағының 6) тармақшасына және «Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 31 желтоқсандағы № 1440 қаулысына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
      1. «Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитеті» мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы» 2014 жылғы 14 қазандағы № 36 Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт Министрінің бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9807 болып тіркелген, 2014 жылғы 10 қарашада «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
      көрсетілген бұйрықпен бекітілген «Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитеті» мемлекеттік мекемесінің ережесінде:
      15-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «15. Функциялары:
      1) тиісті салаларда нормативтік құқықтық актілерді, сондай-ақ келісімдерді, меморандумдарды және келісімшарттарды әзірлеу;
      2) Қазақстан Республикасында мемлекеттiк тiлдi барынша дамытуды, оның халықаралық беделiн нығайтуды қамтамасыз ету;
      3) Қазақстан Республикасының Үкіметі жанындағы мемлекеттік тіл саясатын одан әрі жетілдіру, республикалық терминологиялық және ономастикалық комиссиялардың қызметін қамтамасыз ету;
      4) орталық және облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдарында Қазақстан Республикасының тіл туралы заңнамасының сақталуын бақылау;
      5) Қазақстан Республикасының тiл туралы заңнамасында белгiленген талаптардың бұзылуын жою туралы ұсынымдар беру;
      6) тиiстi органдарға Қазақстан Республикасының тiл туралы заңнамасының бұзылуына кiнәлi лауазымды адамдарға тәртiптiк жазалау шараларын қолдану туралы ұсыныстар енгiзу;
      7) тілдерді дамыту саласындағы бірыңғай мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі қызметтің ақпараттық, әдістемелік қамтамасыз етілуін ұйымдастыру;
      8) мемлекеттік және салалық (секторалдық) бағдарламаларды іске асыру жөніндегі қоғамдық ұйымдармен өзара іс-қимылдарды жүзеге асыру;
      9) тілдерді дамыту, iшкi саяси тұрақтылықты, қоғамдық келiсiмдi нығайтуға бағытталған халықаралық, республикалық және өзге де iс-шаралар, акциялар мен конкурстар өткiзу;
      10) мемлекеттiк органдардың мемлекеттiк әлеуметтiк тапсырысты қалыптастыру және iске асыру жөнiндегi қызметiн үйлестiрудi жүзеге асыру;
      11) мемлекеттiк әлеуметтiк тапсырысты қалыптастыратын және iске асыратын мемлекеттiк органдарға ақпараттық, консультациялық, әдiстемелiк қолдау көрсету;
      12) мемлекеттiк әлеуметтiк тапсырысты iске асыру мониторингiн жүзеге асыру;
      13) Қазақстан Республикасының Үкiметiне мемлекеттiк әлеуметтiк тапсырысты iске асыру мониторингiнiң қорытындылары бойынша ақпарат беру;
      14) Мемлекеттiк әлеуметтiк тапсырыстың өнiм берушiлер тiзiлiмiн жүргiзудi жүзеге асыру;
      15) мемлекеттiк әлеуметтiк тапсырыс саласындағы электрондық ақпараттық ресурстарды құру және олардың жұмыс iстеуiн қамтамасыз ету, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жеке және заңды тұлғалардың оларға қол жеткiзуiн ұйымдастыру;
      16) ұлттық стандарттарға сәйкес келмейтiн Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк Туын, Мемлекеттiк Елтаңбасын ауыстыру және жою қағидаларын әзiрлеу;
      17) Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк Туын, Мемлекеттiк Елтаңбасын және олардың бейнелерiн, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк Әнұранының мәтiнiн орналастыру және пайдалану қағидаларын әзiрлеу;
      18) ономастикалық комиссиясының жұмысын үйлестіру;
      19) республикалық бюджеттік бағдарламаларды іске асыру;
      20) мемлекеттік сатып алу саласындағы қызметті жүзеге асыру;
      21) үкіметтік емес ұйымдармен өзара әрекет жасау;
      22) Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Мемлекеттік рәміздер жөніндегі республикалық комиссияның жұмысын, Қазақстан Республикасының Үкіметі жанындағы Үкіметтік емес ұйымдармен өзара әрекет жөніндегі үйлестіру кеңесінің қызметтерін қамтамасыз ету;
      23) Қазақстан халқы Ассамблеясында отырыс өткізуді ұйымдастыруға қатысу;
      24) қоғамдық-саяси ахуал жөнінде жергілікті атқарушы органдармен өзара әрекет, ішкі саясат саласындағы негізгі бағыттар бойынша ақпараттық-талдау материалдарын дайындау;
      25) Комитет құзыретiне жататын мәселелер бойынша түсiндiру жұмыстарын жүзеге асыруды қамтамасыз ету;
      26) Комитет құзыретiне жататын мәселелер бойынша ақпараттық-насихаттау iс-шараларын жүзеге асыру;
      27) Комитет құзыретіне жататын мәселелер бойынша стратегиялық және бағдарламалық құжаттарды әзірлеуге қатысу;
      28) заңнамада белгіленген шарттарда және тәртіпте әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы хаттамаларды жасау;
      29) «Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитетінің «Шайсұлтан Шаяхметов атындағы тiлдердi дамытудың республикалық үйлестiру-әдiстемелiк орталығы» республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорнына қатысты мемлекеттік басқарудың тиісті саласында (аясына) басшылықты жүзеге асырады;
      30) Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Республикасының Президентi мен Үкiметiнiң актiлерiнде көзделген өзге де функцияларды жүзеге асыру.»;
      20-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «20. Комитет төрағасы:
      1) өзінің орынбасарларының міндеттері мен өкілеттіліктерін анықтайды;
      2) Комитеттің құрылымдық бөлімшелері ережесін бекітеді;
      3) Комитеттің төраға орынбасарларынан басқа, Комитет қызметкерлерін қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
      4) Комитеттің төраға орынбасарларынан басқа, Комитет қызметкерлерінің іссапар, еңбек демалысын беру, материалдық көмек көрсету, даярлау (қайта даярлау), біліктілігін арттыру, ынталандыру, үстемақылар төлеу және сыйақы беру, сондай-ақ тәртіптік жауапкершілігі мәселелерін шешеді;
      5) Министрлікпен келісе отырып, заңнамада белгіленген тәртіппен ведомстволық бағыныстағы кәсіпорынның басшысын тағайындайды;
      6) өз құзыреті шегінде бұйрықтарға қол қояды, Комитет, қызметкерлерінің орындауы міндетті нұсқаулар береді;
      7) Комитеттің әкімшілік-ұйымдастыру, құқықтық, экономикалық және қаржылық қызметін қамтамасыз етуге жауапты құрылымдық бөлімшелерінің қызметтеріне жетекшілік етеді;
      8) мемлекеттік органдарда және өзге де ұйымдарда тиісті заңнамаға сәйкес Комитет өкілі болады;
      9) Комитетте сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекетке бағытталған шаралар қабылдайды және сыбайлас жемқорлыққа қарсы қабылданған шараларға дербес жауапты болады;
      10) тілдерді дамыту мен қоғамдық-саяси жұмыстарға белсене қатысқан тұлғаларға құрмет грамоталарын және алғыс хаттарды беру жөніндегі мәселелерді шешеді;
      11) өз құзыреті шеңберінде басқа да мәселелер бойынша шешім қабылдайды.».
      2. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жарияланға жіберілуін;
      3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің және Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитетінің интернет-ресурстарында орналастыруды;
      4) осы тармақпен көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді іс-шараларды орындағаннан кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт вице-министрі М.А. Әзілхановқа жүктелсін.
      4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
      Мәдениет және спорт министрі               А. Мұхамедиұлы

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады