Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2016 жылғы 31 мамырдағы № 150 бұйрығы

      «Құқықтық актілер туралы» 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 27-бабының 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. Мыналардың:
      1) «Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитеті» мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт Министрінің 2014 жылғы 14 қазандағы № 36 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9807 болып тіркелген, «Егемен Қазақстан» газетінде 2015 жылғы 26 ақпанда № 38 болып жарияланған);
      2) «Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитеті» мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт Министрінің 2014 жылғы 14 қазандағы № 36 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт Министрінің 2015 жылғы 18 мамырдағы № 185 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11413 болып тіркелген, «Егемен Қазақстан» газетінде 2015 жылғы 23 шілдеде № 138 болып жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
      2. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитеті (Қ.Ж. Асылов) заңнамада белгіленген тәртіпте:
      1) осы бұйрыққа қол қойылған күнінен бастап бір апталық мерзімде оның көшірмелерін Қазақстан Республикасының Әділет министрлігіне және «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды;
      2) осы бұйрық қолданысқа енгізілген күнінен бастап он күн ішінде оны Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің және Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитетінің интернет-ресурстарында орналастыруды қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт вице-министріне жүктелсін.
      4. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

      Министр                                         А. Мұхамедиұлы

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады