Мемлекеттік қызметтер көрсету, мемлекеттік қызмет, қызмет этикасы және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы заңнамасының сақталуы бойынша тексеру парағының нысанын және мемлекеттік органдар қызметінің тәуекел дәрежесін бағалау критерийлерін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2014 жылғы 31 желтоқсандағы № 88 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 9 ақпанда № 10206 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының 2015 жылғы 1 шілдедегі № 207 бұйрығымен

      Ескерту. Бұйрықтың күші жойылды - ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының 01.07.2015 № 207 бұйрығымен.

      «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 13 және 15-баптарына, «Мемлекеттік қызмет туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабы 1-тармағы 9) және 9-1) тармақшаларына, Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 29 тамыздағы № 900 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі туралы ереженің 15-тармағы 27), 33) және 37) тармақшаларына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қоса берілген:
      1) Мемлекеттік қызметтер көрсету, мемлекеттік қызмет, қызмет этикасы және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы заңнамасының сақталуы бойынша мемлекеттік органдар қызметінің тексеру парағының нысаны осы бұйрықтың 1-қосымшасына сәйкес;
      2) Мемлекеттік қызметтер көрсету, мемлекеттік қызмет, қызмет этикасы және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл заңнамасының сақталуы бойынша мемлекеттік органдар қызметінің тәуекел дәрежесін бағалау критерийлері осы бұйрықтың 2-қосымшасына сәйкес бекітілсін.
      2. Осы бұйрықтың 3-қосымшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын.
      3. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлық профилактикасы департаменті осы бұйрықтың заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік тіркелуін және ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының орынбасары С.Қ. Ахметжановқа жүктелсін.
      5. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Төраға                                     Қ. Қожамжаров

Қазақстан Республикасы  
Мемлекеттік қызмет істері
және сыбайлас жемқорлыққа
қарсы іс-қимыл агенттігі 
Төрағасының       
2014 жылғы 31 желтоқсандағы
№ 88 бұйрығына      
1-қосымша        

Нысан 

Мемлекеттік қызметтер көрсету, мемлекеттік қызмет, қызмет
этикасы және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы
заңнамасының сақталуы бойынша мемлекеттік органдар қызметінің
тексеру парағының нысаны

Тексеруді тағайындаған мемлекеттік органның атауы
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________

Тексеруді тағайындау туралы акт______________________________________
                                              (№, күні)
Бақылау субъектісінің атауы
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________

Бизнес сәйкестендіру нөмірі
____________________________________________________________________

Орналасқан жердің мекен-жайы (бақылау субъектісінің заңды мекен-жайы)
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________

Тексеру мерзімі: «__» _____ 20__ ж. және «__» ______ 20__ ж. аралығы

Талаптар тізімі

Иә

Жоқ

Мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптары

1

Мемлекеттік қызметтің бекітілген стандартының болуы



2

Мемлекеттік қызметтің бекітілген регламентінің болуы



3

Мүмкіндігі шектеулі адамдардың мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді алуы кезінде оларға қажетті жағдайлардың болуы



4

Көрсетілетін қызметті алушыларға мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы қолжетімді нысанда толық және анық ақпаратты ұсынуы



5

Мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы қызметкерлердің біліктілігін арттыруы



6

Көрсетілетін қызметті алушылардың шағымдарының мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы Қазақстан Республикасының Заңнамасымен белгіленген мерзімдерде қаралуы және олардың қарау нәтижелері туралы хабардар етілуі



7

Көрсетілетін қызметті алушылардың сұрау салуы бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызметтің орындалу сатысы туралы хабардар ету



8

Көрсетілетін қызметті алушылардың бұзылған құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қалпына келтіруге бағытталған шараларды қабылдау



9

Мемлекеттік қызмет көрсету сатысы туралы деректерді мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне енгізуді қамтамасыз ету



10

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттары мен регламенттерінің қолжетімділігін қамтамасыз етуі



11

Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын ішкі бақылау нәтижелері бойынша ақпараттың Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіне (бұдан әрі - Агенттік) және оның аумақтық бөлімшелеріне ұсынылуын қамтамасыз етуі



12

Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығына мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы ақпаратты ұсыну



13

Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы заңнамаға сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына ішкі бақылауды жүргізу



14

Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының жобасын жария талқылаудың тәртібі Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы заңнаманың талаптарына сәйкес болу



15

Мемлекеттік қызмет көрсетудің стандартын әзірлеу және бекіту мерзімдерін сақтау



16

Мемлекеттік қызмет көрсетудің регламентін әзірлеу және бекіту мерзімдерін сақтау



17

Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты бекітілген немесе өзгертілгеннен кейін оның көрсету тәртібі туралы ақпаратты жаңарту



18

«Электрондық үкіметтің» веб-порталында, интернет-ресурстарда және басқа да бұқаралық ақпарат құралдарында мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі қызмет туралы есепті орналастыру



19

Көрсетілетін қызметті берушілердің, мүдделі жеке және заңды тұлғалардың қатысуымен мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы қызмет туралы есептерге жария талқылаулар өткізу



20

Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасының қоғамдық мониторингі қорытындысын ескере отырып, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын арттыру жөнінде шаралар қабылдау



21

Қазақстан Республикасының заңнамасымен тегін ұсынылуға кепілдік берілген мемлекеттік қызметтерді тегін негізде көрсету



22

Көрсетілетін қызмет алушыларды мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы хабардар етпеу



Мемлекеттік қызмет саласындағы Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптары

23

Мемлекеттік органдарда саяси партия ұйымдарын құру бойынша шектеулерді сақтау



24

Персоналды басқару қызметімен (кадрлық қызметі) мемлекеттік қызмет туралы заңнамасы талаптарының сақталуы



25

Мемлекеттік қызметшілермен мемлекеттік және еңбек тәртібінің сақталуы



26

Мемлекеттік қызметке кірген тұлғалардың «Мемлекеттік қызмет туралы» Қазақстан Республикасы Заңымен көрсетілген талаптарына сәйкестігі



27

Мемлекеттiк органдарда жұмыс уақытының ұзақтығы талаптарының сақталуы



28

Iссапарлар кезiндегi кепiлдiктер мен өтемақылардың сақталуы



29

Мүдделер қақтығысында «Мемлекеттік қызмет туралы» Қазақстан Республикасы Заңының талаптарының сақталуы



30

Мемлекеттік әкімшілік қызметшінің мемлекеттік әкімшілік қызметке кіру, басқа лауазымға ауысу және мемлекеттік қызметті тоқтату тәртібі талаптарының сақталуы



31

Мемлекеттік қызметшіге еңбек демалысын беру кезіндегі талаптарының сақталуы



32

Мемлекеттiк қызметшiлерге қатысты әлеуметтiк қорғау шараларын қамтамасыз ету бойынша талаптарының сақталуы



33

Мемлекеттік әкімшілік қызметшісінің антын қабылдау тәртібі, сондай-ақ ант мәтінің Қазақстан Республикасы мемлекеттік әкімшілік қызметшісі антының мәтінін және Қазақстан Республикасы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің ант беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 1999 жылғы 29 желтоқсандағы № 319 Жарлығының талаптарына сәйкестігінің сақталуы



34

Мемлекеттік әкімшілік қызметшіге тәртіптік жаза қолдануда Қазақстан Республикасы Президентінің 1999 жылғы 31 желтоқсандағы № 321 Жарлығымен бекітілген, Қазақстан Республикасының мемлекеттік әкімшілік қызметшілеріне тәртіптік жаза қолдану туралы Ережесі тәртібінің сақталуы



35

Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 21 қаңтардағы № 327 Жарлығымен бекітілген, Мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің қызметіне жыл сайынғы бағалау жүргізу және оларды аттестаттаудан өткізу қағидаларымен қарастырылған мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметіне жыл сайынғы бағалау жүргізу және оларды аттестаттаудан өткізу тәртібінің сақталуы



36

Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 10 наурыздағы № 357 Жарлығымен бекітілген, Мемлекеттік қызмет өткеру тәртібі туралы Ережесі талаптарының сақталуы



37

Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылғы 11 қазандағы № 1457 Жарлығымен бекітілген, мемлекеттік қызметшілерін даярлау, қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру ережесімен қарастырылған, мемлекеттік әкімшілік қызметкерлердің біліктілігін арттырудың кезеңділігі талаптарының сақталуы



38

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының 2013 жылғы 19 наурыздағы № 06-7/32 Бұйрығымен бектілген, бос әкімшілік мемлекеттік лауазымға орналасуға конкурс өткізу және конкурс комиссиясын қалыптастыру қағидалардың талаптарын сақталуы (нормативтік құқтық актілерді мемлекеттік тіркеу Реестрінде 2013 жылы 20 наурызда № 8380 тіркелген)



39

Мемлекеттік органның конкурстық комиссиясының мемлекеттік әкімшілік қызметтің кадр резервіне алу туралы ұсынымының Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 4 желтоқсандағы № 1243 Жарлығымен бекітілген, Мемлекеттік қызметтің кадр резерві туралы ережесінде көрсетілген талаптарға сәйкестігі



40

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының 2003 жылғы № 02-0102/59 Бұйрығымен бекітілетін, мемлекеттік қызметшінің қызметтік тізімін толтыру нысаны бойынша ұсыныстарының сақталуы (нормативтік құқтық актілерді мемлекеттік тіркеу Реестрінде № 2290 тіркелген)



41

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының 2008 жылғы 9-қаңтардағы № 02-01-02/05 бұйрығымен бекітілген, «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік лауазымдарының санаттарына үлгілік біліктілік талаптарымен қарастырылған «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік лауазымдары санаттарының А, В, С, Б, Е санаттары топтарының біліктілік талаптарына, «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына тағайындалған тұлғалардың сәйкестігі (нормативтік-құқтық актілерді мемлекеттік тіркеу Реестрінде № 5084 тіркелген)



42

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының 2011 жылғы 12-тамыздағы № 02-01-02/164 бұйрығымен бекітілген, Мемлекеттік әкімшілік қызметшінің лауазымдық нұсқаулығын әзірлеу мен бекіту жөніндегі ережесімен көзделген талаптарға Мемлекеттік қызметшілердің лауазымдық нұсқаулықтарының сәйкестігі (нормативтік құқтық актілерді мемлекеттік тіркеу Реестрінде № 7157 тіркелген)



Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің ар-намыс кодексінің талаптары

43
 

Мемлекеттік қызметшілермен Қазақстан Республикасы «Мемлекеттік қызмет туралы» Заңының 20-1 бабы және Қазақстан Республикасы Президентінің 2005 жылғы 5 мамырдағы № 1567 Жарлығымен бекітілген, Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің ар-намыс кодексі (мемлекеттік қызметшілердің қызмет этикасы Ережелері) (бұдан әрі - Ар-намыс кодексі) талаптарының сақталуы



44

Мемлекеттік қызметшінің, мемлекеттік қызметке кіргеннен кейін үш күн мерзімде Ар-намыс кодексімен жазбаша түрде таныстырылуы



45

Ар-намыс кодексінің мәтінінің мемлекеттік органдардың ғимараттарында баршаға көрінетіндей жерлерде орналастырылуы



46

Қызметтік міндеттерін атқару кезеңінде киімнің іскерлік қалпын ұстанудың сақталуы



Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптары

47

Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайлардың болуы



48

Жеке істе мемлекеттiк қызметшінің міндетті өтетін арнайы тексерудің оң нәтижелерін алғаны туралы ұлттық қауіпсіздік органы хатының болуы жөніндегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы заңнама талаптарының сақталуы



49

Қазақстан Республикасының заңнамасымен көзделген, қаржылық бақылау шараларының сақталуы



50

Мемлекеттік қызметшілермен өздерiнiң жақын туыстары немесе ерi (зайыбы) атқаратын қызметтерге тiкелей бағынысты лауазымдарды, Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларды қоспағанда, атқаруына болмайтын туралы шектеулердің сақталуы



51

Мемлекеттік қызметшілермен, Қазақстан Республикасы заңнамасымен көзделген, мемлекеттік функцияларды орындаумен сыйыспайтын басқа қызметпен айналысу бойынша шектеулердің сақтаулы



52

Қазақстан Республикасы заңнамасымен көзделген, сыбайлас жемқорлыққа жағдай туғызатын құқық бұзушылықтардың болуы



53

Игiлiктер мен артықшылықтарды заңсыз алуға байланысты сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың болуы



Тексерістің аяқталу күні ____________________________________________

Тексерісті жүргізуге уәкілетті лауазымды тұлғалар:
______________________________________________            ___________
    Тегі, аты, әкесі (егер болса) лауазымы                   (қолы)
______________________________________________            ___________
    Тегі, аты, әкесі (егер болса) лауазымы                   (қолы)

Тексерілетін субъектінің басшысы таныстым:
______________________________________________            ___________
    Тегі, аты, әкесі (егер болса) лауазымы                   (қолы)

Қазақстан Республикасы  
Мемлекеттік қызмет істері
және сыбайлас жемқорлыққа
қарсы іс-қимыл агенттігі 
Төрағасының       
2014 жылғы 31 желтоқсандағы
№ 88 бұйрығына      
2-қосымша        

Мемлекеттік қызметтер көрсету, мемлекеттік қызмет, қызмет
этикасы және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы
заңнаманың сақталуы бойынша мемлекеттік органдар қызметінің
тәуекел дәрежесін бағалау критерийлері

1. Жалпы ережелер

      1. Осы мемлекеттік қызметтер көрсету, мемлекеттік қызмет, қызмет этикасы және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес іс-қимыл саласындағы заңнамасының сақталуы бойынша мемлекеттік органдар қызметінің тәуекел дәрежесін бағалау критерийлері (бұдан әрі – Критерийлер) «Мемлекеттік қызмет туралы», «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы», «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Қазақстан Республикасы Заңдарына, Ар-намыс кодексіне, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 29 тамыздағы № 900 Жарлығымен бекітілген, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі туралы ережеге сәйкес, тексерілетін субъектілерді белгілі бір тәуекел тобына жатқызу үшін әзірленген.
      2.  Критерийлерде мынадай ұғымдар пайдаланылады:
      1) бақылау субъектілері – қызметтеріне бақылау және қадағалау жүргізілетін, Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары, мемлекеттік қызметшілер және өзге де мемлекеттiк мiндеттердi атқаруға уәкiлеттiк берiлген тұлғалар және соларға теңестiрiлген тұлғалар;
      2) тәуекел дәрежесін бағалау критерийлері – салалық даму ерекшеліктері мен олардың дамуына әсер ететін факторларды ескере отырып, тексерілетін субъектілердің тікелей қызметімен байланысты, әртүрлі тәуекел дәрежесіне жатқызуға мүмкіндік беретін сандық және сапалық көрсеткіштердің жиынтығы;
      3) тәуекел – мемлекеттік қызметтерді сапасыз көрсету және мемлекеттік қызметтердің стандарттары мен регламенттерін қолдану нәтижесінде мемлекеттік қызмет алушыларға зиян келтіру, сондай-ақ меритократиялық, тиімділік, нәтижелілік, транспаренттік принциптеріне негізделген, мемлекеттік қызмет жүйесінің кәсібилендірілуінің төмендеуіне, мемлекеттік қызметшілердің, сонымен бірге жеке және заңды тұлғалардың заңды мүдделеріне зиян келтіру ықтималдығы.

2. Объективті критерийлерді ескере отырып, тексерілетін
субъектілерді жоғары, орташа және елеусіз тәуекел топтарына
бөлу

      3. Алғашқыда барлық бақылау субъектілері елеусіз тәуекел дәрежесіне жатқызылады.
      4. Әр тәуекел критерийі бойынша шекті мөлшерде тиісті бал беріледі.
      Тәуекел дәрежесін бағалаудың критерийлері болып мыналар табылады:
      1) жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау кезінде бұзушылықтар анықталған өтініштер саны:
      1 ден 3 дейінгі өтініштер – 4 балл;
      4 тен 7 дейінгі өтініштер – 7 балл;
      7 ден жоғары өтініштер – 10 балл.
      2) мемлекеттік органдардың жыл сайынғы «мемлекеттік қызметтер көрсету» бағыты бойынша қызметінің тиімділігін бағалау қорытындысы:
      Бағалау қорытындысы бойынша мемлекеттік органның қызметі тиімдігінің жоғары деңгейі – 2 балл;
      Бағалау қорытындысы бойынша мемлекеттік органның қызметі тиімдігінің орташа деңгейі – 4 балл;
      Бағалау қорытындысы бойынша мемлекеттік органның қызметі тиімдігінің төмен деңгейі – 7 балл;
      Бағалау қорытындысы бойынша мемлекеттік орган қызметінің тиімсіздігі – 10 балл;
      3) мемлекеттік органдардың жыл сайынғы «персоналды басқару» бағыты бойынша қызметінің тиімділігін бағалау қорытындысы:
      Бағалау қорытындысы бойынша мемлекеттік органның қызметі тиімдігінің жоғары деңгейі – 2 балл;
      Бағалау қорытындысы бойынша мемлекеттік органның қызметі тиімдігінің орташа деңгейі – 4 балл;
      Бағалау қорытындысы бойынша мемлекеттік органның қызметі тиімдігінің төмен деңгейі – 7 балл;
      Бағалау қорытындысы бойынша мемлекеттік орган қызметінің тиімсіздігі – 10 балл;
      4) жоспарлы, жоспардан тыс тексерулермен және басқа мемлекеттік органдардың тексеру қорытындысымен анықталған бұзушылықтар саны:
      1-ден 10 дейінгі бұзушылық – 4 балл;
      11-ден 20 дейінгі бұзушылық – 7 балл;
      21-ден жоғары бұзушылық – 10 балл.
      5) мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің бекітілген стандарты мен регламентінің болмауы – 10 балл;
      6) мемлекеттік қызметтер көрсету мерзімдерінің бұзылуы:
      есеп кезеңінде көрсетілген жалпы қызмет санының 0,1-ден 2 %-ға дейін – 2 балл;
      есеп кезеңінде көрсетілген жалпы қызмет санының 2-ден 5 %-ға дейін – 5 балл;
      есеп кезеңінде көрсетілген жалпы қызмет санының 5 %-дан жоғары – 10 балл;
      7) қызметтік міндеттеріне, мемлекеттік қызметтер көрсету мәселесі кіретін қызметкерлерінің біліктілігін арттыруды қамтамасыз етудің болмауы – 10 балл;
      8) мемлекеттік қызметтер көрсетудің сапасына ішкі бақылау нәтижелерін мониторингілеу шеңберінде шындыққа сай келемйтін есептік ақпарат ұсыну – 10 балл;
      9) көрсетілетін қызметті алушыларды мемлекеттік қызметтер көрсетудің тәртібі туралы хабардар етпеу – 10 балл.
      10) мемлекеттік қызмет көрсету, мемлекеттік қызмет, қызметтік этика және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қылмай салаларындағы Қазақстан Республикасы заңнамаларының талаптарын сақтау бойынша дер кезінде шара қабылдамауы (анықталған бұзушылықтардың санына қарамастан) – 10 балл.
      5. Барлық критерийлер бойынша жалпы жиынтық қорытындыны анықтау үшін тәуекел критерийлері бойынша балдар қосылады.
      6. Барлық критерийлер бойынша жиынтық қорытындының нәтижелері бақылау субъектілерін тәуекел дәрежесінің топтары бойынша қайта бөлу үшін қолданылады.
      7. Бақылау субъектілерін тәуекел дәрежесінің топтары бойынша қайта бөлу мынадай түрде жүргізіледі:
      1) тәуекел дәрежесінің төменгі тобына тексеру жиілігі бес жылда 1 рет 0-ден 55-ке дейін бал жинаған бақылау субъектілері жатады;
      2) тәуекел дәрежесінің орташа тобына тексеру жиілігі үш жылда 1 рет 56-дан 65-ке дейін бал жинаған бақылау субъектілері жатады;
      3) тәуекел дәрежесінің жоғары тобына тексеру жиілігі бір жылда 1 рет 65-тен жоғары бал жинаған бақылау субъектілері жатады.

3. Қорытынды ережелер

      8. Тәуекел деңгейі жоғары немесе орташа деңгейдегі тексерілуші субъектілерді тексеру кезеңділігі, алдыңғы тексеру тексерулердің нәтижесінде анықталған бұзушылықтарға байланысты анықталады.
      Тексерулердің нәтижесінде бұзушылықтар анықталған және анағұрлым жоғары балл алған жағдайда, орташа немесе төмен тәуекел дәрежесіндегі тексерілуші субъектілер, тексеру аяқталғаннан соң, бір айдың ішінде тиісінше жоғары немесе орташа тәуекел дәрежесіне ауыстырылатын болады.
      9. Тәуекел дәрежесінің бір деңгейлі шеңберінде тексерілуші субъектілерге тексерулер жүргізу үшін іріктеу принциптері:
      1) берілген (алған) баллдардың едәуір сомасы бойынша;
      2) берілген баллдар тең болған жағдайда, едәуір тексерілмеген кезеңі бар субъектілер тексеру жоспарына енгізіледі.
      Тәуекел дәрежесінің бір деңгей шеңберінде тексеру жүргізу үшін субъектілерді іріктеу Агенттіктің лауазымды тұлғаларымен тексерілетін субъектілердің қызметіне тексерулердің нәтижелеріне сәйкес жарты жылда бір рет жүргізіледі.

Қазақстан Республикасы  
Мемлекеттік қызмет істері
және сыбайлас жемқорлыққа
қарсы іс-қимыл агенттігі 
Төрағасының       
2014 жылғы 31 желтоқсандағы
№ 88 бұйрығына      
3-қосымша        

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі
Төрағасының күші жойылды деп танылатын бұйрықтарының тізбесі

      1. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының м.а. «Мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес заңнамаларының сақталуы бойынша мемлекеттік органдар қызметінің тәуекел дәрежесін бағалау критерийлерін және тексеру парағының нысанын бекіту туралы» 2012 жылғы 4 желтоқсандағы № 02-01-02/167 бұйрығы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8187 болып тіркелген, 2013 жылғы 19 қаңтарда № 34-38 (27977) «Егемен Қазақстан» газетінде жарияланған);
      2. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының «Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша тәуекел дәрежесін бағалау критерийлерін және тексеру парағының нысанын бекіту туралы» 2013 жылғы 4 мамырдағы № 06-7/64 бұйрығы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8485 болып тіркелген, 2013 жылғы 12 маусымда № 146 «Егемен Қазақстан» газетінде жарияланған);
      3. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының м.а. «Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының м.а. «Мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес заңнамаларының сақталуы бойынша мемлекеттік органдар қызметінің тәуекел дәрежесін бағалау критерийлерін және тексеру парағының нысанын бекіту туралы» 2012 жылғы 4 желтоқсандағы № 02-01-02/167 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» 2013 жылғы 18 қарашадағы № 06-7/165 бұйрығы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9010 болып тіркелген, 2014 жылғы 8 ақпанда № 27 (28251) «Егемен Қазақстан» газетінде жарияланған).

Об утверждении формы проверочного листа и критериев оценки степени рисков деятельности государственных органов по соблюдению законодательства в сфере оказания государственных услуг, государственной службы, служебной этики и противодействия коррупции

Приказ Председателя Агентства Республики Казахстан по делам государственной службы и противодействию коррупции от 31 декабря 2014 года № 88. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 9 февраля 2015 года № 10206. Утратил силу приказом Председателя Агентства Республики Казахстан по делам государственной службы и противодействию коррупции от 1 июля 2015 года № 207

      Сноска. Утратил силу приказом Председателя Агентства РК по делам государственной службы и противодействию коррупции от 01.07.2015 № 207.

      В соответствии со статьями 13 и 15 Закона Республики Казахстан «О государственном контроле и надзоре в Республике Казахстан», подпунктами 9) и 9-1) пункта 1 статьи 5 Закона Республики Казахстан «О государственной службе», подпунктами 27), 33) и 37) пункта 15 Положения об Агентстве Республики Казахстан по делам государственной службы и противодействию коррупции, утвержденного Указом Президента Республики Казахстан от 29 августа 2014 года № 900, ПРИКАЗЫВАЮ:
      1. Утвердить прилагаемые:
      1) форму проверочного листа деятельности государственных органов по соблюдению законодательства в сфере оказания государственных услуг, государственной службы, служебной этики и противодействия коррупции, согласно приложению 1 к настоящему приказу;
      2) критерии оценки степени рисков деятельности государственных органов по соблюдению законодательства в сфере оказания государственных услуг, государственной службы, служебной этики и противодействия коррупции, согласно приложению 2 к настоящему приказу.
      2. Признать утратившим силу некоторые приказы Председателя Агентства Республики Казахстан по делам государственной службы, согласно приложению 3 к настоящему приказу.
      3. Департаменту государственной службы и профилактики коррупции Агентства Республики Казахстан по делам государственной службы и противодействию коррупции в установленном законодательством порядке обеспечить государственную регистрацию настоящего приказа и его официальное опубликование.
      4. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на заместителя Председателя Агентства Республики Казахстан по делам государственной службы и противодействию коррупции Ахметжанова С.К.
      5. Настоящий приказ вводится в действие по истечении десяти календарных дней после его первого официального опубликования.

      Председатель                               К. Кожамжаров

Приложение 1          
к приказу Председателя Агентства
Республики Казахстан    
по делам государственной службы
и противодействию коррупции 
от 31 декабря 2014 года № 88 

Форма           

                          Проверочный лист
деятельности государственных органов по соблюдению законодательства
в сфере оказания государственных услуг, государственной службы,
          служебной этики и противодействия коррупции

Наименование государственного органа, назначившего проверку
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
Акт о назначении проверки ___________________________________________
                                          (№, дата)
Наименование субъекта контроля
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
Бизнес идентификационный номер ______________________________________
Адрес места нахождения (юридический адрес субъекта контроля)
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________

Срок проведения проверки: с «___» _______20 __ г. по «__» ______20_г.

Перечень требований

Да

Нет

Требования законодательства Республики Казахстан в сфере оказания государственных услуг

1

Наличие утвержденного стандарта государственной услуги



2

Наличие утвержденного регламента государственной услуги



3

Наличие необходимых условий для лиц с ограниченными возможностями при получении ими государственных услуг



4

Предоставление полной и достоверной информации о порядке оказания государственных услуг услугополучателям в доступной форме



5

Повышение квалификации работников в сфере оказания государственных услуг



6

Рассмотрение жалоб услугополучателей и их информирование о результатах рассмотрения в сроки, установленные законодательством Республики Казахстан в сфере оказания государственных услуг



7

Информирование по запросу услугополучателей о стадии исполнения государственной услуги



8

Принятие мер, направленных на восстановление нарушенных прав, свобод и законных интересов услугополучателей



9

Обеспечение внесения данных в информационную систему мониторинга оказания государственных услуг о стадии оказания государственной услуги



10

Обеспечение доступности стандартов и регламентов государственных услуг



11

Обеспечение предоставления информации в Агентство Республики Казахстан по делам государственной службы и противодействию коррупции (далее - Агентство) и его территориальные подразделения информации по результатам внутреннего контроля за качеством оказания государственных услуг



12

Предоставление информации о порядке оказания государственных услуг в Единый контакт-центр по вопросам оказания государственных услуг



13

Проведение внутреннего контроля за качеством оказания государственных услуг в соответствии с законодательством Республики Казахстан в сфере оказания государственных услуг



14

Соответствие порядка проведения публичных обсуждений проектов стандартов государственных услуг требованиям законодательства Республики Казахстан в сфере оказания государственных услуг



15

Соблюдение сроков разработки и утверждения стандарта государственной услуги



16

Соблюдение сроков разработки и утверждения регламента государственной услуги



17

Соблюдение сроков актуализации информации о порядке оказания государственной услуги после утверждения или изменения стандарта государственной услуги



18

Размещение на веб-портале «электронного правительства», интернет-ресурсе и других средствах массовой информации отчета о деятельности по вопросам оказания государственных услуг



19

Проведение публичных обсуждений отчетов о деятельности в сфере оказания государственных услуг с участием услугодателей, заинтересованных физических и юридических лиц



20

Принятие мер по повышению качества оказания государственных услуг с учетом заключений общественного мониторинга качества оказания государственных услуг



21

Предоставление государственной услуги на бесплатной основе, бесплатное предоставление которых гарантировано законодательством Республики Казахстан



22

Неинформирование получателей услуг о порядке оказания государственной услуги



Требования законодательства Республики Казахстан в сфере государственной службы

23

Соблюдение ограничений по созданию в государственных органах организаций политических партий



24

Соблюдение службой управления персоналом (кадровая служба) требований, установленных законодательством о государственной службе



25

Соблюдение государственными служащими государственной и трудовой дисциплины



26

Соответствие требованиям установленных Законом Республики Казахстан «О государственной службе» в отношении лиц, поступающих на государственную службу



27

Соблюдение требований продолжительности рабочего времени в государственных органах



28

Соблюдение гарантий и компенсаций при командировках



29

Соблюдение требований Закона Республики Казахстан «О государственной службе» при конфликте интересов



30

Соблюдение требований порядка поступления на административную государственную службу, перевода и прекращения государственной службы административными государственными служащими



31

Соблюдение требований при предоставлении государственным служащим трудовых отпусков



32

Соблюдение требований по обеспечению мер социальной защиты в отношении государственных служащих



33

Соблюдение порядка принесения присяги административными государственными служащими, а также соответствие текста присяги требованиям Указа Президента Республики Казахстан от 29 декабря 1999 года № 319 «Об утверждении текста присяги административного государственного служащего Республики Казахстан и Правил принесения присяги административными государственными служащими Республики Казахстан»





34

Соблюдение порядка наложения дисциплинарных взысканий на административных государственных служащих, установленных Правилами наложения дисциплинарных взысканий на административных государственных служащих, утвержденных Указом Президента Республики Казахстан от 31 декабря 1999 года № 321



35

Соблюдение порядка проведения ежегодной оценки деятельности и аттестации административных государственных служащих, предусмотренного Правилами проведения ежегодной оценки деятельности и аттестации административных государственных служащих, утвержденных Указом Президента Республики Казахстан от 21 января 2000 года № 327



36

Соблюдение требований Положения о порядке прохождения государственной службы, утвержденного Указом Президента Республики Казахстан от 10 марта 2000 года № 357



37

Соблюдение требований периодичности повышения квалификации административных государственных служащих, предусмотренных Правилами подготовки, переподготовки и повышения квалификации государственных служащих, утвержденных Указом Президента Республики Казахстан от 11 октября 2004 года № 1457



38

Соблюдение требований Правил проведения конкурса на занятие административной государственной должности и формирования конкурсной комиссии, утвержденных приказом Председателя Агентства Республики Казахстан по делам государственной службы от 19 марта 2013 года № 06-7/32 (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов № 8380)



39

Соответствие рекомендаций конкурсной комиссии государственного органа о зачислении участников конкурса в кадровый резерв административной государственной службы требованиям Положения о кадровом резерве государственной службы, утвержденного Указом Президента Республики Казахстан от 4 декабря 2003 года № 1243



40

Соблюдение рекомендации по заполнению формы послужного списка государственного служащего, утверждаемого приказом Председателя Агентства Республики Казахстан по делам государственной службы от 29 апреля 2003 года № 02-01-02/59 (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов № 2290)



41

Соответствие лиц, назначенных на административные государственные должности корпуса «Б», квалификационным требованиям к категориям административных государственных должностей групп категорий А, В, С, D, Е корпуса «Б», предусмотренных Типовыми квалификационными требованиями к категориям административных государственных должностей корпуса «Б», утвержденных приказом Председателя Агентства Республики Казахстан по делам государственной службы от 9 января 2008 года № 02-01-02/5 (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов № 5084)



42

Соответствие должностных инструкций государственных служащих Правилам по разработке и утверждению должностной инструкции административного государственного служащего, утвержденных приказом Председателя Агентства Республики Казахстан по делам государственной службы от 12 августа 2011 года № 02-01-02/164 (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 7157)



Требования Кодекса чести государственных служащих
Республики Казахстан

43

Соблюдение государственными служащими требований статьи 20-1 Закона Республики Казахстан «О государственной службе» и Кодекса чести государственных служащих Республики Казахстан (Правил служебной этики государственных служащих), утвержденного Указом Президента Республики Казахстан от 3 мая 2005 года № 1567 (далее - Кодекс чести)



44

Ознакомление государственного служащего с Кодекса чести в письменной форме, в трехдневный срок после поступления на государственную службу



45

Размещение текста Кодекса чести в зданиях государственных органов в местах, доступных для всеобщего обозрения



46

Соблюдение делового стиля в одежде в период исполнения своих служебных обязанностей



Требования законодательства Республики Казахстан в сфере противодействия коррупции

47

Наличие причин и условий, способствующих совершению коррупционных правонарушений



48

Соблюдение требований законодательства в сфере противодействия коррупции на предмет наличия в личном деле письма органов национальной безопасности о положительных результатах прохождения государственным служащим обязательной специальной проверки



49

Соблюдение мер финансового контроля, установленных законодательством Республики Казахстан



50

Соблюдение государственными служащими ограничений по занятию должности, находящиеся в непосредственной подчиненности должностям, занимаемыми их близкими родственниками или супругом (супругой), за исключением случаев, предусмотренных законодательством Республики Казахстан



51

Соблюдение государственными служащими ограничений по занятию иной деятельности, несовместимой с выполнением государственных функций, установленных законодательством Республики Казахстан



52

Наличие правонарушений, создающих условия для коррупции, установленных законодательством Республики Казахстан



53

Наличие коррупционных правонарушений, связанных с противоправным получением благ и преимуществ



Дата окончания проверки _____________________________________________
      
Должностные лица, уполномоченные на осуществление проверки:
________________________________________________            _________
Фамилия, имя, отчество (при наличии), должность             (подпись)
________________________________________________            _________
Фамилия, имя, отчество (при наличии), должность             (подпись)
      
Руководитель проверяемого субъекта ознакомлен:
________________________________________________            _________
Фамилия, имя, отчество (при наличии), должность             (подпись)

Приложение 2          
к приказу Председателя Агентства
Республики Казахстан    
по делам государственной службы
и противодействию коррупции 
от 31 декабря 2014 года № 88 

Критерии оценки степени рисков
деятельности государственных органов по соблюдению законодательства в сфере оказания государственных услуг, государственной службы, служебной этики и противодействия коррупции

1. Общие положения

      1. Настоящие Критерии оценки степени рисков деятельности государственных органов по соблюдению законодательства в сфере оказания государственных услуг, государственной службы, служебной этики и противодействия коррупции (далее - Критерии) разработаны в соответствии с Законами Республики Казахстан «О государственной службе», «О государственном контроле и надзоре в Республике Казахстан», «О государственных услугах», «О борьбе с коррупцией», Кодекса чести, а также Положением об Агентстве Республики Казахстан по делам государственной службы и противодействию коррупции, утвержденным Указом Президента Республики Казахстан от 29 августа 2014 года № 900, для отнесения проверяемых субъектов к определенной группе риска.
      2. В критериях использованы следующие понятия:
      1) проверяемые субъекты - государственные органы Республики Казахстан, государственные служащие и иные лица, уполномоченные на выполнение государственных функций, и лица, приравненные к ним, за деятельностью которых осуществляются контроль и надзор;
      2) критерии оценки степени риска - совокупность количественных и качественных показателей, связанных с непосредственной деятельностью проверяемого субъекта, особенностями отраслевого развития и факторами, влияющими на это развитие, позволяющих отнести проверяемых субъектов к различным степеням риска;
      3) риск - вероятность причинения вреда получателям государственных услуг и услуг в результате некачественного оказания государственных услуг и применения стандартов и регламентов оказания государственных услуг, а также ухудшения профессионализации системы государственной службы, основанной на принципах меритократии, эффективности, результативности, транспарентности, нарушение прав и причинения вреда законным интересам физических и юридических лиц, государственных служащих.

2. Распределение проверяемых субъектов к группам высокого, среднего и незначительного риска с учетом объективных критериев

      3. Первично все проверяемые субъекты контроля относятся к группе незначительной степени риска.
      4. По каждому критерию риска присваиваются баллы, имеющие предельный размер.
      Критериями оценки степени риска являются:
      1) количество обращений физических и юридических лиц, по итогам рассмотрения которых подтвердились указанные в них факты нарушений:
      от 1 до 3 обращений - 4 балла;
      от 4 до 7 обращений - 7 баллов;
      свыше 7 обращений - 10 баллов;
      2) итоги ежегодной оценки эффективности деятельности государственных органов по направлению «оказание государственных услуг»:
      высокая степень эффективности деятельности государственного органа по итогам оценки - 2 балла;
      средняя степень эффективности деятельности государственного органа по итогам оценки - 4 балла;
      низкая степень эффективности деятельности государственного органа по итогам оценки - 7 баллов;
      неэффективная деятельность государственного органа по итогам оценки - 10 баллов;
      3) итоги ежегодной оценки эффективности деятельности государственных органов по направлению «управление персоналом»:
      высокая степень эффективности деятельности государственного органа по итогам оценки - 2 балла;
      средняя степень эффективности деятельности государственного органа по итогам оценки - 4 балла;
      низкая степень эффективности деятельности государственного органа по итогам оценки - 7 баллов;
      неэффективная деятельность государственного органа по итогам оценки - 10 баллов;
      4) количество выявленных нарушений в результате плановых и внеплановых проверок, а также проверок других государственных органов:
      от 1 до 10 нарушений - 4 балла;
      от 11 до 20 нарушений - 7 баллов;
      свыше 21 нарушений - 10 баллов;
      5) отсутствие утвержденного стандарта и регламента государственной услуги - 10 баллов;
      6) нарушение сроков оказания государственных услуг:
      от 0,1 % до 2 % от общего количества оказанных государственных услуг за отчетный период - 2 балла;
      от 2 % до 5 % от общего количества оказанных государственных услуг за отчетный период - 5 баллов;
      свыше 5 % от общего количества оказанных государственных услуг за отчетный период - 10 баллов;
      7) отсутствие обеспечения повышения квалификации работников, в функциональные обязанности которых входят вопросы оказания государственных услуг - 10 баллов;
      8) предоставление недостоверной отчетной информации в рамках мониторинга результатов внутреннего контроля за качеством оказания государственных услуг - 10 баллов;
      9) неинформирование получателей услуг о порядке оказания государственных услуг - 10 баллов;
      10) непринятие своевременных мер по выявленным нарушениям по соблюдению законодательства Республики Казахстан в сфере оказания государственных услуг, государственной службы, служебной этики и противодействия коррупции (вне зависимости от количества выявленных нарушений) - 10 баллов.
      5. Баллы по критериям риска суммируются для определения общего суммарного итога по всем критериям.
      6. Результаты суммарного итога по всем критериям риска используются для перераспределения проверяемых субъектов контроля по группам степени рисков.
      7. Перераспределение проверяемых субъектов по группам степени рисков осуществляется следующим образом:
      1) к группе незначительной степени риска с частотой проверок 1 раз в пять лет относятся проверяемые субъекты, набравшие от 0 до 55 баллов;
      2) к группе средней степени риска с частотой проверок 1 раз в три года относятся проверяемые субъекты, набравшие от 56 до 65 баллов;
      3) к группе высокой степени риска с частотой проверок 1 раз в год относятся проверяемые субъекты, набравшие свыше 65 баллов.

3. Заключительные положения

      8. Периодичность проверок проверяемых субъектов высокой или средней степени риска определяется в зависимости от выявленных нарушений по результатам предыдущих проверок.
      В случае выявления по результатам проверок нарушений и получения более высоких баллов, проверяемые субъекты средней или незначительной степени риска переводятся в группу с высокой или средней степенью риска в течение месяца после завершения проверки.
      9. Принципы отбора проверяемых субъектов для проведения проверок в рамках одного уровня степени риска:
      1) по наибольшей сумме присвоенных баллов;
      2) в случае равенства присвоенных баллов, в план проверок включается проверяемый субъект, имеющий наибольший не проверенный период.
      Отбор проверяемых субъектов для проведения проверок в рамках одного уровня степени риска проводится должностными лицами Агентства раз в полугодие согласно результатам проверок деятельности проверяемых субъектов контроля.

Приложение 3          
к приказу Председателя Агентства
Республики Казахстан    
по делам государственной службы
и противодействию коррупции 
от 31 декабря 2014 года № 88 

Перечень приказов Агентства Республики Казахстан по делам
государственной службы, признаваемых утратившими силу

      1) приказ и.о Председателя Агентства Республики Казахстан по делам государственной службы от 4 декабря 2012 года № 02-01-02/167 «Об утверждении формы проверочного листа и критериев оценки степени рисков деятельности государственных органов по соблюдению законодательства о государственной службе и антикоррупционного законодательства» (зарегистрированный в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов № 8187, опубликованный в газете «Казахстанская правда» от 19 января 2013 года № 20-21 (27294-27295));
      2) приказ Председателя Агентства Республики Казахстан по делам государственной службы от 4 мая 2013 года № 06-7/64 «Об утверждении критериев оценки степени рисков и формы проверочного листа по оказанию государственных услуг» (зарегистрированный в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов № 8485, опубликованный в газете «Казахстанская правда» от 12 июня 2013 года № 198-199 (27472-27473));
      3) приказ и.о. Председателя Агентства Республики Казахстан по делам государственной службы от 18 ноября 2013 года № 06-7/165 «О внесении изменений в приказ и.о. Председателя Агентства Республики Казахстан по делам государственной службы от 4 декабря 2012 года № 02-01-02/167 «Об утверждении формы проверочного листа и критериев оценки степени рисков деятельности государственных органов по соблюдению законодательства о государственной службе и антикоррупционного законодательства» (зарегистрированный в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов № 9010, опубликованный в газете «Казахстанская правда» от 8 февраля 2014 года № 27 (27648)).