«Нормативтік құқықтық актілер туралы» 1998 жылғы 24 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 43-1-бабының 1-тармағына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1. «Мемлекеттік қызметтер көрсету, мемлекеттік қызмет, қызмет этикасы және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы заңнамасының сақталуы бойынша тексеру парағының нысанын және мемлекеттік органдар қызметінің тәуекел дәрежесін бағалау критерийлерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2014 жылғы 31 желтоқсандағы № 88 бұйрығының (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде № 10206 тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 10 сәуірде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
2. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлық профилактикасы департаменті (Ә.А. Көмекбаев) осы бұйрық күшіне енген күннен бастап бір апта мерзімінде бұйрықтың көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне жіберсін және заңда белгіленген тәртіппен оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Төраға Қ. Қожамжаров