Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 23 қазандағы № 701 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі туралы ереженің 16-тармағының 94-5) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда – ҚР Төтенше жағдайлар министрінің 14.07.2023 № 382 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.1. Қоса беріліп отырған Мұнай-химия, мұнай өңдеу салаларындағы қауіпті өндірістік объектілер, мұнай базалары және автожанармай құю станциялары үшін өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті (А.Қ. Ержанов):
1) осы бұйрықтың заңнамамен белігенген тәртіпте Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден күнтізбелік он күн өткеннен кейін бұқаралық ақпарат құралдарында және Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылықты жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялануына көшірмелерді жіберуді;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интернет-порталында орналастыруды;
4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне осы бұйрықтың 2-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларымен көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалудың бақылау Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министрі А.П. Рауға жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының | |
Инвестициялар және даму | |
министрі | Ә. Исекешев |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрі
________________ Е.Досаев
2015 жылғы 12 қаңтар
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Энергетика министрінің
міндетін атқарушы
________________ Ұ.Қарабалин
2015 жылғы 8 қаңтар
Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму министрінің
2014 жылғы 30 желтоқсандағы
№ 342 қаулысымен бекітілғен
Мұнай-химия, мұнай өңдеу салаларындағы қауіпті өндірістік нысандарына, мұнай базалары мен автожанармай құю стансаларына арналған өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету ережесі
1-Бөлім. Жалпы ережелер
1-тарау. Негізгі ережелер
Ескерту. 1-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Төтенше жағдайлар министрінің 30.03.2022 № 89 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.
1. Осы Мұнай-химия, мұнай өңдеу салаларындағы қауіпті өндірістік нысандарына, мұнай базалары мен автожанармай құю стансаларына арналған өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету ережесі (бұдан әрі – Ереже) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 23 қазандағы № 701 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі туралы ереженің 16-тармағының 94-5) тармақшасына сәйкес және жобалау, салу, пайдалану, кеңейту, қайта салу, техникалық жаңғырту, консервациялау және жою кезінде мұнайхимия, мұнай өңдеу салаларындағы қауіпті өндірістік объектілеріне, мұнай базалары мен автожанармай құю стансаларына арналған өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету тәртібін анықтайды.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Төтенше жағдайлар министрінің 14.07.2023 № 382 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.2. Осы Ережеде келесі терминдер мен анықтамалар қолданылады:
1) автожанармай құю стансасы (бұдан әрі - АЖС) – мұнай өнімдерін сақтауды және бөлшек сауда арқылы өткізуді қамтамасыз ететін, есепке алатын бақылау аспаптарымен жарақтандырылған технологиялық кешен және жабдық;
2) автожанармай құю стансасының паспорты – АЖС негізгі сипаттамаларын қамтитын құжат;
3) апатқа қарсы автоматты қорғаныс (бұдан әрі - АҚАҚ) - бақылау-өлшеу аспаптары мен автоматикада, есептеу техникаларының құралдары мен элементтерінде және олармен басқарылатын атқарушы құрылғыларда орналасқан автоматты қорғаныс;
4) жарылыс-өрт қауіпті нысан – жұмыс барысында сұйылтылған көмірсутегілі газ, тез тұтанатын сұйықтықтар, қатты жанғыш және қиын жанатын заттар мен материалдар (шаң мен талшықтар), сумен, ауа оттегісімен және бір-бірімен тұтану кезінде адамдардың өмірі мен денсаулығына, сонымен қатар қоршаған ортаға қауіп төндіруге жеткілікті мөлшерде әрекеттескен кезде жануға қабілетті заттар мен материалдар қолданылатын (өндірілетін, сақталатын, тасымалданатын, кәдеге жаратылатын) қызметті жүзеге асыратын нысан;
5) технологиялық регламент - кәсіпорынның өндірісті жүргізу әдістерін, технологиялық нормативтерін, техникалық құралдарын, технологиялық процесті жүргізу шарттары мен тәртібін белгілейтін, дайын өнімді стандарттардың талаптарына сәйкес келетін сапа көрсеткіштерімен алуды қамтамасыз ететін, жұмыс жүргізу қауіпсіздігін және өндірістің оңтайлы техникалық-экономикалық көрсеткіштеріне қол жеткізуді белгілейтін ішкі нормативтік құжаты;
6) бағана түріндегі аппараттар – технологиялық процестің (ректификациялау, сіңіру, экстрактивті ректификациялау, экстракциялау (сұйықтық-сұйықтық өзара әрекеттескенде), бу (газ) мен сұйықтық арасындағы тікелей жылу алмасу) жүргізілуін қамтамасыз ететін қосалқы тораптармен (сұйықтық пен буды енгізу, сұйықтық пен буды таратқыштармен, сұйықтық жинауға арналған аккумуляторлық құрылғылармен, саптама элементтерін орналастыруға арналған құрылғылармен), сондай-ақ ішкі жылу және масса алмасу құрылғыларымен (пластиналармен немесе саптамалармен) жабдықталған тұрақты немесе ауыспалы қимадағы цилиндрлік тік ыдыстар.
Ескерту. 2-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Төтенше жағдайлар министрінің 30.03.2022 № 89 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 16.08.2023 № 434 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) бұйрықтарымен.3. Мұнайхимия, мұнай өңдеу салаларындағы, мұнай базалары мен автожанармай құю стансаларындағы қызмет көрсетуші персоналды даярлау, қайта даярлау "Азаматтық қорғау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – Заң) сәйкес жүзеге асырылады.
Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Төтенше жағдайлар министрінің 14.07.2023 № 382 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.3-1. Мұнай-химия, мұнай өңдеу салаларындағы объектілерде, мұнай базаларында және АЖС-да жұмыстарды орындайтын қызметкерлер Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 15 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-269/2020 бұйрығымен бекітілген (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21814 болып тіркелген) алғашқы көмекті медициналық білімі жоқ, оның ішінде тиісті даярлықтан өткендердің көрсету қағидаларын және Алғашқы көмекті көрсету стандартына сәйкес міндетті түрде алғашқы көмек курстарынан өтуге тиіс.
Ескерту. 3-1-тармақпен толықтырылды – ҚР Төтенше жағдайлар министрінің 22.02.2024 № 63 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.4. Жұмысшыларды ұжымдық сақтандыру құралдары шарттар шарттарын қалыптандыру құралдарын және қызметкерлерге зиянды өндірістік факторлардың әсерін төмендету құралдарын қамтиды:
ауа ортасы;
жарықтандыру;
шуыл және діріл деңгейі;
электр тогының соғуынан және статтық электр тогынан қорғау;
тетіктер қозғалыстағы тораптарынан және бөлшектерінен қорғау;
биіктіктен құлаудан қорғау және басқа да құралдар.
5. Ұжымдық сақтандыру құралдары жобада құрылыс, жөндеу жұмыстарын орындау және қайта жаңарту кезінде көзделеді.
6. Қызметкерлер жұмыс уақытында оларға берілген арнайы киімді, арнайы аяқ киімді және жеке сақтандыру құралдарын (бұдан әрі - ЖСҚ) пайдаланады.
ЖСҚ өзінің сипаттамалары бойынша қызметкерлерді қауіпті өндіріс факторларынан қорғауды қамтамасыз етеді.
7. Зиянды және ерекше еңбек шарттарындағы немесе ластанумен байланысты жұмыстарда қызметкерлерге арнайы киім, арнайы аяқ киім және басқа да ЖСҚ беріледі.
ЖСҚ сақтау үшін кәсіпорында жабдықталған бөлме (киім ілетін орын) пайдаланылады.
8. Тыныс алу органдарын қорғау үшін тыныс алу органдарын қорғайтын жеке құралдар қолданылады.
9. Сүзгілегіш өнеркәсіптік газқағарлар тыныс алу органдарын, бетті және көзді бу-газ зиянды заттардан қорғау үшін қолданылады және дайындаушыны пайдалану жөніндегі нұсқаулыққа сәйкес сынақтан өткізіледі.
10. Ыдыстардың ішіндегі, орлардағы, құдықтардағы жұмыстар кезінде және оттегі жетіспейтін ортада (көлемі бойынша 20 пайыздан кем) орындалатын басқа да жұмыстарда тыныс алу органдарын қорғау үшін шлангілі немесе оттегілік-оқшаулағыш аппараттар қолданылады. Бұл жағдайларда сүзгілегіш газқағарларды пайдалануға рұқсат етілмейді.
11. Газқағарлардың ақаусыздығы кесте бойынша, бірақ үш айда бір реттен жиі емес тексеріледі. Қолдануға дейін және кейін қызметкер жұмыс орнында сақталатын дайындаушыны пайдалану жөніндегі нұсқаулыққа сәйкес саңылаусыздыққа тексереді.
12. Жұмыстарды қауіпсіз жүргізуге арналған құрылғылар дайындаушыны пайдалану жөніндегі нұсқаулыққа сәйкес қабылдау және мерзімді сынақтардан өткізіледі.
13. Көзді сәулеленуден, тозаңнан, қатты материалдардың ұшқын бөлшектерінен қорғау үшін қызметкерлер қорғаныш көзілдіріктерін қолданады.
14. Гидравликалық клапандар булануы қиын, кристалданбайтын, полимерленбейтін және қатпайтын сұйықтықпен толтырылуға тиіс.
15. Мұнай өнімдерінің резервуарға берілісі тек қана сұйықтық қабатының астында жүзеге асырылуға тиіс.
16. Резервуарды толтыру (босату) жылдамдығы тыныс алу құрылғылары резервуарында орнатылған жиынтық өткізу қабілетінен аспауға тиіс. Тыныс алу құрылғыларының жай-күйін бақылау және тазарту мерзімділігі технологиялық регламенттің талаптарына сәйкес жүзеге асырылуға тиіс.
17. Резервуарларды булауға, үрлеуге, шаюға және тазартуға арналған құбырлар алмалы-салмалы болуға және осы операцияларды жүргізу алдында монтаждалуға тиіс. Оларды тазалау өндіріс жөндеу аралық жүрісінде бір реттен астам жүзеге асырылуға тиіс резервуарлар үшін мұндай құбырларды стационарлық орнатуға рұқсат етіледі.
18. Резервуарлардың және сорғы орнының құбыр орамы апаттық жағдай пайда болған кезде өнімдерді бір резервуардан екіншісіне айдау мүмкіндігін қамтамасыз етуге тиіс.
19. Резервуарлар төмендетілген төмендетілген аспап іріктегіштермен жабдықталуға тиіс. Резервуардың шатырындағы люк арқылы сынамаларды қолмен іріктеуге рұқсат етілмейді.
Ескерту. 19-тармаққа орыс тілінде өзгеріс енгізілген, қазақ тілінде өзгеріс енгізілмейді - ҚР Инвестициялар және даму министрінің 23.12.2015 № 1221 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.20. Резервуарлардағы деңгейді бақылау бақылау-өлшеу аспаптарымен жүзеге асырылуға тиіс. Резервуардың шатырындағы люк арқылы өлшеу таспасымен немесе рейкамен деңгейді қолмен өлшеуге рұқсат етілмейді.
21. Резервуардың шатырында баспалдақтан бастап қызмет көрсетілетін құрылғыларға дейін қоршауы (сүйеніштері) бар жүріс көпірлері болуға тиіс. Резервуардың шатырымен тікелей жүруге рұқсат етілмейді.
Резервуардың шатырындағы жабдыққа қызмет көрсетуге арналған алаң марштық баспалдақтың жоғарғы алаңымен қатты біріктіріледі. Алаңдар үшін тақталардан жасалған төсемді қолдануға рұқсат етілмейді.
22. Резервуардың ішінде булық ирек құбыр орналасқан кезде конденсатты шығаруға арналған құрылғы көзделеді. Ирек құбырдың барлық қосылыстары дәнекерленетін болуға тиіс.
23. Жобаланатын объектілер үшін мұнай және қошқыл мұнай өнімдерін сақтауға арналған тереңдетілген темірбетон резервуарларды пайдалануға рұқсат етілмейді.
24. Резервуарлық парк аумағына ұшқын басатын құрылғылармен жабдықталмаған және рұқсаты жоқ автокөлік құралдарынң кіруіне рұқсат етілмейді.
25. Желдету құбырлары, жерасты резервуарларының ернеуінің биіктігі жердің жоспарлау белгісінен кемінде 6 метр болуға тиіс.
26. Барлық тереңдетілген металл ыдыстар құм салынған немесе мәжбүрлі желдету құрылғысы бар және дренажды сорғылармен жабдықталған бетон ойықтарда орналастырылуға тиіс.
27. Жерасты ыдыстарын люктен түбіне дейін стационарлық саты-баспалдақпен жабдықтау керек.
28. Статтық электр тогының жиналуын және ұшқын разрядтарының пайда болуын болдырмау үшін мұнай өнімдерінің үстіңгіт бетінде жерге тұйықталмаған электр өткізгіш қалқымалы құрылғылардың болуына рұқсат етілмейді.
29. Технологиялық аппараттардың люктерінің қақпақтары сүйеніштермен және тұтқалармен жабдықталуға тиіс. Егер сүйеніштерді орындау мүмкін болмаса, онда қақпақтар оларды көтеру тетігі ілгегімен қармауға арналған құрылғымен жабдықталады.
30. Резервуарлық парктерді және жеке резервуарларды пайдалану Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2021 жылғы 15 маусымдағы № 286 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 23068 болып тіркелген) Мұнай және мұнай өнімдеріне арналған резервуарларды пайдалану және жөндеу кезіндегі өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады.
Ескерту. 30-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Төтенше жағдайлар министрінің 30.03.2022 № 89 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.31. Резервуарлық парк аумағына кіру үшін опырылымгың екі жағынан: жеке тұрған резервуар үшін кемінде екі, резервуарлар тобы үшін кемінде төрт сүйеніштері бар баспалдақ-өткелдер орнатылады.
Өткелдер қызметкерлер үшін барынша ыңғайлы бағыттар мен орындар бойынша орнатылады. Орнатылмаған жерлерде опырылым арқылы өтуге рұқсат етілмейді.
Резервуарлық парктердің аумағына резервуарларға, жабдыққа қызмет көрсетуге және оларды жөндеуге тікелей қатысы жоқ адамдардың болуына рұқсат етілмейді.
32. Опырылым ішінде жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін қазылған шұңқырлар мен орлар бұл жұмыстар аяқталғананн кейін көміледі және жоспарланады. Жұмыстардағы үзілістер кезінде ескерту белгілерін орната отырып, биіктігі кемінде 0,7 метр уақытша қоршаулар орнатылады.
Резервуарлық парк аумағында жұмыс істеген кезде опырылымның тұтастығын бұзуға рұқсат етілмейді.
33. Резервуарлық парк аумағында, жарылыс қауіпті булар мен газдардың жиналуы мүмкін жерлерде (орлар, кәріз құдықтары) ашық от көздерін қолдануға рұқсат етілмейді. Жергілікті жарықтандыру үшін қосылуы және ажыратылуы жарылыс қауіпті аймақтардан тыс жүргізілетін жарылыс қауіпсіз орындалатын аккумуляторлық қолшамдар қолданылады.
34. Баспалдақ және олардың сүйеніштері биіктіктегі жұмыс үшін белгіленген қауіпсіздік ережелерін сақтай отырып, таза ұсталады, кірден, қардан және мұздан тазартылады.
Баспалдақтарды және сүйеніштерді майланған шүберектермен сүртуге рұқсат етілмейді.
Жұмыста ақаулы баспалдақтарды пайдалануға рұқсат етілмейді.
35. Ығысудың алдын алу үшін тасымалданатын тіреуішті сатылардың төменгі ұштары металл өткер кертіктермен немесе резеңке ұштықтармен жабдықталады.
36. Құдықтардың металл люктерін, резервуарлық сатыларды және резервуарлардың шатырларын қардан тазалауды ағаш күректермен жүргізуге рұқсат етіледі.
37. Аумақты майланған шүберектермен және басқа да материалдармен ластауға рұқсат етілмейді.
38. Резервуардың люгіне қандай да болмасын заттарды (ағаш тығындарды, таяқтарды және басқа да) лақтыруға рұқсат етілмейді.
Оның ішнде бөгде заттар болған кезде резервуарды пайдалануға рұқсат етілмейді.
39. Резервуардан жерге лотты, рулетканы, құралды немесе басқа да заттарды лақтыруға рұқсат етілмейді.
40. Резервуарға көтерілуге және одан түсуге тек қана тұтқыштар мен сүйеніш қоршауларын пайдалана отырып, ақаусыз баспалдақтар және баспалдақ марштары бойынша рұқсат етіледі.
41. Резервуардың базалық биіктігі (биіктік трафареті) жыл сайын резервуарды жөндегеннен кейін жазғы кезеңде өлшенеді, өлшеу нәтижесі техникалық басшы бекітетін және бөлшекте кестелерге қоса берілетін хаттамамен ресімделеді.
42. Резервуарларға техникалық қызмет көрсету техникалық басшы бекіткен кесте бойынша жүзеге асырылады.
Ескерту. 42-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Төтенше жағдайлар министрінің 16.08.2023 № 434 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.43. Резервуарларды тазалау Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2021 жылғы 15 маусымдағы № 286 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 23068 болып тіркелген) Мұнай және мұнай өнімдеріне арналған резервуарларды пайдалану және жөндеу кезіндегі өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидаларының талаптарына сәйкес жүргізіледі.
Ескерту. 43-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Төтенше жағдайлар министрінің 30.03.2022 № 89 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.44. Тазалаудан және жөндеуден кейін резервуарды қабылдау актімен ресімделеді, ал резервуардың паспортында тазалау және жөндеу күні көрсетіле отырып, белгі жасалынады.
45. Резервуарда тазалаудан және жөндеуден кейін ағу, қабырғаларында және түбінде шөгінділер болмайды. Резервуарлық жабдық және жерге тұйықталу тексеріледі, анықталған ақаулар жойылады.
46. Резервуар люгінде мұнай өнімінің деңгейін өлшеуге арналған тесіктің барлық ішкі периметр бойынша өлшеу таспасының қозғалысы үшін жырасы бар ұшқынданбайытн материалдан жасалған шығыршығы болады.
Мұнай өнімінің буымен улануды болдырмау үшін ашық тұрған люктен қарауға немесе қылтасына төмен еңкеюге рұқсат етілмейді.
47. Резервуарды толтыру немесе босату кезінде мұнай өнімдерінің сынымаларын іріктеуге рұқсат етілмейді.
Жарықтандырылмаған жерлерде сынымаларды іріктеу кезінде жарықтандыру үшін кернеуі 12 Вольттен астам емес жарылысчтан қорғалған орындаудағы тасымалды шамдар қолданылады. Тасымалды шамдар жер белдеуенен немесе резервуарлық парктің қоршауынан ажыратылады және қосылады.
48. Мұнай өнімдерінің сынамалары іріктеу орнынан зертханаға резервуарды қауіпсіз түсіруді қамтамасыз ету үшін иық арқылы киілетін мата сөмкелерде тасымалданады.
2-Бөлім.
Мұнай-химия, мұнай өңдеу салаларындағы қауіпті өндірістік
объектілер үшін өнеркәсіптік қауіпсіздіті қамтамасыз етудің
жалпы тәртібі
2-тарау. Негізгі ережелер
Ескерту. 2-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Төтенше жағдайлар министрінің 30.03.2022 № 89 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.
49. Барлық қолданыстағы және жаңадан пайдалануға берілетін өндірістер үшін технологиялық регламенттер әзірленеді және бекітіледі.
50. Технологиялық регламенттерде сыртқы ауаның температурасы теріс болғанда мұнай өңдеу өндірістерін қауіпсіз іске қосу шарттары әзірленуге тиіс.
51. Технологиялық жабдық, бақылау, басқару, дабыл, байланыс және апатқа қарсы автоматтық қорғау құралдары (бұдан әрі - АҚҚ) мынадай мерзімділікпен сыртқы тексеруден өткізілуге тиіс:
технологиялық жабдық, құбырлық арматура, электрожабдық, қорғау құралдары, технологиялық құбырлар - әрбір ауысым басталар алдында және ауысым ішінде әрбір 2 сағаттан жиі емес;
бақылау, басқару құралдары, орындау тетіктері, апатқа қарсы қорғау, дабыл және байланыс құралдары – тәулігіне бір реттен жиі емес;
желдету жүйелері - әрбір ауысым басталар алдында;
автоматтық жүйелерді қоса алғанда өрт сөндіру құралдары, - айына бір реттен жиі емес.
Тексерулердің нәтижелері ауысымдарды қабылдау және тапсыру журналына енгізілуге тиіс.
52. Әрбір жарылыс-өрт қауіпті объект үшін апаттарды жою жоспары (бұдан әрі - АЖЖ) әзірленуге тиіс, онда объектінің ерекше шарттарын ескере отырып, адамдарды құтқару бойынша іс-шаралар, басшылардың және қызметкерлердің іс-әрекеттері көзделеді.
53. Жарылыс қауіпті және зиянды заттары бар ыдыстарда және аппараттарда орнатылған сақтандыру клапандарынан газдардың шығарындылары шырақ жүйелеріне жіберілуге тиіс.
54. Технологиялық аппаратурадан атмосфераға бейтарап газдардың және булардың шығарындысы қауіпсіз орынға шығарылуы керек.
55. Шығару тіреуішінің (шам) биіктігі ең жоғары нүктеден (шығару тіреуішінен 15 метр радиустағы сыртқы аппаратураның ғимараты немесе қызмет көрсететін алаңы) кемінде 5 метр жоғары болуға тиіс. Шамның ең төменгі биіктігі алаңның жоспарлау белгісі деңгейінен кемінде 6 метрді құрауға тиіс.
56. Жылуфикациялық суда жұмыс істейтін қаздырғыш серіктер жүйесі жұмысының гидравликалық беріктігін қамтамасыз ету үшін әрбір серікке шектеу тығырықтарын орнату қажет. Тығырықтар тесіктерінің диаметрі есеппен анықталады.
57. Сорғының немесе компрессордың айдау және сору құбырларында орнатылатын тиек, қырқу және сақтандыру құрылғылары қызмет көрсету үшін ыңғайлы және қолжетімді аймақта болуға тиіс.
58. Сақтандыру клапандарын орналастыру орындары олардың қызмет көрсету ыңғайлылығын қамтамасыз ететін алаңдармен жабдықталуға тиіс.
59. Қондырғыны іске қосу технологиялық регламентке қатаң сәйкестікте жүргізілуге тиіс. Қондырғыны іске қосу үшін негіздеме кәсіпорын бойынша бұйрық болып табылады, онда іске қосу және режимге шығару мерзімдері белгіленеді, сондай-ақ іске қосу жұмыстарын жүргізу үшін жауапты тұлғалар тағайындалады.
60. Іске қосу үшін жауапты тұлғаларға барлық іске қосу алдындағы іс-шараларды ұйымдастыру және қауіпсіз жүргізу және қауіпсіздік шараларын қамтамасыз ете отырып, қондырғыны пайдалану режиміне шығару жүктеледі.
61. Қондырғыны іске қосу алдында барлық энергиямен қамтамасыз ету (жылу-, су-,электрмен жабдықтау, инертті газдармен жабдықтау) жүйелерінің, жылыту және желдетпе жүйелерінің жұмысқа қабілеттілігі, сондай-ақ осы қондырғыға қызмет көрсететін шырақ жүйесінің жұмысқа дайындығы тексерілуге тиіс.
62. Жабдықтың іске қосылуы алдында және тотқатылғаннан кейін процесс ерекшеліктерін ескере отырып, талдаулар жүргізу жолымен оның тиімділігін міндетті бақылаумен инертті газбен немесе су буымен үрлеу көзделуге тиіс.
63. Жабдықты және құбырларды аша отырып, бастапқы іске қосудың алдында және жөндеуден кейін жабдықты және құбырларды үрлеуден кейін оттегінің қалдық құрамы қолданылатын жанғыш заттардың жарылыс қауіпті концентрациясының түзілуін болдырмауға тиіс.
64. Оны жөндеуге дайындау кезінде инертті газбен үрлеуден кейін аппараттағы жанғыш заттардың құрамы жұмыс аймағы ауасындағы шекті рұқсат етілетін концентрациядан аспауға тиіс.
65. Қышқылдардың және сілтілердің реагенттерін, ерітінділерін дайындау бойынша барлық операциялар, әдетте, реагенттер қоймаларында жүргізілуге, механикаландырылуға, қол еңбегін, персоналдың технологиялық ортамен байланысын болдырмауға және технологиялық регламенттерге сәйкес жүзеге асырылуға тиіс.
66. I және II қауіптілік сыныптарының зиянды заттарымен байланысты реагенттер қоймаларында барлық жұмыстар желдетпе жұмыс істеп тұрғанда жүргізілуге тиіс.
67. Еденнің үстіңгі бетіне өнімдердің төгінділері өңделеді және белгіленген технологиялық регламенттерге сәйкес жойылады.
68. I, II және III қауіптілік сыныбы сұйық реагенттерін тасымалдайтын, айдайтын құбырлардың фланецтік қосылыстарында қорғаныш қаптары орнатылуға тиіс.
69. Реагенттерді аппараттарға қол әдісімен құюға рұқсат етілмейді. Осы мақсат үшін сорғыны немесе инертті газбен басу жүйесін көздеу қажет.
70. Уақытша жұмыс істейтін аппараттар және құбырлар реагенттер берілісінің алдында өтімділікке және саңылаусыздыққа тексерілуге тиіс.
71. Адамдар мен көлік өтетін орындардың үстінен реагенттері бар құбырларда фланецтерді орнатуға рұқсат етілмейді.
72. Қышқылды және сілтілі суларды жалпы кәрізге құюға рұқсат етілмейді.
73. Құрамында 60 пайыз және одан астам сутегісі бар тез жанатын газдарды қондырғыдағы қауіпсіз орында сақтандыру клапандарынан шамға тастауға рұқсат етіледі.
74. Құрамында суы бар газ ортасында жұмыс істейтін аппараттардың материалдарын, сутегілік коррозия әсерін ескере отырып, таңдап алу керек.
3-тарау. Кәсіпорын аумағын, ғимараттар мен құрылыстар құрылығысына және оларды ұстауға өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету тәртібі
Ескерту. 3-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Төтенше жағдайлар министрінің 30.03.2022 № 89 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.
75. Жобаланатын кәсіпорындар және өндірістер аумағы өндірістік аймақтарға, тауарлы-шикізаттық, химиялық реагенттер, баллонлар қоймаларына аймақтарына, әкімшілік-тұрмыстық және қосалқы объектілер аймақтарына бөлінуге тиіс. Өндірістік аймақта терең ендіру қосалқы станициялары және өндірістік объектімен технологиялық байланысты көмекіш және қосалқы мақсттағы басқа да объектілер орналастырылуы мүмкін.
76. Барлық жерасты коммуникациялары және кабельдік трассалар олардың орналасу орнын және арналуын анықтауға мүмкіндік беретін тану белшгілерімен жарақтандырылады.
77. Ғимарат және (немесе) құрылыстың белгіленген қызмет ету мерзімі өткеннен кейін одан әрі пайдалану мүмкіндігін, реконструкциялауды жүргізу немесе пайдалануды тоқтату қажеттілігін белгілей отырып, ғимараттың және (немесе) құрылыстың сенімділігі мен орнықтылығына техникалық зерттеп-қарау жүргізіледі. Ғимараттар мен құрылыстардың сенімділігін және орнықтылығын техникалық зерттеп-қарау сондай-ақ құрылыс конструкциялары тұтастығының бұзылуы (жарықтар, арматураның жалаңаштануы) анықталған кезде, технологиялық объектіні реконструкциялау немесе ғимараттың немесе құрылыстың функционалдық мақсатын өзгерту алдында, сондай-ақ жарылыс және/немесе өрт авариясынан кейін жүргізіледі.
Ескерту. 77-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Төтенше жағдайлар министрінің 30.03.2022 № 89 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.78. Зауыттық қызметтермен, хабар жерасты коммуникацияларымен келісім бойынша аумағында жұмыстар белгіленетін өндіріс басшысы берген рұқсат-жүктелімді ресімдемей жер жұмыстарын жүргізуге рұқсат етілмейді. Рұқсат-жүктелімде жұмыстарды жүргізу шарттары көрсетілуге тиіс.
79. Кәсіпорын аумағында темекі шегуге арналған орындар бөлінуге, арнайы жабдықталуға және белгіленуге тиіс.
80. Өндірістік үй-жайлардың кіру есіктерінде жарылыс-өрт және өрт қауіптілігі бойынша үй-жайлардың санаттарын және жарылысқауіпті аймақтардың сыныптарын білдіретін жазбалар жазылуға тиіс.
81. Процесте сілтілер және/немесе қышқылдар айналатын объектілерде өз-өзіне көмек кернейі немесе бақалшағы астында адам кірген кезде автоматты түрде қосылатын апаттық душтар орнатылады.
82. Ауданы 60 шаршы метрден астам басқару бөлмесінің негізгі шығуға қарама-қарсы жағынан орналасқан қосалқы шығуы болуға тиіс. Негізгі кіру тамбур немесе коридор арқылы жайластырылуға тиіс; қосалқы шығу ғимараттың сыртында болуға тиіс, оның тамбуры болмауы мүмкін, есік тығыздағышты болуға және жылытылуға тиіс. Басқару бөлмесі ғимараттың екінші қабатында орналасқан кезде қосалқы шығудың ғимараттың сыртында баспалдағы болуға тиіс.
83. Өндіріс аумағында желдің бағытын және жылдамдығын анықтайтын аспап орнатылады. Аспаптың көрсеткіштері басқару бөлмесіне шығарылады.
84. Автомашиналардың, тракторлардың және басқа да механикаландырылған көлік құралдарының кіруіне тыйым салынған ұйымның аумағында тыыйым салу белгілері орнатылуға тиіс.
4-тарау. Жеке технолоғиялық процестерге өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету тәртібі
Ескерту. 4-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Төтенше жағдайлар министрінің 30.03.2022 № 89 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.
1-Параграф. Каталитикалық процестер
85. Катализаторды тиеу бойынша жұмыстар механикаландырылуға тиіс.
86. Катализаторды тиеумен айналысатын персонал екіжақты телефон немесе дыбыс зорайтқыш байланысымен жарақтандырлады.
87. Катализаторды тиеу, түсіру, сейілту кезінде персонал респираторларды, қорғаныш көзілдіріктерін, қолғаптарды пайдалануға және нақты катализаторды жеткізушінің техникалық шарттарына сәйкес катализатормен жұмыс істеу кезіндегі талаптарды сақтауға тиіс.
88. Катализаторды тиеу, түсіру, сейілту бойынша операциялар аяқталғаннан кейін арнайы киімді катализаторлық тозаңнан тазарту және жууға тапсыру қажет. Алаңға төгілген катализатор жинап алынуға тиіс.
89. Реакторды катализаторды тиеуге және түсіруге дайындау бойынша операциялар технологиялық регламентке сәйкес жүргізіледі.
90. Реакторды ашу технологиялық регламентке, реакторды дайындаушы зауыттың техникалық шарттарына сәйкес және ұйым әзірлеген нұсқаулықтың талаптарына сәйкес жүргізіледі.
91. Катализатор тиелген реакторды саңылаусыздыққа тексеру технологиялық регламентке сәйкес жүргізіледі.
92. Катализатордың регенерациясы алдында реакторлық блок жүйесі сұйық мұнай өнімдерінен босатылуға және жүйедегі жанғыш газдардың құрамы 3,0 пайыздан астам емес болғанға дейін инертті газбен үрленуге тиіс.
93. Реакторды іске қосу және пайдалану дайындаушы зауыттың техникалық нұсқаулықтарына және технологиялық регламентке сәйкес жүргізілуге тиіс.
94. Катализатор сынамаларын іріктеу технологиялық регламентке және ұйымның бас инженері(техникалық директор) бекіткен сынамаларды іріктеу жөніндегі нұсқаулыққа сәйкес жүргізіледі.
95. Реакторлық блок жүйесі іске қосудың алдында және жөндеуден кейін жүйедегі оттегі құрамы 0,5 пайыздан астам емес болғанға дейін инертті газбен үрленуге тиіс.
96. Құрамында суы бар газ берілісі алдында жүйе жұмыс қысымына тең қысымда саңылаусыздыққа азотпен сыналуға тиіс.
97. Қысымның көтерілу және түсу жылдамдығы технологиялық регламенте белгіленеді.
98. Шұғыл жағдайларда реакторлық блок жүйесінен қысымды апатты түсіруді көздеу қажет. Қысымды апатты түсіру режимі және қызмет көрсетуші персоналдың іс-әрекеті жобада және технологиялық регламенте көрстілуге тиіс.
2-Параграф. Мұнай коксы өндірісі - баяулатылған кокстеу
99. Кокстық камера қылталарының қақпақтарын ашу мұнай өнімдеріінің буларын жою және кокстық массаны камераның үстінен жобада және технологиялық регламентте белгіленген температураға дейін, бірақ 60 градус Цельсийден жоғары емес суыту үшін тек қана оны су буымен үрлегеннен кейін жүргізілуге тиіс. Су кокс суытылғаннан кейін жойылуға тиіс.
100. Коксты бұрғылау басталар алдында бұрғылау қондырғысы тетіктерін және олардың қоршауларының ақаусыздығын; кокстық камералардың сорылымды желдетпе блогының жұмысын; камераның ашуға дайындығын, атап айтқанда қабырғалардың температурасын, камераның қалған жүйеден ысырмалармен айырылуын, судың жоқ екендігін; байланыстың және дабылдың ақаусыздығын тексеру қажет.
Қандай да болмасын ақаулар анықталған кезде коксты бұрғылауға кірісуге рұқсат етілмейді.
Ескерту. 100-тармаққа орыс тілінде өзгеріс енгізілген, қазақ тілінде өзгеріс енгізілмейді - ҚР Инвестициялар және даму министрінің 23.12.2015 № 1221 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.101. Коксты гидрокесу үшін су беретін жоғары қысымды сорғы жоғары орнатылған сорғыны айдау желісінде қысым артқан кезде оның қозғалтқышын ажырататын бұғаттаумен және бұрғылау қондырғысы штангісі жоғарғы жағдайын бұғаттаумен жабдықталуға тиіс.
102. Гидрокесу шлангіге тікелей жақын жерде орналасқан кезінде суды беру үшін жоғары қысымға рұқсат етілмейді.
103. Бұрғылау жүкарбасының ақаусыз тежегіш жүйесі және кронблок астында тальдық блок ескіруге қарсылығы болуға тиіс. 104. Әрбір камера люгінің жанындағы жоғарғы жұмыс алабы бұрғылау құралын және жабдықты қысқы мезгілде қыздыру үшін бу беру жүйесімен жабдықталуға тиіс.
105. Қысқы мезгілде коксты гидрокесуге арналған жоғары қысымды сорғылардан су беретін тіреуіштер әрбір гидрокесуден кейін судан босатылуға тиіс.
106. Бұғаттаудың болуына қарамастан, жүкарба немесе ротор жұмыс істеген кезде бұрғылаушы басқару бекетінде болады.
3-Параграф. Мұнай битумы өндірісі
107. Қатты маркалар битумын ұсақтау және толтыру бөлімдері еденді ылғалды жинау үшін су жеткізумен жабдықталады.
108. Барлық тотықтырғыш текшелер көбікке қарсы тұнба бері жүйесімен жабдықталады.
109. Битум алу бойынша мерзімді іс-әрекет қондырғылары мыналармен жабдықталуға тиіс:
тек қана ондағы өнім регламенттелгеннен төмен емес деңгейге жеткен кезде тотықтырғыш текшелерге ауа беруді көздейтін бұғаттау;
технологиялық режимнің регламенттелген параметрлері бұзылған кезде текшелерге ауа беруді автоматтық ажыратуға арналған апаттық бұғаттау.
110. Барлық тотықтырғыш текшелер сақтандыру клапандарымен немесе мембраналы сақтандыру құрылғыларымен жарақтандырылады.
111. Текшелерге және реакторларға су беру алдында ауа коллекторлары ылғалды және майды толық жойғанға дейін үрленуі қажет.
112. Аппараттарды және технологиялық құбырларды үрлеу, жабдықты сықпалау инертті газбен немесе су буымен жүргізіледі. Ауаны бұл мақсаттар үшін қолдануға рұқсат етілмейді.
113. Текшеге ауа беретін құбыр дірілдерді және қабырғаға соғылуды болдырмау үшін текшенің ішінен сенімді бекітілугне тиіс.
114. Тотықтырғыш текшелерге түсетін ауаның қысымын технологиялық регламенттн белгіленгеннен төмен азайтуға рұқсат етілмейді.
115. Әуе желісінде ресиверден конденсатты шығару жүйелі түрде, ауысымына бір реттен жиі емес жүргізілуге тиіс.
116. Текшелерге шикізатты құю алдында олар судың жоқтығына, ал қыс мезгілінде мұздың және қардың жоқтығына тексерілуге тиіс.
117. Жұмыс істеп тұрған тотықтырғыш текшенің шатырына көтерілуге рұқсат етілмейді.
118. Битум суып қалған крандарды қыздыру су буымен немесе индукциялық электрлік қыздыру көмегімен жүргізіледі.
119. Битумды бункерлерге құю барысы бункерден ыстық битумды шығару болмайтындай ұйымдастырылуға тиіс.
120. Құю кезінде битум көбіктенген жағдайда құюды тоқтату қажет.
121. Битумды теміржол бункерлеріне, крафт-қаптарға және қалыптарға құюмен, вагондарға және автобитумтасығыштарға тиеумен, қатта маркалардың битумын ұсақтаумен және толтырумен, сондай-ақ оны қазаншұңқырлардан шығарумен байланысты барлық ауыр және еңбекті қкжетсінетін жұмыстар механикаландырылуға тиіс.
122. Ыстық битумды құю болатын ашық қазаншұңқырлар қоршалады. Ыстық битумды құю кезінде қазаншұңқырға жақын жерде тұруға рұқсат етілмейді. Тотықтырғыш текшелерден таратқышқа битумды айдау кезінде адамдардың таратқышта және оған жақын жерде болуына рұқсат етілмейді.
123. Текшені тазалауды ашық жоғарғы және төменгі люктерден жүргізу қажет. Текшені тазалау бойынша жұмыстар жұмыстардың газқауіпті түрлеріне жатады және ұйымда әзірленген және қауіпті өндірістік объект иесі бекіткен газқауіпті жұмыстарды қауіпсіз жүргізу нұсқаулығына сәйкес орындалуға тиіс.
124. Шлемдік құбырларды тазалау кезінде қоршауы бар тиісті көпіршелер орнатылады.
125. Теміжол бункерлерлеріне немесе цистерналарға битумды құю алдында олар судан, қардан және құю кезінде битум шығарындысына немесе көбіктенуіне алып келуге қабілетті басқа да заттардан тазартылады.
126. Шанағы, қақпақтары, сондай-ақ төңкерілуге қарсы тірек құрылғысы ақаулы теміжол бункерлерлеріне битумды құюға рұқсат етілмейді.
127. Теміржол бункерлерінде және автобитум тасығыштардың кабиналарында оларды толтыру кезінле болуға рұқсат етілмейді. Бункерлердің қақпақтарын ашу және жабу эстакада алаңынан жүргізілуге тиіс.
128. Теміжол бункерлеріне және автоцистерналарға битумды құю үшін эстакадалардың үстінде оларды атмосфералық жауын-шашыннан қорғайтын аспалар орнатылады.
129. Теміжол бункерлеріне және автоцистерналарға битумды құю эстакадаларында көлік жүргізушілеріне бұйрықтар беру үшін байланыс құралдарын көздеу қажет. 130. Битумды қағаз қаптарға құю кезінде олардың бүтіндігіне көз жеткізу қажет. Құюмен айналысатын жұмысшылар арнайы киіммен, қорғаныш көзілдіріктерімен, қолғаптармен және шалбар балағында қонышы бар етіктермен жарақтандырылады.
131. Битумды ыдысқа құю орны желден, атмосфералық жауын-шашыннан қорғалуға және жергілікті желдету сорғысымен жабдықталуға тиіс.
132. Таратқыштағы шығын желісіндегі тиек құрылғысын ыдысты толтыру кезінде күйік мүмкіндігін болдырмайтындай арақашытықта орналастырулы керек.
133. Автотиегіштерде жұмыс істеуге сәйкес келетін категориясы және жүргізуші куәлігі құқығы бар жүргізуші тұлғалар жіберіледі.
4-Параграф. Қатты катализаторлар өндірісі
134. Теміржол вагондарынан шикізатты түсіру, қоймаға тасымалдау және аппараттарды тиеу механикаландырылуға тиіс. Теміжол вагондары түсіру алдында екі жағынан тежегіш кебісшелермен тежелуге тиіс.
135. Силикат-ірі тас қоймасындағы қазаншұңқыр бүкіл ұзындығы бойынша биіктігі кемінде 1 метр қоршаумен жабдықталады.
136. Теміржол вагондарын түсіру орындарында қоршаулардың ашылатын есіктері болуағ тиіс.
137. Монорельсті грейферді және төрттағанды кранды басқаруға арнайы оқытудан өткен және оларды басқару құқығына куәлігі бар тұлғалар жіберіледі.
138. Грейферлік краны жұмыс істеген кезде басқару кабинасының есіктері жабық болуға тиіс. Аламдарды кранпмен көтеруге рұқсат етілмейді.
139. Грейферлік және төрттағанды крандарды жылыту кезінде грейфер және шөміш жоғарғы жағдайда болады.
140. Транспортерді іске қосудың алдында таспаның, роликтердің ақаусыздығы және транспортердің жерге тұйықталуы тексерілуге тиіс.
141. Ұнтақтағыштарға, мөлшерлегіш құрылғыларға және автоклавтарға қызмет көрсетуді респираторларда, ал ұнтақтарды қолмен тиеу, қалыптау бағаналарында жұмыс істеу, сүзгі-қыспақтар майлықтарын тазалау кезінде – қорғаныш көзілдіріктерінде және қолғаптарда жүргізу керек.
142. Ұнтақтағыш жұмыс істеп тұрған кезде тиеу шұңқырын тазалауға рұқсат етілмейді.
143. Ұнтақтағыш тозаң сорғыш құрылғымен жабдықталуға тиіс.
144. Автоклавтарды тиеу кезінде салмақты мөлшерлегіштің шығу тесігін дәлме-дәл люктің астына орнату керек. Автоклавқа шикізат тиеу кезінде тозаң бөлінуін болдырмау үшін мөлшерлегіштің шығу тесігі брезент қолғаппен жабдықталады.
145. Автоклавты жұмысқа іске қосудың алдында люктің төсемінің жай-күйін, оның саңылаусыздығын тексеру қажет.
146. Сүзгі-қыспақтар майлықтарын жуу және кептіруді оқшауланған бөлмеде жүргізу керек.
147. Сүзгі-қыспақтар майлықтарын тазартылатын кір және қақ бөлмеден механикаландырылған әдіспен шығарылуға тиіс.
148. Сүзгі-қыспақты түсіру кезінде арнайы тұғырларды пайдалану керек. Қыспақ ваннасында тұруға рұқсат етілмейді.
149. Алюминий тотығының гидратын тиеу реактордан ерітіндіні шығару мүмкіндігін болдырмайтындай ұйымдастырылуға тиіс.
150. Реактордан алынған ертінді снымасы реакторға будың берілісі тоқтатылғаннан кейін іріктеледі.
151. Тұздық ванналары екі жағынан стационарлық баспалдақтармен жарақтандырылады. Ванналардың жоғарғы алаңдары қоршалады.
152. Аппаратураны аммиактан босату қажет болған жағдайда оны шығаруды әрқашан сумен толтырылуға тиіс араластыру ваннасына жүргізу керек.
153. Аммиак ағынын жою кезінде жұмысшылар тиісті тыныс алу органдарын қорғау құралдарында, арнайы костюмдерде, резеңке қолғаптарда болуға тиіс.
154. Барлық аммиак жүйесін жөндеуден және тазалаудан кейін саңылаусыздыққа тексеру үшін сықпалау қажет.
155. Аммиак жүйесін аммиакпен толтыру алдында жүйес ондағы оттегінің құрамы 3 пайыздан астам емес болғанға дейін инертті газбен үрленуге тиіс.
156. Қалыптау бағаналарындағы инжекторлық араластырғыштарды тазалауды тек қана олардан шлангілер алынғаннан кейін жүргізу керек.
157. Шаю ыдыстарының жоғарғы люгі металл тормен жабылуға тиіс.
158. Кептіру пештерінің есіктерін ашу кезінде бумен күюді болдырмау үшін өндірістік инструкцияда жоғарыда көрсетілген пештегі температура кезінде оларды ашуға рұқсат етілмейді. 159. Атмосферағы шығару алдында тозаңданған ауаны тозаңнан тозаң сүзгіш құрылғылармен тазарту қажет.
160. Катализатор шариктерінің камера еденінен құлауын болдырмау үшін конвейерлік таспаның бүкіл ұзындығы бойынша бүйірлік сақтандыру ернеулері орнатылуға тиіс.
161. Кептіру камерасын катализаторлық ұсақ-түйектен тазалауды механикалық, гидравликалық немесе тозаң түзілуін болдырмайтын өзге де әдіспен жүргізу керек.
162. Катализаторды сейілту, оны тасымалдау және ыдысқа (қапқа, бөшкеге) тиеу бойынша барлық операциялар бітемеленуге, механикаландыруға және жергілікті сорғылармен жабдықталуға тиіс. Сорылатын ауа атмосфераға шығару алдында тозаңсыздандырылуға тиіс.
163. Дайын катализаторы бар ыдысты иасымалдау (аумақ бойынша тасу, машиналарға тиеу) механикаландырылуға тиіс.
164. Натрий алюминаты және алюминий гидрототығы ерітінділермен жұмыс істеген кезде сілтімен жұмыс істеген кездегідей қауіпсіздік шаралары сақталуға тиіс.
165. Шашыратқы кептіргіштер, сондай-ақ олармен байланысты ауа құбырлары және циклондар баяулайды.
166. Қыздыру аппаратының қабырғалары сыртқы үстіңгі бетінің температуры технологиялық регламентте белгіленген шекті рұқсат етілгенге дейін арттыур кезінде ол температураның өсу себептерін анықтау және жою үшін тоқтатылуға тиіс.
167. Қыздыру аппаратын іске қосу тек қана оны іске қосуға дайындау және бойынша барлық операциялар орындалғаннан және қондырғы басшысының жазбаша өкімін алғаннан кейін жүргізілуі мүмкін.
168. Аппаратта тұрақты қайнап тұрған қабатты алғанға дейін қыздыру аппаратына құрғақ катализаторды тиеуді жүргізуге рұқсат етілмейді.
169. Шөгінді араластырғышын іске қосу тек қана қақпақ жабық болған кезде жүзеге асырылуға тиіс.
170. Араластырғышқа будың беріліс режимі ыстық ерітінді шығарындысын болдырмауға тиіс.
171. Араластырғыш құрылғысы оның жұмысы кезінде ерітінді шашырауын болдырмауға тиіс.
172. Центрифуга қалыпты жұмысыныан ауытқыған кезде (тықыл пайда болғанжа) қойыртпақтың берілісін дереу тоқтату, электр жетегін ажырату және центрифуганы тежеу керек.
173. Центрифуганың жұмысы кезінде олардың қақпақтары жабық болуы тиіс.
174. Центрифугаларды босатуға тек қана барабан тотқатылғаннан кейін рұқсат етіледі.
175. Таблеткалы машина қолдың зақымдануының (қысқпақта, штемпельде қысылып қалуы) алдын алу үшін ақаусыз жағдайдағы қорғаныш торкөзі және машинаны тек қана түсірілген қорғаныш торкөзінде қосуға және торкөзді көтерген кезде ажыратуға мүмкіндік беретін бұғаттауы болуға тиіс.
176. Сынамаларды іріктеу кезінде таблеткалы машинаны тоқтату қажет.
177. Катализаторды сутегімен қалпына келтіру кезінде ауаның сорылуын және сутегілік компрессор қабылдауында сейілудің болдырмау үшін шамасы технологиялық регламентте белгіленетін атық қысымы ұсталуға тиіс.
178. Реактордың люктерін ашу алдында оның қысымының жоқ екендігін көз жеткізу қажет.
179. Пассивирленген катализаторды түсіру күйікті және тозаңнын көзге түсуін болдырмау үшін қауіпсіздік шараларын (қорғаныш көзілдіріктері, қолғаптар, тозаңға қарсы респираторлар) сақтай отырып, жүргізіледі.
5-Параграф. Күкіртсутегіден қарапайым күкіртті алу
180. Қоныдрығыны іске қосудың алдында гидроқақпақтардың ақасуыздығын тексеру қажет.
181. Гидроқақапақтар мерзімді түрде шөгінділерден тазартылуға тиіс. Тазалау қорғаныш көзілдіріктерінде жүзеге асырылады.
182. Гидроқақапақтың булық жейдесінде конденсаттың жиналуына рұқсат етілмейді.
183. Қыздырғыштың және реактор-генератордың оттықтарын жағу алдында оттықтар "шамға" ауамен үрленуге тиіс. Үрлеудің ұзақтығы технологиялық регламентте анықталады және кемінде 15 минут белгіленеді.
184. Қондырғыға қызмет көрсететін барлық қызметкерлер тыныс алу органдарын қорғаудың тиісті құралдарымен қамтамасыз етіледі.
185. Отын газын және күкіртсутегін қондырғыға қабылдау алдында 15 минут ішінде жүйені инертті газбен үрлеу қажет. Инертті газдағы оттегінің құрамы көлемдік 0,5 пайыздан аспауға тиіс.
186. Қондырғыға қышқылды газдарды қабылдағаннан кейін ықтимал ағу және газдарджы жіберу орындарын (фланецтер, ысырмалар, люктер) индикаторлық қағазбен тексеру қажет.
187. Реактор-генератордың және қыздырғыштардың оттықтарында ауаның және газдың оттықа берілісінің регламенттелген арақатынасы автоматты түрде қолдануға тиіс.
188. Ауа қысымы төмендеген кездже күкіртсутегінің ауа құбырларына түсуін болдырмау үшін оттық алдында ысырмадағы тікелей күкіртсутегі желісіенде қырыққыштар орнатылады. Қарауға арналған қабырғаларда күкірт шөгіндісін болдырмау үшін оларды мерзімді түрде тазалап отыру қажет.
189. Күкіртсутегін тасымалдайтын құбырлар орналасқан алаңға тек қана газқағармен кіруге рұқсат етіледі.
190. Ашудың алдында барлық аппараттарды, агрегаттарды және құрамында күкіртсутегі бар құбырларды булау және инертті газбен үрлеу қажет
191. Реактор-генераторларды ашу алдында олар 45 градус Цельсий температураға дейін салқындатылады, жанғыш газдардың жарылыс қауіпті концентрациясы жоқ болғанға дейін инертті газбен, одан кейін ауамен үрленеді.
192. Газ камераларындағы жұмыстар газқауіпті жұмыстарды ұйымдастыру және жүргізу бойынша талаптарға сәйкес орындалады.
193. Күкіртті құю кезінде:
суыған күкіртті басуға;
күкірт қоймасының ашық люгінің үстінде тұруға; газқағарларсыз ойықта, қоймада күкіртті өлшеуді жүргізуге және жарылыстан қорғалмаған тасымалды шамдарды пайдалануға рұқсат етілмейді.
194. Күкіртті айдауға арналған сорғыны тек қана ауысым (бригада) бойынша басшының ауызша нұсқауы бойынша қосуға рұқсат етіледі.
195. Күкіртті тиеу және түсіру толық механикаландырылуға тиіс.
196. Күкіртті тиеу және түсіру бойынша барлық жұмыстар ауысым (бригада) бойынша басшының бақылауымен жүргізіледі.
197. Күкіртті қалыптардан түсіруге күкірт толық суығаннен кейін рұқсат етіледі.
198. Күкіртті теміжол вагондарына тиеу кезінде:
адамдаордың вагондарда болуына;
экскаватор щөмішін күкіртпен ернеуінен асырып толтыруға;
экскаватормпен оны қоректендіретін электр кабелін басуға рұқсат етілмейді.
6-Параграф. Мұнай өнімдерін ағызу және құю
199. Тез жанатын және жанғыш сұйықтықтар, сығылған көмірсутегі газдарын ағызу-құю эстакадаларын, монтаждау, пайдалану мен жөндеуді жобалау осы қағидаға сәйкес жүргізіледі.
200. Ағызу-құю эстакадасына құбырларды және тиек құрылғыларын булау немесе қыздыру үшін бу келтірілуге тиіс.
201. Араласуына жол беруге болмайтын өнімдерді ағызу-құюды жеке ағызу-құю эстакадаларда немесе на жеке тіреуіштерде жүргізу керек. Жалпы теміржол ағызу-құю эстакадасында түсті және қошқыл мұнай өнімдері үшін ағызу-құю операцияларын жүргізуге рұқсат етіледі.
202. Өзара үйлеспейтін өнімдермен кезек-кезек операциялар үшін ағызу-құю эстакадасын пайдалануға рұқсат етілмейді.
203. Негізделген жағдайларда мұнай өнімін ауыстыруға қауіпсіздікты қамтамасыз ететін әзірленген іс-шаралар орындалғаннан кейін пайдаланушы ұйым техникалық директорының (бас инженерінің) жазбаша рұқсаты бойынша рұқсат етіледі.
204. Құю эстакадалары ақаулы цистерналарды мұнай өнімдерінен босату үшін арнайы бекеттермен немесе жүйемен жабдықталады.
205. Мұнай өнімдері құюдың (ағызудың) алдында эстакада аумағынан локомотивті алып кету және кілтпен жабылатын айырғышты жабу қажет.
206. Теміржолдарда және ағызу-құю учаскесіне баратын жолдарда "Тоқта!", "Өтуге тыйым салынады!" деген ескерту жазбалары ілінеді.
207. Тез жанатын мұнай өнімдері бар теміржол цистерналарын ағызу-құюға берген кезде локомотиы пен цистерналардың арасында бір төрт осьтік немесе екі екі осьтік бос немесе жанбайтын жүктер тиелген вагондардан (платформалар) тұратын аражабын болуға тиіс.
208. Алып тасталды - ҚР Төтенше жағдайлар министрінің 16.08.2023 № 434 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.209. Құю құрылғыларына қосылған цистерналарды ағызу-құю жүргізілмейтін кезде қалыдруға рұқсат етілмейді.
210. Ағызу-құю операцияларын жүргізу кезінде жұмысшылардың ең төменгі рұқсат етілетін саны - 2 адам.
7-Параграф. Электртұзсыздандыратын қондырғылар
211. Электртұзсыздандыратын қондырғы электрожабдығы жарылыстан қорғалған орындауда болуға тиіс.
212. Электродегидратордың аппаратта мұнай өнімінің деңгей регламенттелгеннен төмен азайған кезде кернеуді ажыратуға бұғаттауы болуға тиіс.
213. Электродегидратордан және тұндырғыштан суды сіңіру жабық әдіспен автоматтық режимде жүзеге асырылуға тиіс.
8-Параграф. Атмосфералық-вакуумдық және термиялық крекинг қондырғылары
214. Қондырғыға берілетін мұнай өнімінде тауар асты суының боулына тұрақты бақылау болуға тиіс және оның көлемі жобада белгіленген шекті рұқсат етілетін шамадан аспауға тиіс.
215. Шикі мұнайға арналғаен атмосфералық-вакуумдық қондырғының вакуумдық бөлігін іске қосуға рұқсат етілмейді.
216. Барометрлік конденсаторға судың берілісін реттеу сұйық мұнай өнімі шығатын сумен айдалып кетуін болдырмауға тиіс.
217. Аралық вакуум-қабылдағыштарда сұйықтықтың регламенттелген деңгейін бақылау және ұстап тұру ыстық мұнай өнімінің теңдестіргіш құбыр арқылы барометрлік конденсаторға түсуін болдырмауға тиіс.
218. Ыстық пеш сорғыларының жұмысына тұрақты бақылау болуға тиіс. Сорғыларды қоректендіретін аппараттардағы өнім деңгейінің төмендеуі және/немесе қысымды технологиялық регламентте белгіленген шекті рұқсат етілетін шамаларға дейін түсіруді жарық және дыбыс дабылымен қамтамасыз ету қажет.
9-Параграф. Пирофорлық қосылыстарды дезактивациялау
219. Процесті әзірлеуші өндіріс жұмысы барысында және жабдық пен құбырларды жөндеуге дайындау кезінде пирофорлық қосылыстарды дезактивациялау бойынша шараларды және құралдарды көздейды.
220. Аппараттар және құбырлар жабдықты істен шығарғаннан және оларды өнімдерден босатқаннан кейін су буымен булануы керек.
221. Аппаратты конденсаттан босатудан кейін төменгі штуцер немесе люк ашылуға және онда өнім булар қауіпті концентрацтяларының болуына талдау үшін ауа сынамасы алынуға (жалынның таралуының төменгі концентрациялық шегінен 20 пайыздан астам емес болуға тиіс) тиіс.
222. Аппараттарды тазалау кезінде аппараттың қабырғаларындағы шөгінділерді дымқылдау қажет. Аппараттарды тазалау кезінде ұшқынға қауіпсіз құралдар қолданылады. Бұл жұмыстарды орындауға рұқсат-жөнелтім ресімделеді.
223. Жабдықтан алынған пирофорлық шөгінділерді олар жойылғанға дейін ылғалды жағдайда ұстау қажет.
5-тарау. Мұнай-химия және мұнай өңдеу салаларындағы зертханаларда өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету
Ескерту. 5-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Төтенше жағдайлар министрінің 30.03.2022 № 89 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.
224. Зертханалар жеке тұрған ғимараттарда орналасуға тиіс.
225. Зертхананың барлық үй-жайларындағы ағынды-сорылымды желдетпе жұмыс басталардың алдында қосылуға және жұмыс күні аяқталғаннан кейін ажыратылуға тиіс. Талдауларды тәулікбойы жүргізу кезінде ағынды-сорылымды желдетпе тәулікбойы жұмыс істеуге тиіс. Желдетпе ақауы болғанда жұмыс жүргізуге рұқсат етілмейді.
226. I және II қауіптілік сыныптарының заттарымен жұмыс жүргізілетін үй-жайларда желдетпе жүйесі басқа да үй-жайлардың желдетпесімен байланысты емес жеке болуға тиіс.
227. I және II қауіптілік сыныптары заттарымен барлық жұмыстар сору шкафтарындағы немесе арнайы жабдықталған шкафтардағы ("Изотоп" түрінде), сору желдетпесімен жабдықталған бокстарда реңеңке қолғаптармен жүргізілуі қажет.
228. Зертханадағы жұмыс кемінде екі адам болған кезде жүргізіледі.
229. Сору шкафтарының ішінде орнатылған шамдар жарылыстан қорғалған орындауда болуға тиіс.
230. Ажыратқыщтар, штепсельдік розеткалар, зертханалық автотрансформаторлар сору шкафынган тыс орналастырылуы қажет.
231. Сору шкафтарына, жұмыс үстелдеріне мұнай өнімдері бар ыдыстарды, осы уақытта жүргізіліп жатқан жұмыспен байланысты емес аспаптарды және зертханалық жабдықтарды үйіп қоюға рұқсат етілмейді.
232. Химиялық әрекеттесуі өртке немесе жарылысқа әкеп соғуы мүмкін заттарды бірге сақтауға рұқсат етілмейді.
233. Зертхананың ғимаратында оларға тәуліктік қажеттіліктен аспайтын ТЖС газдарының қорын сақтауға рұқсат етілмейді. ТЖС қорын арнайы бөлмеде сақтауға рұқсат етіледі.
234. Түтінденетін қышқылдар, тез буланатын реактивтер және еріткіштер тәуліктік қажеттіліктен аспайтын көлемде осы мақсаттар үшін арнайы бөлінген сору шкафтарынща сақтауға рұқсат етіледі.
235. Оларға қатысты ерекше жібер, сақтау, есепке алу және тасымалдау (сулема, көгеретін қышқыл және тұздар, күкірт көміртегі, метанол) шарттары қолданылатын заттар құлыптанатын және пломбыланатын металл шкафта сақталуға тиіс. Бұл заттарды сақтауға арналған ыдыс саңылаусыз болуға және "У" деген жазуы және заттардың атауы бар зетбелгісі болуға тиіс. 236. Металли натрийді (калий) судан алшақ керосин қабатындағы ыдыстра сақтау керек. Натрийдің (калийдің) қалдығын жұмыстан кейін бақалшақтарға тастауға рұқсат етілмейді, таза қалдықтарды керосині бар банкіге салу қажет.
237. Сұйық азотты және оттегіні зертханаларға Дьюар металл ыдыстарында жеткізу және сақтау керек. Сұйық азотты және оттегіні тез жанатын заттармен, майлармен бірге сақтауға немесе оларды бірге тасуға рұқсат етілмейді.
238. Оттықтары, ашық электр аспаптары, ұшқынды жабдық және тұтану көздері бар үй-жайлардағы сұйық оттегімен жұмыс істеуге рұқсат етілмейді.
239. Зертхана бөлмесінде белгілі бір талдауды орындаумен тікелей байланысты жұмыстарды жүргізуге рұқсат етілмейді.
240. Вакуум астындағы аппаратурамен жұмыс істеуді бастаудың алдында оны саңылаусыздыққа тексеру керек.
241. Оларда қысым немесе вакуум жасау мүмкіндігі бар шыны ыдыстар ыдыс сынған және жарықшақтар түзілген жағдайға қаппен қорғалады.
242. Егер күкірт көміртег, бензин, эфир немесе басқа да тез жанатын сұйықтық төгілген жағдайда, сондай-ақ газдың өткір иісі пайда болған кезде барлық оттықтарды сөндіру және дереу газдың пайда болуының себептерін анықтау және жоюға кірісу, ал төгілген сұйық өнімдерді жинау қажет.
243. Мұнай өнімдерінің, реагенттердің, селективті еріткіштердің астындағы ыдыстарды тек қана арнайы бөлмеде жууға рұқсат етіледі.
244. Қышқылдардың, сілтілердің және басқа да химиялық заттардың астындағы ыдысты тек қана оны тиісті әдіспен босатудан және бейтараптандырудан кейін жууға тапсыруға болады.
245. Ыдысты тазалау және жуу әдісін таңдау ластағыш заттың сипатымен, оның физикалық және химиялық қасиеттерімен анықталады.
246. Ыдысты жуу үшін құмды, зімпара қағазын пайдалануға рұқсат етілмейді.
247. I және II қауіптілік сыныптарының улы және зиянды заттарын ұсақтау сору шкафындағы жабық түйгіштерде жүргізілуге тиіс. Бұл операцияны жүргізетін қызметкер қорғаныш көзілдіріктерімен және резеңке қолғаптармен қамтамасыз етіледі.
248. Селективті еріткіштермен (нитробензол, анилин, фурфурол, хлорекс, фенол) жұмыс істеу кезінде еріткіштердің денеге және киімге тиіп кетуін болдырмау қажет
249. Селективті еріткіштер және олар құрамында бар мұнай өнімдері осы мақсат үшін арнайы бөлінген орында жақсы жабылған ыдыста сақталуға тиіс.
Селективті еріткіштердің қорларын зертхананың арнайы жабық бөлмесінде ұстау керек. Ауысым ішінде жұмыс үшін қажетті селективті еріткіштердің көлемі еріткіштердің шығын журналында тіркеледі. Селективті еріткіштердің тізімін ұйымның техникалық директоры (бас инженер) бекітеді.
250. Қышқылдарды кәрзеңкеге орнатылған бөтелкелерде тасу керек. Тасуды екі адам жүзеге асырады.
251. Күкірт қышқылын сумен араластыру кезінде қышқылды суға баяулатып құю керек. Суды қышқылға құюға рұқсат етілмейді.
252. Барлық өңделген химиялық реактивтерді және зиянды заттарды осы үшін арналған таңбаланған ыдыстарға құю қажет. Көрсетілген өнімдерді бақалшаққа құюға рұқсат етілмейді. Жұмыс күнінің немесе ауысымның соңында барлық қалдықтар зертханалардың үй-жайларынан алыстатылуға тиіс.
253. Баллондармен жұмыс істеу кезінде қысымда жұмыс істейтін ыдыстарға нормативтік құжаттардың талаптарын басшылыққа алу қажет.
254. Баллондардан шығатын газ зертхана бөлмесіне жұмыс орнында тиек құрылғысы бар газ құбыры арқылы беріледі. Баллондар оларды атмосфералық жауын-шашынна және инсоляциядан қорғайтын аспа астындағы зертхана ғимаратының сыртқы қабырғасында орналастырылады және тролы қоршау орнатылады.
255. Бұл жерде сығылған және сұйылтылған газдары бар баллондардың қанай да болмасын арматурасын жөндеуді жүргізуге рұқсат етілмейді.
256. Жұмыстар аяқталғаннан кейін:
газ және су крандарын және газ бен суды зертханаға кіргізудің жалпы шағырларын жабу;
реактивтері және материалдары бар банкілерді тығындармен жабу;
жарықты, желдетпені және қыздыру аспаптарын ажырату қажет.
6-тарау. Технологиялық жабдықтар және құбырларды пайдалану және жөндеу кезінде өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету
Ескерту. 6-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Төтенше жағдайлар министрінің 30.03.2022 № 89 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.
257. Барлық техникалық құрылғылар олардың техникалық сипаттамаларына және паспорттық деректеріне және пайдалану жөніндегі нұсқаулықтарға сәйкес пайдаланылуға тиіс.
258. Барлық технологиялық аппараттарға технологиялы қ схема бойынша айқын білінетін позиция жазылуға тиіс. Әртүрлі белгілерде (қабаттарда) бөлмедегі бағана түріндегі аппараттардың әрбір белгіде (қабатта) таңбасы болуға тиіс.
259. Бағана түріндегі аппараттарда оларды тазалау және жөндеу үшін люкті жоғарыдан бастап ашу керек. Төменгі люкті ашу алдында ішкі үстіңгі беттерде шөгінділердің тұтану жағдайына буды беруге арналған шланг дайын болуы қажет.
260. Тез жанатын және газ тәрізді өнімдердің, селективті еріткіштердің және реагенттердің сынамаларын іріктеу сынама іріктеу келте құбырларын бөлмеден сыртқа шығару үшін үй-жайлардан тыс жүргізілуге тиіс.
261. Бөлмеде сынамаларды іріктеу қажеттілігіне қарай сынама іріктегіш сору желдетпесімен жабдықталған арнайы шкафқа орнатылуға тиіс, бұл ретте желдетпе шкафтың есігін ашу кезінде автоматты түрде қосылуға тиіс.
262. Жабдықты құрамдастыру жабдыққа қызмет көрсету және жөндеу ерекшелігін ескеруге, сондай-ақ
тұрақты жұмыс орындарындағы кемінде 2 метр негізгі өтпе жолдарды;
машиналарға қызмет көрсету шебі бойынша кемінде 1,5 метр өтпе жолдарды;
сондай-ақ аппараттар мен құрылыс конструкциялары арасындағы шеңберлік қызмет көрсету қажеттілігіне қарай кемінде 1 метр арақашықтықты қамтамасыз етуге тиіс.
263. Сыртқы қондырғыларға қызмет көрсетуші персонал үшін қыздыруға арналған бөлмелер көзделуге тиіс.
264. Жылытылған даяу жүргінші өтпе жолдарымен жабдықталмаған өндірістік ғимараттарда немесе персонал сыртқы қондырғыға қызмет көрсететін жағдайларда сырткиімге арналған бөлме көзделеді.
265. Қолданыстағы жабдықта және құбырларда жөндеу жұмыстарын жүргізуге рұқсат етілмейді.
266. Жарылыс қауіпті аймақтары бар қондырғыларда жұмыстарды жүргізу кезінде ұшқын қаупі жоқ құралды пайдалану қажет.
267. Монтаждау, техникалық куәландыру немесе пайдалану барысында жабдықтың нормативтік-техникалық құжаттардың талаптарына сәйкессіздігі анықталған кезде ол пайдаланудан шығарылуға тиіс.
268. Жұмысшылар үшін қауіптілік көзі болуы мүмкін жабдықтың тораптары, бөлшектері, құрылғылары және бөлшектері, сондай-ақ қоршау және қорғау құрылғыларының үстіңгі беттері сигналдың түстерге боялады.
269. Ауыр бөлшектерді және жеке жабдықты көтеру және тасу үшін стационарлық немесе жылжымалы жүк көтеру тетіктері көзделуге тиіс.
1-Параграф. Құбырлы пештер
270. Пештер тұтандыру құрылғыларымен, жеке жылумен жабдықтау жүйесімен жарақтандырылған кезекші (пилоттық) оттықтармен жабдықталуға тиіс.
271. Жұмыс және кезекші оттықтарды құрылғы отының болуын сенімді тіркейтін жалынды басу дабыл қаққыштарымен жабдықтау қажет.
272. Газ тәрізді отын құбырларында негізгі оттықтарға газ қысымы рұқсат етілетіннен төмен азайған кезде іске қосылатын пештегі жалпы қырқу құрылғысына қосымша сақтандыру-тиек клапандары (СТК) орнатылуға тиіс.
273. Сұйық отынның және газ отынының негізгі және кезекші оттықтарға беріліс желілерінде бұғаттаулар жүйесінде іске қосылатын автоматты тиек органдары орнатылуға тиіс.
Ескерту. 273-тармаққа орыс тілінде өзгеріс енгізілген, қазақ тілінде өзгеріс енгізілмейді - ҚР Инвестициялар және даму министрінің 23.12.2015 № 1221 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.274. Газ тәрізді және сұйық отын құбырларында көп шырақты пештер үшін іске қосу режимінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін дербес реттеу органдары орныталуы керек.
275. Пештерді ғимараттардан тыс орналастыру кезінде сұйық және газ тәрізді отын жалпы құбырларында тиек органдары пештен 10 метрден жақын емес қауіпсіз арақашықтықта орналасуға тиіс.
276. Пешті іске қосудың алдында жану камерасында, түтіндік-құбырларды қандай да болмасын заттардың жоқ екендігіне көз жеткізу қажет, барлық люктер және соқпақтар жабылуға тиіс.
277. Пешті жағу кезінде технологиялық регламентте көзделген бардық бақылау аспаптары және барлық дабыл қосылуға тиіс.
278. Газда жұмыс істейтін пешті жағудың алдында барлық оттықтардың жұмыс және бақылау шағырларының тығыз жабылуын тексеру, конденсатты отын желісінен шығару қажет. Газдың беріліс жүйесі конденсаттың оттыққа түсуін болдырмауға тиіс.
279. Кезекші оттықтарды жағудың алдында оттық кеңістігін бумен, ал газ тәрізді отын беріліс желісін шамдағы инертті газбен үрлеу болуға тиіс. Соңғы ысырманың ашылу сәтінен бастап түтін құбырынан будың пайда болу сәтіне дейін оттық кеңістігін үрлеуді регламентте көзделген уақыт, бірақ кемінде 15 мин, ал көп камаралы пештер үшін жану камераларын камер кемінде 20 мин ішінде жүргізілуі керек.
280. Пешті жағу кезекші оттықтарды жағудан басталуға тиіс. Егер кезекші оттық (оттықтар) үш реттен жанбаған жағдайда, оттық кеңістігін үрлеуді қайталау керек.
281. Негізгі оттықтарды жағу ирек құбырдағы ең төменгі регламенттелген циркуляцияда және регламенттелген отын берілісі мәндерінде жұмыс істейтін кезекші оттықтарда жүзеге асырылуға тиіс.
282. Отынның барлық жұмыс істемейтін (оның ішінде жұмыс істемейтін) оттықтарға беріліс құбырлары өшірілуге тиіс.
283. Пештер су буының оттық кеңістігіне және құбырлардың қызуы кезінде ирек құбырларға автоматтық беріліс құралдарымен, сондай-ақ ирек құбырлар жүйелеріндегі апаттар кезінде шикізат және отынның беріліс автоматтық ажырату құралдарымен жабдықталуға тиіс.
284. Отын газы сұйық фазадан, ылғалдан және механикалық қоспалардан босату үшін оттыққа беру алдында алдын-ала сепаратордан, қыздырғыштан және сүзгілерден өтуге тиіс.
285. Сұйық отын қажетті тұтқырлықты қамтамасыз ету механикалық қоспалардан босату үшін құрылғыға беру алдында алдын-ала қыздырғыштан және сүзгілерден өтуге тиіс.
286. Іске қосу кезінде мынадай бұғаттаулар қосылған болуға тиіс включены: отын газы желісіндегі қысым төмендеген кезде кезекші оттықтардың автоматтық тиек органдарын жабу; отын газының негізгі оттықтарға беріліс желілерінде қысымның артуы немесе төмендеуі кезінде, сондай-ақ айналатын газдың немесе шикізаттың ирек құбырына беріліс тоқтатылған кезде негізгі оттықтарлың газ автоматтық тиек органдарын жабу; газдың немесе шикізаттың ирек құбырына беріліс тоқтатылған кезде сұйық отындағы автоматтық тиек органдарын жабу.
287. Бұғаттаулар және дабыл жүйесі отынның мынадай кезде кезекші және негізгі оттықтарға берілісін ажыратуды қамтамасыз етуге тиіс:
отын беріліс параметр регламенттелгеннен ауытқуларында;
пештің ирек құбыры арқылы шикізаттың циркуляция көлемінің рұқсат етілетіннен төмен түсуі;
пештен щыққанда шикізаттың шекті рұқсат етілетін температуралан асып кету;
жалынды басу аспабының іске қосылуы.
288. Пештің жұмысын бақылайтын барлық аспаптар реттеуші болуға тиіс.
289. Апатқа қарсы автоматтық қорғау жүйесі апатқа қарсы параметр дабылымен және атқару органдарының іске қосылу дабылымен жабдықталуға тиіс.
290. Құбырлы қыздыру пешін пайдалану кезінде бақылау-өлшеу аспаптарының көрсеткіштерін қадағалау, ирек құбыр түтіктерінің, құбырлы аспалардың және пеш қаламасының жай-күйін шолып бақылауды жүргізу қажет. Құбырдарда шамадан тыс үрлеу, олардың күюі, қаламаның немесе аспалардың деформациясы, ретурбенттерді өткізу кезінде оттықты сөндіру, пешке өнімнің берілісін тоқтату, оттықа буды беру және құбырларға өнім жүрісі бойынша бумен немесе инертті газбен үрлеу керек.
291. Пеш жұмыс істеп тұрған кезде камералардың есіктері жабық болуға тиіс. Жанудың белгіленшен режимін бақылауды жүргізу қажет, оттықтар бірдей жүктемеде болуға, шырақтың көлемі бірдей болуға тиіс, аралық қабырғаны ұрмау және төбе және еден экрандарының құбырларын тимеу керек.
292. Будың оттық кеңістігіне берілісі ирек құбырдың ысуы кезінде автоматты түрде қосылуға тиіс, ол мыналармен сипатталады: шикізаттық ирек құбырдағы қысымның құлуы; асу қабырғасының үстіндегі температураның артуы;
регламенттелгенмен салыстырғанда пештен шыққан түтіндік газдардағы оттегі құрамының өзгеруі.
293. ПАЗ жүйелерін және пештің атқару тетіктерін электрмен жабдықтау I сенімділік санатының ерекше тобына жатады.
294. Пешті жөндеуге дайындау және жөндеу жұмыстарын жүргізу газ қауіпті жұмыстар болып табылады және ұйымның газ қауіпті жұмыстарды қауіпсіз жүргізу жөніндегі белгілеген талаптарына сәйкес орындалады.
295. Өндірістік объектілер найзағай әсерінен қорғалуға тиіс. Барлық жарылыс-өрт қауіпті объектілер жоғары әлеуееттер тоздыруынан қорғалуға және статтық электр тогы зарядтарының жиналуын болдырмайтын құрылғылармен жабдықталуға тиіс.
296. Пешті және оған орнатылған жабдықты жөндеуге дайындау технологиялық регламентке қатаң сәйкестікте орындалуға тиіс.
2-Параграф. Сорғылар
297. I және II қауіптілік сыныбы сұйықтықтарын ауыстыру үшін қосарлық ұштық тығыздамасы бар саңылаусыз, мембраналы немесе ортадан тепкіш сорғылар қолданылуы керек.
298. Құбырлардан, сорғылардан және сорғы бөлмесінде орналасқан басқа да жабдықтан қалдықтарды шығару сорғы бөлмесінен тыс жабық коммуникациялар арқылы; сұйықтық – арнайы арналған ыдысқа, ал булар және газдар шыраққа жүргізілуге тиіс.
299. Ашық сорғы бөлмелерінде еденді жылыту көзделуге тиіс. Еденді ыздыратын ирек құбырлар сорғы бөлмесі еденінің үстіңгі бетінде барынша суық бескүндіктің орташа температурасында (есептік жылыту температурасы) кемінде плюс 5 градус Цельсийден температураны қамтамасыз етуге тиіс.
300. Тұтқырлығы жоғары, суланған немесе суыған айдау сорғыларын өнімнің сыртқы ауасының температурасында, ашық алаңдарда орнату жұмыстың үздіксіздігін, жылу оқшаулауды немесе сорғыларды және құбырларды қыздыруды, сорғыларды және құбырларды үрлеу немесе шаю жүйелерінің болуын қамтамасыз ететін шарттарды негіздеуді және сақтауды талап етеді.
301. Тез жанатын және жанғыш сұйықтықтарды айдайтын сорғылардың шанақтары сорғылармен бір рамадағы электрқозғалтқыштардың жерге тұйықталуына қарамастан жерге тұйықталуға тиіс.
302. Олардың қозғалтқышпен тіркелу муфтасында қоршау болмаған кезде ортадан тепкіш сорғылардың жұмыс істеуіне және пайдалануға рұқсат етілмейді.
303. Бу сорғыларын іске қосу бу конденсатын алдын ала шығарғаннан және бу цилиндрлерін қыздырғаннан кейін жүзеге асырылады. Бұл ретте сорғының айдау құбырындағы ысырма ашық болуағ тиіс.
304. Сорғы бөлмелеріндегі құбырларда ағын қозғалысының бағытын, жабдықта технологиялық схема бойынша позициялардың нөмірін, ал қозғалтқыштарда ротордың айналу бағытын көрсету керек.
305. Сорғы бөлмелеріндегі сорғы жабдығы, едендер және науалар таза ұсталуы қажет. Ағын сулар құрамында қышқылдар, сілтілер, селективтік еріткіштер және басқа да улы және зиянды заттары бар еденді және науаларды жуғаннан кейін арнайы ыдыстарға жиналуға және кәрізге түсіру алдында технологиялық регламентке қатаң сәйкестікте зарарсыздандыруға тиіс.
Ескерту. 305-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Төтенше жағдайлар министрінің 16.08.2023 № 434 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.3-Параграф. Компрессорлар
306. Компрессор бөлмесі жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін жүк көтеру құрылғыларымен және механизация құралдарымен жабдықталуға тиіс.
307. Негізделген жағдайларда компрессор бөлмесі машинистің тұрақты болуы үшін дыбыс оқшаулағыш кабинамен жабдықталады.
308. Компрессорды майлауға арналған майдың сертификаты болуға және компрессорға арналған зауыттық паспортта көрсетілген маркаға (тұтқырлығы, жарқыл, өздігінен тұтану температуралары, термиялық беріктігі бойынша) және нақты шарттарда осы түрдегі компрессордың жұмыс істеуі үшін тән айырықша ерекшеліктерге сәйкес келуге тиіс.
309. Ауа компрессорларының цилиндрлері үшін өздігінен тұтану температурасы 400 градус Цельсийден төмен емес және булар жарқылының температурасы сығылған ауа температурасынан 50 градус Цельсийшге жоғары жағар май қолданылуға тиіс.
310. Компрессорды салқындату жүйесінің салқындатқыш суының температурасына шекті рұқсат етілетін мәнге қол жеткізген кезде температураның қауіпті мәндер дабылымен және ПАЗ жүйесіне бұғаттай отырып, тұрақты бақылауды жүзеге асыру қажет.
311. Газды компрессордың қабылдауына беру жарық және дыбыс дабылымен, сондай-ақ сұйықтықтың шекті рұқсат етілетін деңгейіне қол жеткізген кезде компрессордың тоқтауын қамтамасыз ететін бұғаттауы бар сұйықтық бөлгіштер (сепараторлар) арқылы жүзеге асырылуға тиіс.
312. Компрессорлардың газ орамының барлық қосылыстарын технологиялық құбырларды пайдалануға қойылатын белгіленген қауіпсіздік талаптарына сәйкес саңылаусыздыққа тексеру қажет.
313. Компрессор бөлмелеріндегі құбырларда ағын қозғалысының бағытын, жабдықта технологиялық схема бойынша позициялардың нөмірін, ал қозғалтқыштарда ротордың айналу бағытын көрсету керек.
314. Ажыратылған немесе ақаулы дабыл және бұғаттау құралдары бар компрессорларды пайдалануға рұқсат етілмейді.
315. Майды, суды және ластануларды май-ылғал бөлгіштерден, ауа жинағыштардан жою керек.
316. Компрессорға кіреберістегі газдардың температурасы газдардың конденсация температурасынан жоғары болуға тиіс
317. Жарылыс қауіпті газдармен жұмыс істейтін компрессорды іске қосудың алдында, оны шығатын газдағы оттегі құрамы көлемдік 0,5 пайызкға дейін инертті газбен үрлеу керек.
318. Компрессорды жөндеу жұмыстарын орындау кезінде барлық технологиялық құбырлардан, стандартты бітемелердің көмегімен отын газ желісін және шырақ жүйесіне үрлеу желісін өшіру керек.
319. Атмосфералыққа жақын сору қысымы бар компрессорларда қабылдаудағы қысымның рұқсат етілетіннен төмен түсуі кезінде агрегатты ажырату бойынша бұғаттау көзделуге тиіс.
320. Компрессорлардың айдау желілерінде буферлік ыдыстар – пульсация басқыштар орнатылуға тиіс.
7-тарау. Қосалқы жүйелер мен объектілерге өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету
Ескерту. 7-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Төтенше жағдайлар министрінің 30.03.2022 № 89 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.
321. Барлық желдету қондырғыларының оларды жөндеу және пайдалану бойынша паспорттары және журналдары болуға тиіс.
322. Өндірістік қажеттіліктерге сумен жабдықтау тұйық жүйе бойынша жүзеге асырылуға тиіс.
323. Өнеркәсіптік кәріз желісінде жарылыс қауіпті булар мен газдардың таралуын болдырмау үшін оған гидравликалық қақпақтар орнатылуға тиіс. Мұндай қақпақтарды технологиялық жабдығы бар үй-жайлардан, технологиялық қондырғылар алаңдарынан, резервуарлар опырылмдарынан, ысырмалар тораптарынан, аппараттар топтарынан, сорғы бөлмелерінен, қазандықтардан, ағызу-құю эстакадаларынан барлық шығуларда орнату қажет.
324. Гидравликалық қақпақ құрылғысы оны тазалаудың ыңғайлығын қамтамасыз етуге тиіс. Әрбір гидравликалық қақпақта қақпақ түзетін сұйықтық қабатының биіктігі кемінде 0,25 метр болуға тиіс.
325. Өнеркәсіптік кәріздің жабық желісінің құдықтары әрдайым жабық ұтсалуға, ал қақпақтар болдат, темірбетон немесе кірпіш шығыршықта кемінде 10 сантиметр құм қабатымен жабылуға тиіс.
326. Кәріз және сумен жабдықтау желілері мерзімді тексеруге және тазалауға жатады. Су құбырларын және кәріз құбырларын, құдықтарды, науаларды, гидрқақпақтарды тексеру және тазалау кесте бойынша жүргізілуге тиіс.
327. Кәрізге шығару кезінде өндірістік ағын сулардың температурасы 40 градус Цельсийден аспауға тиіс. Температурасы барынша жоғары судың шамалы көлемін жалпы ағын температурасы 40 градус Цельсийден аспайтындай есеппен тұрақты су шығыны бар коллекторларға шығаруға рұқсат етіледі.
328. Араласуы жылудығ бөлінуімен, жанғыш және зиянды газдардың, сондай-ақ қатты шөгінділердің түзілуімен бірге жүретін реакцияларға әкеп соғуы мүмкін ағын сулардың әртүрлі ағындарын өнеркәсіптік кәрізге шығаруға рұқсат етілмейді.
329. Тереңдетілген сорғы станциялары сигналды басқару пультіне (оператор бөлмесі) шығара отырып, жарылыс концентрацияларына дейін автоматтық газ талдағышпен жарақтандырылуға тиіс.
330. Химиялық ластанған ағын сулардың сорғы станцияларын жеке тұрған ғимараттарда, ал қабылдау резервуарын сорғы станциясы ғимаратынан тыс орналастыру керек; сорғы станцияларының электрожабдығы жарылыстан қорғалған орындауда болуға тиіс. Сорғы станциясының ғимаратына тұрмыстық және қосалқы бөлмелерді қосып салуға рұқсат етілмейді.
331. Мұнай сүзгілегіштерді тазалау мерзімділігі және тәртібі технологиялық регламентте белгіленеді.
332. Сумен жабдықтау және кәріз желілерінде құдықтардағы тиек арматурасын орнатуға рұқсат етілмейді.
333. Мұнай сүзгілегіштер және градирен тостағандары биіктігі кемінде 1 метр жанбайтын материалдардан жасалған периметр бойымен қоршауларға ие болуғаи тиіс.
8-тарау. Өндірістерге қызмет көрсету кезінде өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету
Ескерту. 8-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Төтенше жағдайлар министрінің 30.03.2022 № 89 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.
334. Ұйым қызметкерлері жеке сақтандыру құралдарымен, арнайы киіммен, арнайы аяқ киіммен, арнайы тамақпен және басқа да құралдармен қамтамасыз етіледі. Өндірістік персоналдың (негізгі және қосалқы) арнайы киімі қажеттілігіне қарай тозаңсыздандыруға және/немесе химиялық тазалауға және газсыздандыруға жатады.
335. Жұмыс шарттарын қалыптандыру құралдарын және зиянды өндірістік факторлардың қызметкерлерге әсерін төмендету құралдарын қамтитын жеке және ұжымдық сақтандыру құралдары қоршаған ортаның зиянды әсерінен қорғауды, сондай-ақ қалыпты жарықтандыру деңгейін, шуыл мен дірілдің рұқсат етілетін деңгейлерін, электр тогының соғуынан қорғауды, қозғалмалы тораптардан және тетіктердің бөлшектерін жарақат алудан қорғауды, биіктіктен құлаудан қорғауды және басқа да құралдарды қамтамасыз етуге тиіс.
336. Жарылыс қауіпті аймақтары бар үй-жайларда пайдаланылған сүрту материалына арналған жәшіктерді орнатуға рұқсат етілмейді.
337. Жарылыс қауіпті аймақтары бар объектілерге темір бедерлері немесе шегелері бар аяқ киіммен, сондай-ақ статтық электр тогы зарядын тарту қабілеті бар киіммен кіруге рұқсат етілмейді.
3-Бөлім. Мұнай базаларын және автожанармай құю стансаларын пайдалану кезінде өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету тәртібі
9-тарау. Жалпы ережелер
Ескерту. 9-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Төтенше жағдайлар министрінің 30.03.2022 № 89 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.
338. Мұнай базаларын және автожанармай құю стансаларындағы өндірістік процестердің қауіпсіздігіне:
мұнай өнімдерін қабылдаудың, сақтаудың, берудің және есепке алудың қауіпсіз технологиялық процестерін, өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарына сәйкес келетін техникалық құрылғыларды қолдану арқылы қол жеткізіледі;
339. Қауіп-қатері жоғары жұмыстар жұмысқа рұқсат беру қағаздары бойынша жүргізіледі. Ондай жұмыстардың тізбесін техникалық басшы бекітеді.
340. Қауіп-қатері жоғары жұмыстар технологиялық операциялардың дәйектілігін және олардың қауіпсіз жүргізілуін белгілейтін технологиялық регламентке сәйкес жүргізіледі.
341. Әрбір мұнай базасы және автожанармай құю стансасы үшін апаттарды жою жоспары мен өндірістік бақылау туралы ереже әзірленеді.
342. Жарылыс қауіпті бөлмелерде сыртқы қондырғыларда орнатылуы электр бақылау-өлшеу аспаптары мен автоматика құралдары тиіс.
343. Әрбір мұнай базасында және автожанармай құю стансасында техникалық құжаттама бар:
мұнай базасының, автожанармай құю стансасының жобасы;
техникалық құрылғылардың паспорттары;
техникалық құрылғыларды пайдалануға, жөндеуге қатысты технологиялық регламент;
өндірістік бақылау туралы ереже.
344. Мұнай базасы, автожанармай құю стансасы телефон және дауыс зорайтқыш байланыспен жарақталады.
1-Параграф. Мұнай базаларының және автожанармай құю стансаларының аумағы
345. Мұнай базалары мен автожанармай құю стансаларына санитарлық қорғау аймақтары белгіленеді.
346. Мұнай базалары мен автожанармай құю стансаларының аумағындағы жолдар асфальттан, бетоннан немесе қиыршықтастан төселген.
347. Қауіпсіз өтуді қамтамасыз ету үшін аумақтағы жолдар мен өткелдер жақсы күйде ұсталады, қыстыгүні қардан тазартылады, түнгі уақытта жарықтандырылады.
348. Жаяу жүргіншілер үшін ені кемінде 0,75 м тротуарлар салынады.
349. Теміржолдардың өткелдерінде, олардың жолдармен қиылысатын орындарында рельстердің бүркеншіктерімен бір деңгейде тұтас төсемдер, қорғау тосқауылдары, қауіп туралы ескертетін дабылдама орнатылады.
350. Автомобиль жолдары мен өткелдер қиылысатын орындарда жерүсті құбыр желілері автомобиль жолдары мен өтпелердің үстінен кем дегенде 4,25 метр және өткелдердің үстінен кем дегенде 2,2 метр биіктіктегі тіректерге ілінеді.
351. Мұнай базасының аумағы жанбайтын материалдан жасалған, биіктігі кем дегенде 2 метр үрленетін (кереге көз металл немесе темірбетон) шарбақпен қоршалады. Шарбақ ғимараттар мен құрылыстардан (әкімшіліктен басқа) кем дегенде 5 м қашықтықта орнатылады.
Ескерту. 351-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Төтенше жағдайлар министрінің 16.08.2023 № 434 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.352. Мұнай базасының аумағындағы ғимараттар, құрылыстар және жабдықтар "Мұнай және мұнай өнімдері қоймалары. Өртке қарсы нормалар" ҚР ҚН 2.02-03-2012 және ҚР ЕЖ 2.02-103-2012, "Электротехникалық құрылғылар" ҚР ҚН 4.04-07-2013 және ҚР ЕЖ 4.04-107-2013, "Табиғи және жасанды жарықтандыру" ҚР ҚН 2.04-01-2011 және ҚР ЕЖ 2.04-104-2012, ҚР ҚН 5.03-07-2013 және ҚР ЕЖ 5.03-107-2013 "Тіреу және қоршау конструкциялары", ҚР ҚН 2.02.-11-2002 "Ғимараттарды, үй-жайларды және құрылыстарды автоматты өрт дабылы жүйелерімен, автоматты өрт сөндіру қондырғыларымен жабдықтау және адамдарды өрт туралы хабардар ету нормалары" талаптарына сәйкес орналастырылады.
Ескерту. 352-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Төтенше жағдайлар министрінің 16.08.2023 № 434 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.353. Мұнай базасының, АЖҚС аумағы таза ұсталады. Аумақты ластауға және онда төгілген мұнай өнімдерінің, судың жиналуына жол берілмейді.
Жазғы уақытта резервуар паркіндегі шөп шабылады және аумақтан ылғал күйінде әкетіледі.
354. Мұнай базасының, АЖҚС аумағында ашық от көзін қолдануға жол берілмейді.
355. Шылым шегуге тек арнайы бөлінген және "Шылым шегетін орын" деген жазба ілінген, жабдықталған орындарда рұқсат етіледі.
356. Қауіп төнетін барлық орындарда ескерту (белгі беру) жазбалары мен қауіпсіздік белгілері орнатылады.
2-Параграф. Мұнай базаларының және автожанармай құю стансаларының жабдықталуы
357. Жобалау ұйымы технологиялық процесте қолданылатын техникалық құрылғылар үшін оларды пайдалануға болатын мерзімді белгілейді, бұл жобалық құжаттама мен техникалық паспортта көрсетіледі.
358. Жабдықтарды, механизмдерді, құралдарды ақаулы күйде немесе ақаулы қауіпсіздік құрылғыларымен (бұғаттайтын, тіркейтін және белгі беретін құрылғылар мен аспаптар), паспорттық өлшемдерден жоғары жүктемелермен және қысымдармен пайдалануға жол берілмейді.
359. Жабдықтарды, құралдарды пайдаланудан шығару өлшемдерін жобалық-құрылымдық құжаттаманы әзірлеуші немесе оларды жасаушы белгілейді.
360. Жабдықты жөндеу оны ажыратудан, қысымын түсіргеннен, қозғалатын бөліктері тоқтағаннан және олардың кездейсоқ қозғалысқа келуіне жол бермеу шараларын қабылдағаннан кейін жүргізіледі.
361. Іске қосу құрылғысында: "Қосуға болмайды! Адамдар жұмыс істеуде!" деген жазуы бар плакат ілінеді. Істен шығуға дейінгі жұмыс уақытында жөндеу жүргізуге жол берілмейді.
362. Қайта құрастырылған немесе жаңғыртылған жабдықты іске қосуды комиссия оның жобаға және осы Ереженің талаптарына сәйкестігін тексергеннен кейін жүзеге асырады.
363. Жабдықты техникалық куәландыру, орнату немесе пайдалану барысында оның технологиялық регламент талаптарына сәйкессіздігі анықталған жағдайда оны пайдалануға жол берілмейді.
364. Жабдықтың құрылымына өзгеріс жобалық-құрылымдық құжаттаманы әзірлеуші ұйыммен немесе жабдықты жасаушымен келісу бойынша енгізіледі.
365. Жабдықты (аппараттарды, құбыр желілерінің учаскелерін) іске қосу немесе тоқтату кезінде технологиялық жүйеде жарылыс қаупі бар қоспалардың түзілуінің алдын алу шаралары (инертті газбен үрлеу, үрлеудің тиімділігін бақылау) көзделеді.
366. Жасалуы бойынша климаттық жағдайларға сәйкес келмейтін жабдықтарды қолдануға жол берілмейді.
367. Жабдықтардың қызметкерлер үшін қауіп төндіретін тораптары, бөлшектері, тетіктері мен элементтері, қоршау және қорғау құрылғыларының үстіңгі беттері ескертетін түстерге боялады.
368. Жабдықтардың металл бөліктері жерге қосылады.
369. Қызмет көрсететін персоналдың жарақат алуына немесе оған зиянды әсер тигізуге себеп болатын техникалық құрылғылар қоршалады немесе қалқаланады. Қоршаулар мен экрандар жабдықтың іске қосу құрылғысымен бірге бұғатталады.
Қоршау жабдықтың мақсатына және құрылымының жасалуына, пайдаланылатын жағдайларға сәйкес келеді.
Қоршаудың құрылысы мен бекітпелері жұмыс істеушінің қоршалған элементпен оқыс жанасу мүмкіндігіне жол бермейді.
370. Механизмдердің қозғалатын бөліктерінен 35 сантиметрден көп қашықтықта орнатылатын қоршауларды шарбақ түрінде орындауға жол беріледі. Қоршауды механизмдердің қозғалатын бөліктерінен 35 сантиметрден аз қашықтықта орнатқан жағдайда оны тұтас немесе торлы (торлары 50 Х 50 миллиметрден аспайтын) етіп жасайды.
371. Шарбақты қоршаудың биіктігі механизмдердің қозғалатын бөліктерінің өлшемдеріне қарай анықталады, бірақ 1,25 метрден кем болмайды. Тұтас қоршаудың төменгі белдеуінің биіктігі 15 сантиметр, шектес бағаналардың осьтері арасындағы аралық 2,5 метрден аспайды. Торлы қоршаудың биіктігі 1,8 метрден кем болмайды. Биіктігі 1,8 метрден төмен механизмдер толығымен қоршалады.
372. Жетек белдіктеріне арналған шарбақты қоршаулардың биіктігі 1,5 метрден төмен болмайды. Екі шкивтің сыртқы жағынан белдіктің үзілу мүмкіндігін ескере отырып, металдан жасалған қарсы қалқандар орнатылады.
Тісті және шынжырлы берілістер алмалы-салмалы бөліктері және құрастыру мен жинауға қолайлы құрылғылары бар тұтас металл қалқандармен (қаптамалармен) қоршалады.
Қозғалатын бөліктердің шығыңқы бөлшектері шеңбері бойынша қаптамалармен жабылады.
373. Қоршаулардың есіктерін ашуға немесе қоршауларды түсіруге жабдық толық тоқтағаннан кейін жол беріледі. Жабдықтарды немесе механизмді іске қосуға қоршаудың барлық алмалы-салмалы бөліктерін орнына орнатып, мықты бекіткеннен кейін жол беріледі.
374. Машиналар мен жабдықтардың бекіткіш бөліктерінде және біріктіргіш элементтерінде жұмыс кезінде өздігінен босауға және ажырауға жол бермейтін құрылғылар (қарсы сомындар, шплинттер, сыналар және басқалар) қарастырылады.
375. Жабдық оның қалыпты жұмысын қамтамасыз ететін мықты іргетаста (негізде) орнатылады.
376. Қызмет көрсету үшін жұмысшыны 0,75 метрге дейінгі биіктікке көтеру қажет болатын жабдық сатымен, ал 0,75 метрден жоғары биіктікке көтеру қажет болатын жабдық сүйеніштері бар басқыштармен жабдықталады.
377. Марштық баспалдақтар 60 градустан аспайтын (резервуарлар жанында –50 градустан аспайтын) еңіспен орнатылады, баспалдақтардың ені кем дегенде 65 сантиметр, ауыр заттарды көтеруге арналған баспалдақтардың ені кемінде 1 метр болады. Басқыштар арасындағы биіктік бойынша қашықтық 25 сантиметрден аспайды. Басқыштардың ішкі еңістігі 2-5 градус болады. Басқыштардың екі жағында адам аяғының сырғанауына жол бермейтін, биіктігі 15 сантиметр бүйірлік планкалар немесе ернеулік қаптамалар болады. Баспалдақтар екі жағынан биіктігі 1 метр қанаттармен жабдықталады.
378. Биіктіктегі жұмыс алаңдарының беті тайып кетуге жол бермейтін металл табақтардан немесе қалыңдығы кемінде 40 миллиметр тақтайлардан жасалған төсемдері, бір-бірінен 40 сантиметрден аспайтын қашықтықта орналасқан бойлық планкалары бар, биіктігі 1,25 метр қанаты және төсемге тығыз іргелес, биіктігі кем дегенде 15 сантиметр ернеуі болады.
379. Жабдықтардың сыртқы беттерінің және жылу оқшаулағыш жабындардың қаптамаларының температурасы жарылу қаупі мейлінше аз өнімнің өздігінен тұтану температурасынан аспайды, ал қызметкерлер үшін қолжетімді орындарда жайлар ішінде Цельсий бойынша 45 градустан және сыртқы қондырғыларда Цельсий бойынша 60 градустан аспайды.
3-Параграф. Мұнай базаларының және автожанармай құю стансаларының өндірістік жайлары
380. Өндірістік жайларға кіретін есіктер климаттық ауданды ескере отырып орнатылатын тамбурлармен жарақтандырылады.
381. Өндірістік жайларда желдетуге арналған құрылғылар – терезе жақтауларында немесе әйнектелген желкөздерде ашылатын жармалары болады.
382. Технологиялық процесс нәтижесінде мұнай өнімдерінің буы бөлінетін жайларда біріне бірі қарама-қарсы орналасқан кем дегенде екі шығу есігінің болуы қамтамасыз етіледі. Егер қабаттың ауданы 300 шаршы метрден аспайтын болса және сыртқы өрт сатысына шығатын қосалқы есік болса, бір шығу есігін орнатуға болады.
Жайлардағы терезелердің жармалары мен есіктер сыртқа ашылады. Жоғарғы фрамугалар мен әйнектелген желкөздерде оларды еденнен немесе арнайы алаңдардан ашуға арналған құрылғылар болады.
383. Өндірістік жайлардың қабырғалары ашық түстерге боялады.
384. Едендерді жабуға қолданылатын материалдар мұнай өнімдерінің әсеріне төзімді болады.
Едендер саңылаусыз, науаларға қарай еңісті қатты жабыннан жасалады.
385. Өтпелерді, шығатын есіктерді, дәліздерді, тамбурларды, баспалдақ алаңшаларын, қосымша есіктерді қандай да болсын заттармен, материалдармен, жабдықтармен бөгеуге жол берілмейді. Баспалдақ алаңшаларының астынан заттар салатын бөлмелер, шеберханалар салуға жол берілмейді.
386. Өндірістік жайлардың науалары, арналары жеңіл алынып-салынатын, отқа төзімді тақталармен жабылады.
Жарылыс қаупі және өрт қаупі бар өндірістік жайлардағы науалар мен арналар құммен немесе басқа жанбайтын материалдармен көміледі.
387. Жарылыс-өрт қаупі бар, улы және күйдіргіш заттарды тасымалдайтын құбырларды тұрмыстық, қосалқы және әкімшілік-шаруашылық жайлар, электр қондырғыларының жайлары, желдеткіш камералар арқылы тартуға жол берілмейді.
388. Электр желілерін қайта жарақтандыруға, стандартқа сай келмейтін сақтандырғыштарды орнатуға, қолдан жасалған және ақаулы электрмен қыздырғыш аспаптарды пайдалануға жол берілмейді.
389. Қызмет көрсетуші персоналдың тұрақты орны мұнай базаларының диспетчерлік бекетімен телефон (радиотелефон) байланысымен жарақтандырылады.
390. Өндірістік және басқа да жайлардың барлығы тазалықта ұсталады.
Өндірістік жайлар мен жабдықтар белгіленген кесте бойынша мезгіл-мезгіл шаңнан және жанғыш қалдықтардан тазартылып тұрады.
Өндірістік жайлар дәрі-дәрмек қобдишаларымен жарақтандырылады.
391. Өндірістік жайлардың едендері қажеттілігіне қарай, бірақ ауысымда кемінде бір рет тазартылады.
Едендерді жууға тез тұтанғыш сұйықтықтарды пайдалануға жол берілмейді.
Төгілген мұнай өнімдері кәріздік науаларға сумен шайылады.
392. Газ бөлінуі мүмкін жайларда техникалық басшы бекіткен кесте бойынша жұмыс аймағының ауасында зиянды газдың шоғырлануы тексеріледі. Ондай жайларда тиісті ескерту жазбалары бар тақтайшалар ілінеді.
393. Өндірістік жайларда:
құбырлар мен жабдықтардың үстіне кептіру үшін киім ілуге, жанғыш материалдар қоюға;
өндіріс мақсатына қажетсіз материалдарды, әр түрлі заттарды сақтауға жол берілмейді.
394. Өндірістік және қосалқы жайлардың барлығы өрт сөндіру құралдарымен қамтамасыз етіледі.
4-Параграф. Санитарлық-тұрмыстық жайлар
395. Жұмыс киімі ілінетін шкафтардың, душ бөлмелерінің, жуыну бөлмелерінің кіре беріс бөлмелерінің, жуынатын жайлардың, дәретханалардың, арнайы киім мен арнайы аяқкиім кептіретін жайлардың, әйелдердің жеке гигиенасына арналған жайлардың қабырғалары мен аралық қабырғалары оларды оңай тазалауға және жуу құралдарын қолданып ыстық сумен жууға болатын материалдармен қапталады.
396. Едендері жуылатын душ бөлмелерінде, жуынатын (бес және одан көп қолжуғыштары бар) жайларда, дәретханаларда және басқа да жайларда резеңке төсеніштер қарастырылады.
397. Қызметкерлер мен қызметшілер ластанатын жұмыстарда сабын беріледі.
Теріге уытты заттектер әсер етуі мүмкін жұмыстарда жуып тазартатын және зарарсыздандыратын құралдар беріледі.
398. Қызметкер жеке пайдалануға арналған сабынмен қатар жұмыс аяқталғаннан кейін жуыну үшін бір қызметкерге шаққанда айына кем дегенде 200 грамм мөлшерде сабынмен қамтамасыз етіледі.
399. Қызметкерлердің жылынуына және тынығуына арналған жайларда су шапшитын атқылайтын саптамасы бар ауыз су бактары қарастырылады.
400. Арнайы киім мен арнайы аяқкиім шкафтарда жеке киімнен бөлек сақталады.
401. Өндірістік жайларда тамақтануға рұқсат етілмейді. Қызметкерлер тамақтану үшін арнайы жабдықталған жайларда тамақтанады.
5-Параграф. Мұнай базаларының және автожанармай құю стансаларының жарықтандырылуы
402. Мұнай базалары, автожанармай құю стансалары ішкі, сыртқы, соның ішінде күзеттік жарықтандырумен қамтамасыз етіледі. Жұмыс орындары, нысандар, оларға өту жолдары мен өтпелер қараңғы мезгілде жарықтандырылады.
403. Мұнай базаларын және АЖҚС сыртқы жарықтандыру жүйесі бөлек басқарылады.
404. Құю эстакадалары төгу-құю эстакадасынан кемінде 20 метр қашықтықта орнатылған прожекторлармен жарықтандырылады.
405. Эстакадаларда тексеріп қарау, жөндеу және төгу-құю операцияларын жүргізу кезінде жергілікті жарықтандыру үшін жарылыс қаупі бар аймақтардан тыс қосылатын және ажыратылатын, жарылыс қаупі жоқ аккумуляторлы шамдар қолданылады.
406. Ауданы 250 шаршы метрден асатын өнім жайларында, сорғы жайларында, операторлардың бөлмесінде және диспетчерлік бекетте апаттық жарықтандыру көзделеді.
407. Өндірістік жайларда және ашық алаңдардағы жұмыс аймақтарында апаттық және эвакуациялық жарықтандыру көзделеді.
408. Апаттық жарықтандыру шамдалдары жұмыс шамдалдарынан түрлері, көлемі немесе оларға қойылған белгілері бойынша ерекшеленеді.
409. Жарықтандыру деңгейін өлшеу жайларды, жарықтандыру жүйелерін қайта құрудан кейін жылына кемінде бір рет жүргізіледі.
6-Параграф. Мұнай базаларындағы және автожанармай құю стансаларындағы жылыту мен желдету
410. Жайларды жылыту үшін орталықтандырылған және жергілікті жылыту жүйелері қолданылады. Жылу тасымалдағыш ретінде ыстық су, бу немесе қыздырылған ауа пайдаланылады.
411. Мұнай базасының және АЖҚС өндірістік жайлары жұмысшылар болатын аймақта ауа ортасын қалыптастыру үшін желдету жүйесімен жарақтандырылады.
412. Жарылыс қаупі бар жайларда желдету жүйесін қоспай жұмыс істеуге жол берілмейді.
413. Өндірістік жайлардың ауа беру және тарту жүйесі қажетті ауа алмасуды қамтамасыз етеді.
414. Желдеткіш камераларда қандай да бір материалдар мен жабдықтарды сақтауға жол берілмейді.
415. Желдету жүйесі қашықтан (автоматты) немесе жайдан тыс жерде жергілікті әдіспен іске қосылады.
416. Жылыту-желдету жүйелерінің металдан жасалған ауа құбырлары мен құбыр желілері, жабдықтары жерге қосылады.
417. Арнайы киімді және басқа да жанғыш материалдарды қыздырғыш аспаптар мен жылыту құбырларының үстінде сақтауға, кептіруге жол берілмейді.
418. Желдету жүйесінде немесе қызмет көрсетілетін жайда өрт шыққан жағдайда желдеткіштер ажыратылады, ал желдеткіштердің алдындағы және қалқандар жабылады.
419. Өндірістік жайлардың желдеткіш қондырғылары техникалық ақаусыз күйде ұсталады. Мәжбүрлеп қолданылатын желдеткіш қондырғылардың жұмыс істеу тиімділігі жыл сайын тексеріліп, тексеру нәтижелері төлқұжатта белгіленеді.
7-Параграф. Мұнай базаларындағы және автожанармай құю стансаларындағы сумен жабдықтау және кәріз жүйелері
420. Ауыз суға арналған ыдыстар (бактар) тот баспайтын болаттан немесе жеңіл тазартылатын және дезинфекцияланатын басқа материалдардан жасалады.
Өндірістік кәріз жүйесінің құбырларын резервуарлық парктердің үйме жалдауы астымен тарту жерасты, жабық орындалады.
Жауын-шашын суының кәріз жүйесі үшін алмалы-салмалы тақталармен және торлармен жабылған науалар орнатуға жол беріледі.
421. Тұрмыстық кәріз жүйесін өндірістік кәріз жүйесіне қосуға жол берілмейді.
422. Мұнай базаларын және АЖҚС-ны сарқынды су жинау және тазарту жүйесінсіз пайдалануға жол берілмейді.
423. Тазарту құрылғылары ақаулы болған кезде кәріз жүйесін пайдалануға жол берілмейді.
8-Параграф. Өндірістік шу және діріл
424. Жұмыс орындарында және мұнай базасының аумағында шудың деңгейі осы қағидаға сәйкес қамтамасыз етіледі.
425. Қызметкерлер белгіленген нормаларға сәйкес шудан қорғайтын жеке құралдармен қамтамасыз етіледі.
426. Шу деңгейі 80 дБА-дан жоғары жұмыс аймақтары қауіпсіздік белгілерімен белгіленеді.
427. Тербеліс деңгейі және оны механизмдерді басқару органдары мен қол машиналарының тұтқаларында бақылау нормативті техникалық құжаттарға сәйкес келеді.
428. Діріл деңгейі тікелей жұмыс орындарында немесе жұмыс аймағына анағұрлым тән нүктелерде машиналар мен жабдықтардың оңтайлы жұмыс режимі кезінде өлшенеді.
429. Шу-діріл қаупі бар машиналар мен жабдықтарды пайдалану кезінде шу мен діріл деңгейін төмендету құрылғыларының күйі тексеріледі. Олардың жұмысындағы бұзушылықтарды жою шаралары қабылданады.
430. Машиналарға қызмет көрсететін алаңдарды бекіту кезінде олардың дірілдейтін бөліктеріне діріл оқшаулағыштар қолданылады.
431. Пайдалану процесінде дірілге ұшырайтын жарылыс қаупі бар технологиялық жүйелер, жабдықтар, құбыр желілері үшін жабдықтардың апаттық қозғалу, ығысу мүмкіндігіне және жүйелердің саңылаусыздығының бұзылуына жол бермеу шаралары көзделеді.
9-Параграф. Мұнай базаларындағы және автожанармай құю стансаларындағы сорғы стансалары
432. Жабық сорғы стансаларының қабырғалары әктеледі.
Ескерту. 432-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Төтенше жағдайлар министрінің 16.08.2023 № 434 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.433. Сорғы стансаларының едендері мұнай өнімдерін өткізбейтін және сіңірмейтін, отқа төзімді материалдардан жасалады.
Едендер мен науалар тазалықта ұсталады; төгілген мұнай өнімдері жойылады.
434. Сорғы стансаларының есіктері мен терезелері сыртқа қарай ашылады. Есіктерде табалдырықтар салуға жол берілмейді. Жарық түсетін ойықтарды бөгеуге болмайды, терезелер мен шамдардың әйнектері ластануларына қарай тазартылып тұрады.
Тереңдетілген сорғы стансасының есіктері желдету қондырғысының іске қосу құрылғысымен байланыстырылған, есіктер ашылған сәтте құрылғы автоматты түрде іске қосылады.
435. Сорғы стансаларының жайларында құбырлар кедір-бұдырланған металл қалқандармен жабылған арналарға төселеді. Қалқандардың көтеруге арналған тұтқалары бар; қалқандардың тұтқалары түсетіндей етіп жасалады.
436. Сорғы стансаларының ішкі қабырғалары арқылы құбырлар өтетін орындарда тығыздауыш құрылғылар бар.
437. Сорғының немесе компрессордың айдау және сору құбырларында орнатылатын жапқыш, айырғыш және сақтандырғыш құрылғылар сорғыға (компрессорға) барынша жақындатылған және қызмет көрсетуге ыңғайлы әрі қауіпсіз аймақта орналасқан.
Көршілес сорғылардың шығыңқы бөліктерінің арасындағы, олардың және жайлардың қабырғалары арасындағы аралық кем дегенде 1 метр; сорғылар екі қатармен орналастырылған кездегі олардың арасындағы аралық кем дегенде 2 метр.
Сорғылардың, құбыр желілерінің және басқа да жабдықтардың шығыңқы бөліктері есіктерден кемінде 1 метр қашықтықта орналасады.
438. Сорғы жабдықтарының барлық қозғалатын бөліктері металдан жасалған қорғаныстық қоршауларымен жабдықталады.
439. Жабдықтардың жылжымалы бөліктерінен 350 миллиметрден кем аралықта орнатылатын қоршау тұтас немесе торлы, металл қаптамада болады.
Торлы қоршауларды пайдаланған кезде тор сымының диаметрі 2 миллиметрден кем болмайды.
Тор саңылауларының өлшемі 20х20 миллиметрден аспайды.
440. Қанат түрінде қоршау кезінде олардың биіктігі қозғалатын бөліктердің өлшемдерімен анықталады, бірақ 1250 миллиметрден кем болмайды.
441. Жиі тексерілуі тиіс жабдықтардың қоршаулары тез алынып-салынатын немесе қайырылатын болады.
Қоршаулардың құрылысы оларды арнайы кілтсіз ашуға немесе ағытуға жол бермейді.
442. Цельсий бойынша 45 градустан жоғары температура кезінде жабдықтар мен құбырлардың беттері қызметкерлер жанасуы мүмкін учаскелерде қоршалған немесе жанбайтын жылуоқшаулағыш материалмен қапталған болады.
443. Сорғы стансасында орнатылған негізгі және қосалқы жабдықтардың технологиялық схемаға сәйкес реттік нөмірі болады. Нөмірлер көрінетін орында оқылатындай етіп жазылады. Қозғалтқыш пен сорғы арасында аралық қабырға болған кезде нөмірлер сорғыға да, қозғалтқышқа да жазылады, ал сорғы агрегатын бір залда біріктіріп орнатқан жағдайда қозғалтқышқа жазылады.
444. Сорғы стансасының, сумен жабдықтау, желдету, ауамен жабдықтау, отынмен жабдықтау және өрт сөндіру жүйелерінің негізгі және қосалқы жабдықтарының түсі басқалардан ерекше. Құбыр желілерінде олардың мақсаты және айдалатын ортаның қозғалу бағыты көрсетіледі.
445. Қозғалтқышта, сорғыда айналу бағытын көрсететін нұсқар салынады, ал іске қосу құрылғысында – "Қосу" және "Тоқтату" деген жазбалар жазылады.
446. Басқару органдарының анық түсіндіретін жазбалары; басқару органдарының символдары болады.
447. Жабдықтар мен қоршауларға белгі беретін түстері мен қауіпсіздік белгілері салынады.
448. Батырмалар мен ауыстырып қосқыштар жарылыстан қорғалған және ылғал өткізбейтін күйде қолданылады.
Батырмаларды итергіштер панельмен бір деңгейде орнатылады.
"Қосу" батырмасы панельдің бетінен 3 – 5 миллиметрге батырылған.
"Тоқтату" апаттық кнопкасы саңырауқұлақ тәріздес, көлемі ұлғайтылған және панелдің бетінен шығыңқы болады.
449. Сорғы стансасындағы сору және айдау құбырларында, әрбір сорғы агрегатында манометрлер орнатылады. Сорғыларды манометрсіз немесе ақаулы манометрлермен пайдалануға жол берілмейді.
450. Сорғы агрегатында жерге қосатын құрылғы көзделеді, ол жерге қосу белгісімен таңбаланады.
451. Сорғы стансалары мәжбүрлеп ауа беру-тарту және апаттық желдету жүйесімен (ашық және жартылай ашық сорғы стансаларынан басқалары), өрт сөндірудің тұрақты құралдарымен, тұрақты немесе тасымалды жүк көтергіш құрылғылармен жарақтандырылады.
Желдеткіш қосылмай тұрған кезде сорғы агрегаттарын іске қосуға жол берілмейді.
452. Сорғы стансаларында майлау материалдарын металл ыдыстарда тәулік ішінде пайдалануға жеткілікті шамадан аспайтын мөлшерде сақтауға жол беріледі.
453. Сорғы стансаларының жайлары жарылыс қаупі бар концентрацияларды анықтайтын газ талдағыштармен жарақтандырылады, ал олар болмаған жағдайда сынамалар алу және бақылау тәртібі белгіленеді.
454. Сүрту материалы қақпақтары бар металл жәшіктерге жиналып, кейін қалпына келтіріледі немесе жойылады.
Майланған материалды ұзақ сақтауға жол берілмейді.
455. Сорғы стансаларында тез тұтанатын сұйықтықтарды сақтауға жол берілмейді.
456. Сорғылар, материалдар, жабдықтар немесе қандай да бір заттар арасындағы өту жолдарын бөгеуге болмайды.
457. Сорғылардың жұмысы кезінде мойынтіректер мен тығыздамалардың бақылануы қамтамасыз етіледі.
Мойынтіректер жеткілікті түрде майланады.
Мойынтіректерді Цельсий бойынша 60 градустан жоғары қыздыруға жол берілмейді.
Мойынтіректерді немесе білікті сумен, мұзбен суытуға болмайды.
Мойынтіректер мен тығыздамалардың температурасы сағатына кемінде бір рет тексеріліп тұрады.
458. Сорғы мен құбыр желілерінің ыстық бөліктеріне сүрту материалын немесе мұнай өнімдері сіңген қандай да бір нәрселерді қоюға жол берілмейді.
459. Сорғы стансаларын пайдалану барысында сорғылар мен құбыр желілерінің саңылаусыздығына бақылау жүргізіледі. Сорғылардың бүйірлік және сальникті тығыздамалары арқылы мұнай өнімдерінің ағуы жасаушы зауыт белгілеген рауалы нормативтерден жоғары болса, ол жойылады.
460. Сорғының үйкелетін бөліктері тұрақты түрде майланып тұрады. Майлау кезінде майлау материалдарының ағуына және шашырауына жол берілмейді.
461. Сорғының жұмыс режимінде бұзушылықтар (шу, қатты діріл, мойынтіректердің қызуы, сальниктер арқылы өнімнің ағуы, жекелеген бөліктердің сызаттары мен ақаулары) болған жағдайда сорғы тоқтатылады.
Ақаулар анықталып, жойылмайынша сорғыны іске қосуға жол берілмейді.
462. Автоматтық бақылау құралдары болмаған кезде жұмыс істеп тұрған сорғыны қараусыз қалдыруға болмайды.
463. Электр энергиясының берілісі оқыс тоқтап қалған жағдайда электр қозғалтқыш желіден ажыратылады.
464. Сорғы стансасының жайында ашық от көзін пайдалануға жол берілмейді. Тасымалданатын жарықтандыру құралы ретінде сорғы стансасының жайынан кемінде 20 метр қашықтықта қосылатын және сөндірілетін, жарылыстан қорғалған аккумуляторлы шамдарды қолдануға жол беріледі.
465. Әрбір сорғы стансасында апаттық құрал-сайман жинағының, аккумуляторлы шамдар қорының болуы қамтамасыз етіледі, олар оператор бөлмесіндегі арнайы шкафтарда сақталады.
466. Алып тасталды - ҚР Төтенше жағдайлар министрінің 16.08.2023 № 434 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.467. Алып тасталды - ҚР Төтенше жағдайлар министрінің 16.08.2023 № 434 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.
468. Алып тасталды - ҚР Төтенше жағдайлар министрінің 16.08.2023 № 434 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.
469. Алып тасталды - ҚР Төтенше жағдайлар министрінің 16.08.2023 № 434 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.
10-Параграф. Технологиялық құбыр желілері
470. Технологиялық құбыр желілерінің, жабдықтардың, жапқыш арматураның құрылысы және орналастырылуы жобалау талаптарына сәйкес келеді.
Технологиялық құбыр желілері Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2021 жылғы 27 шілдедегі № 359 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 23754 болып тіркелген) Технологиялық құбыржолдарды пайдалану кезіндегі қауіпсіздік жөніндегі нұсқаулықтың талаптарына сәйкес сынақтан өтеді.
Ескерту. 470-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Төтенше жағдайлар министрінің 30.03.2022 № 89 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.471. Қотару және құю стансаларының құбырларына жерасты және жерүсті құбырларын және оларға орнатылған жапқыш құрылғыларды орнатудың технологиялық схемасы жасалады.
Қолданыстағы құбыр желілерінің орналасу схемасын техникалық басшының рұқсатынсыз өзгертуге болмайды.
Тез тұтанатын сұйықтарды қотару үшін қолданылатын сорғылар:
оның корпусында қотарылатын сұйықтық болмағанда немесе қабылдау және жұмсау ыдыстарындағы сұйықтықтың жоғарғы және төменгі деңгейлері шекті рауалы шамалардан ауытқығанда іске қосуға жол бермейтін немесе жұмысты тоқтататын бұғаттауыштармен;
қауіпсіздікке әсер ететін жұмыс өлшемдерінің бұзылуы туралы ескертетін дабылдама құралдарымен жарақтандырылады.
472. Жарылыс қаупі бар технологиялық жүйелердің құбырларындағы арматура орнатылған немесе аппараттар жалғанған орындарынан басқа орындарда ернемектік немесе басқа да ажыратқыш қосылыстар болмайды.
473. Орталықтан тепкіш сорғылардың өнім айдайтын құбырларында айдалып жатқан сұйықтықтардың кері бағытта ағуына жол бермейтін кері бағытты клапан немесе басқа құрылғы және қажетіне қарай сақтандырғыш құрылғы (клапан) орнату көзделеді.
Жапқыш-реттегіш аппаратура атқарушы технологиялық схемаға сәйкес келетін нөмір салынады.
Құбыр желілерінде орнатылатын жапқыш арматурада (ысырмаларда, шүмектерде) шеткі қалыптарды көрсететін көрсеткіштер белгіленеді.
474. Жер үстімен тартылған құбыр желілерінің аспалары мен тіректерінің күйіне бақылау жүргізіледі.
475. Қызметкерлердің құбыр желілері арқылы өтетін орындарында өту алаңдары немесе қанатты көпіршелер салынады.
476. Науалар мен орлар жанбайтын материалдан жасалатын тақталармен жабылады.
477. Құбыр желілеріндегі науалар, орлар және құдықтар таза ұсталынады және тұрақты тазартылып, сумен шайылып тұрады.
Құдықтарда, камераларда немесе орларда (науаларда) орнатылған жапқыш арматурада қызметкер құдыққа немесе орға (науаға) түспей ашуға (жабуға) мүмкіндік беретін жетектер бар.
478. Құбыр желілеріндегі арматураны ашу және жабу үшін ломдарды, құбырларды қолдануға болмайды.
479. Құбыр желілерінде тұйық учаскелер болған жағдайда олар бақылауға алынады. Қыстыгүні олардың қатып қалуына жол бермеу шаралар қарастырылады.
480. Құбыр мен арматураны жылыту үшін ашық от көзін пайдалануға жол берілмейді. Ыстық сумен, бумен немесе қыздырылған құммен жылытуға рұқсат етіледі, бұл ретте құбырдың жылытылатын бөлігі қолданыстағы құбыр желілерінен ажыратылады.
481. Құбырларда пайда болған тығындарды болат шыбықтармен және үйкелістен немесе құбырға соғылудан ұшқын шығаруы мүмкін басқа заттармен тазалауға жол берілмейді.
482. Құбыр желілерін әдеттен тыс жалғаушы бөлшектер мен арматураны қолданып пайдалануға жол берілмейді.
483. Жарылыс қаупі бар технологиялық жүйелерде иілгіш шлангілерді қолдануға жол берілмейді.
484. Мұнай өнімдерін қотару кезінде құбырлар мен олардың арматураларын жөндеуге қатысты қандай да бір жұмыстарды жүргізуге тыйым салынады.
485. Мұнай өнімдеріне арналған құбыр желілері жерге қосылады.
Құбыр желілерінің ернемектік қосылыстарында диэлектрлік материалдардан жасалған тығырықтар және электр өткізбейтін етіп сырланған тығырықтар болса, құбыр желілерінің жерге қосылуы оларды жерге қосылған резервуарларға қосумен, оларға жерге қосқыш мойнақтар орнатумен қамтамасыз етеді.
486. Тексеру және қабылдау құдықтарының қақпақтары төгу операциялары мен профилактикалық іс-шараларды жүргізу кезінде өлшеу және сынамалар алу үшін ашылады.
487. Бағаналардағы, тарату шлангілеріндегі, құбыр желілеріндегі және арматурадағы ернемектік, бұрандалы және басқа түрдегі қосылыстардың саңылаусыздығына бақылау жүргізіледі. Сұйықтық ағатын саңылау бітеледі.
488. Құбырлар мен жабдықтардың барлық ернемектік қосылыстары парониттен, бензин мен майға төзімді резеңкеден жасалған төсемдермен немесе мұнай өнімдеріне арналған төсемдермен тығыз байланған.
489. Ысырмалар, шүмектер, шұралар және басқа да жапқыш құрылғылар ақаусыз күйде ұсталады және құбыр желілерінің тез арада жабылуын қамтамасыз етеді. Жапқыш құрылғылардағы ақаулар жойылады.
490. Жапқыш және басқа құрылғылардың сальникті тығыздауыштары тексеріледі, қажетіне қарай тығыздау материалдары қосылады немесе ауыстырылады.
491. Коммуникациялар мен құрылыстардың жерасты учаскелері тоттануға қарсы оқшаулау материалдарымен жабылады, жерүсті учаскелері сырланады.
11-Параграф. Теміржол эстакадалары
492. Егер төгілетін немесе құйылатын мұнай өнімдерінің тұтану температурасы Цельсий бойынша 120 градусқа тең немесе одан төмен болса, локомотивтердің қозғалысы көзделетін теміржол осінен жақын жердегі төгу-құю эстакадасы бар жолдың осіне дейінгі арақашықтық кемінде 20 метр болады, ал тұтану температурасы Цельсий бойынша 120 градустан жоғары болса, кемінде 10 метр болады.
Электрлендірілген теміржолдарда орналасқан төгу-құю эстакадаларының теміржол жолдарында екі оқшаулағыш түйіспе орнатылады:
біріншісі – өнім құю орнынан тыс жерде;
екіншісі – тұйықтың жол бұрғышы жанында.
Төгу-құю эстакадалары бар теміржол жолдарын локомотивтердің тура жүріп өтуі үшін пайдалануға жол берілмейді.
Эстакадаға мұнай өнімдері бар маршрутты беру тек вагон-цистерналар алда болатын күйде немесе озу жолының немесе тартымдық жолдың көмегімен жүргізіледі. Эстакаданың тұйық жолдарына локомотивтің кіруіне жол берілмейді.
493. Төгу-құю құрылғыларының немесе темір жолдарда жеке тұрған тағандардың екі жағынан (екіосьті екі вагонның немесе төртосьті бір вагонның ұзындығына тең аралықта) "Локомотивті тоқтату" деген сигналдық белгілер орнатылады.
494. Төгу-құю эстакадаларында ені кем дегенде 0,75 метр төсемі қатты жаяу жүргіншілер жолы қарастырылады. Жаяу жүргіншілердің жолдары әрбір эстакаданың бүйір жағында болады, ал теміржол жолдарымен қиылысатын жерлерде - рельстердің бүркеншіктерімен бір деңгейдегі тұтас төсемдер болады.
495. Төгу-құю эстакадасы немесе жеке төгу-құю құрылғылары тұрған (ашық немесе қалқа астындағы) алаңның периметрі бойынша биіктігі 200 миллиметр ернеушемен қоршалған, су өткізбейтін қатты жабыны және науаларға қарай кемінде 2 процент еңісі болады, ал науалар 50 метрден аспайтын қашықтықта орналасқан жинауыш құдықтарына (шұңқырларға) қарай 0,5 процент еңіспен жасалады. Науалар темір жолдардың сыртқы жағына орналастырылады, жанбайтын материалдардан жасалады және алмалы-салмалы металл торлармен жабылады.
496. Төгу-құю эстакадаларының жанбайтын материалдардан жасалған, эстакада бойымен 100 метрден аспайтын қашықтықта шет жағынан орналасқан баспалдақтары болады. Баспалдақтардың ені кемінде 0,7 метр және кемінде 45 градустық еңістікте болады. Эстакадаларда төгу-құю құрылғыларына қызмет көрсетуге арналған сүйеніштері бар алаңдар қарастырылады.
Баспалдақтарда, эстакадалардағы қызмет көрсету алаңдарында және эстакадаларда тұтас қапталған, биіктігі 1 метр сүйеніш болады.
497. Құюға арналған теміржол вагон-цистерналары итерусіз және жұлқусыз ақырын беріледі және шығарылады.
498. Теміржол төгу-құю эстакадаларының аумағында теміржол вагон-цистерналарын металл табандықтармен (башмақтармен) тежеуге жол берілмейді. Осы мақсатта ағаш төсеніштер немесе ұшқын қаупі жоқ тежеуіш табандықтар (башмақтар) қолданылады.
499. Төгу-құю эстакадасының қайырмалы көпіршелерінде жасырын болттары бар ағаш жастықшалар немесе резеңке төсеніштер болады.
500. Эстакаданың қызмет көрсету алаңынан ысырмалардың сермерлеріне (маховиктеріне), шүмектердің саптарына, құю шлангілерінің көтергіш механизмдеріне дейінгі қашықтық 1,5 метрден аспайды.
501. Эстакадалар прожекторлармен жарықтандырылады. Жергілікті жарықтандыруға ылғал мен жарылыстан қорғалып жасалған тұрақты шамдар және тасымалданатын аккумуляторлы шамдар қолданылған жағдайда жол беріледі.
502. Құбыр желісінің тағандары, шлангілері, тығыздамалары, ернемектік қосылыстары саңылаусыз, тағандар нөмірленген болады.
503. Құю шлангілері цистернаның мойнына соғылуы кезінде ұшқын шығармайтын материалдардан жасалатын ұштықтармен жабдықталады.
504. Цистерналардағы люктердің қақпақтарын ашу және жабу кезінде олардың соғылуына жол берілмейді. Мұнай өнімдері және жанғыш сұйықтықтар төгілген цистерналармен төгу-құю операцияларын жүргізуге жол берілмейді.
505. Төгу-құю операциялары мен вагон-цистернадағы мұнай өнімінің деңгейін өлшеу орындалғаннан кейін люктердің қақпақтары саңылаусыз етіп жабылады.
506. Эстакада жұмыс жүргізу барысында ұшқын шығармайтын құрал-саймандар қолданылады.
507. Құю операциялары кезінде цистерналарды асыра толтыруға жол берілмейді.
508. Цистерналарға тез тұтанатын сұйықтықтарды құю жұмысы сұйықтық деңгейіне сай бірқалыпты ағыспен жүргізіледі.
509. Эстакаданың аумағында мұнай өнімдерінің төгілуіне жол берілмейді.
510. Мұнай өнімі бар цистерна люгінің қақпағын ашу кезінде қызметкер люкке қатысты жел жағында тұрады.
511. Электрлендірілген теміржол тұйықтарында түйіспе желіні ажыратпайынша теміржол цистерналарында төгу мен құю жұмыстарын, олардағы мұнай өнімдерінің деңгейін өлшеуге жол берілмейді. Түйіспе желіні ажырату мен қосуды ұйымның өтінімі бойынша теміржолдың тиісті қызметі жүргізеді.
512. Төгу-құю эстакадаларының аумағында цистерналарды жөндеуге жол берілмейді.
513. Эстакада және оның аумағы тазалықта ұсталады. Эстакадаларды бөгде заттармен бөгеуге жол берілмейді.
514. Құбырларды, ысырмаларды және түсіру құрылғыларын ашық от көзімен жылытуға жол берілмейді; ол үшін бу немесе ыстық су қолданылады.
515. Өнім құю кезінде эстакаданың айналасында 100 метр радиуста жүргізіліп жатқан жөндеу жұмыстарының барлығы тоқтатылады.
516. Эстакада аумағында:
вагон-цистерналарды профилактикалық жөндеу және тазалау жұмыстарын жүргізуге;
жалпы өнеркәсіптік мақсатта жасалған шамдарды, тасымалданатын шамдарды қолдануға;
найзағай кезінде тез тұтанатын мұнай өнімдерін төгу-құю жұмыстарын жүргізуге;
мұнай өнімдерін ақаулы цистерналарға құюға;
эстакадалар мен цистерналардан құрал-саймандарды, бөлшектерді және басқа да нәрселерді лақтыруға жол берілмейді.
517. Эстакадаларда теміржол цистерналарын кез келген түрде жылжыту мұнай өнімдерін төгу-құю операторымен келісіледі.
518. Көктайғақ кезінде алаңдар мен басқыштар қар мен мұздан тазартылады.
519. Алып тасталды - ҚР Төтенше жағдайлар министрінің 16.08.2023 № 434 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.520. Теміржол цистернасынан сынама алуға оны толтырудан кейін кемінде 10 минут өткен соң рұқсат етіледі.
Сынама алушы мұнай өнімінің сынамасын қадағалаушының қатысуымен алады.
Ескерту. 520-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Төтенше жағдайлар министрінің 16.08.2023 № 434 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.12-Параграф. Автоцистерналарға өнім құю стансалары
521. Автоқұю эстакадасы орналасқан алаңның қатты жабыны болады және ол төгілген мұнай өнімінің жинауышқа, ал жауын-шашын суының кәріз жүйесіне кедергісіз ағуын қамтамасыз етеді.
522. Алаңға ақаулы автомобильдердің кіруіне, оларды сол алаңда жөндеуге жол берілмейді.
523. Автоцистерналардың жүргізушілеріне мұнай базалары мен автоқұю эстакадаларының аумағындағы қауіпсіздік талаптары туралы нұсқау (нұсқамалар беру журналына бегілей отырып) беріледі.
524. Автоцистерналардың ұзындығы 100-200 миллиметр, жерге тиетін металдан жасалған жерге қосу тізбегі бар.
525. Автоцистерналар екі өрт сөндіргішпен, киізбен, массасы шамамен 25 килограмм құрғақ құммен, күрекпен жабдықталады.
526. Мұнай өнімдерін құю автомобиль қозғалтқышы жұмыс істемеген кезде жүргізіледі.
527. Тез тұтанатын мұнай өнімдерін тасымалдауға арналған автоцистерналар құю эстакадасының жерге қосу контурына қосылатын жерге қосушы құрылғылармен жабдықталады.
Автоцистерналардың өшіргіштері ұшқын басқыш торлармен жабдықталады және алға қарай қозғалтқыштың немесе радиатордың астына шығарылады.
Автоцистернаны құю алаңында орналасқан жерге қосушы құрылғыға жалғамайынша, оған өнім құюға жол берілмейді.
528. Құю операторы мұнай өнімін цистернаға құю процесіне бақылау жүргізеді.
529. Мұнай өнімін цистернаға құю кезінде ол төгілген жағдайда қозғалтқышты іске қосуға жол берілмейді. Ондай жағдайда автоцистерна штанга көмегімен қауіпсіз қашықтыққа буксирленеді.
530. Құю аяқталғаннан кейін автоцистернаның мойнынан құю шлангілері мұнай өнімінен толық босатылғаннан соң алынады. Автоцистернаның мойны қақпақпен, соқтырмай ақырын жабылады.
531. Құюдың автоматтық жүйесі пайдаланылған кезде жүргізуші технологиялық регламентпен көзделген әрекеттерді орындайды.
532. Мұнай өнімдерімен толтырылған цистерналардың мойындарына түсірілген құю құрылғыларымен бірге шығып кетуіне жол бермеу үшін автоқұю эстакадалары бағдаршамдармен, шлагбаумдармен жарақтандырылады.
533. Автоқұю эстакадасы қыстыгүні қардан тазартылады және оған құм себіледі.
Жабдықтарда, алаңдарда және металл құрылымдарда пайда болған мұз уақтылы тазартылып тұрады.
13-Параграф. Құю және өлшеп құю резервуарлары
534. Мұнай өнімдерін құю және беру құрылғылары жеке жайларда немесе жеке алаңдарда орналастырылады.
Ескерту. 534-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Төтенше жағдайлар министрінің 16.08.2023 № 434 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.535. Май қыздыруға және беруге арналған, жекелеп алғандағы көлемдері 25 - 100 текше метр тарату резервуарлары шеттері өнім құю жайында болатындай етіп орналастырылады.
536. Майға арналған, жалпы сыйымдылығы 400 текше метрден аспайтын резервуарларды өнім құятын және ыдыстарға өлшеп құятын бір қабатты ғимараттарда ыдыстарға құйылған май сақталатын қойма жайларының астында орналасқан жертөле жайларында жайғастыруға жол беріледі. Бұл ретте аталған ғимараттың отқа төзімділігі II дәрежеден төмен болмауы керек, ал жертөле жайларының есіктері сыртқа шығуы тиіс. Жертөле жайлары бірінші қабатпен қатынаспайды.
537. Құю шүмектерінде мұнай өнімінің атауы жазылған болуы керек. Құю шүмектерінің астына оқыс төгілген мұнай өнімдерін жинауға арналған астау қойылады.
538. Төгілген мұнай өнімдеріне арналған жинауыш өнім құю жайынан тыс орналасады. Науалар мен жинауыштар тазартылып және сумен жуылып тұрады.
539. Егер құю жайларының едендері электр өткізбейтін материалдан жасалмаған болса, оларға жерге қосылған металл табақтар төселіп, өнім құйылатын ыдыс олардың үстіне қойылады.
Бөшкелерді, бидондар мен басқа да тасымалданатын ыдыстарды жерге қосушы құрылғымен бұрандаға, бұрамаға, сұқпаға арналған ұштықтары бар мыс арқанмен жалғау арқылы жерге қосуға жол беріледі.
540. Мұнай өнімдерін бөшке ыдысқа құюды ұйым қызметкерлері орындайды. Мұнай өнімдерін беру алдында қызметкер құюға арналған ыдысты қарап тексереді. Мұнай өнімдерін ақаулы ыдысқа құюға жол берілмейді.
541. Өнім құю жайларында бос және толтырылған ыдысты, бөгде заттар мен жабдықтарды сақтауға жол берілмейді. Өнім құю жайында ені кем дегенде 2 метр болатын негізгі өту жолы көзделеді. Өту жолдарын бөгеуге жол берілмейді.
542. Май құйылатын жайда қаптау материалының мөлшері тәуліктік тұтыну қажеттілігінен аспайды, ыдыстар саны бір ауысым ішінде құйылатын май мөлшеріне тең болады.
543. Өнім құю жайында тікелей мұнай өнімдерін ыдысқа құюмен байланысты емес жұмыстарды орындауға жол берілмейді.
544. Алып тасталды - ҚР Төтенше жағдайлар министрінің 16.08.2023 № 434 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.14-Параграф. Ыдыстар қоймалары
545. Ыдыстарға құйылған мұнай өнімдеріне арналған қойма ғимараттары:
тез тұтанатын мұнай өнімдері үшін – бір қабатты;
жанғыш мұнай өнімдері үшін – ғимараттың отқа төзімділігі I және II дәрежелі болса, әрі кеткенде үш қабатты; ал отқа төзімділігі ІІІ дәрежелі болса, екі қабатты болады.
546. Ыдыстарға құйылған жанғыш мұнай өнімдерін және дизель отынын сақтау үшін бір қабатты жерасты құрылыстарын қолдануға жол беріледі.
Тез тұтанғыш мұнай өнімдерін жабық қоймада сақтаған кезде олармен жарылыс қаупі бар қоспалар түзеуге қабілетті басқа заттарды сақтауға жол берілмейді.
547. Ыдыстарға құйылған мұнай өнімдеріне арналған қойма жайларын құю және өлшеп құю жайларымен, сорғы стансаларымен және басқа да жайлармен бір ғимаратта біріктіруге жол беріледі. Қойма жайлары басқа жайлардан өртке қарсы арақабырғалармен бөлінеді.
548. Ыдыстарға құйылған мұнай өнімдеріне арналған қойма ғимараттарының қабырғаларындағы есік ойықтарының өлшемдері ені кемінде 2,1 метр және биіктігі 2,4 метр механизациялық құралдардың өтуін қамтамасыз етеді.
Өздігінен жабылатын есіктер орнатуды қарастырған жөн. Есіктердің ойықтарында биіктігі 0,15 м табалдырықтар (пандустарымен) орнатылады.
549. Ыдыстарға құйылған мұнай өнімдеріне арналған қойма ғимараттарында едендер жанбайтын және мұнай өнімдерін сіңірмейтін материалдардан, ал тез тұтанғыш мұнай өнімдерін сақталған кезде – ұшқын шығармайтын материалдардан жасалады. Еден беті тегіс, сұйықтықтың шұңқырларға ағуы үшін еңіспен жасалады.
550. Ыдыстарға құйылған мұнай өнімдерін (бөшкелерде, канистрлерде, арнайы контейнерлерде) сақтауға арналған қойма ғимараттары және қалқа астындағы алаңшалар салынған жағдайда ыдыстарды механикаландырылған құралдармен жайғастыру барысында:
стеллаждардың немесе табандықтар штабельдерінің биіктігі – 5,5 метрден аспайды;
стеллаждың әр қабатында - ыдыстар биіктігі бойынша бір қатарға және ені бойынша екі қатарға орналастырылады;
штабель ені – жайғастырылуына қарай төрт табандықтан аспайды;
стеллаждар мен қатарлардың арасындағы өту жолының ені – қолданылатын механикаландырылған құралдардың габариттеріне қарай, бірақ кем дегенде 1,4 метр;
стеллаждар мен штабельдердің арасындағы өту жолдарының ені – 1 метр;
бөшкелердің үстінен төбеге дейінгі арақашықтық – кем дегенде 1 метр;
қабырғадан штабельге дейінгі арақашықтық – 0,8 метр.
551. Ыдыстарға құйылған мұнай өнімдерін сақтау үшін ашық алаңшалар салған жағдайда:
ыдыс штабельдерінің саны – алтыдан аспайды;
штабельдің өлшемдері әрі кеткенде: ұзындығы 25 метр, ені 15 метр, биіктігі 5,5 метр;
штабельде ыдыстар мен табандықтар екі қатармен қойылады;
алаңшалардағы штабельдер арасындағы арақашықтық – 5 метр, ал көршілес алаңшалардағы штабелдердің арасы – 15 метр.
552. Ыдыстарға құйылған мұнай өнімдерін (ашық және қалқа астында) сақтауға арналған алаңшаларда олардың периметрлері бойынша биіктігі 0,5 метр жабдық үйме жалдау немесе жанбайтын материалдардан жасалған қоршайтын қабырға орнату көзделеді. Алаңға өтетін немесе жүретін орындарда пандустар қарастырылады.
553. Бос металл бөшкелер (бұрын қолданылған және мұнай өнімдерімен ластанған) ашық алаңдарда бос бөшкелердің штабелдер санын биіктігі бойынша төрттен асырмай сақталады.
554. Толтырылған ыдыстарды тиеу, түсіру, төсеу және тасымалдау жұмыстарын механикаландырған жөн.
Механикаландырылған құралдар жоқ жерде бөшкелерді көлік құралдарына шеттерінде металдан жасалған жартылай сақиналы қапсырмалармен жарақтандырылған ағаш төсемелердің үстімен домалатуға жол беріледі.
555. Стеллаждарда және көлік құралдарында орнатылған бөшкелердің домалауының алдын алу үшін әр қатардағы шеткі бөшкелер төсемдермен бекітіледі.
556. Бөшкелерді төсемелер үстімен екі жұмысшы домалатады. Төсемелер арасында тұруға жол берілмейді.
557. Бөшкелерді тегіс жермен домалату кезінде жұмысшылар бөшкелердің артында болады.
558. Буының тұтану температурасы Цельсий бойынша 28 градус және одан төмен мұнай өнімдерімен толтырылған бөшкелерді бір қатарға, ал басқа мұнай өнімдерімен толтырылғандарын әрі кеткенде екі қатарға орналастыруға жол беріледі.
559. Мұнай өнімдері құйылған бөшкелер тығындары жоғары күйде қойылады. Металл ыдыстардың тығындарына аралық қабат салынады. Тығындар арнайы кілттермен ашылады және жабылады. Тығындарды ашу үшін балғалар мен темірқашаулар қолдануға жол берілмейді.
560. Ыдыс қоймаларында мұнай өнімдерін құюға, шағын ыдыстарға құюға және қаптау материалын, бос ыдысты және басқа заттарды сақтауға жол берілмейді.
561.Тез тұтанғыш мұнай өнімдерін ыдыс қоймаларында металл ыдыстарда сақтауға жол беріледі.
562. Мұнай өнімдері берілетін учаскелерде оқыс төгілген мұнай өнімдерінің төгінділерін жою және ластанған жерлерді тазартуға қажет құм мен құралдардың болуы қарастырылады.
563. Ыдыстан өнім аққан немесе мұнай өнімдері төгілген жағдайда мұнай өнімінің төгіндісі толық жойылғанша және газдану деңгейі шекті рауалы концентрацияға (ШРК) дейін төмендегенше қойманың пайдаланылуы тоқтатылады. Ақауы бар ыдыс мұнай өнімдерінен босатылады.
10-тарау. Автожанармай құю стансалары өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету тәртібі
Ескерту. 10-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Төтенше жағдайлар министрінің 30.03.2022 № 89 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.
564. Автожанармай құю стансасы (АЖҚС) орналасқан жерде "АЖҚС" жол белгісі болады.
565. АЖҚС аумағына кіретін жерде:
1) көлік қозғалысының "Ең жоғары жылдамдықты шектеу" жол белгісі;
2) "Жолаушыларды міндетті түрде түсіру" нұсқаушы белгі (нормативтік техникалық құжатқа сай);
3) жүргізушілерді бағанадан 15 метр қашықтықта қозғалтқышты сөндіру туралы ескерту үшін "Мотокөлікті 15 метр қашықтықта тоқтату" көрсеткіші;
4) берілетін мұнай өнімдерінің ассортименті, қызмет көрсетілетін көлік түрлері көрсетілген ақпараттық табло орнатылады.
АЖҚС аумағы бойынша көліктің жүруіне тыйым салынған жерлерде және ЖАЖҚС жұмыс алаңдарында тыйым салатын белгілер мен жазбалар орнатылады.
Жанармай құятын алаңға кіре берісте "Тіке қозғалыс" белгісі тұрады.
566. АЖҚС-да өртке қарсы су тоғанының, су алатын құдықтардың немесе өрт сөндіру гидрантының орналасуы туралы белгілер, қалқалары бар АЖҚС үшін габариттік белгілер орнатылады. Көрінетін жерлерге жүргізушінің автокөлікке жанармай құю кезіндегі міндеттері жазылған плакаттар ілінеді.
567. Шағын көлемді флоттың тұрақ орындарында АЖҚС-ның орналасуы мен жұмыс режимі немесе жанармай құю бекеті туралы толық ақпарат берілген қалқандар орнатылады.
568. АЖҚС ғимараттары мен құрылыстары нормативтік құжаттарға сәйкес найзағайдан, электрстатикалық, электрмагнитті индукциядан, жоғары потенциалдардың ғимараттарға өтуінен қорғалады.
569. АЖҚС аумағында техникалық мақсаттар үшін қазылған орлар мен шұңқырлар қоршалып, ескерту белгілерімен белгіленеді, ал жұмыс аяқталғаннан кейін көміледі.
570. АЖҚС резервуарларының жалғанатын төгу құрылғылары және автоцистерналардың құю жеңдерінің (шлангілері) ұштықтары соққы кезінде ұшқын шығармайтын материалдардан жасалады немесе сондай материалдармен қапталған болады.
571. Құю жеңдері (шлангілері) май мен бензинге төзімді, ток өткізгіш болады.
572. Ток өткізбейтін жеңдерде (шлангілерде) статикалық электрді бұру қондырғылары болады.
573. Мұнай өнімін құяр алдында автопойыз автокөліктің қозғалу бағыты бойынша, апатты жағдай орын алғанда АЖҚС аумағынан еркін шығып кету мүмкіндігін қамтамасыз етіп орнатылады.
574. АЖҚС резервуарларына мұнай өнімдерін саңылаусыз тәсілмен құйылады.
Мұнай өнімдерін сорғалатып құюға жол берілмейді. Мұнай өнімдерін өлшеу люгі арқылы қабылдауға, құюға жол берілмейді.
575. Резервуарлардың люктері мен құдықтарының қақпақтары ұшқын шығармау мақсатында жаймен, соққысыз ашылып, жабылады.
576. Автомобиль цистерналарының, резервуарлар мен құдықтардың люктерін ашатын немесе оларға қабылдау жеңдерін (шлангілерін) салатын қызметкерлер мұнай өнімдерінің буын жұтпау мақсатында жел жақта болады.
577. Құю кезінде АЖҚС резервуарларының люктеріне 3 метр жақын қашықтықта автокөліктердің жүруіне жол берілмейді.
578. Автоцистернадағы мұнай өнімдерін АЖҚС резервуарына құюдың бүкіл процесі автоцистерна жүргізушісі мен құю құрылғысының саңылаусыздығын қадағалайтын және құюды деңгей өлшеуіш бойынша бақылайтын АЖҚС операторының қатысуымен жүргізіледі.
Мұнай өнімдерінің ағуы аңғарылған жағдайда оператор құюды тоқтатады.
579. Автоцистерналарда мұнай өнімдерін құю кезінде және олардың қозғалысы кезінде статикалық электрді бұратын құрылғылар болады.
580. Автоцистернаға "Автоцистернаға отын құю және одан алу кезінде оны жермен қосу қажет" деген жазуы бар тақтайша ілінеді.
581. Автоцистерна мұнай өнімдерін құю кезінде АЖҚС алаңындағы жермен қосу құрылғысына оның корпусымен жалғанған иілгіш жермен қосушы өткізгіш арқылы жалғастырылады.
582. Жермен қосатын өткізгіштер алдымен цистернаның корпусына, ал содан соң жермен қосу құрылғысына жалғанады. Жермен қосатын өткізгіштерді автоцистерналардың сырланған, ластанған металл бөліктеріне жалғауға жол берілмейді. Автопоездың әр цистернасы олардан мұнай өнімдерін толық құйып алғанға дейін жеке-жеке жермен қосылады.
Резервуардың құю құрылғыларынан шлангілер ажыратылғаннан кейін жерқосқыш алдымен жермен қосу құрылғысынан, содан соң цистернаның корпусынан алынады.
583. Бағаналардың айналасындағы 3 метрлік аймақта орналасқан электр жабдықтары жарылыстан қорғалып жасалған.
584. АЖҚС-да автокөлікке жанармай құю кезінде келесі талаптар сақталады:
мотоциклдер, мотороллерлер, мопедтер отын-қоспа құятын бағаналарға және кері қозғалтқыштары сөндірулі күйде қолмен итеріп жылжытылады, олардың қозғалтқыштары бағанадан кем дегенде 15 метр қашықтықта қосылады және тоқтатылады;
автокөлікке жанармай құю кезіндегі барлық операциялар жүргізушінің көзінше және көліктің қозғалтқышы сөндірілген кезде жүргізіледі. Қозғалтқышы жұмыс істеп тұрған автомобильге жанармай құюға ауа температурасы төмен болып, сөндірілген қозғалтқышты іске қосу қиын болатын кезде жол беріледі;
автоцистернаның мұнай өнімдері төгілген жерлерін жүргізушілер қозғалтқышты қосқанға дейін әбден құрғатып сүртеді. Төгілген мұнай өнімдеріне құм себіледі, ал оларды сіңірген құм автожанармай құю стансасының аумағынан арнайы бөлінген жерлерге шығарылады;
автокөлікке жанармай құйылғаннан кейін жүргізуші жанармай құю шлангісінің кранын бағанаға орнатады;
жанармай құйылатын автокөлік пен оның артындағы автокөліктің арасындағы қашықтық кем дегенде 3 метр, ал кейінгі автомобильдер арасындағы қашықтық – кем дегенде 1 метр болады;
АЖҚС аумағында автокөлік құралдары жиналып қалған кезде АЖҚС-дан шығу жолдарының бос болуы және маневр жасау мүмкіндігінің болуы қадағаланады.
585. Жанғыш немесе жарылыс қаупі бар жүк тиелген автомашиналарға жанармай құю АЖҚС аумағынан кем дегенде 25 метр қашықтықта орналасқан жабдықталған алаңда АЖҚС-да металл канистрлерге құйып алынған мұнай өнімдерімен немесе осындай мақсаттар үшін бөлінген ЖАЖҚС көмегімен жүзеге асырылады.
586. АЖҚС жайларында уақытша электр сымдарын, электр плиталарын, рефлекторларды және қыздырғыш элементтері ашық басқа да электр аспаптарын, қолдан жасалған электр қыздырғыш аспаптарды пайдалануға жол берілмейді.
587. АЖҚС нысандарына, техникалық құрылғыларына техникалық қызмет көрсету және оларды жөндеу жұмыстары ұйымның техникалық басшысы бекіткен кестеге сай мерзімде және көлемде жүргізіледі.
588. Техникалық қызмет көрсету, жөндеу, тексеру техникалық құрылғылардың паспорттарында тіркеледі.
589. Отын, май және қоспалар берілетін бағаналарда жөндеу және реттеу жұмыстары жүргізілген кезде мемлекеттік тексерушінің пломбыларын алуды ұйым бойынша бұйрықпен тағайындалған бақылаушы тұлғалардың жүзеге асыруына жол беріледі, пломбыларды алу кезінде жиынтық есептеуіштің көрсеткіштері міндетті түрде жабдықтардың жөнделуін есепке алу журналында жазылады. Бағаналар жөндеу және реттеу жұмыстары аяқталғаннан кейін нормативтік техникалық құжаттарға сәйкес тексеріледі және тексеру нәтижелері оң болса, сол бағананың техникалық сипаттамасында көрсетілген схема бойынша пломбыланады. Бағаналарды ауыстыру және жөндеу кезінде отын шығындалуы мүмкін. Жөндеу алдында отын жинауды қамтамасыз ететін іс-шаралар орындалады. Тораптарды ауыстыруға және бағаналарды реттеуге байланысты жөндеу жұмыстары барысында өлшегішке құйылған өнім акт ресімдеу арқылы резервуарға құйылады, бұл ретте "құйылмаған" өлшегіштер номиналды сыйымдылық бойынша есептеледі. Жиынтық есептеуіштің жөндеуге дейінгі және жөндеуден кейінгі көрсеткіштері бағананың паспортында жазылады.
Ескерту. 589-тармаққа орыс тілінде өзгеріс енгізілген, қазақ тілінде өзгеріс енгізілмейді - ҚР Инвестициялар және даму министрінің 23.12.2015 № 1221 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.590. Жөндеуден және пломбылаудан кейін бір күн ішінде тексеру жүргізу үшін мемлекеттік тексерушіні шақырту қажет. Мемлекеттік тексерушінің пломбыларын алу және есептеу құрылғысын жөндеу немесе ауыстыру кезінде оларды мемлекеттік тексерушіге тапсырғанға дейін бағаналарды пайдалануға жол берілмейді.
591. Бағаналарды және олардың құрастырма бірліктерін ведомстволық пломбалармен қосымша пломбылауға жол беріледі. Бағаналардың техникалық ақаулары болған жағдайларда оларға белгіленген үлгі бойынша "Бағана жөнделуде" деген жазуы бар тақтайша ілінеді. Шлангіні бағаналар корпусын айналдыра орауға жол берілмейді.
592. Әр бағанада оның реттік нөмірі және құйылатын мұнай өнімінің маркасы жазылады.
593. АЖҚС аумағында:
мұнай өнімдерін қабылдауға немесе беруге қатысы жоқ жұмыстарды ұйым басшылығының келісімінсіз өткізуге;
темекі тартуға және ашық от көзін пайдалануға;
тез тұтанатын сұйықтықпен қол жууға, киім жууға және еден сүртуге;
жанармай құю немесе мұнай өнімдерін құю жұмыстарына және қызмет көрсетуге қатыспайтын бөгде адамдардың болуына жол берілмейді.
683. АЖҚС-да:
жүргізушісі мас күйде болған көлікке жанармай құюға;
резеңке дөңгелектері бар, бірақ ұшқын басқыштары жоқ тракторларға, шынжыр табанды тракторларға жанармай құюға;
жолаушылары бар автомобилдерге (жеңіл машиналардан басқа) жанармай құюға жол берілмейді.
594. Алып тасталды - ҚР Төтенше жағдайлар министрінің 16.08.2023 № 434 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.595. Әр АЖҚС-да алғашқы көмек көрсету үшін қажет дәрі-дәрмек қобдишасы болады.
596. Жылжымалы автожанармай құю стансаларын (ЖАЖҚС), контейнерлі автожанармай құю стансаларын (КАЖҚС) және шағын габаритті автожанармай құю стансаларын (ШГАЖҚС) пайдалану техникалық паспорт пен технологиялық регламентке сәйкес жүзеге асырылады.
597. ЖАЖҚС арнайы бөлінген алаңдарға жайғастырылады.
598. КАЖҚС және ШГАЖҚС апаттық жағдайда отын төгілген жағдайда оны жинап алуға мүмкіндік беретін бетондалған алаңдарда, бетон плиталарда, айрықша жағдайларда асфальттанған алаңдарда орнатылады.
599. Әр ЖАЖҚС-ға жуылмайтын сырмен "Жылжымалы АЖҚС" және "Өрт қауіпті" деген жазулар жазылады.
600. Мұнай өнімдері берілер алдында ЖАЖҚС жүргізушісі-жанармай құюшысы:
ЖАЖҚС-ны алаңға орнатып, автомобиль мен тіркеменің сенімді тежелуін қамтамасыз етеді;
ЖАЖҚС-ны сенімді түрде жермен қосады;
өрт сөндірудің бастапқы құралдарының болуын және дұрыстығын бақылайды;
құбыр желілерінің, шлангілердің, отын беру агрегаттарының саңылаусыздығын қарап тексереді;
электрмен қоректендіру құрылғысын сыртқы электр желісіне қосады немесе бензинді электрагрегатты іске қосады.
Әр ЖАЖҚС:
бензин мен майға төзімді жабдықтармен және құралдармен;
қосалқы бөлшектердің жинақтамасымен;
сыйымдылығы 10 литр үлгілік өлшеуішпен, екі және одан да көп өрт сөндіргішпен;
киізбен (асбестілі төсеммен);
жеке медициналық қобдишамен;
төгілген мұнай өнімдерін жинауға және жоюға арналған құралдармен жабдықталады.
601. КАЖҚС операторлық бекетінде тұрмыстық жайдың болуы қарастырылады.
КАЖҚС операторлық бекеті бағаналарды қашықтан басқаратын құралдармен, байланысу және өрт сөндіру құралдарымен, дыбыстық күзет дабылдамасымен, санитарлық-тұрмыстық жайлармен жабдықталады.
602. Дербес АЖҚС ретінде қызмет ететін жеке алаңда бір немесе бірнеше КАЖҚС орналастырылған жағдайда қосымша операторлық бекет орнатылады. Ауылдық жерлерде толық емес (қатарынан екі сағаттан аспайтын) жұмыс кестесімен жұмыс істейтін автожанармай құятын блокты бекетті (бұдан әрі - АЖҚББ) операторлық бекетсіз орнатуға болады.
603. АЖҚББ жұмысы басталар алдында:
есікті ашып, оларды орнықтырғыштармен бекіту керек;
жайларды кем дегенде 15 минут желдетіп алу керек;
өртке қарсы керек-жарақ пен өрт сөндіру құралдарын қолдануға дайындап қою керек;
құбыр желілері мен бағаналардың қосылыстарының саңылаусыздығын тексеру керек;
блок-бекет корпусының жермен қосылғанына, АЖҚББ ішінде және айналасында басқа заттардың, құрғақ шөптің, қағаздардың, майлы шүберектердің жоқ екеніне көз жеткізу керек.
604. Блок-бекетті бақылаусыз ашық қалдыруға немесе бағаналарды басқа тұлғалардың пайдалануына жол берілмейді.
605. Жылжымалы автожанармай құю стансасының жұмысы басталар алдында электрстансаның корпусы мен жабдықтары жерге қосылады.
606. Бағаналарды жөндеу және күту электрмен қоректендіру көзі ажыратылған кезде жүргізіледі. Жөндеу жұмысы алдында бағаналар мен отын құю шлангілері мұнай өнімдерінен босатылады, сору желісі сөндіріледі.
607. Автожанармай құю стансасы алаңында автомобиль жөндеу жұмысын жүргізуге жол берілмейді.
608. Найзағай ойнап тұрған кезде резервуарларға мұнай өнімдерін құюға және АЖҚС аумағында автокөліктерге жанармай құюға жол берілмейді.
609. Автомобиль немесе оның тіркемесі ақаулы болған кезде ЖАЖҚС пайдалануға жол берілмейді.
610. ЖАЖҚС-ны мұнай базаларынан, құю бекеттерінен немесе автожанармай құю стансаларына мұнай өнімдерін тасымалдайтын көлік құралы ретінде пайдалануға жол берілмейді.
611. Әрбір КАЖҚС кезең бойынша, үш жылда кемінде бір рет сынақтан өткізіледі. КАЖҚС-ның басқару контейнеріндегі қабырға блоктарының қосылыс орындары саңылаусыздайтын (герметикалық) мастикамен толтырылады. Блоктар арасында оларды бұрандалармен бекіткеннен кейін саңылаулардың болуына жол берілмейді.
612. Технологиялық жабдықтарды бақылауға ыңғайлы болу үшін КАЖҚС-ның сақтау контейнері мен блок-бекеттің төбесінде сүйеніштері бар алаң және баспалдақ орнатылады.
613. КАЖҚС-ның сақтау контейнерінде отын құю бағаналары (бұдан әрі - ОҚБ) техникалық қызмет көрсету, басқару және алаң жарықтандырылған кезде есептеу құрылғысынан 4 метрге дейінгі қашықтықта ақпарат алу үшін еркін өту жолдарын қамтамасыз етуді ескере отырып орналастырылады.
614. Шұралар мен құбыр желілерінің қосылыстары тығыздалмаған, олардан сұйықтық ағып тұрған жағдайда мұнай өнімдерін қабылдауға жол берілмейді.
615. АЖҚББ күзетілетін автотұрақтарда, катерлер мен моторлы қайықтықтардың тұрақтарында, гараждарда орнатылған жағдайда жұмыс режимі жарық мезгілге белгіленеді.
Ескерту. 615-тармаққа орыс тілінде өзгеріс енгізілген, қазақ тілінде өзгеріс енгізілмейді - ҚР Инвестициялар және даму министрінің 23.12.2015 № 1221 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.616. Дербес АЖҚС ретінде қызмет ететін жеке алаңда бір немесе бірнеше АЖҚББ орналастырылған жағдайда қосымша операторлық бекет орнатылады. Ауылдық жерлерде толық емес (қатарынан екі сағаттан аспайтын) жұмыс кестесімен жұмыс АЖҚББ-ны операторлық бекетсіз орнатуға болады.
617. Блок-бекетті және сақтау контейнерін бақылаусыз ашық қалдыруға жол берілмейді.
618. Жанармай құю кезегін күтуші автомобильдер контейнерлік АЖҚС аумағына кірер жерде тұрады.
619. Контейнерлік АЖҚС паспортына контейнерлік АЖҚС-ның қауіпсіз пайдаланылуын қамтамасыз ететін тұлғаның аты-жөні мен лауазымы, телефон нөмірі енгізіледі.
1-Параграф. Мұнай өнімдерін қабылдау кезінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету тәртібі
620. АЖҚС-ға автоцистерналармен және шағын ыдыстарға құйылып жеткізілетін мұнай өнімдері тауар-көлік жүкқұжаты және резервуарда өлшенген көлемі бойынша қабылданады.
621. Оператор мұнай өнімдерін құюға кірісер алдында:
1) резервуардың және оның жабдықтарының, технологиялық құбыр желілерінің ақаусыздығына және жапқыш арматураның ауыстырып қосу құрылғысының дұрыстығына, қабылданатын мұнай өнімінің ол құйылатын резервуардағы өніммен сәйкестігіне көз жеткізуі керек;
2) резервуардағы мұнай өнімінің деңгейі мен температурасын өлшеуі керек;
3) өрт сөндіру құралдарының болуы мен ақаусыздығына, автоцистерналарды жерге қосудың дұрыстығына және оның құю құрылғысының ақаусыздығына көз жеткізуі керек;
4) мұнай өнімінің төгілуіне жол бермеу шараларын қабылдауы тиіс;
5) автоцистерна қозғалтқышының (өздігінен ағызып немесе АЖҚС сорғысымен құю кезінде) сөндірілгеніне көз жеткізуі керек;
6) резервуарға цистернадан мұнай өнімін құю аяқталғанға дейін машиналарға резервуардан жанармай құюды тоқтатуы тиіс;
7) планкаға дейін толтыру деңгейін тексеруі және егер цистерна пломбыланбаған болса, цистернадан мұнай өнімін құю алдында су сезгіш таспалардың көмегімен онда судың болмауына көз жеткізуі тиіс;
8) цистернадан сынама алып, оның ішіндегі мұнай өнімінің температурасын өлшеуі керек.
Пломбыланған автоцистерналарда тауарасты су тексерілмейді, тек пломбының сақталуы тексеріледі.
622. Автоцистернадағы өнімнің температурасын өлшеу нәтижелері тауар-көлік жүкқұжатында және ауысымдық есепте белгіленеді. Тауар-көлік жүкқұжатында автоцистернаға өнім құйылған уақыт (сағаты және минуты) көрсетіледі.
623. АЖҚС-да теміржол цистернасынан қабылданған мұнай өнімінің көлемі мен салмағы цистернадағы мұнай өнімінің деңгейін, тығыздығын және температурасын өлшеу, тауарасты суды анықтау арқылы анықталады.
624. Автожанармай құю стансаларына автомобиль және теміржол цистерналарымен жеткізілген мұнай өнімдері толығымен құйылады. Мұнай өнімін қабылдайтын оператор бұған өнім құйып болғаннан кейін цистернаны тексеріп көз жеткізеді.
Оператор мұнай өнімін қабылдау барысында резервуардағы өнім деңгейін қадағалап, резервуардың толып кетуіне және мұнай өнімінің төгілуіне жол бермейді.
Мұнай өнімдері цистернадан құю сүзгісі арқылы өздігінен ағызып немесе арын ықпалымен құйылады.
625. Мұнай өнімдерін келесі жағдайларда қабылдауға жол берілмейді:
1) автомобиль немесе теміржол цистерналарындағы құю құрылғыларының ақаулығы;
2) теміржол цистерналарында пломбының болмауы немесе бұзылуы;
3) тауар құжаттары мен жүк тиеу–жөнелту құжаттарының дұрыс ресімделмеуі;
4) мұнай өнімдерінің жеткіліксіздігі;
5) мұнай өнімдерінің құрамында судың болуы.
626. Мұнай базасының тауарлық операторы мен АЖҚС операторы құбыр желілерімен қабылданған мұнай өнімдерінің көлемін мұнай базасы өкілінің көзінше мұнай өнімдерін айдауға дейін және одан кейін оның деңгейін, температурасын, АЖҚС резервуарындағы тауарасты судың деңгейін өлшей отырып анықтайды.
Мұнай өнімдерін айдау аяқталғаннан кейін мұнай базасы мен АЖҚС арасындағы құбыр желісіндегі ысырманы мұнай базасының өкілі пломбылайды.
627. Шағын ыдыстарға өлшеп құйылған мұнай өнімдері мұнай өнімдерінің төгілуіне, ыдыстың және этикеткаларының бүлінуіне жол бермейтін қаптамада тасымалданады.
628. АЖҚС-да жеке көлік құралдарының иелерінен пайдаланылып болған мұнай өнімдері талдаусыз қабылданады. Стансаның өзінде қозғалтқыштың картерінен құйылған пайдаланылып болған май моторлы май ретінде, басқа мұнай өнімдерінің барлығы аралас өнімдер ретінде қабылданады. Қабылданған пайдаланылған мұнай өнімдерінің есебі журналдарда жүргізіледі.
629. АЖҚС пайдаланылған мұнай өнімдерін қабылдау үшін эстакадамен, жинауышпен жабдықталады және қабылданатын мұнай өнімдерінің көлемі мен салмағын анықтауға арналған өлшеу құрылғыларымен жарақтандырылады.
630. Отынды тауарасты суы бар резервуарда қабылдауға және сақтауға жол берілмейді.
Ескерту. 630-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Төтенше жағдайлар министрінің 16.08.2023 № 434 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.631. Алып тасталды - ҚР Төтенше жағдайлар министрінің 16.08.2023 № 434 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.
2-Параграф. Мұнай өнімдерінің қауіпсіз берілуін қамтамасыз ету тәртібі
632. Көлік құралдарына жанармай құю отын, май және қоспа құю бағаналары арқылы жүргізіледі.
633. Мұнай өнімдерін беруші оператор:
1) бағаналардың дұрыстығын және қалыпты жұмыс істеуін қадағалайды;
2) үлгілік өлшеуіштердің көмегімен бағаналардың жұмысындағы ай сайынғы дәлсіздікті анықтайды.
Бағаналардың іс жүзіндегі салыстырмалы қателігі ауысымдық есепте "бағананың қателігі" атты бағанда (пайыздық көрсеткішпен) жазылады, егер бағана мұнай өнімдерін кем берсе, "+" белгісі, ал көп берсе, "-" белгісі қойылады.
634. Отын құятын бағаналар жұмысының дәлдігін ауысым сайынғы тексеру кезінде үлгілік өлшеуіштегі отын автокөлік құралы иесінің багына құйылады, ол үшін алдына ала оның отын құюға келісімі алынады. Бұл ретте өлшеуішті толтыру және мөлшерін тексеру жанармай құйылатын автокөлік жүргізушісінің көзінше жүзеге асырылады. Бағананың рауалы кемшілігінен асатын шамаға дейін құйылмаған өлшеуіштегі бензин автокөліктің багына құйылмайды. Бағана ажыратылады және реттеледі. Өлшеуіште құйылмай қалған бензин резервуарға құйылып, бұл туралы акт ресімделеді және онда оның себебі мен бағанадағы есептеуіштің көрсеткіштері жазылады.
Тексеру нәтижелері туралы бағананың паспортында және жазбаны бағана паспортында және жабдықтардың жөнделуін есепке алу журналында жазылады.
635. Бағаналарды қателіктердің рауалы шегінен асыра пайдалануға жол берілмейді.
636. Автокөлікке жанармай құю кезінде мұнай өнімдерін төгуге және асыра құюға жол берілмейді.
637. Мұнай өнімдерін шыны ыдысқа құйып беруге жол берілмейді. Мұнай өнімдерін полимерлі материалдардан жасалған ыдысқа жіберуге ыдыста немесе оның паспортында оны мұнай өнімдерін сақтау үшін пайдалану мүмкіндігі туралы дайындаушы кәсіпорынның таңбасы болған кезде ғана жол беріледі.
Ескерту. 637-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Төтенше жағдайлар министрінің 16.08.2023 № 434 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.11-тарау. Тазарту нысандары
Ескерту. 11-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Төтенше жағдайлар министрінің 30.03.2022 № 89 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.
638. Тазарту нысандарының технологиялық регламент талаптарына сәйкес белгіленген санитарлық қорғау аймағы бар.
639. Мұнай өнімдерінің резервуарларын тазартудан кейінгі сарқынды суды жалпы кәріз желісіне төгуге жол берілмейді.
Мұнай өнімдерінің резервуарларынан шыққан су, мұнай шламы алмалы-салмалы қосылыстары бар құбыр желілерімен мұнай шламын кептіру тораптарына немесе шламжинауыштарға жіберіледі. Құрғату тораптарында немесе шламжинауыштарда тұнған су өндірістік-жаңбыр немесе өндірістік кәріз жүйесімен мұнай базасының тазарту нысандарына жіберіледі.
640. Өндірістік-жаңбыр суының кәріз желілері жанбайтын материалдардан әдетте жер астымен тартылады.
Өндірістік-жаңбыр суының кәріз жүйесі магистралдық желілерінің өздігінен ағызатын құбырлары резервуарлар паркінің үйме жалданған аумағынан және теміржол құю-төгу эстакадаларының алаңдарынан шығатын құбырлардың диаметрлері кемінде 200 миллиметр болуы керек.
641. Өндірістік кәріз жүйесінің өздігінен ағызатын желілері резервуарлар паркінің үйме жалданған аумағында жер астымен жабық күйде тартылады. Тексеру құдықтарында науалық бөліктердің орнына үшайырлар қолданылады.
Жауын-шашын суының кәріз жүйесі үшін алмалы-салмалы тақталармен және торлармен жабылған науалар орнатуға жол беріледі. Үйме жалданған аумақта тартылатын өндірістік кәріз жүйесіне резервуарлардан тауарасты су жібергенде оның ағысын үзу көзделеді.
Резервуарлар паркінің үйме жалданған алаңдарындағы сужинағыштар қоршалған жалдан немесе парктің сыртқы қоршауынан (үйме жалдаудан) тыс жерден іске қосылатын жапқыш құрылғылармен (жапқыштармен, ысырмалармен) жабдықталады. Ысырмалар үйме жалдау шектерінен тыс орналасқан құрғақ құдықтарда орнатылады.
642. Алып тасталды - ҚР Төтенше жағдайлар министрінің 16.08.2023 № 434 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.643. Құрылыс және жөндеу жұмыстарын жүргізу кезінде:
жалпы кәріздік магистральдарды резервуарлар парктерінің аумағымен және мұнай базасының ғимараттары астымен өткізуге;
тұрмыстық кәріз жүйесін өндірістік кәріз жүйесіне қосуға жол берілмейді.
644. Кәріз жүйесі құдықтарының диаметрі кем дегенде 1 метр болады және жиналмалы сатылармен немесе қапсырмалармен жабдықталады.
645. Өндірістік-жаңбыр суының кәріз жүйесіндегі тексеру құдықтарының қақпақтары әрқашан жабық және қалыңдығы кем дегенде 10 сантиметр құм қабатымен көмілген болады.
Кәріз жүйесінің құдықтарын желдету жүйелерімен жабдықтауға жол берілмейді.
646. Кәріз жүйесінің құдығына жөндеу жұмыстарын орындау үшін түсер алдында оның ішіндегі зиянды және жарылыс қаупі бар газдардың шоғырлануы талдау нәтижелері бойынша рауалы шамалардан аспайтынына көз жеткізу қажет.
647. Ашық от көзі бар қолшамдарды пайдалануға, от жағуға және темекі тартуға жол берілмейді. Жарылыс қаупі бар аккумуляторлы қолшамдар олардың кернеуі 12 Вольттан аспағанда ғана қолданылады. Олар жарылыс қаупі бар аймақтан тыс жерде қосылады және ажыратылады.
648. Өндірістік-жаңбыр суының кәріз жүйесі құдықтарынан 20 метрге және ашық мұнай тұтқыштардан 50 метрге дейінгі қашықтықта қыздыру жұмыстарын жүргізуге жол берілмейді.
649. Қолданылатын құрал-сайман ұшқын шығармайтын материалдардан жасалады; кескіш құрал-саймандарды пайдаланар алдында консистентті маймен майлайды.
650. Жұмыс жүргізілетін орындарда тасымалданатын үштағандар орнатылады: күндіз – ақ және қызыл түске боялған белгілермен, ал түнде – аккумуляторлық белгі беру шамдарымен немесе автоматты дабылдамамен.
651. Жұмыс орындары слесарлық құрал-саймандармен, асбест шнурымен, тығыздауыш материалдармен, төсемдер жиынтығымен, ұсақ қосалқы бөлшектермен, сүртетін материалмен, күректермен, сүймендермен және құдықтар мен ысырмаларды ашып-жабуға арналған ілмектермен жабдықталады.
652. Жұмыс жайларында қолжуғыштар мен ауыз су құйылған бактар орнатылады. Нысандарды шөгінділерден тазарту, тиелетін материалды биосүзгімен шаю, екі қатарлы тұндырғыштарда "қабықшалар" жинау жұмыстарын орындайтын қызметкерлер үшін ыстық душ бөлмесі орнатылады.
653. Тазарту нысандарының жайлары, жабдықтары, аппаратурасы және аумағы қалыпты санитарлық және өртке қарсы жағдайда күтіп ұсталады; алаңдар мен баспалдақтар ластан, қардан және мұзданудан тазартылады, қыстыгүні құм себіледі; өртке қарсы керек-жарақтар ақаусыз күйде болады.
654. Сұйық хлор және хлорлы әк қолдануға байланысты барлық жұмыстар технологиялық регламентке сәйкес жүргізіледі. Хлорлау қондырғыларының жайлары, хлорлы әк және хлор құйылған баллондар сақтау қоймалары ауа алмасуы алты және он екі еселік (апаттық жағдайда) ауа тартатын желдету жүйесімен жабдықталады.
Өндірістік жайлардағы ауа құрамындағы хлор мөлшері шекті рауалы концентрациядан аспайды.
655. Озон генераторлары орналасқан озондау қондырғыларының жайында тұрақты жұмыс істейтін, ауа алмасуы кем дегенде 12 еселік ауа беретін-тартатын желдету жүйесі бар.
Озон концентрациясы бір текше метрге шаққанда 0,1 миллиграмнан жоғары жайларда жұмыс жүргізуге жол берілмейді.
Озондау қазандықтарының жайларында газ талдауыштар орнатылады.
656. Озон ағатын саңылауларды бітеу жұмыстары сүзгілі газтұтқышпен жүргізіледі, содан кейін жайдың іші кемінде 15-20 минут бойы желдетіледі.
12-тарау. Мұнай базаларындағы зертханалар
Ескерту. 12-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Төтенше жағдайлар министрінің 30.03.2022 № 89 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.
657. Зертхананың жайларына кіретін және олардан шығатын есіктер кез келген уақытта бөгде заттардан бос, оңай және тез ашылады. Дәліздерге және кіре берістерге (шыға берістерге) қандай да бір заттар (жабдықтар) қоюға жол берілмейді. Жабдықтар арасындағы өту жолдарының ені кем дегенде 1 метр болу тиіс.
658. Зертханалардың жұмыс жайлары күштеп ауа беретін-тартатын желдету жүйесімен және шкафтардан және газ шығатын басқа да ошақтардан газ тартқыш жергілікті құрылғылармен жабдықталады.
659. Өрт-жарылыс қаупі бар заттармен жұмыс істеуге арналған жұмыс үстелдері мен ауа тартатын шкафтар жанбайтын материалдармен қапталады және олардың биіктігі кем дегенде 1 сантиметр ернеушелері болады, ал қышқылдармен, сілтілермен және басқа да химиялық белсенді заттармен жұмыс істеген кезде – олардың әсеріне төзімді материалдармен қапталады.
660. Уытты немесе өрт-жарылыс қаупі бар бу мен газдар бөлінуі ықтимал жұмыстардың барлығы ауа тартатын шкафтарда орындалады. Ауа тартатын шкафтарда қыздыру жұмыстары жүргізілген кезде жұмыс орнын аз ғана уақытқа да қалдыруға жол берілмейді.
661. Қыздыру қажет болатын мұнай өнімдерін және басқа да тез тұтанатын сұйықтықтарды талдау алдында олар көпіруге және шашырауға жол бермеу үшін сусыздандырылады.
Әйнектері сынған немесе желдету жүйесі бұзылған ауа тартатын шкафтарды пайдалануға жол берілмейді.
662. Зертханада жұмысқа қажет мұнай өнімдері мен реактивтерді тәуліктік қажеттіліктен аспайтын мөлшерде сақтауға жол беріледі. Бұл ретте олар ауа тартатын шкафтарда сақталатын болса, ол шкафтарда талдау жұмыстарын жүргізуге жол берілмейді.
Химиялық әрекеттесуі өрт және жарылыс тудыруы мүмкін заттарды бірге сақтауға жол берілмейді.
663. Зертхананың газ желісінде жұмыс орындарындағы шұралармен және шүмектермен қатар жайдың сыртында қолжетімді орында орналасқан жалпы жапқыш шұра болады.
664. Жұмыс үстелдеріндегі және ауа тартатын шкафтардағы газ және су шүмектері қызмет көрсетуге ыңғайлы және қауіпсіз орында орнатылады.
665. Газ құбырының бұзылған қосылыстары немесе шүмектері арқылы газ кетіп жатқаны байқалған жағдайда газ желісінің жалпы шүмегі жабылады, газ шыққан саңылауды бітеу шаралары қабылданады, жайдың іші желдетіледі.
Газ желісінің саңылаусыздығын ашық от көзімен тексеруге жол берілмейді. Баллонның немесе редуктордың шұрасындағы саңылаусыздықтың бұзылуы оны сабынды су ерітіндісімен сулап табылады.
666. Сұйылтылған газ құйылған баллондар пайдаланылған кезде олар күн көзінен немесе жарықтандыратын және қыздыратын аспаптар бөлетін жылудан таса орындарда ұсталады. Баллондар қамыттарын жоғары қаратып тік қалыпта бекітіледі. Жанғыш газдарды (пропан, ацетилен) бір балоннан құбыр бойымен бірнеше жайларға беруге жол берілмейді.
667. Жанғыш газ құйылған баллондарды ауа беретін-тартатын желдету жүйесімен жабдықталған жайларда немесе сыртта қалқалары бар арнайы тағандарда, стеллаждарда немесе желдетуге арналған ойықтары не болмаса перде (жалюзи) тәрізді торлары бар металл шкафтарда орнатуға, сақтауға жол беріледі. Баллондарды сақтандырғыш қақпақтарынсыз сақтауға жол берілмейді.
668. Мұнай өнімдерінің, тез тұтанатын еріткіштердің және реактивтердің сынамаларын сақтау үшін ауа тартатын желдету жүйесімен жабдықталған жай бөлінеді.
669. Химиялық заттектері бар әр ыдысқа өнімнің аты көрсетілген этикетка.
670. Агрессивті сұйықтықтар құйылған шөлмектер берік және тығыз тығындалған және құрамы мен концентрациясы көрсетілген затбелгілермен (биркалармен) жабдықталған. Агрессивті сұйықтықтар құйылған шөлмектерді тығындамай тасуға жол берілмейді.
671. Бір жұмысшының агрессивті сұйықтықтар құйылған шөлмектерді қолмен немесе иыққа салып тасуына жол берілмейді. Оларды екі адам механикаландырылған құрылғыларды пайдалана отырып, арнайы тасығыштарда немесе қосарлы түбі бар себеттерде тасиды.
672. Агрессивті сұйықтықтар құйылған шөлмектерді өту жолдарында және көпшілік болатын орындарда уақытша қалдыруға немесе қоюға жол берілмейді.
673. Агрессивті сұйықтықтарды ыдыстарға құю және мөлшерлеп құю барысында шеттері иілген және ауа өткізгіш түтіктері бар арнайы қауіпсіз құйғыштарды пайдалану керек.
674. Қышқыл төгілген, сілті араластырылатын орындар, оларды қолдану орындары жергілікті ауа тартатын желдету жүйесімен жабдықталады, таза шүберектермен және сүлгілермен, қол жуу үшін резеңке шлангісі бар су гидрантымен және көз жууға арналған бұрқақшамен қамтамасыз етіледі.
675. Агрессивті сұйықтықтар сақтауға арналған шағын бактардың, ыдыстардың, шөлмектердің тығыз жабылатын қақпақтары болады. Олар тұратын орындар жергілікті ауа тартатын желдету жүйесімен қамтамасыз етіледі. Оларды жұмыс үстелдерінде тастап кетуге жол берілмейді.
676. Мұнай өнімдерінің талдаудан кейінгі қалдықтары, пайдаланылып болған реактивтер мен улы заттектер арнайы металл ыдыстарға құйылады және жұмыс күні аяқталғаннан кейін зертханадан әкетіледі. Бұл сұйықтықтарды шұңғылшаларға және нәжіс кәрізіне құюға жол берілмейді.
677. Ерекше зиянды және улы заттектермен жұмыс жүргізілетін жайларда желдету жүйесі басқа жайлардың желдету жүйелерінен бөлек, олармен байланыссыз құрылады.
678. Егер бензин, эфир немесе өрт қаупі бар басқа да сұйықтықтар төгілсе, газ исі білінген кезде барлық жанарғылар өшіріліп, газ шығу көзін анықтау және бұзушылықтарды жою шаралары қабылданады.
679. Зертхананың ыдыстарын жуатын орындар зертхананың жұмыс жайларынан тұтас жанбайтын арақабырғамен оқшауланған және оның шығу орны бөлек болады.
680. Жайға кіреберісте өрт қауіпсіздігінің "Отпен кіруге болмайды", "Темекі тартуға тыйым салынған" деген белгілері ілінеді.
681. Ыдыстар жуатын бөлмеде ыдыс жуатын орыннан, еріткіш сақтау орнынан жергілікті ауа тарту жүйесі және жалпы ауа беретін-тартатын желдету жүйесі орнатылады.
682. Күшті қышқылдардан, күйдіргіш және улы өнімдерден босатылған ыдыстарды жууға тапсыруға оларды толық босатып, бейтараптандырғаннан кейін жол беріледі.
683. Күкірт қышқылын сумен араластырған кезде суды күкірт қышқылына емес, керісінше күкірт қышқылын суға құю қажет. Күкірт қышқылы біртіндеп, шағын порциялармен, міндетті түрде ерітіндіні араластыра отырып араластырады.
684. Каустик сода ерітіндісінің аздаған мөлшерін дайындау үшін ыдысқа суық су құйылады және содан кейін оған каустик соданың кесектері шағын порциялармен, олардың толық еруіне дейін суды үздіксіз араластырып қосылады.
685. Каустик сода ерітінділерін тығындалған сынбайтын ыдысқа немесе жұмсақ оқшаулағыш материалдан жасалған төсемесі бар ұяшықтарға енгізілетін шыны ыдысқа құйып тасымалдауға жол беріледі.
686. Хлорлы әкті тасу, қосу және өлшеу мен әк ерітіндісін дайындау кезінде жұмысшы халат киіп жүреді, респиратормен, сақтандырғыш көзілдірікпен, газтұтқышпен және қолғаппен қамтамасыз етіледі.
687. Улы заттардың барлығы есепке алынуы тиіс. Оларды зертхана меңгерушісінің рұқсатынсыз беруге тыйым салынады.
688. Агрессивті заттектермен жұмыс жүргізілетін жайларда тамақ ішуге жол берілмейді. Тамақты арнайы бөлінген жайларда ішеді. Тамақ ішер алдында қол жуып, арнайы киімді шешу керек.
689. Зертханалық ыдысты жеке мақсатта пайдалануға жол берілмейді.
690. Күйдіргіш заттармен, қышқылдармен және сілтілермен жұмысты бастар алдында ағын су құбырының шұрасы ашылады немесе су қоры жинақталады.
691. Қысым немесе вакуум түзілуі мүмкін шыны ыдыстар қаптамалармен қорғалады.
692. Шыны түтіктер мен таяқшаларды сындырған кезде, оларға резеңке түтіктер кигізген кезде сүлгі қолданылады, бұл ретте түтіктер мен таяқшалардың шеттері балқытылады.
693. Зертхананың жайларында темекі тартуға, ашық от көздерін пайдалануға, еденді бензинмен (керосинмен) жууға, жылу құрылғыларында арнайы киімді, шүберектерді кептіруге, бумен жылыту құбырларының үстінде тез тұтанатын мұнай өнімдерімен жұмыс істеуге, төгілген мұнай өнімдерін жинамай қалдыруға, жанғыш сұйықтықтарды шұңғылшаларға немесе жуғыштарға төгуге жол берілмейді.
694. Зертхананың жайларындағы жұмыс үстелдерін, шкафтар мен терезелерді мұнай өнімдері құйылған ыдыстармен бөгеуге жол берілмейді.
695. Майлы шүберектер, үгінділер және соларға ұқсас басқа да материалдар жабық темір жәшіктерде сақталып, жұмыс күнінің соңында олар зертханадан тыс жердегі арнайы бөлінген орынға шығарылады.
696. Отқа байланысты жұмыстарды жүргізу кезінде зертханада кемінде екі адам болады.
697. От пайдаланып орындалатын жұмыс үстелдері қаңылтырмен қапталады, кафельденеді немесе оларға линолеум төселеді. Қыздыратын аспаптың астына қалың асбест табағы төселеді. Тез тұтанатын сұйықтықтарды тікелей жалынмен қыздыруға жол берілмейді. Ол үшін су моншалары пайдаланылады.
698. Өртену қаупі бар тез тұтанғыш заттектерді ашық от көзі қолданылатын жайлардың ішінде ыдыстарға құюға, жанғыш материалдарды жанарғылардың және басқа да қыздырғыш аспаптардың жанында сақтауға жол берілмейді.
699. Алып тасталды - ҚР Төтенше жағдайлар министрінің 16.08.2023 № 434 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.700. Алып тасталды - ҚР Төтенше жағдайлар министрінің 16.08.2023 № 434 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.
701. Алып тасталды - ҚР Төтенше жағдайлар министрінің 16.08.2023 № 434 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.
702. Аспаптар сынаппен қаңылтыр табада және жауапты тұлғаның қадағалауымен толтырылады. Сынаппен жұмыс істегенде халат пен бас киім кию керек. Сынаппен орындалатын жұмыс аяқталғаннан кейін және тамақтанар алдында бетті және қолды сабынмен мұқият жуу керек.
Сынаппен жұмыс жүргізілетін жайларда тамақ өнімдерін сақтауға және тамақ ішуге жол берілмейді.
703. Жай іші сынған термометрлерден, манометрлер мен басқа да аспаптардан төгілген сынаппен ластанған жағдайда сынаптың тамшылары мұқият жинап алынады. Ұсақ тамшыларды шыланған сүзгілеуіш немесе газет қағазымен, амальгамданған қылқаламмен және мыстан немесе ақ жезден жасалған тілімшелермен жинауға жол беріледі. Қағазға (қылқаламға) жабысқан сынаптың тамшыларын су құйылған ыдысқа сілкілейді. Сынаптарды түрлі саңылаулар мен қуыстардан тек химиялық жолмен - меркурсіздендіру тәсілімен толық алып тастауға болады. Меркурсіздендіру кезінде 20 пайыздық хлорлы темірдің сулы ерітіндісімен шыланған еденді немесе заттардың беттері бір тәулікке қалдырады немесе олар 10 сағатқа төртхлорлы көміртегідегі 5 пайыздық дихлорамин ерітіндісімен шыланады және содан кейін олар натрий полисульфидінің 5 пайыздық ерітіндісімен қосымша жуылады.
Еден немесе заттардың беттері тазартудан кейін бірнеше рет сабынды сумен, ал содан кейін таза сумен жуылады. Хлорлы темір ерітіндісі меркурсіздендіргіш ретінде сырланған беттерді өңдеу үшін ұсынылады.
704. Төгілген сынапты тазалау үшін пайдаланылған щеткалар, шелектер, шүберектер өңделеді және зертханадан әкетіледі.
705. Зертханалық жайларда өрт сөндірудің алғашқы құралдары – құм (құрғақ және таза), құмға арналған қалақ, киіз немесе көрпе, асбест төсем және өрт сөндіргіштер болады. Өртенген мұнай өнімдерін сумен сөндіруге жол берілмейді.
Өрт сөндіру құралдары жайлардан шыға берісте орналастырылады.
706. Өрт шыққан жағдайда ауа тартқыш шкафтағы желдетуді, электрмен қыздыру аспабын ажырату керек немесе шілтерге газ беруді тоқтату қажет, содан кейін өрт ошағын сөндіру шаралары қолға алынады. Өрт шығатын барлық жағдайларда өрт сөндіру қызметін шақыру қажет.
707. Зертхана жайларында бөгде тұлғалардың болуына жол берілмейді.
13-тарау. Найзағайдан қорғау
Ескерту. 13-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Төтенше жағдайлар министрінің 30.03.2022 № 89 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.
708. Болат резервуарларды жеке тұрған найзағай бұрғыштармен қорғау кезінде жалпы контурға рұқсат етіледі.
Резервуарларды жерге тұйықтауға қосу резервуардың негізінің периметрі бойынша кемінде әрбір 50 метрде жүзеге асырылады, бұл ретте қосу кезіндегі саны кемінде екі болады.
709. Электромагниттік индукциядан қорғау үшін әрбір 25 - 30 метр сайын резервуарға келтірілген құбырлардың, металл шанақтағы кабельдердің және бір бірінен 10 метрден аза арақашықтықта орналасқан басқа да металл конструкциялар арасыгда металл маңдайшалар орнатылады.
Металл құбырлардың немес басқа да созылымды конструкциялардың қосылу орындарында (тоғыспа, тармақтану) маңдайшаларды орнату талап етілмейді.
710. Жоғары әлеуеттердің тоздыруынан қорғау үшін құрылыстар, коммуникациялар енгізу кезінде жерге тұйықталады.
711. Резервуарларға жоғары әлеуеттердің енуінен қорғау үшін тіректерде орналасқан сыртқы құбырлар:
резервуарға кіргенде резервуарға жақын тірекке жерге тұйықталады; жерге тұйықтағыштың импульстік қарсылығы 10 Ом аспайды;
эстакада трассасының бойында әр 250-300 метр сайын буларының жарқыл температурасы градус Цельсий және одан төмен мұнай өнімдеріне арналған құбырлар импульстік қарсылығы 50 Ом аспайтын қайталама жерге тұйықтағыштарға қосылады.
712. Резервуардың қалқымалы қақпағы және электростаттық индукциядан қорғауға арналған қалқымалар кемінде екі орында резервуардың шанағымен иілгіш маңдайшалармен біріктіріледі.
713. Найзағай қабылдағыштарды жерге тұйықтағыштардың ток бұрғыштармен өзара және ток қабылдағыштармен қосылыстары дәнекерленіп орындалады.
Байланыс үстіңгі беттерден басқа жерге тұйықтағыш желінің жерүсті бөлігі қара түске боялады.
714. Күн күркіреген кезде найзағай бұрғыштарға 4 метрден артық жақындауға рұқсатетілмеді, ол туралы құрылыс немесе жеке тұрған найзағай бұрғыштың жанында ескерту жазбалары ілінеді.
715. Найзағайдан қорғау құрылғыларын пайдалану кезінде олардың жай-күйін бақылау жүзеге асырылады. Жоспарлы-ескерту жөндеулерінің кестесіне ағымдағы қызмет көрсету (тексерулер), бұл құрылғыларды ағымдағы және күрделі жөндеу қосылады.
716. Жыл сайын күн күркіреу маусымының алдында найзағайдан қорғаудың (найзағай қабылдағыштар, ток бұрғыштар) жерүсті бөлшектерінің жай-күйін, ток өткізетін бөлшектердің қосылу орындарын тексеру жүргізіледі.
Найзағайлы маусымда найзағай қабылдағыштарды ток бұрғыштармен және жерге тұйықтағыштармен қосусыз қалдыруға рұқсат етілмейді.
717. Әрбір найзағайдан немесе қатты желден кейін найзағайдан қорғау құрылғылары тексеріледі және бүлінулері жойылады.
718. Техникалық қызмет көрсету кезінде ток өткізетін бөлшектердің қосылысына және олардың қиысуы 30 пайыздан астам азайған кезде (коррозия, сыну, балқу салдарынан) оларды толық не жеке ақаулы жерлерін ауыстыру керек.
719. Токтың жайылуына қарсылықтарды өлшеуді қоса алғанда, жерге тұйықтағыш құрылғыларды тексеру жылына бір реттен жиі емес – жазда, топырақ құрғақ болғанда жүргізіледі.
720. Егер жерге тұйықтағыштың қарсылығы нормативтік мәннен 20 пайызға асса, қосымша электродтар орнатылады немесе жерге тұйықтағыш құрылғы жөнделеді.
1-Параграф. Металлконструкцияларды коррозиядан қорғау тәртібі
721. Жерасты құрылыстарының сыртқы үстіңгі бетінің коррозияға қарсы қорғауы жабындар жағу жолымен, катодтық станциялармен немесе протекторлармен жүзеге асырылады.
722. Металлдандыру алдында үстіңгі бетті дайындау құм ағыны немесе ұнтақ ағыны қондырғылары көмегімен механикалық әдіспен жүзеге асырылады.
723. Жерасты құрылыстарының қорғаныш жабындарының жай-күйі технологиялық регламент талаптарына сәйкес бақыланады.
14-тарау. Мұнай базаларында және АЖБ-дағы жөндеу жұмыстары кезінде өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету
Ескерту. 14-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Төтенше жағдайлар министрінің 30.03.2022 № 89 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.
1-Параграф. Рұқсат-жүктелім бойынша жұмыстарды жүргізу
724. Рұқсат-жүктелімінің берілуі Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2020 жылғы 28 тамыздағы № 344 бұйрығымен бекітілген (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21151 тіркелген) Қауіпі жоғары жағдайларда жұмыс жүргізу кезінде наряд-рұқсаттарды ресімдеу және оларды қолдану қағидаларының талаптарына сәйкес жүргізіледі.
Ескерту. 724-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Төтенше жағдайлар министрінің 16.08.2023 № 434 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.725. Қолданыстағы теміржол, автомобиль жолдарына, электр берілісі желілері, газ және жылу құбырларына және басқа да қолданыстағы ашық (жабық) коммуникациялар мен технологиялық құрылғыларға жақын жүргізілетін жер жұмыстарын рұқсат-жүктелім беретін тұлға алдын-ала осы объектілерге қызмет көрсететін ұйымдармен келіседі. Тисті құжаттар (схемалар, коммуникациялар) рұқсат-жүктелімге қоса беріледі.
726. Рұқсат-жүктелім бойынша жұмыстар уақытша тоқтатылған кезде рұқсат берушінің нұсқауы бойынша жұмыстарды жүргізуші бригада мүшелерін жұмыс орындарынан шығарады және рұқсат-жүктелімді рұқсат берушіге қайтарады.
727. Жұмыстарды жаңарту рұқсат-жүктелім бойынша жұмыс істеушілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ететін барлық бастапқы іс-шаралар тексерілгеннен және рұқсат-жүктелім жұмыстарды жүргізушіге қайтарылғаннан кейін рұқсат берушінің рұқсаты бойынша жүргізіледі.
728. Рұқсат беруші болмаған кезде рұқсат-жүктелім жабылады және жұмыстарды жүргізуші және жүктелімді берген тұға қол қояды.
Жұмыстарды жүргізуші рұқсат-жүктелімді қайтарғанған дейін техникалық құрылғыларды пайдалануды бастауға рұқсат етілмейді.
729. Рұқсат-жүктелім жоғалған жағдайда жұмыстар тоқтатылады. Жұмыстарды жалғастыруға жаңа рұқсат-жүктелім ресімделеді және жұмысқа рұқсат жаңадан жүргізіледі.
730. Қауіптілігі жоғары жұмыстарды ұйыдастыруды және қауіпсіз жүргізуді рұқсат-жүктелімі бар тұлғалар, жұмысқа жіберетін жауапты басшы, жұмыстарды жүргізуші, бригада мүшелері қамтамасыз етеді.
731. Рұқсат-жүктелім беруге құқығы бар тұлғалардың, жауапты басшылардың, рұқсат берушілердің, жұмыстарды жүргізушілердің тізбесін ұйымның техникалық басшысы бекітеді.
732. Рұқсат-жүктелім беретін тұлға жұмыстарды қауіпсіз орындауды қамтамасыз ететін шараларды анықтайды, рұқсат беруші жауапты басшыны, жұмыстарды жүргізушіні, бригада мүшелерін тағайындайды, олардың біліктілігін жұмыстарды қауіпсіз жүргізуді қамтамасыз ету бойынша шаралардың жеткіліктілігін анықтайды.
733. Рұқсат-жүктелім бойынша жұмысқа жіберуші рұқсат-жүктелімде көрсетілген жұмыстарды қауіпсіз жүргізу бойынша іс-шаралардың орындалуын қамтамасыз етеді.
Рұқсат беруші жұмыстардың басталуы алдында рұқсат-жүктелімде көрсетілген жұмыстарды қауіпсіз жүргізу бойынша іс-шаралардың орындалуын тексерелді, жұмыстарды жүргізушіге, бригада мүшелеріне тікелей жұмыстарды жүргізу орнында жұмыстарды қауіпсіз орындаудың ерекшеліктері туралы нұсқама береді.
734. Қолданыстағы техникалық құрылғылардың аймағында рұқсат-жүктелім бойынша жұмыстарды жүргізу кезінде рұқсат-жүктелім беруші жұмыстарды қауіпсіз орындауды және жұмыстарды жүргізу аймағында қауіптілік пайда болған кезде рұқсат-жүктелім бойынша жұмыс істеушілерді қауіпсіз орынға уақтылы шығаруды қамтамасыз ететін жауапты басшыны тағайындайды.
735. Егер технологиялық персоналдың ауысымы бітсе, ал рұқсат-жүктелім бойынша жұмыс істейтін персоналдың ауысымы жалғасып жатқан болса, онда рұқсат беруші жұмысқа кіріскен ауысым басшысына рұқсат-жүктелім бойынша жұмыстарды өткізу туралы ескертеді.
736. Рұқсат-жүктелім берушінің, жұмысқа жіберушінің, жауапы басшының екі міндетін бір тұлғада біріктіруге рұқсат етіледі. Жұмыстарды жүргізушілер болып кемінде 1 жыл жұмыс өтілі бар қызметкерлер тағайындалады.
737. Бригада құрамындағы өзгерістерді рұқсат-жүктелім беруге құқығы бар тұлға рұқсат-жүктелімде тиісінше ресімдей отырып, жүргізеді.
Бригада құрамы өзгерген кезде жұмыстарды жүргізуші бригадаға жаңадан қосылған жұмысшыларға нұсқама береді.
738. Жұмыстарды жүргізуші бригада мүшелерінің қауіпсіздік шараларын сақатуын қамтамасыз етеді. Орындаушылар (бригада мүшелері) жеке қауіпсіздікті және рұқсат-жүктелімде көзделген шараларды сақтауды қамтамасыз етеді.
2-Параграф. Газ қауіпті орындарды жөндеу жұмыстарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету тәртібі
739. Газ қауіпті жұмыстарға оттегінің құрамы жетіспеген (көлемі бойынша кемінде 20 пайыз) жұмыстар, технологиялық жабдықты және коммуникацияларды, оның ішінде ыдыстардың ішінде тексеру, тазалау, жөндеу, бітемесін ажырату бойынша жұмыстар жатады, оларды жүргізу кезігде жұмыс аймағына жарылыс-өрт қауіпті немесе зиянды заттардың бөліну мүмкіндігі болады.
740. Ұйымда техникалық басшы бекітетін жұмыстардың тізбесі анықталады:
1) қауіптілігі жоғары жұмыстарды (технологиялық жабдықтың және коммуникациялардың бітемесін ажырату кезіндегі, мұнай сүзгілегіштердегі, резервуарлардағы, қазандардағы, цистерналардағы жұмыстар) орындауға рұқсат-жүктелімді ресімдей отырып, жүргізіледі;
2) рұқсат-жүктелімді ресімдемей ағымдағы пайдалану тәртібімен жүргізіледі (мерзімді технологиялық жұмыстар – суды резервуарлардан сіңдіру, сынамаларды қолмен іріктеу және резервуардағы, цистернадағы мұнай өнімінің деңгейін өлшеу, кәрізге зиянды және өрт қауіпті заттарды төгу).
741. Ұйым оның техникалық басшысы жүзеге асыратын жұмыстарды қауіпсіз жүргізуді қамтамасыз етеді.
742. Бақылаушы тұлға жұмыстар басталмас бұрын оларды жүргізу жоспары бойынша дайындық жұмыстарының орындалуын тексереді, барық қыметкерлерге қауіпсіздіктің қажетті шаралары туралы нұсқама береді. Бұл ретте әрбір қызметкер рұқсат-жүктелімге қол қояды.
743. Газ қауіпті жұмыстарды құрамында кемінде үш адамы бар бригада орындайды.
Бригада мүшелері тиістек жеке сақтандыру құралдарымен, арнайы аяқ киіммен, арнайы киіммен, құралдармен, құрылғылармен және қосалық материалдармен қамтамасыз етіледі.
744. Газ қауіпті жұмыстарға бұл жұмыстарды өрт күзетімен келіскеннен кейін рұқсат етіледі.
745. Газ қауіпті жұмыстар апаттық жағдайларды қоспағанда, күндізгі уақытта жүргізіледі.
746. Газ қауіпті жұмыстарды орындауға:
газ қауіпті жұмыстарды орындауға оқытудан өткен;
дәрігерге дейінгі жәрдем көрсету және зардап шегушілерді құтқару бйоынша машықтары бар;
тыныс алу жолдарын қорғайтын жеке құралдарда жұмысқа дайындығы бар;
жұмыстарды жүргізу орындарындағы затардың ерекшеліктерін білетін тұлғалар тартылады.
747. Кәсіпорындардағы газ қауіпті жұмыстарды ұйымдастыруды бақылау өндірістік бақылау туралы ережеге сәйкес жүзеге асырылады.
748. Әрбір газ қауіпті жұмыс мынадай кезеңдерден тұрады:
объектінің жұмыстарды жүргізуге дайындау;
газ қауіпті жұмыстарды тікелей жүргізу;
аяқтау жұмыстары.
749. Газдалған орында жұмыстар басталардың алдында жауапты басшы газқағардың ақаусыздығын, құтқару белдігінің және арқанның беріктігін тексереді. Газқағардың немесе құтқару белдігінің ақаулары табылған жағдайда оларды қолдануға рұқсат етілмейді.
750. Құтқару белдігі түймеленеді, арқанның жыртық жері болмайды, ұзындығы кемінде 10 метр, қалыңдығы мен беріктігі жеткілікті болады.
750. Құдыққа немесе басқа да таз қауіпті орынға екі дублер болған кезде рұқсат етіледі, бір адам бақылап тұрып құдыққа екі адамның түсіуне рұқсат етілмейді.
752. Құдыққа түскен кезде ашық отты қолдануға рұқсат етілмейді.
Жарықтандыру үшін жарылыстан қорғалған кернеуі 12 Вольт аккумуляторлық қолшамдарды қолдануға рұқсат етіледі, оларды қосу және ажырату жарылыс қауіпті аймақтан тыс жүргізіледі.
753. Құдықтарда, резервуарлардың ішінде және басқа да газдалған орындарда жұмыс істегенде бақылаушы мерзімді түрде жұмыс істеушіден арқанды қозғалту жолымен немесе дауыстап оның өзін өзі қалай сезінетіндігі туралы сұрайды; жауап болмаған жағдайда бақылаушы жұмыс істеушіін сыртқа шығарады.
Ұсынылатын сигналдар мынадай:
екі рет жұлқу – бәрі дұрыс;
үш рет жұлқу – дереу шығу керек.
754. Рұқсат-жүктелім бойынша газ қауіпті жұмыстар ПШ-1, ПШ-2 маркалы шлангілі газқағарларда жүргізіледі. Бұл мақсатар үшін сүзгілегіш және оттегілік оқшаулағыш газқағарларды қолдануға рұқсат етілмейді.
Шлангілі газқағарлардың ауа жинау түтіктері жұмыс кезінде таза ауа аймағындағы желдің бағыты бойынша орналасады және сенімді жерге тұйықталады. Желдеткіштің көмегімен ауаның мәжбүрлі берілісі болмаған кезде шлангінің ұзындығы 10 метрден астам емес.
Шлангінің иілген және қысылған жері жоқ.
755. Газ қауіпті жұмыстарды орындау кезінде қосымша жеке сақтандыру құралдары – қолғаптар, биалайлар, алжапқыштар, теріні қорғайтын дерматологиялық құралдар қолданылады.
756. Газ қауіпті жұмыстарды орындау кезінде:
болат шегелері, тағалары бар аяқ киіммен жұмыс істеуге;
соққы кезінде ұшқын шығаратын құралмен жұмыс істеуге;
ақаулы немесе тескерілмеген газқағарларды, сақтандыру белдіктерін, арқандарды және баспалдақты пайдалануға рұқсат етілмейді.
757. Рұқсат-жүктелім бойынша газ қауіпті жұмыстар жұмысшылар сияқты жарақтанған бақылаушылардың қатысуымен жүргізіледі.
Газдалған бөлменің немесе резервуардың ішінде шлангілі газқағармен 15 минуттан астам емес болуға рұқсат етіледі, одан кейін кемінде 15 минут демалу қажет.
758. Сырқаты немесе өзін нашар сезінетіндігі туралы мәлімдеген қызметкерлер жұмысқа жіберілмейді.
759. Қандай да болмасын ақаулар (шлангінің тесілуі, ауа үрлеудің тоқтауы, құтқару арқанының үзілуі) анықталған кезде, сондай-ақ, қызметкердің газқағар шлем-маскасын шешу әрекеті кезінде жұмыс тоқтатылады, ал қызметкер қауіпті аймақтан шығарылады.
760. Газ қауіпті жұмыстар, егер оларды жүргізу барысында өрт қауіптілігін немесе улану қауіптілігін туғызатын мұнай өнімдерінің буы пайда болған анықталса, тоқтатылады.
761. Жөндеу жұмыстарын (оның ішіде от) жүргізу кезінде ауаны талдау нәтижелері бойынша және жауапты тұлғалардың қолымен анықтамаларды ресімдей отырып, жұмыстарды жүргізу орындарында ауаны талдау жүргізіледі.
От және газ қауіпті жұмыстардың алдында ауа сынамаларын оларды булардың (газдардың) болуына сынау және талдау нәтижелерін ресімдеуді зертханалар жүргізеді.
762. Жұмыс аймағының ауасындағы зиянды заттардың құрамын бақылау технологиядық регламентке сәйкес жүзеге асырылады.
3-Параграф. От жұмыстары кезінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету тәртібі
763. От жұмыстарына ашық отты қолданумен, ұшқын түзілумен және материалдар мен конструкциялардың тұтануын туғызуға қабілетті температураларға дейін қыздырумен байланысты өндірістік операциялар жатады:
электрмен және газбен дәнекерлеу;
дәнекерлеу жұмыстары;
битумды қыздыру, бөлшектерді ашық жалынмен қыздыру бойынша жұмыстар;
ашық отты қолданумен болатын барлық өзге де жұмыстар.
764. От жұмыстарын жүргізуге өнеркәсіптік және өрт қауіпсіздігі бойынша оқытудан және білімдерін тексеруден өткен және біліктілік куәлігі бар қызметкерлер жіберіледі.
765. От жұмыстарын жүргізу орындары тұрақты немесе уақытша.
Әрбір ұйымда бұйрықпен от жұмыстарын тұрақты жүргізу орындары анықталады.
766. Уақытша от жұмыстарын жүргізуге өрт күзеті өкілімен келісім бойынша рұқсат-жүктелім ресімделгеннен кейін рұқсат етіледі.
767. Объектіні дайындауды ұйымдастыру және от жұмыстарын жүргізу үшін, оның ішінде объектіде мердігерлік ұйымның жұмыстарды жүргізу кезінде жауапты бақылаушы тұлға тағайындалады.
Бақылаушы тұлға дайындық және от жұмыстарының жарылыс-өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ететен іс-шаралардың орындалуын ұйымдастырады.
Өрттің (жарылыстың) пайда болуын болдырмайтын шараларсыз жұмыстарды жүргізуге рұқсат етілмейді.
768. Резервуарлық парк аумағында от жұмыстары басталар алдында кәріз құдықтары қақпақтарының жабылу тығыздығы, осы қақпақтардағы құм қабатының боулы, фланецтік қосылыстардың саңылаусыздығы тексеріледі. Жұмыстар орны 20 метр радиуста жанатын материалдардан тазартылады.
769. От жұмыстарын жүргізу орындарына жақын жерде жанатын конструкциялар болған кезде, соңғылары жанудан металл және асбест экрандармен қорғалады.
770. От жұмыстарын жүргізу кезінде жұмыс орындарында өрт сөндірудің қажетті бастапқы құралдары көзделеді, ал орындаушылар жеке сақтандыру құралдарымен қамтамасыз етіледі.
771. Резервуарда жөндеу жұмыстарын жүргізуге дейін от жұмыстарын жүргізе отырып, резервуардың жөндеуге дайындығы туралы акт жасалады.
Тұтану концентрациясының төменгі шегінен 20 пайыздан астам жарылыс қауіпті және өрт қауіпті заттар болған кезде жұмыстарды жүргізуге рұқсат етілмейді.
772. Резервуарлардың, технологиялық құбырлардағы от жұмыстары олар өнімнен тазартылғаннан, бітемелер орнатылғаннан және бумен немесе инерттті газбен үрлегеннен және ауа ортасын бақылаудан кейін жүргізіледі.
773. Резервуарлардың ішіндегі және сыртындағы от жұмыстарына белгіленген нысандағы талдау нәтижелері бойынша және жөндеу жұмыстарын орындайтын тұлғаның қолымен анықтамаларды ресімдей отырып, жұмыстарды жүргізу орнында ауаны бақылау талдауын алғаннан кейін рұқсат етіледі.
774. От жұмыстарына жұмыстардың толық қауіпсіздігін қамтамасыз ететін барлық дайындық іс-шаралары орындалғанан кейін рұқсат етіледі.
775. От жұмыстарын жүргізу кезінде май, бензин, керосин және басқа да жанғыш сұйықтықтар ізі бар арнайы киімді пайдалануға рұқсат етілмейді.
Арнайы киімсіз, қорғаныш көзілдіріктерінсіз, арнайы қалқандарсыз дәнеерлеуді және газбен кесуді жүргізуге рұқсат етілмейді.
776. Орындаушылар жұмысқа барлық қауіпсіздік іс-шараларын орындауды жеке тексергеннен кейін рұқсат-жүктелімде көрсетілген және осы жұмыстарды жүргізуге жауапты басшының қатысуымен кіріседі от жұмыстарына.
777. От жұмыстары күндізгі уақытта жүргізіледі. Апаттық жағдайларда техниклалық басшының рұқсатымен тәуліктің қараңғы уақыттарында от жұмыстарын жүргізуге рұқсат етіледі. Бұл жағдайда жұмыстарды жүргізу орны жарықтандырылады.
778. Мұнай өнімдері буларының от жұмыстарын жүргізу орнына ену мүмкіндігін болдырмау керек.
779. От жұмыстарын жүргізу кезінде жұмыс орнындағы және қауіпті аймақтағы ауа ортасының жай-күйін тұрақты бақылау жүзеге асырылады.
780. От жұмыстары, егер оларды орындау барысында жұмыс орнында мұнай өнімдері буларының пайда болуы анықталса немесе өрт және жарылыс қаупін туғызатын басқа да шарттарда тоқтатылады.
781. Электр кернеуіндегі, жанғыш немесе уытты заттар толтырылған, жанғыш емес сұйықтықтар, булар және газдар қысымындағы жабдықты және коммуникацияларды ашық отпен дәнекерлеуге, кесуге, пісіріп жапсыруға немесе қыздыруға рұқсат етілмейді.
782. От жұмыстарын жүргізу кезінде электр өткізгіштердің сығылған, сұйылтылған және ерітілген газы бар баллондарға тиюіне рұқсат етілмейді.
783. Резервуарлардың ішіндегі от жұмыстары люктер (соқпақтар) толық ашылған кезде жүргізіледі.
784. Резервуарлардың ішіндегі от жұмыстарын жөндеу жұмыстарының басқа да түрлерімен біріктіруге рұқсат етілмейді.
785. Резервуарлардың ішіндегі жөндеу кезінде сыртынды қажет болған жағдайда жедел жәрдем көрсету үшін нұсқамадан өткен бақылаушылар болады. Мұндай жұмыстарды жүргізу орнында шлангілі газқағар толық дайындықта болады.
786. Тіреуішті баспылдақтардын дәнекерлеу жұмыстарын жүргізуге және жұмыс уақытында ақаулы құралды және жерге тұйықталмаған дәнекерлеу жабдығын пайдалануға рұқсат етілмейді.
787. От жұмыстары осы Қағидалардан ауытқулар анықталғанда, рұқсат-жүктелімде көзделген қауіпсіздік шаралары сақталмаған, қауіпті жағдай орын алған кезде тоқтатылады.
788. Уақытша от жұмыстарын жүргізу орындарын бақылау олар аяқталғаннан кейін 3 сағат ішінде жүзеге асырылады.
4-Параграф. Резервуарларды жөндеу және тазалау кезінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету тәртібі
789. Резервуарларды мұнай өнімдерінің қалдықтарынан тазарту резервуарларды мұнай өнімдерінің қалдықтарынан тазарту жөніндегі технологиялық регламентке сәйкес қауіпсіздік талаатарын сақтай отырып, орындалады.
790. Тазарту жұмыстарын жүргізуге рұқсат-жүктелім ресімделеді, онда дайындық іс-шараларының тізбесі, тазарту операцияларының құрамы және жүйелілігі көрсетіледі.
791. Резервуарларды тазартуға басшылықта бақылаушы тұлға жүзеге асырады.
792. Тазартуға жататын резервуар тазарту құбыр-шлангісі бойынша мұнай өнімдерінің қалдықтарынан босатылады. Резервуарды мұнай өнімдерінің қалдықтарынан барынша толық босату үшін оның "суға" көтеру жүргізіледі, одан кейін суланған мұнай өнімі бөлу резервуарына жіберіледі, ал су тазарту құрылыстарына немесе жинау ыдысына шығарылады.
793. Резервуардан мұнай өнімінің "өлі" қалдығын айдау кезінде жарылыстан қорғалған орындаудағы электр қозғалтқыштан жетегі бар сорғылар пайдаланылады.
794. Тез жанатын сұйықтықтың "өлі" қалдығын айдауға (жарқыл температурасы 61 градус Цельсийге дейін) бітемеленіп жабылған төменгі люктерде рұқсат етіледі.
795. Жөндеуге арналған резервуар мұнай өнімінен босатылғаннан кейін диэлектрлік төсемдер орната отырып, барлық құбырлардан ажыратылады. Ажыратылған құюырларға металл бітемелер орнатылады.
Бітемелердің қалыңдығы ықтимал ең жоғары қысымға есептеумен, бірақ 3 миллиметрден кем емес анықталады.
Бітемелерді орнату және алып тастау ұйымның техникалық басшысы бекіткен нысан бойынша журналда тіркеледі. Бітемелерді орнату орындары техникалық басшы белгілеген нысан бойынша журналға қол қойып қызмет көрсетуші персоналдың назарына жеткізіледі.
796. Текше метрге 2 граммнан астам газ көлемінде булар концентрациясы кезінде табиғи желдену оларға дефлекторларды орната отырып, жоғарғы жарық люктері арқылы жүргізіледі.
Табиғи желдену (аэрация) үшін бірінші белдеу люк-жолақтарын ашуға мұнай өнімі буларының 2 г/м 3 аспайтын концентрациясы кезінде рұқсат етіледі.
Желдің жылдамдығы секундына 1 метрден аз болған кезде юктерді ашуды және резервуарды газсыздандыруды (мәжбүрлі және табиғи) рұқсат етілмейді.
797. Резервуарды дайындау мен жөндеу және от жұмыстарын жүргізу кезеңінде 40 метрден жақын арақашықтықта бір опырылымды оранадасқан көрші резервуарлардағы мұнай өнімдерін айдау бойынша технологиялық операциялар тоқтатылады.
798. Резервуардың ішінде жұмыстарды екі күндік мерзімде жүргізуге рұқсат етіледі.
799. Резервуарда жұмыс басталар алдында сынымаларды іріктеумен резервуардың газ кеңістігіндегі оттегінің және мұнай өнімдері буларының құрамы анықталады.
800. Мұнай өнімдерінің қалдықтарын жинау және жою үшін резервуарға қызметкерлерді жіберуге мынадай шарттар қамтамасыз етілгенде рұқсат етіледі:
мұнай өнімдері буларының құрамы ШРК мәнінен аспайды;
оттегінің құрамы кемінде 20 пайыз (көлемі бойынша);
резервуардағы ауа температурасы 35 градус Цельсийден аспайды;
резервуардағы ауаның салыстырмалы ылғалдылығы 70 пайыздан аспайды.
801. Қалдықты жою бойынша жұмыстар кезінде резервуар қарқынды желдетіледі және кемінде әр сағат сайын ондағы зиянды булар мен газдардың құрамы бақыланады.
Талдау нәтижелері техникалық басшы белгілеген нысан бойынша Талдауды есепке алу журналына жазылады.
Ауаның бақылау талдаулары жұмыстағы үзіліс бір сағаттан асқанда, резервуарға мұнай өнімдері буларының түсу белгілері анықталған немесе метеорологиялық жағдай өзгерген кезде жүргізіледі.
802. Зиянды булардың құрамы ШРК жоғары ұлғайған кезде тазалау бойынша жұмыстар тоқтатылады, ал қауіпті аймақтан шығарылады.
Тазалау зиянды булардың құрамының ұлғаю себептері анықталғанан және саниталық нормаларға дейін оларды төмендету бойынша шараларды қабылдадғаннан кейін жаңартылады.
Қызметкерлердің резервуарға кіруіне тазалау бойынша жұмыстарды жүргізу үшін жауапты тұлға рұқсат береді.
803. Тазалау бойынша қызметкерлер арнайы киіммен, арнайы аяқ киіммен қорғалады.
Аяқ киімнің болат қапсырмалары мен шегелері болмайды.
804. Шөгінділерді жою үшін қолданылатын құрал (қалақ, қапсырма, шелек) болат затттарға және конструкцияларға соққан кезде ұшқын шығармайтын материалдардан дайындалған.
Резервуарларды тазалау үшін ұшқын шығармайтын материалдардан жасалған щеткалар және ағаш күректер қолданылады.
Болат щеткаларды және қапсырмаларды резервуарларды тазалау үшін қолдануға рұқсат етілмейді.
805. Газсызандырылмаған резервуарға керген жағдайла қызметкер арнайы киімді және арнайы аяқ киімді, айқыш тәрізді бауы және сигналды арқанымен сақтандыру белдігі бар шлангілі газқағарды киеді.
Резервуарға кіреберісте газқағарды дайындап осындай киімде, аяқ киімде екі бақылаушы болады.
806. Резервуардағы противогазбен үздіксіз жұмыстың ұзақтығы 15 минуттан аспайды; осы уақыт өткеннен кейін қызметкер таза ауада кемінде 15 минут демалады.
807. Резервуарды тазалау және жөндеу кезінде бақылаушы тұлға тыныс алу органдарын қорғайтын құралдарды қолданудың алдында маскаларды, шлангілерді және олардың қосылыстарын тексереді. Маскаде немесе шлангіде жарық, қосылыстарда ақаулар табылған кезде оларды пайдалануға рұқсат етілмейді.
808. Бір мезгілде резервуардың ішінде екі адам жұмыс істеген кезде ауа жинау шлангілері және құтқару арқандары диаметральдық қарама-қарсы люктерде болады. Бұл ретте резервуардың сыртында және ішінде шлангілерді өзара айқастыру және ию болмайды.
809. Қызметкердің улану белгілері пайда болған жағдайда бақылаушы тұлға жұмысты тоқтатады және зардап шегушіні алғашқы жәрдем көрсету үшін көшіреді, ал қажет болған кезде емдеу мекемесіне жібереді.
Тазалау бойынша одан әрі жұмысарды улану себептері жойылғаннан кейін жаңартуға рұқсат етіледі.
810. Резервуарды қолмен жуу және калий перманганаты ерітіндісін шашыратып зарарсыздандыру кезінде қызметкерлерді резервуарға жіберуге рұқсат етілмейді.
811. Резервуарды тазалау бойынша бригада профилактикалық газсыздандыру құралдарымен: хлорлы әкпен, керосинмен, ыстық сумен, сабынмен және дәрігерге дейінгі көмек дәрі қобдишасымен қамтамасыз етіледі.
812. Тазалау жұмыстары ақяқталғаннан кейін бақылаушы тұлға орындалған тазалауға акт жасайды.
813. От жұмыстарын жүргізе отырып, резервуарды жөндеуге дайындау кезінде одан талдаужүргізу үшін сынама алынады.
814. От жұмыстарын жүргізе отырып, резервуардың тазалауға дайындығы от жұмыстарын жүргізе отырып, резервуардың тазалауға дайындығы туралы актімен ресімделелді.
815. От жұмыстарын жүргізе отырып, резервуардағы жөндеу жұмыстары өрт қауіпсіздігі нормаларын сақтай отырып, орындалады.
816. Ашық отты (дәнекерлеу, кесу) пайдаланумен байланысты пайдаланылатын резервуарлық парктердің аумағындағы құрылыс және монтаждау жұмыстары рұқсат-жүктелімс бойынша жүргізіледі.
817. Бақылаушы тұлға қауіпсіздік шараларының барысын, сақталуын бақылайды, жұмыс және демалыс режимін анықтайды.
818. Резервуардың ішіндегі жұмыстар кезінде ағынды-сорылымды желдетпе және жұмыс орнын жарықтандыру қамтамасыз етіледі. Ағынды-сорылымды желдетпе жұмыстар аймағындағы ауаның 15 – 20 мәртелік алмасуын қамтамасыз етеді.
Желдеткіш жарылыстан қорғалған орындауда қолданылады.
Көрсетілген ауа алмастырғыш жоқ болған кезде қызметкерлер шлангілі газқағармен жұмыс істейді.
Ұзындығы 10 метрден астам шлангіні қолданған кезде ауа берілісі мәжбүрлі шлангілі газқағар қолданылады.
Жарықтандыру үшін кернеуі 12 Вольттен аспайтын жарылыстан қорғалған орындаудағы тасымалды шамдар қолданылады.
819. Резервуардың ішіндегі барлық жұмыстарды шлангілі газқағарды, сигналды арқаны бар құтқару белдігін дайындап, люктің сыртындағы тұрған бақылаушының қатысуымен жүргізуге рұқсат етіледі.
Бақылаушы қолында құтқару арқанының ұшын ұстай отырып, оның ұшын мерзімді түрде қозғап отырады және дауыстап резервуардың ішіндегі қызметкердің өзін-өзі қалай сезініп отырғандығынан хабарлар болып тұрады.
Қажет болған жағдайда бақылаушы зардап шегушіні сыртқа шығарады.
820. Резервуардың шанағын және қақапағын жөндеу және бояу кезінде жерден 1 метр және одан астам биіктікте орналасқан жұмыс орындары қоршалады. Қоршаулар орнатуд мүмкін болмаған немесе орынсыз болған кезде қызметкерлер сақтандыру белдіктерімен жұмыс істейді.
Сақтандыру белдігінің карабинінен бекіту орнын жұмыстар басшысы алдын-ала көрсетеді және ашық түспен боялады.
821. Резервуарларды жөндеу кезінде табақ болатты және тежегіш құрылғылармен жабдықталған басқа да жүктерді қауіпсіз көтеру үшін механикалық құрылғылар қолданылады.
822. Дәнекерленген жаспарларда немесе шанақ негізгі металында жарықтар пайда болған кезде резервуар босатылады және жөндеуге қойылады. Дәнекерленген жаспардағы жарықты немесе тесікте соғуға, мұнай өнімдері толтырылған резервуарлардағы жарықтарды пісіруге рұқсат етілмейді.
823. Оны тексеру және жөндеу үшін пенополиуретаннан жасалған қалқыма бойымен қозғалуға ені кемінде 650 миллиметр және ұзындығы кемінді 2 метр басқыштар бойынша рұқсат етіледі. Басқыштар металл бекіткіштерсіз қалыңдығы кемінде 50 миллиметр тақталардан жасалады.
Олар жүзу жағдайында болғанда қалқыма бойымен қозғалуға рұқсат етілмейді.
5-Параграф. Ағызу-құю құрылғыларын жөндеу кезінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету тәртібі
824. Технологиялық жабдықтың бітемесін ажыратумен және өрт қауіпті, жарылыс қауіпті және зиянды заттардың бөліну мүмкіндігімен байланысты ағызу-құю теміжол эстакадаларын, ағызу-құю жабдығын жөндеу бойынша жұмыстарды жүргізуге рұқсат-жүктелім ресімделеді.
Жөндеу кезінде от жұмыстарын жүргеізуге рұқсат-жүктелімде көрсетілген іс-шаралар орындалғаннан кейін рұқсат етіледі.
825. Ағызу-құю құрылыстарында от жұмыстары басталғанға дейін:
эстакададан теміжол цистерналары алып кетіледі;
ағызу-құю құрылыстарының алаңдары, құю науалары және кәріз астаулары мұнай өнімдерінің қалдықтарынан тазартылады;
ағызу-құю құрылғыларын және құбырлар ажыратылады және мұнай өнімдерінен босатылады
от жұмыстарын жүргізу орнынан 20 метр жақын арақашықтықта орналасқан бақылау құдықтары, кәріздің гидравликалық қақпақтары және нөлдік резервуарлер қақпақтармен тығыз жабылады және құм қабатымен көміледі;
мұнай өнімдері сіңіп қалған тасымал науалары және резеңке шлангілер жұмыстарды жүргізу аумағынан кемінде 20 метр арақашықтыққа шығарылады;
тазалау үшін жету қиын орындар көбікпен толтырылады және жанбайтын материалдармен оқшауланады.
826.От жұмыстарын қолдана отырып, жөндеу жұмыстарын ағызу-құю операцияларын орындау орыннан кемінде 100 метр арақашықтықта жүргізуге рұқсат етіледі.
827. Технологиядық жабдықты және цистерналарды жөндеу жұмыстарын эстакада аумағында жүргізуге рұқсат етілмейді.
828. Ысырмалар мен құдықтардың камераларында жөндеу жұмыстарын жүргізу кезінде олар желдетіледі. Олардың құрамындағы мұнай өнімдері өнеркәсіптік кәрізге ағызылады, едендер сумен шайылады.
Жөндеу (от) жұмыстары тиісті (жөндеу немесе отты қолдана отырып) жүргізу үшін қауіпсіз мұнай өнімдері булаарының құрамын талдау және растау үшін ауа сынамасын іріктеуден кейін жүргізіледі.
6-Параграф. Бақылау-өлшеу аспаптарын және автоматиканы жөндеу
829. Бақылау-өлшеу аспаптарын (бұдан әрі - БӨА) және автоматика құралдарын жөндеу осы аспаптарға және құралдарға арналған нормативтік техникалық құжаттамаға сәйкес жүргізіледі.
830. БӨА және автоматика құралдарын жөндеу және тексеруі білікті мамандармен жүргізіледі.
Ескерту. 830-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Төтенше жағдайлар министрінің 16.08.2023 № 434 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.831. Бақылау және автоматика аспаптарына арналған бөлмелердің бөлмеге жарылыс қауіпті булар мен газдардың кіріп кетуінің алдын алуға арналған желдету жүйелелрінен ауа ағыны болады.
Бақылау және автоматика аспаптарына берілетін ауа құрғатылады.
832. Сынап аспаптарын жөндеу үшін оқшауланған бөлме көзделеді.
833. Оларды аралас жаралыстан қорғалған бөлмелерден оқшаулайтын БӨА және автоматика құралдары бөлмелерінің қабырғаларынан газ өтпейді.
834. БӨА бөлмелеріне жабдықты және мұнай өнімдеріне арналған технологиялық құбырларды және олардың буларын осы бөлмелере орналастырылатын аспаптармен және аппаратурамен біріктіретін импульстік желілерді орнатуға рұқсат етілмейді.
835. БӨА бөлмелеріне салынған ендірмелер (шығарулар) қабырға арқала бітемеленеді. БӨА бөлмелеріне өткізгіштері бар манометрлердің, дифманометрлердің және қорғау құбырларының импульстік түтіктерінің ендірмелерін (шығаруларын) орнату кезінде аралас жарылыстан қорғалған бөлмелерден жанбайтын қабырғаларға оларды БӨА бөлмелері жағынан импульстік қорғау құбырларына саңылсаусыз қосу үшін оларға ерітіп жапысырылған құбыр кесінділері бар металл тақташалар салынады.
836. БӨА және автоматика аспаптарын монтаждау, бөлшектеу және жөндеу бойынша жұмыстар оларды технологиялық импульстік желілерден ажыратудан және кернеуді ағытқаннан кейін жүргізіледі.
837. БӨА және автоматика аспаптары тікелей өрт қауіпті бөлмелерде жөнделеді, дәнекерлеуді, ерітіп жапсыруды және отты пег жоғары температураларды қолданумен байланысты басқа да жұмыстарсыз "суық" әдіспен жөндеуге рұқсат етіледі.
838. Жарылыс қауіпті аймақтарда БӨА және автоматиканы жөндеу кезінде қолданылатын кабельдердің жанғыш материалдардан (джут, битум, мақта-қағаз тоқымасы) жасалған сыртқы жабындары болмайды.
839. Жарылыс қауіпті аймақтарда төселетін 1 киловольттан жоғары кернеуге арналған кабельдердің ұзындығы барынша шектеледі.
840. Жарылыс қауіпті аймақтарда жөндеу жұмыстары кезінде біріктіру және тармақтау кабельдік муфталарын орнатуға рұқсат етілмейді.
Жарылыс қауіпті аймақтарда кабельдерді төсеу кезінде кабельдік арналарды орнатуға рұқсат етілмейді.
Ескерту. 840-тармаққа орыс тілінде өзгеріс енгізілген, қазақ тілінде өзгеріс енгізілмейді - ҚР Инвестициялар және даму министрінің 23.12.2015 № 1221 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.841. БӨА және автоматика аспаптары бөлмелеріндегі жануды өшіру үшін көміртқышқыл және/немесе ұнтақты өрт сөндіргіштер көзделеді.