"Мұнай-химия, мұнай өңдеу салаларындағы қауіпті өндірістік объектілер, мұнай базалары және автожанармай құю станциялары үшін өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2014 жылғы 30 желтоқсандағы № 342 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2022 жылғы 30 наурыздағы № 89 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 5 сәуірде № 27417 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Мұнай-химия, мұнай өңдеу салаларындағы қауіпті өндірістік объектілер, мұнай базалары және автожанармай құю станциялары үшін өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2014 жылғы 30 желтоқсандағы № 342 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10256 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін.

      Көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мұнай-химия, мұнай өңдеу салаларындағы қауіпті өндірістік объектілер, мұнай базалары және автожанармай құю станциялары үшін өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидаларында:

      "Жалпы ережелер" деген 1-бөлімде:

      1-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1-тарау. Негізгі ережелер";

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Осы Мұнай-химия, мұнай өңдеу салаларындағы қауіпті өндірістік нысандарына, мұнай базалары мен автожанармай құю стансаларына арналған өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету ережесі (бұдан әрі – Ереже) "Азаматтық қорғау туралы" Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі – Заң) 12-2-бабының 14) тармақшасына сәйкес және жобалау, салу, пайдалану, кеңейту, қайта салу, техникалық жаңғырту, консервациялау және жою кезінде мұнайхимия, мұнай өңдеу салаларындағы қауіпті өндірістік объектілеріне, мұнай базалары мен автожанармай құю стансаларына арналған өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету тәртібін анықтайды.";

      2-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) автожанармай құю стансасы (бұдан әрі - АЖС) – мұнай өнімдерін сақтауды және бөлшек сауда арқылы өткізуді қамтамасыз ететін, есепке алатын бақылау аспаптарымен жарақтандырылған технологиялық кешен және жабдық;";

      30-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "30. Резервуарлық парктерді және жеке резервуарларды пайдалану Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2021 жылғы 15 маусымдағы № 286 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 23068 болып тіркелген) Мұнай және мұнай өнімдеріне арналған резервуарларды пайдалану және жөндеу кезіндегі өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады.";

      43-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "43. Резервуарларды тазалау Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2021 жылғы 15 маусымдағы № 286 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 23068 болып тіркелген) Мұнай және мұнай өнімдеріне арналған резервуарларды пайдалану және жөндеу кезіндегі өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидаларының талаптарына сәйкес жүргізіледі.";

      "Мұнай-химия, мұнай өңдеу салаларындағы қауіпті өндірістік объектілер үшін өнеркәсіптік қауіпсіздіті қамтамасыз етудің жалпы тәртібі" деген 2-бөлімде:

      2 және 3-тарау тақырыптары мынадай редакцияда жазылсын:

      "2-тарау. Негізгі ережелер

      3-тарау. Кәсіпорын аумағын, ғимараттар мен құрылыстар құрылығысына және оларды ұстауға өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету тәртібі";

      77-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "77. Ғимарат және (немесе) құрылыстың белгіленген қызмет ету мерзімі өткеннен кейін одан әрі пайдалану мүмкіндігін, реконструкциялауды жүргізу немесе пайдалануды тоқтату қажеттілігін белгілей отырып, ғимараттың және (немесе) құрылыстың сенімділігі мен орнықтылығына техникалық зерттеп-қарау жүргізіледі. Ғимараттар мен құрылыстардың сенімділігін және орнықтылығын техникалық зерттеп-қарау сондай-ақ құрылыс конструкциялары тұтастығының бұзылуы (жарықтар, арматураның жалаңаштануы) анықталған кезде, технологиялық объектіні реконструкциялау немесе ғимараттың немесе құрылыстың функционалдық мақсатын өзгерту алдында, сондай-ақ жарылыс және/немесе өрт авариясынан кейін жүргізіледі.";

      4, 5, 6, 7 және 8-тарау тақырыптары мынадай редакцияда жазылсын:

      "4-тарау. Жеке технолоғиялық процестерге өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету тәртібі

      5-тарау. Мұнай-химия және мұнай өңдеу салаларындағы зертханаларда өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету

      6-тарау. Технологиялық жабдықтар және құбырларды пайдалану және жөндеу кезінде өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету

      7-тарау. Қосалқы жүйелер мен объектілерге өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету

      8-тарау. Өндірістерге қызмет көрсету кезінде өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету";

      "Мұнай базаларын және автожанармай құю стансаларын пайдалану кезінде өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету тәртібі" деген 3-бөлімде:

      9-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "9-тарау. Жалпы ережелер";

      470-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "470. Технологиялық құбыр желілерінің, жабдықтардың, жапқыш арматураның құрылысы және орналастырылуы жобалау талаптарына сәйкес келеді.

      Технологиялық құбыр желілері Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2021 жылғы 27 шілдедегі № 359 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 23754 болып тіркелген) Технологиялық құбыржолдарды пайдалану кезіндегі қауіпсіздік жөніндегі нұсқаулықтың талаптарына сәйкес сынақтан өтеді.";

      10, 11, 12, 13 және 14-тарау тақырыптары мынадай редакцияда жазылсын:

      "10-тарау. Автожанармай құю стансалары өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету тәртібі

      11-тарау. Тазарту нысандары

      12-тарау. Мұнай базаларындағы зертханалар

      13-тарау. Найзағайдан қорғау

      14-тарау. Мұнай базаларында және АЖБ-дағы жөндеу жұмыстары кезінде өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету".

      2. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрықты ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

      Қазақстан Республикасы
Төтенше жағдайлар министрі
Ю. Ильин
     
      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы Индустрия
және инфрақұрылымдық даму министрлігі
      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігі
      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Энергетика министрлігі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады