Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы кейбір бұйрықтарға өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2024 жылғы 22 ақпандағы № 63 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2024 жылғы 23 ақпанда № 34046 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған өзгерістер мен толықтыру енгізілетін өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы кейбір бұйрықтардың тізбесі осы бұйрықққа косымшаға сәйкес бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;

      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

      Қазақстан Респубилкасының
Төтенше жағдайлар министрі
Ч. Аринов

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Энергетика министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Ұлттық экономика министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Денсаулық сақтау министрлігі

  Қазақстан Респубилкасының
Төтенше жағдайлар министрі
2024 жылғы 22 ақпандағы
№ 63 Бұйрыққа
қосымша

Өзгерістер мен толықтыру енгізілетін өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы кейбір бұйрықтардың тізбесі

      1. "Мұнай-химия, мұнай өңдеу салаларындағы қауіпті өндірістік объектілер, мұнай базалары және автожанармай құю станциялары үшін өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2014 жылғы 30 желтоқсандағы № 342 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10256 болып тіркелген) мынадай толықтырулар енгізілсін:

      Көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мұнай-химия, мұнай өңдеу салаларындағы қауіпті өндірістік объектілер, мұнай базалары және автожанармай құю станциялары үшін өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидаларында:

      мынадай мазмұндағы 3-1-тармағымен толықтырылсын:

      "3-1. Мұнай-химия, мұнай өңдеу салаларындағы объектілерде, мұнай базаларында және АЖС-да жұмыстарды орындайтын қызметкерлер Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 15 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-269/2020 бұйрығымен бекітілген (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21814 болып тіркелген) алғашқы көмекті медициналық білімі жоқ, оның ішінде тиісті даярлықтан өткендердің көрсету қағидаларын және Алғашқы көмекті көрсету стандартына сәйкес міндетті түрде алғашқы көмек курстарынан өтуге тиіс.".

      2. "Қысыммен жұмыс істейтін жабдықтарды пайдалану кезінде өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2014 жылғы 30 желтоқсандағы № 358 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10303 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қысыммен жұмыс істейтін жабдықтарды пайдалану кезінде өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидаларында:

      "Есепке қоюға жатпайтын ыдыстарды техникалық куәландыру" 12-қосымшаның 1-кестесі мынадай редакцияда жазылсын:

      "1-кесте

Атауы

Сыртқы және ішкі қарау

Гидравликалық сынау

1

Жылына 0,1 мм-ден аспайтын жылдамдықпен металл коррозиясын тудыратын ортамен жұмыс істейтін ыдыстар

сыртқы қарау 12 ай ішкі қарау 4 жыл

8 жыл

2

Жылына 0,1 мм-ден астам жылдамдықпен металл коррозиясын тудыратын ортамен жұмыс істейтін ыдыстар

сыртқы қарау 12 ай ішкі қарау 2 жыл

8 жыл

3

Жылына 0,1 мм-ден аспайтын жылдамдықпен материалдың бұзылуын және физикалық химиялық өзгерістерді (коррозия және т.б.) тудыратын ортамен 0,7 кгс/см2 -1000 кгс/см2 қысым аралығында жұмыс істейтін мұнай-химиялық кәсіпорындарының жылжымалы құбыр жүйесі бар жылу алмастырғыштары

сыртқы және ішкі қарау 12 жыл/құбыр жүйесінің әр шығаруынан кейін

12 жыл

4

Жылына 0,1 мм-ден 0,3 мм-ге дейін жылдамд ықпен материалдың бұзылуын және физикалық химиялық өзгерістерді (коррозия және т.б.) тудыратын ортамен 0,7 кгс/см2 -1000 кгс/см2 қысым аралығында жұмыс істейтін мұнай-химиялық кәсіпорындарының жылжымалы құбыр жүйесі бар жылу алмастырғыштары

сыртқы және ішкі қарау 8 жыл/құбыр жүйесінің әр шығаруынан кейін

8 жыл

      ".

      3. "Технологиялық құбыржолдарды пайдалану кезіндегі қауіпсіздік жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2021 жылғы 27 шілдедегі № 359 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 23754 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Технологиялық құбыржолдарды пайдалану кезіндегі қауіпсіздік жөніндегі нұсқаулықта:

      103-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "103. Электр жетегі бар арматураны таңдау Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 20 наурыздағы № 230 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10851 болып тіркелген) бекітілген электр қондырғыларын орнату қағидаларына және Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2021 жылғы 17 тамыздағы № 405 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 24045 болып тіркелген) "Өрт қауіпсіздігіне қойылатын жалпы талаптар" техникалық регламентіне сәйкес жүргізіледі.

      Электр жетегі бар арматураны ашық ауада орнату кезінде электр жетегінің паспортында көрсетілетін сыртқы ауаның есептік температурасы ескеріледі. Бұл ретте ашық ауада орнатылатын арматураның электр жетектері осы шарттарға сәйкес орындалады не атмосфералық жауын-шашыннан қорғалады.";

      319-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "319. Жұмыс құжаттамасында қосымша нұсқаулар болмаған кезде герметикалығы мен беріктігіне сынау қысымының (гидравликалық) шамасын мына:

      1) 0,5 мегапаскальға дейін – есептік қысымынан 1,5 есе, бірақ кемінде 0,2 Мегапаскальға (шаршы сантиметрге 2 килограмм күш);

      2) 0,5 мегапаскальдан жоғары - есептік қысымынан 1,25 есе, бірақ кемінде 0,3 Мегапаскаль шамасына сәйкес қабылдау керек (шаршы сантиметрге 3 килограмм күш).


, бірақ кемінде 0,3 Мегапаскаль (шаршы сантиметрге 3 килограмм күш), мұнда Р - құбыр жолдардың есептік қысымы, Мегапаскаль;

- 20 градус Цельсий құбыр жолдар материалдарының рұқсат етілген қысымы;

- ең жоғары, қалыпты есеп температурасындағы құбыр жол материалдары үшін рұқсат етілген қысым.

      Барлық жағдайларда сыналатын қысымның мөлшері құбыр жол қабырғасындағы эквиваленттік қысымы сынау температурасында материалдың аққыштық шегінің 90 пайыздан аспайтындай болады.

      Вакуумдық құбыр жолдар мен улы және жарылыс өртқауіпті орталарға арналған артық қысымсыз құбыржолдар үшін беріктікке сыналатын қысым мөлшері 0,2 Мегапаскаль (шаршы сантиметрге 2 килограмм күш) тең болып қабылданады.".

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады