Қазақстан Республикасының "Нормативтік құқықтық актілер туралы" 1998 жылғы 24 наурыздағы, "Сәйкестендiру нөмiрлерiнiң ұлттық тiзiлiмдерi туралы" 2007 жылғы 12 қаңтардағы заңдарына сәйкес Астана қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Халықты жұмыспен қамтуға көмек көрсету жөніндегі қосымша шаралар туралы" Астана қаласы әкімдігінің 2004 жылғы 9 қаңтардағы № 3-1-65қ қаулысына (Нормативтік-құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2004 жылғы 26 қаңтарда № 308 болып тіркелген, 2004 жылғы 12 ақпандағы № 21 "Астана хабары", 2004 жылғы 27 наурыздағы № 34 "Вечерняя Астана" газеттерiнде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
жоғарыда көрсетілген қаулымен бекітілген Оқитын жастар үшiн ақылы қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру және өткiзу қағидасында:
8-тармақтың 2), 3)-тармақшалары алынып тасталсын.
2. "Астана қаласының Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы" мемлекеттік мекемесі осы қаулыны әділет органдарында мемлекеттік тіркеуді, кейіннен ресми және мерзiмдi баспа басылымдарында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Үкiметi белгілеген интернет-ресурста және Астана қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында жариялануын жүргізсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Астана қаласы әкімінің орынбасары А.Ғ. Балаеваға жүктелсін.
4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғаш ресми жарияланғаннан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
Әкiм | И. Тасмағамбетов |