Ескерту. Күші жойылды - Астана қаласы мәслихатының 20.07.2017 № 170/21-VI шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
"Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі кодексінің 9-бабы 1-тармағының 5) тармақшасын басшылыққа ала отырып, Астана қаласының мәслихаты ШЕШТІ:
1. "Қосымша дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету туралы" Астана қаласы мәслихатының 2011 жылғы 7 желтоқсандағы № 521/75-ІV шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2011 жылғы 30 желтоқсанда 707 нөмірмен тіркелген, 2012 жылғы 7 қаңтарда № 2 "Астана ақшамы", 2012 жылғы 7 қаңтарда № 2 "Вечерняя Астана" газеттерінде жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
1) тармақшадағы "1 млн. бірлік" деген сөздер мен сан алынып тасталсын;
2) тармақша алынып тасталсын;
3) тармақшадағы "125 мг" деген сандар мен сөз алынып тасталсын;
4) тармақшадағы "250 мг және 500 мг" деген сандар мен сөздер алынып тасталсын;
5) тармақша алынып тасталсын;
1-тармақ мынадай мазмұндағы тармақшамен толықтырылсын "6) "Стирипентол" препараты, капсула, "Драве синдромы" ауруына арналған".
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Астана қаласы мәслихаты | |
сессиясының төрағасы | М. Оралов |
Астана қаласы | |
мәслихатының хатшысы | С. Есілов |
КЕЛІСІЛДІ | |
"Астана қаласының | |
Денсаулық сақтау басқармасы" | |
ММ (ДСБ) басшысы | А. Сегізбаева |