Азаматтардың жекелеген санаттарына амбулаториялық емделу кезінде тегін және жеңілдікті шарттармен дәрілік заттарды, бейімделген емдік өнімдерді, медициналық мақсаттағы бұйымдарды қосымша беру туралы

Күшін жойған

Астана қаласы мәслихатының 2017 жылғы 20 шілдедегі № 170/21-VI шешімі. Астана қаласының Әділет департаментінде 2017 жылғы 9 тамызда № 1123 болып тіркелді. Күші жойылды - Астана қаласы мәслихатының 2018 жылғы 12 желтоқсандағы № 341/42-VI шешімімен.

      Ескерту. Күші жойылды - Астана қаласы мәслихатының 12.12.2018 № 341/42-VI (алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Кодексінің 9-бабы 1-тармағының 5) тармақшасын басшылыққа ала отырып, Астана қаласының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Осы шешімнің 1-қосымшасына сәйкес азаматтардың жекелеген санаттарына амбулаториялық емделу кезінде тегін дәрілік заттарды, бейімделген емдік өнімдерді, медициналық мақсаттағы бұйымдарды қосымша беру тізбесі бекітілсін.

      2. Осы шешімнің 2-қосымшасына сәйкес Астана қаласы мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы шешiм әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Астана қаласы мәслихаты
сессиясының төрағасы
М.Тулеутаев
      Астана қаласы мәслихаты
хатшысының міндетін атқарушы
С. Жүнісов

      "КЕЛІСІЛДІ"

      "Астана қаласының Денсаулық

      сақтау баскармасы" мемлекеттік

      мекемесі (ДСБ) басшысының

      міндетін атқарушы                                                К. Надыров

  Астана қаласы мәслихатының
2017 жылғы 20 шілдедегі
№ 170/21-VI шешіміне
1-қосымша

Азаматтардың жекелеген санаттарына амбулаториялық емделу кезінде тегін дәрілік заттарды, бейімделген емдік өнімдерді, медициналық мақсаттағы бұйымдарды қосымша беру тізбесі

      Ескерту. Тізбеге өзгеріс енгізілді - Астана қаласы мәслихатының 28.06.2018 № 284/34-VI (алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

Р/с

Ауру

Халық санаты

Дәрілік заттарды тағайындау үшін көрсеткіш (дәрежесі, сатысы, ауыр)

Арнайы емдеу өнімдерінің дәрілік заттардың атауы (шығару нысаны)

1

2

3

4

5

1.

Муковисцидоз

Диспансерлік есепте тұрған азаматтардың барлық санаттары

Барлық сатылар және ауырлық дәрежесі

Тобрамицин, ұнтақ, ингаляцияға арналған ерітінді

Колиместаты натрий, ингаляцияға арналған ұнтақ

Урсодезоксихолінді қышқыл, капсула

Бейімделген емдік өнімдер

2.

Бастапқы өкпелік гипертензия

Диспансерлік есепте тұрған азаматтардың барлық санаттары

Барлық сатылар және ауырлық дәрежесі

Бозентан, таблетка

Силденафил, таблетка

Илопрост, ингаляцияға арналған ерітінді

3.

Драве синдромы

Диспансерлік есепте тұрған азаматтардың барлық санаттары

Барлық сатылар және ауырлық дәрежелері

Стирипентол, капсула

4.

Қалқанша безінің медуллярлық ісігі

Диспансерлік есепте тұрған азаматтардың барлық санаттары

Барлық сатылар және ауырлық дәрежелері

Вандетаниб, таблетка

5.

Даймонд-Блекфан анемиясы

Диспансерлік есепте тұрған азаматтардың барлық санаттары

Барлық сатылар және ауырлық дәрежелері

Деферазирокс, таблетка

6.

Ниман-Пик ауруы

Диспансерлік есепте тұрған азаматтардың барлық санаттары

Барлық сатылар және ауырлық дәрежесін

Миглустат, капсула

7.

Бастапқы иммунтапшылығы

Диспансерлік есепте тұрған азаматтардың барлық санаттары

Мүмкіндігі болмаған жағдайда көк тамыр ішіне енгізу

Иммуноглобулин адами қалыпты, инъекцияға арналған ерітінді

8.

Шорбуындаушы спондилоартрит

Диспансерлік есепте тұрған азаматтардың барлық санаттары

Дәстүрлі терапияға толық жауап бермейттін белсенді сатыдағы

Инфликсимаб, инъекцияға арналған ұнтақ

Адалимумаб, инъекцияға арналған ерітінді

9.

Ювенильді идиопатиялық артрит, жүйелік нұсқасы

Диспансерлік есепте тұрған18 жасқа дейінгі балалар

Дәстүрлі терапияға толық жауап бермейттін белсенді сатыдағы

Тоцилизумаб, инъекция үшін ерітінді дайындауға арналған концентрат

Адалимумаб, инъекцияға арналған ерітінді

10.

Буллезді эпидермолиз

Диспансерлік есепте тұрған азаматтардың барлық санаттары

Ауырлықтың барлық сатылары және дәрежелері

Медициналық мақсаттағы бұйымдар

Мамандандырылған емдік өнімдер

11.

Идиопатиялық өкпе фиброзы

Диспансерлік есепте тұрған азаматтардың барлық санаттары

Ауырлықтың барлық сатылары және дәрежелері

Пирфенидон, капсула

12.

Анапластикалық лимфоманың киназа генінің экспрессиясы-мен ұсақ жасушалы емес өкпе обыры

Диспансерлік есепте тұрған азаматтардың барлық санаттары

Ауырлықтың барлық сатылары және дәрежелері

Кризотиниб, капсула

Ниволумаб, ампула

13.

HER2-рецептор-ларының обырлық гиперэкспрессиясы бар жергілікті-рецидивті, ота жасауға жатпайтын сүт безінің обыры

Диспансерлік есепте тұрған азаматтардың барлық санаттары

Ауырлықтың барлық сатылары және дәрежелері

Пертузумаб, капсула

14.

BRAF V 600 генінің мутациясы бар резекцияға жатпайтын немесе метастазды меланома

Диспансерлік есепте тұрған азаматтардың барлық санаттары

Ауырлықтың барлық сатылары және дәрежелері

Дабрафениб, капсула

15.

Өкпенің бронхоөкпелік дисплазиясы

1 жасқа дейінгі балалар

1000 г дейінгі салмақпен туған өте шала туған нәрестелер

Паливизумаб, ерітінді дайындауға арналған ұнтақ

16.

Алғашқы глаукома, басқа көз аурулары салдарынан туындаған екінші глаукома

Астана қаласында кем дегенде бір жыл диспансерлік есепте тұрған азаматтардың барлық санаттары

Дәстүрлі емдеуге толық жауап бермейтін белсенді сатыдағы

Бринзоламид, көзге арналған тамшылар

Тимолол, көзге арналған тамшылар

17.

Бронх демікпесі 

Диспансерлік есепте тұрған азаматтардың барлық санаттары

Жеке көтералмаушылық жағдайында

Серетид (сальметерол + флутиказона пропионат), дозаланған ингаляцияларға арналған аэрозоль

18.

Артериялық гипертензия

Диспансерлік есепте тұрған азаматтардың барлық санаттары

Жеке көтералмаушылық жағдайында

Ванатекс (валсартан), таблетка

  Астана қаласы мәслихатының
2017 жылғы 20 шілдедегі
№ 170/21-VI шешіміне
2-қосымша

Астана қаласы мәслихатының күші жойылған кейбір шешімдерінің тізбесі

      1. "Қосымша дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету туралы" Астана қаласы мәслихатының 2011 жылғы 7 желтоқсандағы № 521/75-IV шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 707 болып тіркелген, 2011 жылғы 7 қаңтарда "Астана ақшамы", "Вечерняя Астана" газеттерінде жарияланған).

      2. "Қосымша дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету туралы" Астана қаласы мәслихатының 2011 жылғы 7 желтоқсандағы № 521/75-IV шешіміне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы" Астана қаласы мәслихатының 2014 жылғы 23 қыркүйектегі № 282/40-V шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 846 болып тіркелген, 2014 жылғы 30 қазанда "Астана ақшамы", "Вечерняя Астана" газеттерінде жарияланған).

      3. "Қосымша дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету туралы" Астана қаласы мәслихатының 2011 жылғы 7 желтоқсандағы № 521/75-ІV шешіміне толықтыру енгізу туралы" Астана қаласы мәслихатының 2015 жылғы 11 желтоқсандағы № 433/61-V шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 991 болып тіркелген, 2016 жылғы 16 қаңтарда "Астана ақшамы", "Вечерняя Астана" газеттерінде жарияланған).

      4. "Қосымша дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету туралы" Астана қаласы мәслихатының 2011 жылғы 7 желтоқсандағы № 521/75-IV шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Астана қаласы маслихатының 2016 жылғы 9 қыркүйектегі № 46/8-VI шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1067 болып тіркелген, 2010 жылғы 15 қаңтарда "Астана ақшамы", "Вечерняя Астана" газеттерінде жарияланған).

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады