Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күніне орай Астана қаласының мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарына біржолғы әлеуметтік көмек көрсету ережесі туралы

Астана қаласы мәслихатының 2014 жылғы 11 желтоқсандағы № 311/45-V шешімі. Астана қаласының Әділет департаментінде 2014 жылғы 15 желтоқсанда № 861 болып тіркелді. Күші жойылды - Астана қаласы мәслихатының 2015 жылғы 18 наурыздағы № 346/48-V шешімімен

      Ескерту. Шешімнің күші жойылды - Астана қаласы мәслихатының 18.03.2015 № 346/48-V (қабылданған күнінен бастап күшіне енеді) шешімімен.

      Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 55-бабы 1-тармағының 5) тармақшасына, «Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерiне және соларға теңестiрiлген адамдарға берiлетiн жеңiлдiктер мен оларды әлеуметтік қорғау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 сәуірдегі Заңының 68-баптарына, 9-бабының 1-тармағына, «Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 13 желтоқсандағы Заңының 2-бабына, «Қазақстан Республикасы астанасының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 21 шілдедегі Заңы 8-бабының 3) тармақшасына сәйкес Астана қаласының мәслихаты ШЕШТІ:
      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күніне орай Астана қаласының мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарына біржолғы әлеуметтік көмек көрсету ережесі бекітілсін.
      2. Осы шешім алғашқы ресми жариялану күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Астана қаласы мәслихаты
      сессиясының төрағасы                       З. Шибкенов

      Астана қаласы
      мәслихатының хатшысы                       С. Есілов

Астана қаласы мәслихатының
2014 жылғы 11 қарашадағы 
№ 311/45-V шешімімен   
бекітілген         

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күніне орай Астана
қаласының мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарына біржолғы
әлеуметтік көмек көрсету ережесі

      Осы Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күніне орай Астана қаласының мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарына біржолғы әлеуметтік көмек көрсету ережесі (бұдан әрі - Ереже) Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексіне, Қазақстан Республикасының «Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерiне және соларға теңестiрiлген адамдарға берiлетiн жеңiлдiктер мен оларды әлеуметтік қорғау туралы» 1995 жылғы 28 сәуірдегі, «Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» 2001 жылғы 13 желтоқсандағы, «Қазақстан Республикасы астанасының мәртебесі туралы» 2007 жылғы 21 шілдедегі заңдарына сәйкес әзірленді.

1-бөлім. Жалпы ережелер

      1. Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күніне орай мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына біржолғы әлеуметтік көмек (бұдан әрі - Әлеуметтік көмек) Астана қаласында тіркелген және тұрақты тұратын азаматтарға көрсетіледі.
      2. Астана қаласының бюджеті Әлеуметтік көмекті қаржыландыру көзі болып табылады.
      3. Әлеуметтік көмек «Астана қаласының Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» мемлекеттік мекемесі әкімшісі болып табылатын (бұдан әрі - Әкімші) «Жергілікті өкілдік органдардың шешімдері бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету» бюджеттік бағдарламасына (бұдан әрі - Бағдарлама) сәйкес және осы мақсаттарға қала бюджетінде көзделген қаражат шегінде ұсынылады.

2-бөлім. Әлеуметтік көмекті төлеу тәртібі

      4. Ақшалай төлем түріндегі Әлеуметтік көмек азаматтардың мынадай санаттарына ұсынылады:
      20 000 (жиырма мың) теңге мөлшерінде - Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне;
      10 000 (он мың) теңге мөлшерінде:
      жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне теңестірілген тұлғаларға - «Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерiне және соларға теңестiрiлген адамдарға берiлетiн жеңiлдiктер мен оларды әлеуметтік қорғау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 сәуірдегі Заңының 6 және  8-баптарындамәртебесі белгіленген тұлғалар;
      Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегi және мiнсiз әскери қызметi үшiн бұрынғы КСР Одағының ордендерiмен және медальдерiмен наградталған тұлғаларға, сондай-ақ 1941 жылғы 22 маусым - 1945 жылғы 9 мамыр аралығында кемінде алты ай жұмыс істеген (әскерде болған) және Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегi және мiнсiз әскери қызметi үшiн бұрынғы КСР Одағының ордендерiмен және медальдерiмен наградталмаған тұлғаларға;
      «Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерiне және соларға теңестiрiлген адамдарға берiлетiн жеңiлдiктер мен оларды әлеуметтік қорғау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 сәуірдегі Заңы 9-бабының 1-тармағында мәртебесі белгіленген қаза тапқан әскери қызметшілер отбасыларының мүшелеріне.
      5. Әлеуметтік көмек сомасын төлеу алушылардың жеке есеп шоттарына немесе картшоттарына ақшалай қаражат аудару жолымен Астана қаласындағы екінші деңгейдегі банктердің бөлімшелері арқылы жүргізіледі.
      6. Әкімшінің лауазымды тұлғаларының Ереже шеңберіндегі іс-қимылына (әрекетсіздігіне) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен арыздануға болады.

О Правилах оказания единовременной социальной помощи отдельным категориям нуждающихся граждан города Астаны ко Дню Независимости Республики Казахстан

Решение маслихата города Астаны от 11 декабря 2014 года № 311/45-V. Зарегистрировано Департаментом юстиции города Астаны 15 декабря 2014 года № 861. Утратило силу решением маслихата города Астаны от 18 марта 2015 года № 346/48-V

      Сноска. Утратило силу решением маслихата города Астаны от 18.03.2015 № 346/48-V.

      В соответствии с подпунктом 5) пункта 1 статьи 55 Бюджетного кодекса Республики Казахстан от 4 декабря 2008 года, статьями 68,  пунктом 1 статьи 9 Закона Республики Казахстан от 28 апреля 1995 года «О льготах и социальной защите участников, инвалидов Великой Отечественной войны и лиц, приравненных к ним», статьей 2 Закона Республики Казахстан от 13 декабря 2001 года «О праздниках в Республике Казахстан», подпунктом 3) статьи 8 Закона Республики Казахстан от 21 июля 2007 года «О статусе столицы Республики Казахстан», маслихат города Астаны РЕШИЛ:
      1. Утвердить прилагаемые Правила оказания единовременной социальной помощи отдельным категориям нуждающихся граждан города Астаны ко Дню Независимости Республики Казахстан.
      2. Настоящее решение вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Председатель сессии маслихата
      города Астаны                              З. Шибкенов

      Секретарь маслихата
      города Астаны                              С. Есилов

Утверждены            
решением маслихата       
города Астаны          
от 11 декабря 2014 года № 311/45-V

Правила
оказания единовременной социальной помощи
отдельным категориям нуждающихся граждан
города Астаны ко Дню Независимости
Республики Казахстан

      Настоящие Правила оказания единовременной социальной помощи отдельным категориям нуждающихся граждан города Астаны ко Дню Независимости Республики Казахстан (далее – Правила) разработаны в соответствии с Бюджетным кодексом Республики Казахстан от 4 декабря 2008 года, законами Республики Казахстан от 28 апреля 1995 года «О льготах и социальной защите участников, инвалидов Великой Отечественной войны и лиц, приравненных к ним», от 13 декабря 2001 года «О праздниках в Республике Казахстан», от 21 июля 2007 года «О статусе столицы Республики Казахстан».

Раздел 1. Общие положения

      1. Единовременная социальная помощь отдельным категориям нуждающихся граждан ко Дню Независимости Республики Казахстан (далее – социальная помощь) оказывается гражданам, зарегистрированным и постоянно проживающим в городе Астане.
      2. Источником финансирования социальной помощи является бюджет города Астаны.
      3. Социальная помощь предоставляется согласно бюджетной программе «Социальная помощь отдельным категориям нуждающихся граждан по решениям местных представительных органов», администратором которой является Государственное учреждение «Управление занятости и социальных программ города Астаны» (далее – Администратор) и в пределах средств, предусмотренных в бюджете города на данные цели.

Раздел 2. Порядок выплаты социальной помощи

      4. Социальная помощь в виде денежных выплат предоставляется следующим категориям граждан:
      в размере 20 000 (двадцать тысяч) тенге – участникам и инвалидам Великой Отечественной войны;
      в размере 10 000 (десять тысяч) тенге:
      лицам, приравненным по льготам и гарантиям к участникам и инвалидам Великой Отечественной войны – лица, статус которых установлен статьей 6 и 8 Закона Республики Казахстан от 28 апреля 1995 года «О льготах и социальной защите участников, инвалидов Великой Отечественной войны и лиц, приравненных к ним»;
      лицам, награжденным орденами и медалями бывшего Союза ССР за самоотверженный труд и безупречную воинскую службу в тылу в годы Великой Отечественной войны, а также лицам, проработавшим (прослужившим) не менее шести месяцев с 22 июня 1941 года по 9 мая 1945 года и не награжденным орденами и медалями бывшего Союза ССР за самоотверженный труд и безупречную воинскую службу в тылу в годы Великой Отечественной войны;
      членам семей погибших военнослужащих, статус которых определен пунктом 1 статьи 9 Закона Республики Казахстан от 28 апреля 1995 года «О льготах и социальной защите участников, инвалидов Великой Отечественной войны и лиц, приравненных к ним».
      5. Выплата сумм социальной помощи производится через отделения банков второго уровня города Астаны путем перечисления денежных средств на лицевые счета или картсчета получателей.
      6. Действия (бездействие) должностных лиц Администратора в рамках Правил могут быть обжалованы в установленном законодательством Республики Казахстан порядке.