«Нормативтік құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңының 40-бабы 2-тармағының 4) тармақшасына сәйкес Астана қаласының мәслихаты ШЕШТІ:
1. Астана қаласы мәслихатының мынадай шешімдерінің күші жойылды деп танылсын:
- «Азық-түлікке бағаның қымбаттауына байланысты Астана қаласындағы мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету туралы» 2014 жылғы 27 наурыздағы № 221/31-V (Астана қаласының Әділет департаментінде 2014 жылғы 18 сәуірде 806 нөмірмен тіркелген, «Астана ақшамы» газетінің 2014 жылғы 24 сәуіредгі 45-інші нөмірінде және «Вечерняя Астана» газетінің 2014 жылғы 24 сәуірдегі 44-інші нөмірінде жарияланған);
- «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күніне орай Астана қаласының мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарына біржолғы әлеуметтік көмек көрсету ережесі туралы» 2014 жылғы 11 желтоқсандағы № 311/45-V (Астана қаласының Әділет департаментінде 2014 жылғы 15 желтоқсанда 861 нөмірмен тіркелген, «Астана ақшамы» газетінің 2014 жылғы 16 желтоқсандағы 143-інші нөмірінде және «Вечерняя Астана» газетінің 2014 жылғы 16 желтоқсандағы 142-інші нөмірінде жарияланған).
2. Осы шешім қабылданған күнінен бастап күшіне енеді.
Астана қаласы мәслихаты
сессиясының төрағасы Т. Оразақов
Астана қаласы
мәслихатының хатшысы C. Есілов